Биологиялық заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2012 в 21:18, реферат

Описание

Жасуша құрамындағы органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі
2.2 Балалар тағамындағы биологиялық қоспалар және оларды тіркеу
2.3 Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.4 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.5 Ағзаға қажетті биологиялық заттардың қоршаған ортаға әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ағзаға қажетті биологиялық заттар қауіпсиздиги.doc

— 194.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

2.1 Биологиялық белсенді  заттар және олардың қауіпсіздігі

2.2 Балалар тағамындағы  биологиялық қоспалар және оларды  тіркеу

2.3 Тамаққа қосылатын  биологиялық белсенді қоспалардың  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

2.4 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен  
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

2.5 Ағзаға қажетті биологиялық  заттардың қоршаған ортаға әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жасуша құрамындағы  органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу — полисахарид, жануарларда — нәруыз бен майлар, ал микроорганизмдерде нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады.

Көмірсулар. Көмірсулар немесе сахаридтер — жалпы формуласы Сn2On) болатын органикалық заттар. Көптеген көмірсулардың құрамындағы сутек атомдарының саны өттек атомдарынан екі есе кеп болады, сондыктан да бұл заттар көмірсулар деп аталған. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1—2%-дан 5%-ға дейін (бауыр жасушаларында) болады. Өсімдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды (жүзім жемісі, карбыз). Көмірсуларды ұарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы кеміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триоза (3 атом), тетроза (4 атом), пентоза (5 атом) және гексоза (6 көміртек атомы) деп аталады. Көмірсулар, негізінен, екі түрлі қызмет атқарады: құрылымдық және энергетикалық. Мысалы, целлюлоза өсімдік жасушаларының қабырғасын түзеді, ал күрделі полисахарид хитинді буынаяктылардың сыртқы қаңқасының негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Хитин саңырау құлақтар үшін де құрылыстық қызмет атқарады.

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

 А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г белок  қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Сондықтан Фридрих Энгельс: «Тіршілік — белок заттарының өмір сүру формасы» — деп үйретеді.

Белок тек тірі организмдер  құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

 

2.1 Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18 пайыз тұқымқуалаушылық факторларға, 20 пайыз өмір сүру салтына, 50 пайыз тамақтануға байланысты болады екен.

  Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады.Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті,

Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.

Қазақ Тағамтану академиясының  президенті Төрегелді Шармановтың  пікірінше, халықтың тамақтану құрылымында  «алмастырылмайтын» тағам компоненттерінің жеткіліксіздігінен «жасырын ашығу  қаупі» болады, бірақ оны тұрмыстағы халық түсіне бермейді, бұл микро-макронутриенттердің жеткіліксіздігінен көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Бұндай жағдай туындамас үшін тұтынатын тағам көлемін бірнеше ретке көбейту керек немесе биологиялық белсенді қоспаларды қолдану қажет. 

Биологиялық белсенді қоспалардың  ағзаға берер пайдасы мен оның қандай мақсатта қолданылатынын былайша  жіктеуге болады.:

Әуелі тағамдануды рационализациялау  үшін қолданылады. Оның  ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер, яғни, аминқышқылдары, көп қанықпаған май қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, тағамдық талшықтар, экстрактивті заттар жетіспеушілігін толтыру және тағам мен энергетикалық қатынасты оптималды ету мақсатында ұсынылады. Сондай-ақ, рационның калориялылығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданылады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Кейбірі науқастың тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ағзадан токсикалық немесе бөгде заттарды шығаруға көмектеседі. Ағзаның иммундық жүйесі жұмысын күшейтіп, жалпы жағдайды жақсартады, тонусын көтереді.

Қауіпсіздік жайына тоқталар болсақ, негізі биологиялық белсенді қоспалар биылғы 21 қаңтардағы Үкіметтің №25 қаулысы, ҚР «Техникалық реттеулер туралы»  Заңы, «Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын  талаптар» және санитарлық ережелер мен нормалар секілді нормативтік құжаттармен реттеліп отырады. Ал биологиялық белсенді қоспаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті атқарады

Тіркеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші  кезеңде өндіруші туралы мәліметке  сараптама жүргізіледі. Бұнда өнімдердің нормативтік құжатарға сәйкестігі, дайындау түрі, сынақ нәтижесі зерттеледі. Екінші кезеңде санитарлы-гигиеналық зерттеу, яғни, ингредиенттік құрамының сәйкестігі, физико-химиялық көрсеткіштері, ауыр металл тұздарының, радионуклидтердің, пестицидтердің, микотоскиндердің кездесуі, жануарларға жүргізген тәжірибе кезінде ағзаға токсикалық әсері зерттеледі.

Ереже бойынша биологиялық белсенді қоспалардың тіркеу куәлігі екі жыл мерзімге беріледі,  егер өндіруші республика аумағында өткізілген клиникалық сынақтан өткен өнім болатын болса үш жылға дейін мерзімі ұзартылады.

 

2.2 Балалар тағамындағы биологиялық қоспалар және оларды тіркеу

Балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалык модификацияланған  көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ  өнімдерімен араласатын материалдар  мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін биологиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу

 

 

Қызметтің атауы

Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық  белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу

Қызмет көрсететін мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің  аумақтық департаменттері

Қызметті алушылар

заңды және жеке тұлғалардың  мүдделері

Қызмет көрсету нысаны

автоматтандырылмаған

Қызмет көрсету орны

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің  аумақтық департаменттері

Қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті алу  үшін алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 Қаулысының №11 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

Қажетті құжаттар

1)өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуге немесе  қайта тіркеуге өтінішті;

2) Қазақстан Республикасының  заңңамасына сәйкес расталған,  өнімдердің (заттардың) дайындалатын  құжаттарына сәйкес құжаттардың  (стандарттар, техникалық шарттар,  регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы  туралы мәліметтер) көшірмелері;

3) өнімдердің (заттарды) қауіпсіздігін және зерттелетін  үлгілердің сапасын куәландыратын  дайындаушы (өндіруші) құжатының көшірмесі;

4) қаптамалардың, өнімдердің (заттардың) заттаңбалары мен  түсіндірме-жапсырмаларының үлгілері;

5)дайындаушы (өндіруші) елдің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында өнімдердің (заттардың) еркін айналымын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  аттестатталған және аккредиттелген зертханалар берген өнімдердің (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелері;

7)Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес расталған  Кеден одағының кедендік аумағында  өнімдердің (заттардың) үлгілерін  әкелуді растайтын құжаттардың  көшірмелері;

8)өндірушінің және импорттаушының (заңды тұлғаның) мекенжайы, сондай-ақ атауы, (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты;

9)сәйкестік сертификатын, шығарылған елде немесе басқа  елде клиникалық сынақ жүргізу  жөніндегі материалдарды, тағамға  биологиялық белсенді қоспаларда (бұдан әрі - ББҚ) (ББҚ үшін) гормондар, психотропты және есірткі заттардың жоқ екендігі туралы мөр қойылған дайындаушы фирманың хаты.

10)лицензияланатын қызмет  түрін жүзеге асыру кезінде  лицензияның нотариалды расталған  көшірмесі ұсынылады.

Экспорттаушы елдің құжаттарының түпнұсқасына олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттік емесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілуге тиіс.

Қызмет құны және төлеу тәртібі тәртібі

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

күнтізбелік 30 күн

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілетін өнімдердің (заттардың) қолданылу мерзімі көрсетілген, Комитеттің ресми бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағыштағы) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап

Нормативтік құқықтық актілер

1.«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар мен енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.


 

2.3 Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 1073 Қаулысы      

"Техникалық реттеу  туралы" Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:  
      1. Қоса беріліп отырған "Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.  
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

 Қазақстан Республикасының  
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 15 шілдедегі  
N 1073 қаулысымен     
бекітілген      

"Тамаққа  қосылатын биологиялық белсенді  қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын  талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы 

 

      1. Осы  "Тамаққа қосылатын биологиялық  белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне  қойылатын талаптар" техникалық  регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.21 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      2. Осы Техникалық регламент тамаққа қосылатын биологиялық тамақ қоспаларының қауіпсіздігіне, оларды өндіруге және олардың айналымына қойылатын талаптарды белгілейді және олардың Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) 2106 90 980 3 бірыңғай тауарлық кіші субпозициясына енетін тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларға таратылады. 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.21 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      3. Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі - биологиялық белсенді қоспалар) құрамдауыштарына енетін құрам бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  
      1) негізінен белоктардың, амин қышқылдардың және олардың кешендері негізіндегі;  
      2) мал және өсімдік липидтері негізіндегі:  
      өсімдік майлары негізіндегі;  
      балық майлары негізіндегі;  
      мал майлары негізіндегі;  
      аралас май негізіндегі;  
      3) негізінен сіңірілетін көміртектер, оның ішінде биологиялық белсенді компоненттер қосылған бал, шәрбаттар және басқалар негізіндегі;  
      4) негізінен тағамдық талшықтар (целлюлоза, камедьтер, пектин, гумми, микрокристалды целлюлоза, кебектер, фруктоолигосахарлар, хитозан және басқа полисахаридтер) негізіндегі;  
      5) таза субстанциялар (дәрумендер, минералды заттар, органикалық қышқылдар және басқалар) немесе әртүрлі толықтырғыштарды пайдаланумен олардың концентраттары (өсімдік сығындылары және басқалар), оның ішінде сусындарға арналған құрғақ концентраттар негізіндегі;  
      6) табиғи минералдар (цеолиттер және басқалар, оның ішінде мумие) негізіндегі;  
      7) өсімдік негізіндегі, оның ішінде:  
      құрғақ - гүл тозаңы, шәй, кептірілген дәрілік өсімдіктер қоспасы;  
      сұйық - эликсирлер, бальзамдар, тұндырмалар және соларға ұқсастар;  
      8) ет-сүт шикізатын, оның ішінде субөнімдерді, құстарды, буынаяқтыларды, қос мекенділерді, омарта шаруашылығының өнімдерін (аналық бал сүті, прополис және басқалар) қайта өңдеу негізіндегі;  
      9) балық, теңіз омыртқасыздары, шаян тектестер, моллюскалар және басқа теңіз өнімдері, теңіз өсімдіктері микроорганизмдері (балдырлар және басқалар) негізіндегі - құрғақ;  
      10) пробиотикалық микроорганизмдер негізіндегі:  
      құрғақ - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі, аминқышқылдарын, микроэлементтерді, моно- және ди- олисахаридтерді қосу арқылы микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі;  
      сұйық - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; қоюландырылмаған микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі;  
      11) бір жасушалы балдырлар (спирулин, хлорелл және басқалар),  
ашытқылар мен олардың лизаттары негізіндегі.  
      4. Биологиялық белсенді қоспаларды әзірлеу, өндіру және (немесе) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар биологиялық белсенді қоспалардың жаңа түрлерін әзірлеу, тіркелген құрамын өзгерту және (немесе) технологиялық процестерді өзгерту кезінде олардың мәлімделген биологиялық қасиеттеріне, жарамдылық мерзімдеріне, қауіпсіздік көрсеткіштеріне, бақылау әдістеріне сәйкестігін негіздеуді қамтамасыз етеді.

Информация о работе Биологиялық заттар