Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы
Тест, 29 Января 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 23 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Работа состоит из 1 файл
Диплом жұмысы.docx
— 66.96 Кб (Скачать документ)Құрсақ (abdomen). Бунақденелілердің құрсағы өзара ұқсас сегменттерден тұрады. Төменгі сатыдағы бунақденелілердің құрсағы 11 сегменттен және тельслоннан құралған (Protura отряды), ал қалғандарында құрсақ сегменттері бір бірімен қосылып саны 9-10 (тікқанаттыларда) немесе 4-6 дейін (жарғаққанаттыларда, қосқанаттыларда) қысқарған. Құрсақ сегменттерінде аяқтары жоқ, бірақ олардың қалдықтары рудимент түрінде кездеседі. Мысалы, алғашқы қанатсыз бунақденелілердің (Apterygota) өкілдерінде аяқ өсінділері: түтік, ілгек, секіргіш, айыр; қылтанаққұйрықтыларда (Thysanura) гифелькалар, тарақандарда – церкалар (соңғы сегменттің ұшында орналасқан бунақты өсінділер); шегірткелерде, шекшектерде – жұмыртқа салғышы, араларда – шанышқыш түрінде болады.
Жабыны. Бунақденелілердің тері жамылғысы барлық буынаяқтыларға тән үш қабаттан құралған: астыңғысы – өте жұқа аморфты базальды мембранадан, оның үстінде эпителиальды клеткалардан құрылған – гиподерма қабаты және хитинді кутикула қабатынан. Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде тақта түрінде орналасады, олар арқа (үстіңгі тақтасы) – тергит, құрсақ (астыңғысы) стернит және екі бүйіріндегі – плейрит. Осы тақталардың барлығын склерит деп атайды.
Бунақденелілердің
денесінде қабыршықтар, түктер, қылшықтар
кездеседі, олар тері
Бұлшықет жүйесі. Бунақденелілердің бұлшықеттері тек көлденең жолақты. Олар шоғырланып бас, кеуде, құрсақ бөлімдерінде орналасқан , әсіресе кеуде бөлімінде. Көлденең жолақты бұлшық еттер қатарына ұзына бойы, дорзо-вентральды, плейральды, аяқ, қанат еттері жатады. Жиырылып жазылу арқылы олар әртүрлі мүшелеренің (ауыз аппараттарының, аяқтарының, қанаттарының) қимыл әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Ас қорыту жүйесі. Бунақденелілердің ішегі барлық буынаяқтылардікі сияқты үш бөлімнен құралған: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен. Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды, яғни эмбриональды даму кезінде ұрықтың сыртқы (эктодерма) жапырақшасы ауыз және аналь тесігі арқылы ішекке қарай ойысып алдыңғы және артқы ішек бөлімдерін құрайды. Олар хитинді кутикуламен астарланған. Ортаңғы ішек энтодермальды, ішкі (энтодерма) ұрық жапырақшасынан түзіліп, эпиталиальды жасушалармен астарланған.
Алдыңғы ішек құрылысына
және атқаратын қызметіне
Бунақденелілердің
аса маңыщды бөлімі – ортаңғы
ішек. Бұл бөлім ас қорыту
Ортаңғы ішек бірнеше
бөлікке бөлінген
Бунақденелілердің
қорегі әр алуан.
Зәр шығару жүйесі. Бунақденелілердің зәр шығару жүйесін бірнеше түзінділер атқарады, олар – малпиги түтікшелері, май денелері, преикардиальды клеткалар немесе нефроциттер және фагоцитарлық мүшелер.
Ең бастысы – мальпиги түтікшелері. XVII ғасырда бунақденелілердің зәр шығару мүшесін алғашқы рет ашқан италия ғалымының есімімен Малпиги түтігі деп аталады. Олар артқы ішектен түзіліп эктодермальды болады, ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында орналасқан, бос жатқан бір ұшы тұйық, екінші ұшы ішекке жалғасады, оның ішкі қуысы бір қабатты эпителий клеткаларымен астарланған. Саны әртүрлі бунақденелілерде 2-ден 200- ге дейін.
Тыныс алу жүйесі. Бунақденелілердің тыныс алу – мүшесі кеңірдек немесе тархея (осыдан да Tracheata тип тармағына жатады). Трахея бунақденелілердің ұрықтық (эмбриональды) даму кезінде қалыптасады, яғни эктодерма қабатының қабырғасы ішке қарай жиылып трахея түтігіне айналады, оның қуысы хитинді кутикуламен астарланып, бұрала спиральданған хитинді сақиналарынан тұрады, олар трахея қуысының тарылуына кедергі жасап және ауаны еркін өткізіп тұрады.
Трахеялар сигма
деп аталытын тыныс
Суда тіршілік
ететін, атмосфера аусуымен тыныс
алатын бунақденелілер (сүңгуір
қоңызы, су қандаласы) құрсағындағы
түктері арқылы ауа қорын
Төменгі сатыдағы
бунақденелілердің
Бунақденелілердің
тыныс алу жүйесі, жылу энергиясын
бөліп шығаратын зат алмасу
процесімен қосадене
Қан айналу жүйесі. Бунақденелілердің трахея арқылы тыныс алуына байланысты, қан айналым жүйесі нашар дамыған. Бірнеше камераларға (5-13) бөлінген, ұзын түтік тәрізді жүрегі денесінің үстіңгі жағында орналасып, перикардия (грекше peri – маңында, төңірегінде және cordia – жүрек) қуысында жатады. Жүректің артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қуысына жалғасады. Жүрек камераларының бүйірінде остиялар деп аталатын саңылаулары бар, оларды қақпашалар (клапандар) жапқан.
Жүрек қабырғасына
біткен, қанат тәрізді бұлшықеттерінің
әсерінін жүректің камералары
бір бағытта жиырылып қанды
(гемолимфаны) артқы жағынан
Бунақденелілердің
қан айналу жүйесі ашық. Қаны
немесе гемолифасы сұйық
Бунақденелілердің
гемолимфасы қорек заттарды, су
мен тұздарды және гормондарды
клеткаларға, мүшелерге
Нерв жүйесі. Бунақденеліледің нерв жүйесі барлық буынаяқтылардікіндей жұтқынша үсті немесе ми, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Миы үш бөлімге бөлінген: алдыңғы – протоцеребрум, ортаңғы – дейтоцеребрум және артқы тритоцеребрум. Протоцербрум фасеттік және қарапайым көздерді, дейтоцеребрум – антенналарды (мұртшаларды), тритоцеребрум – үстіңгі ерінді нервтендіреді және симпатикалық нерв жүйесімен байланысты. Миының алдыңғы бөлімі – протоцеребрум өте жақсы дамыған, сондағы екі көру төмпешігі және саңырауқұлақ тәрізді денешіктері ең жоғарғы координацтиялаушы орталығы болып, барлық мүшелерінің қызметін және организм әрекетінің нақты жағдайларға икемделуін реттейді.
Сезім мүшелері күрделі құрылысты және әр алуан. Бұл ең алдымен бунақденелілердің жоғары дәрежедегі деңгейімен және күрделі мінез қылығымен анықталады. Сезім мүшелері организмнің өзін қоршағана ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруында маңызды рөл атқарады. Бунақденелілер әртүрлі механикалық, дыбыстық, химиялық, көру, есту, терінің сезуі тағы да басқа көптеген тітіркнеулерді қабылдауға бейім.
Бунақденелілердің сезім мүшелерінің ішіндегі ең күрделі құрылысты – көру мүшелері, олар фасеттік және ұарапайым көздері, басының акрон бөлігінде орналасқан.
Бунақденелілердің
фасеттік көздері барлық
Әрбір омматидиялардың құрамына оптикалық аппарат, тітіркенуді қабылдайтын сезімтал клеткалар және экрандайтын клеткалар тобы кіреді. Оптикалық аппараты екі жағы да дөңес сөлдір көз жанарынан (хрусталик) және көз жанар конусынан тұрады. Бұлар бірігіп оптика жүйесін құрайды, ал одан төмен бірнеше (4-12) сезімтал ретианльды клетаклардан құралған тітіркенуді (жарықты) қабылдайтын немесе торлы қабаты (ретина) орналасқан. Ретианльды клеткалар бір-бірімен тағыз жанасып рабдом деп аталатын жарық-сезгіш деп аталатын таяқшаларды құрайды, бұлар – көздің негізгісі.
Оптикалық және
торлы қабаттары пигменттік
Бунақденелілердің
күрделі көздері мозаикалық
Күрделі көздеірмен қатар көптеген бунақденелілерде қарапайым көздері де бар. Олардың оптикалық бөлімі тек екі жағы дөңес мөлдір көз жанарынан (хрусталик) тұрады, оның астында жарық сәулесін қабылдайтын сезімтал клеткалар тобы орналасқан, пигментті клеткалар көзді түгелімен қоршап жатады. Қарапайым көздері немесе көзшелері бунақденелілердің басында маңдай және төбе аймағында, екі күрделі көздің арасында орналасқан, сондықтан оларды дорсальды көзшелер деп те атайды, олардың саны үшке дейін болады. Дорсальды көзшелер тек қана ересек түрлерінде дамыған, ал қосқанаттылар(Diptera), қабыршаққанттылар(Lepidaptera) отрядының өкілдерінде жоқ.
Жыныс жүйесі. Бунақденелілер дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Мысалы, аталықтары аналықтарына қарағанда едәуір ұсақ, түсі ерекше (көбінесе көбелектерде), аталықтарының денесінде мүйіз тәрізді өсінділері (бұғы қоңызы – Lucanus cervus, мүйізтұмсық қоңыз – Oryctes nasicornus), мұртшалары жақсы жақсы дамыған (зауза қоңыздар – Melolontha, ұзынмұрттылар – Cerambycidae, жібек көбелектер – Bombycidae). Аталықтарының қанаттары жақсы жетілген, аналықтары қанатсыз немесе қанаттары нашар дамыған (қысқы мұр көбелегінде – Operophthera brumata, кокцидтерде – Coccidae, қалқаншалы сымырда - Diaspididae, желпуішқанаттылар отрядының өкілдерінде - Strepsiptera).
Аналық пен аталық
жыныс жүйесінің құрылысы
Аталық жыныс жүйесi екi аталық безiнен, екi аталық (тұқым шығарғыш) жолынан, тұқымшашқыш түтiкшеден, шағылыс мүшесiнен және қосалқы бездерiнен тұрады.
Дамуы. Бунақденелілердің онтогенезі 2 кезеңге бөлінеді: эмбриональды (жұмыртқа ішінде) және постэмбриональды (жұмыртқадан шыққаннан кейінгі).
Бунақденелілердің жұмыртқасы
сопақша, ұзынша шөлмек, жарты
шар, күбі тәрізді болып
Бунақденелілердің
басым көпшілігінің
Ішкі мүшелері
толық құрылып болғаннан кейін
қалыптасқан дернәсілдің
Бунақденелілердің
постэмбриональды дамуы