Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы

Тест, 29 Января 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 23 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.docx

— 66.96 Кб (Скачать документ)

   Бунақденелілердің  постэмбриональды даму кезеңі  әралуан, солардың ішінде: тура  даму немесе аноморфоз, алғашқы  даму – протоморфоз (эпиморфоз), шала түрленіп даму – гемимотоморфоз, толық түрленіп даму – голометаморфоз, жеткіліксіз даму – гипоморфоз  және гиперметаморфоз. Ең кең  тараған гемимотоморфоз және  голометаморфоз.

   Шала түрленіп  даму (немесе Hemimetamorphos, Hemimetabola) инеліктер, тікқанаттылар, тарақандар, термиттер, дәуіттер, теңқанаттылар, жартылай қаттықанаттылар, теріқанаттылар отрядының өкілдеріне тән. Шала түрленуде жұмыртқадан шыққан личинка (larva) ересек түріне өте ұқсас болады, тек оның дене пішіні кіші, қанаттары мен жыныс мүшелері толық жетілмеген, мұртшаларындағы буындарының саны жағынан әртүрлі, сондай-ақ кейін жойылып кететін личинкалық немесе повизорлы деп аталатын мүшелері бар, (мысалы, біркүндіктерде, инеліктерде – трахея желбезектері). Повизорлы мүшелері бар личинкаларды наяда деп те атайды.

   Личинкалар түлеу  арқылы өседі. Түлеулерінің саны  4-6-дан 20-25-ке дейін (біркүндіктерде). Әр түлеген сайын жетіспеген мүшелері толықтанады.

   Түлеу кезінде личинка қоректенуін тоқтатып, бір орынында қозғалмай тұрады. Денесінің арқа жағында (көкірек бөлімінде) саңылау пайда болып ол бойлай жарылады да, сыртқа жұмсақ денелі организм шығады, оның денесі өсіп, қанаттары мен жыныс мүшелері жетіліп, жұмсақ хитинді кутикула қабаты қатайып, личинка келесі сатысына өтеді. Барлық мүшелері толық жетілгеннен кейін личинка имаго (imago) деп аталатын ересек сатысына айналады да, даму процесі бітеді. Сонымен, бунақденелілердің шала түрленіп дамуының негізгі схемасы мынадай: жұмыртқа – личинка (личинканың I, II, III, IV, V сатысы) – имаго немесе ересек түрі.

  Толық түрленіп даму (Holometamorphos немесе Holometabola) қабыршаққанаттылар, қаттықанаттылар, жарғаққанаттылар, торқанаттылар, бүргелер және қосқанаттылар отрядының өкілдеріне тән. Толық түрленуде жұмыртқадан шыққан личинка ересек түріне мүлде ұқсамайды. Бұлардың күрделі көздері, қанаттары жоқ, дене сегментацияларының, ауыз аппараттары мен аяқтарының саны және құрылысы, ішкі мүшелерінің құрылысы ересек формаларынан өзгеше. Мысалы, көбелектердің жұлдызқұрттарында ауыз аппараттары кеміргіш болса, ересек түрлерінде – сорғыш, сондай-ақ ішкі және сыртқы мүшелері де өзгеше.

   Осыған байланысты  личинка түрлері де әралуан,  солардың ішінде негізгісі: камподеа  тәрізді, құрт тәрізді, жұлдызқұрт  тәрізді. 

   Жоғарыда сипатталған  личинкалар да түлеу арқылы  өседі. Әр түлеген сайын олардың  денесі өсіп ұлғаяды да, ең  соңында личинка қоректенуін  тоқтатып, ақырғы рет түлеп қуыршақ  сатысына ауысады. Қуыршақ кезінде  бунақденелілер қоректенбейді және  тыныштық күйде болады.

   Қуыршақ түрлері  де әралуан: ашық, жабық және  жасырын.

   Бунақденелілерде  шала түрленіп және толық түрленіп дамуынан басқа тура даму, алғашқы, жеткіліксіз және күрделі даму түрлері кездеседі. Тура даму немесе анаморфоз (Anamorphosis) бунақденелілердің қарапайым формалараында, мысалы, мұртсыздар (Protura) отрядының өкілдерінде байқалады. Жұмыртқадан шыққан личинка ересек түріне өте ұқсас, бұларда ешбір метаморфоз процесі жүрмей личика ересек формасына айналады.

   Алғашқы даму немесе  протоморфоз (Protomorphosis) (эпиморфоз) қосқұйрықтылар (Diplura), аяққұйрықтылар (Collembola) және қылтанқұйрықтылар (Thysaura) отрядының өкілдеріне тән. Жұмыртқадан шыққан особь ересек түріне өте ұқсас, тек бұларда кеуде және құрсақ бөлімдері айқын көрінбейді, бұларда түлеу процесі личинка және ересек формаларында өтеді.

   Жеткіліксіз даму  немесе гипоморфоз (Hypomorphosis) биттер (Anoplura), мамықжегіштер (Mallophaga), пішенжегіштер (Psocoptera) отрядының өкілдеріне тән. Бұлардың дамуы шала түрленіп даму жолына ұқсас, тек эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты личинкалық түлеу сатысы қысқарған, яғни личинка 1-2 түлеуден кейін ересек түріне айналады.

   Паразитті тіршілік  етіне байланысты бұларда қаннаттары  болмайды, осыған сәйкес қанаттсыз  бунақденелілер тобын құрайлы  және личиекаларының да өмір  сүру аймағы ересек түрлерімен  бірдей, сондықтан екеуінің арасындағы  айырмашылықтары жоқ есебінде.

   Гипоморфоз жолымен  төсек қандаласы (Cimex lecturalis) , қанатсыз шегірткелер, шекшектер, тарақандар да дамиды. Даму схемасы: жұмыртқа-личинка (личинканың I-II сатысы) – имаго.

   Күрделі даму немесе  гиперметаморфоз (Hypermetamorphosis) қоңыздар отрядының алакүлк (Meloidae) тұқымдасының, қосқанаттылар отрядының ызылдақ шыбындар (Bombilidae) тұқымдасының өкілдеріне тән.

   Көбеюі. Бунақденелілердің басым көпшілігі тек жынысты жолмен көбейеді. Бір аналықтың шығаратын жұмыртқалары өте көп болуы мүмкін, мысалы, шегіртке (Schistocerca peregrina) өмір бойында 500-ден 900-ге дейін, ұрғашы ара – 1,5 миллион, ал термит аналығы болса күніне 30000-ға дейін, жылына бірнеше миллионға дейін жұмыртқа салады, ал өзі шамамен 10 жыл өмір сүреді.

   Жынысты көбеюден  басқа бунақденелілер партеногенез, гетерогония, педогенез, полиэмбриония  арқылы да көбейеді.

   Партеногенез (грекше parthenos – ұрықтанбаған аналық) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқа клеткадан ұрық дамиды. Мысалы қауымдасып тіршілік ететін жарғаққанаттыларда (бал арларында) ұрықтанбаған партеногенетикалы жұмыртқасынан тек аталықтары шығады.

Гетерогония – екі түрлі  ұрпақтың алмасуы: партеногенездік  және қос жынысты. Тең қанаттылар отрядының бітелер (Aphidiidae) тұқымдасына тән.

   Педогенез (грекше paidos – нәресте, genesis – пайда болуы) – личинка сатысындағы партеногенетикалық көбею жолы. Қосқанаттылар оряды бұзғыншылар тұқымдасының (Cecoidomyidae) Miastor және Oligarser туысына тән.

Полиэмбриония (грекше poly – көп, embryon – ұрық) – бір жұмыртқадан бірнеше ұрықтың дамуы. Жарғаққанаттылар отрядының шанщарлар (Ichneumonidae) тұқымдасының өкілдеріне тән.

   Тіршілік циклі. Бунақденелілердің жұмыртқадан бастап ересек, яғни жыныстық жетілуі күйіне дейінгі даму циклін тірішілік циклі немесе генерация деп атайды. Әрбір түрдің өзіне ғана тән жылдық циклі болады, мысалы, шегірткелер, бізтқұмсық қоңыздар, бақашық қандалалар жылына тек бір ғана генерация береді, ал жоңышқа қандаласы жылына 2-3, гессендік шыбыны 2-5, масалар 5-7, бітелер 10-15 генерация береді. Кейбір бунақденелілердің дамуы 3-5 жылға созылады (зауза, шыртылдақ қоңыздар, біркүндіктер, инеліктер), ал цикадалардың Magicicada туысының өкілдерінің дамуы 17 жыл.

Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі практикалық  маңызы

   Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен рөлі орасан зор. Табиғатта тек зиянды немесе тек пайдалы түрлері болмайды. Зиянды бунақденелілер бір жағдайда зиянды болып, ал екінші жағдайда үлкен пайдасын да тигізеді. Мысалы үй қара шыбыны (Musca domestica), це-це шыбыны (Glossina motistans), Anopheles туыстас масалар, Tabanus туыстас соналар тағы басқалары бірқатар ауруларды жұқтырушылар, ал олардың өздерін және личинкаларын басқа жануарлар қорек етеді, яғни олар табиғаттағы қоректік тізбектің бір буыны.

  Соңғы кезде мал шарауашылығында шыбындардың личникалары жемдік ақуыз ретінде пайдаланылып жүр, бұл биотехнологияның жетістіктерінің бірі.

   Бунақденелілердің  табиғаттағаы маңызды әрекеті  – ең алдымен гүлді өсімдіктерді  тозаңдандыру. Белгілі гүл топтарын  арнайы бунақденелілер тозаңдандырады.

   Топырақ өңдеуде  де бунақденелілердің пайдасы  өте жоғары, әсіресе аяққұйрықтылар  – Collembola, қосқұйрықтылар – Diplura, протура немесе мұртсыздар – Protura, термиттер – Isoptera отрядының өкілдері. Бұл бунақденелілер, басқа да топырақта тіршілік ететін бунақденелілер мен олардың личинкалары сияқты, өзіне үңгі жол жасау арқылы топырақты қопсытады. Осының нәтижесінде топырақ арасына ауа кіріп, ылғалданып, қара шірікпен байытылады. Соңғысы өсімдік пен жануарлардың қалдықтарының ыдырауынан пайда болады, осыларды ыдырататын да бунақденелілер мен микроорганизмдер.

   Бунақденелілердің  табиғаттағы санитарлық маңызы  да зор. Олар өлекселерді, шіріген  заттарды, қиды ыдыратып, табиғат  тазалығын сақтауға әжептәуір  үлес қосады.

   Бунақденелілер – әрбір биолгиялық бірлестіктің қажетті мүшесі, тірі ороганизмдердің қоректік тізбегіндегі негізгі буыны, оларды басқа жануарлар қорек ретінде пайдаланады, әсіресе құстар мен сүтқоректілер.

   Бунақденелілердің  беретін өнімдерінің де адам  үшін маңызы зор. 

   Бунақденелілер дәрілік  заттарды – кантаридин (шпанка (алакүлік) қоңызы), апитоксин (бал ара), бояулар – кармин (қалқаншалар – Cocinea отряд тармағының өкілдері, әсіресе емксика кошенилі береді), танин (жарғақққанаттылардың жаңғақшылар - Cynipidae тұқымдасы), лак және балауыз (қалқаншалар – Coccinea отряд тармағының өкілдер) береді.

   Ауылшаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық тәсілін ұолданудағы пайдалы бунақденелілердің – энтомофагтардың да маңызы зор. Биологиялық күрес үшін пайдаланылатын энтомофагтар зиянкестердің жаппай көбейіп кетуіне жол бермей, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдік заңына да пайдалы әсерін тигізеді.

   Барлық аймақтарда  жергілікті түрлері: екі нүктелі  хан қызы (Adalia bipunctata), жеті нүктелі хан қызы (Cooccinella setompunctata) өсімдік биттерімен (бітелерді), жапырақ бүргесімен, кокцидтер сияқты ұсақ бунақденелілермен қоректеніп, олардың санын азайтып көп пайда келтіреді. Афелинус өз жұмыртқаларын қан битінің денесіне салады.

  Энтомофагтарды пайдалануды  арттыру үшін оларды өндірістік  биолабораторияларда өсіріп, өндіріп,  содан кейін хиянкестер көбейетін  жерлерге жіберу қажет. Қазіргі кезде ауылшаруашылығы зиянкестерімен күресу биологиялық тәсілдерін дамыту. Соның ішінде энтомофагтарды қолданудың тиімді жолдарын іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.      

   Бунақденелілердің  пайдалы жақтарынан басқа зиянды  жақтары да бар. Олардың көпшілігі  өсімдіктердің ұлпаларымен қоректеніп, аса қауіпті зиян келтіреді,  өсімдіктердің тамыр жүйелерін,  саьақтарын, жапырақтарын, өркеОлардың  көпшілігі өсімдіктердің ұлпаларымен  қоректеніп, аса қауіпті зиян  келтіреді, өсімдіктердің тамыр  жүйелерін, саьақтарын, жапырақтарын, өркедерін, бүршігін, гүлі мен  жемісін зақымдайды.

   Бунақденелілер егістік,  техникалық, майлы дақылодардың, көкеніс, картоп, жеміс-жидек, бау-бақша, орман-тоғай, астық өнімдері қорының зиянкестері топтарын құрайды. Бұлардың ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына әкелетін зияны аса қауіпті. Солардың ішінде егістік зиянкестері: көкқасқа шегіртке (Locustra migratoria), марокко шегіртекесі (Dociostaurus maroccanus), зиянды бақашық (Eurygater integripes), күздік көбелек (Euxoa segetum), гессен шыбыны (Mayetiiola destructor); бақша зиянкестері: капуста ақ көбелегі (Pieris brassicae), капуста шыбыны (Hylemyia brassicae), қоңыздардың көптеген түрлері; бау-бақшазиянкестері: қанды бит (Eriosoma lanigerum), жүзім филоксерасы (Peritymbia vastatix), алма бізтұмсық қоңызы (Anthonomus pomorum), алма жегіш көбелегі (Laspeyresia pomonella); орман-тоғай зиянкестері: шығыс зауза қоңызы (Melolontha hippocastani), батыс зауза қоңызы (M.melolontha), үлкен шырша мұртты қоңызы (Monochamus quadrimaculatus), үлкен орман қоңызы (Blastophagus piniperda), типограф қоңызы (Ips typographus), қарағай жібек көбелегі (Dendralimus pini); қамба зиянкестері: қамба бізтұмсық қоңызы (Calandra granaria), астық күйесі (Sitotroga cerealella), диірмен қызыл көбелегі (Ephestia kuhniella) , тағы басқалары. Зинкестерге қарсы комплексті күрес шараларын қолдану қажет. Күресу шаралары – биологиялық, генетикалық, агротехникалық, механикалық, физикалық, химиялық және өсімдік карантині.

  Көп жағдайда зиянкестердің  қаулап өсуіне адамның өзі  әсер ететінін ұмытпағанымыз  жөн. Мысалы, егіс танаптарында  бір өсімдік түрін бірнеше жыл бойы өсіру зиянкестердің көбеюіне өте қолайлы жағдайлар туғызады. Инсектицидтерді (зиянды бунақденелілерді құртуға арналған улы химиялық заттар) дұрыс пайдалана білмеу көп жағдайда зиянды бунақденелілердің өліміне әкеліп қана қоймай, сондай-ақ олардың табиғи жауларын да (жыртқыш және паразиттік бунақденелілерді) құртады және инсектицидтерді ұзақ жылдар қолдана берсе, оларға зиянкестер төзімді болып алады да жаппай көбеюіне бөгет бола алмай қалады. Өсімдік карнатин шараларын қолданбаудың салдарынан зиянды бунақденелілер бұрын болмаған аудандарға алып барылуы мүмкін. Ал олар жаңа жағдайларда табиғи жауларының жоқтығынан жылдам көбейіп және таралып кетуі мүмкін.

   Бунақденелілердің  дадамға және малдарға келтіретін  зияны да аз емес. Олар әртүрлі  ауруларды жұқтырумен қатар, иелеріне  шабуыл жасап немес паразитті  өмір сүріп адамның жұмыс істеуіне, демалуына көп кедергі келтіреді,  мал өнімін азайтады. Бұларға  биттер (Anoplura отряды), бүргелер (Alphaniptera отряды), қандалалар (Cimicidae тұқымдасынан), қансорғыш қосқанаттылар: масалар (Culicidae), соналар (Tabanidae), шіркейлер (Simulidae), құмытылар (Ceratopogonidae), москиттер (Phlebotomidae), бақ да қосқанттылар (шыбындар, бөгелектер) жатады. Бұлардың көпшілігі ауру қоздырғыштарды бір организмнен екінші организмге тасымалдап, жұқтырады. Бұндай жұқпалы ауруларды трансмиссивті аурулар немесе індетті кесел деп атайды. Трансмиссия (латынша transmissio – ауыстыру, тасу) – тасымал деген мағынаны білдіреді.

   Табиғатта трансмиссивті  аурулардың «ошағы» бар. Олар  – тасымалдаушылардың мекен ететін  ортасы. Мысалы, «ұйқы ауруы» Африкада  көп тараған, өйткені сол жақта  осы ауруды таратушы це-це шыбыны (Glossina palpalis) мекендейді.

   Трансмиссивті ауруларды  тасымалдаушылар: биттер – адамға бөрітпе сүзек пен қайталама сүзекті жұқтырады, ешкі, қойға – топалаң, кебенек, жылқыға – жамандат, сиырға – қарасан, түйеге – ақшелек ауруларын жұқтырады бүргелер – оба инфекцисын жұқтырады; масалар – безгек ауруын, соналар қараталақ, жамандат, ақшелек; москиттер – тері және висцеральды лейшманиозын жұқтырады.

   Кейбір бунақденелілердің  личинкалары паразиттік тіршілік  етіп, мал шаруашылығына зиян  келтіреді. Мысалы, қосқанаттылар отряды бөгелектер (Oestridae) тұқымдасының личинкалары мал терісінің астында, қарнында, мұрын, маңдай және жақ қуысында тіршілік етіп осы мүшелерді зақымдайды. Тірі туатын Вольфратов шыбыны (Wohlfahrita magnifica) лицинкаларын сүтқоректілердің мұрнына, көзіне, құлағына салып, олар тірі тканьдармен қоректеніп, миаза ауруын қоздырады.

Информация о работе Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы