Дәрілік заттар
Творческая работа, 17 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін п е р и н а т а л ь д ы қ деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Работа состоит из 1 файл
Дәрілік заттар.pptx
— 176.72 Кб (Скачать документ)Жасы
- Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін п е р и н а т а л ь д ы қ деп
аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ - нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ - не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) өте сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты, ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Ерте жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхлиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.
Жынысы
- Жануарларға зерттеу жүргізгенд
е көрсетілгендей, оның аналығына қарағанда, атал ық түрлерінде бірқатар заттарғ а (никотин, стрихнин) сезімталдық аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метаболизмінде ерекшеліктер б елгіленген болатын. Сонымен қа тар клиникалық бақылаулар да б ар. Мысалы, парацетамолдың клиренсі әйелде рге қарағанда ер адамдарда тез ірек жүреді. Әйелдер менопауза кезінде ішек те кальций ионының абсорбциясы баяулайды. Ер адамдарға қарағ анда әйелдерде верапамилдің би ожеткіліктігі жоғары. Әйелдерде аритмияға қарсы затт ар аритмогенді әсерді («пируэт» деп аталатын) жиі туғызады. Операциядан кейінгі ауыру сезі мді басу үшін әйелдерге қараға нда, ер адамдарға морфиннің жо ғарғы дозасы қажет болады. - Бірақ, жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Әрбір жағдайда дәрілік заттардың фармакокинетикасындағы және фармакодинамикасындағы жыныстық айырмашылықтардың себептерін анықтау маңызды.
Генетикалық фактор
- Дәрілік заттарға сезімталдық г
енетикалық негізделген болуы м үмкін. Бұл сандық қалай болса, сапалы қ та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаны ң генетикалық жетіспеушілігі к езінде, миорелаксант дитилинні ң әсер ету ұзақтығы кенеттен ж оғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке ж етуі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 минут бойы әсер етеді). - Туберкулезге қарсы зат изониазидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрлетеніні белгілі. Тез және баяу инактивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін, ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіспеушілігі бар деп есептейді. Заттарға тән емес реакциялардың мысалдары белгілі. Мысалы, 8- аминохинолин тобының безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мүмкін (глюкоза – 6 - фосфатдегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігі хинонның түзілуіне әкеледі, ол және гемолитикалық әсер көрсетеді). Потенциалды гемолитикалық әсері бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер, сульфондар, сульфаниламидтер, нитрофурандар, опиоидты емес анальгетиктер және әртүрлі басқа заттар жатады.
Ағзаның жағдайы
- Препараттардың әсері ағзаның ж
ағдайына, соның ішінде оларды тағайындайтын патологияға байл анысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде ғана түсіреді (олар қалыпты температурада әсер етпейді). Жүрек гликозидтерінің қанайнал ымына әсері тек жүрек жетіспешілігі кезінде көрінеді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын, ганглиоблокатордың гипотензивтік әсері көп болады . Гипертиреоз кезінде миокардтың адреналинге сезімталдығы жоғарылайды. - Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясын өзгертеді. Бұл кезде басқа параметрлер де – белокпен байланысуы, биожетімділік, таралуы өзгеруі мүмкін.
- Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікте, семіздікте өзгереді.
Тәуліктік ырғақтың маңызы
Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар. Сергектік және ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні белгілі.
Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай - ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда – күндізгі уақытта, түнгі жануарларда – тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады. Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған. Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.
Дәрілік емнің негізгі түрлері
Профилактикалық
Қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы , химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады
Этиотропты
Ем
аурудың себебін тоқтатуға
Сиптоматикалық
Емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді.
Негізгі және жанама әсерлер
- Біріншілік және екіншілік жанама әсерлер болуы мүмкін. Біріншілік әсер берілген препараттың белгілі бір субстратқа тікелей ықпал етуі салдарынан пайда болады (мысалы, зат асқазанның шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер еткенде лоқсу, құсу болады). Екіншілік жанама әсерлер тікелей емес пайда болатын жағымсыз әсерлер жатады (мысалы, антибиотиктермен ішек микрофлорасын тежегенде гиповитаминоз болады).
Дәрілік аллергиялар
I тип
Реакцияға антидененің қатысуына байланысты. Бұл есекжеммен, тамырлық ісінумен, ринитпен, бронхоспазммен, сульфаниламидтерді қолданғанда болуы мүмкін.
II тип
IgG, IgM антидене, комплемент жүйесін белсендіре отырып, айналып жүрген қан жасушаларына өзара әсерлеседі және олардың ыдырауын туғызады.
III тип
IgG, IgM, IgE антиденелері қатысады. Сарысу деп аталатын ауру пайда болады. Ол есекжеммен, артралгиямен, қызбамен көрінеді.
IV тип
Реакция сенсибилизацияланған Т лимфоциттер және макрофагтар кіретін иммунитеттің жасушалық механизмі арқылы жанама түрде жүреді. Затты жергілікті қолданғанда пайда болады және жанасқан дерматит түрінде көрінеді.
Дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері
Дәрілердің ең аз мөлшерінен дамиды. Кейбір адамдарда аз мөлшердегі дәрілерден ауыр , басқаларында жеңіл көріністер байқалуы мүмкін.
Аллергияның
көріністері дәрінің
Кез келген дәрі аллерген бола алады.
Алл-қ серпілістер дәріні тек қайталап қабылдаудан дамиды. Тағам өндірісінде малдар мен құстардың індеттерінен сақтандыру үшін дәрілік қоспаларды кеңінен пайдаланады.
Жалған аллергия
Клиникалық көріністері аллергиялық серпілістерге өте ұқсас болып келеді. Бірақ олардан жалған аллергияның айырмашылығы болып, оның иммундық жүйенің қатысуынсыз өтуі есептеледі. Ол организмнің дәрілермен бір мәрте түйісуінен - ақ дамиды. Бұл кезде жалған аллергияның дамуында дәрілердің әсерлерінен лаброциттердің, қан базофильдерінің, комплемент жүесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жауап қайтару ерекшеліктері маңызды орын алады. Осыдан дәрілердің әсерлерінен көрсетілген жасушалардан биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, простогландиндер, лейкотриендер) босап шығуы артып кетеді.
Идиосинкразия - деп организмнің тегіне байланысты немесе белгілі бір дерттің зардабынан жүре пайда болған кейбір дәрілерге оның дерттік көтеріңкі серпілісін айтады.
Дәрінің фармакологиялық әсері бағытталмаған басқа жүйелерді өзгертулермен айқындалады.
Дәрілердің тіпті көп мөлшерінен емдік нәтиженің болар болмас - болуымен
Дәрілердің тіпті аз мөлшерлеріне адамның қатты сезімталдығымен
Уытты заттардың қанға сіңуін кідірту
- Жедел улану көбінесе жиі затты ішке қабылдаумен туындайды. Сондықтан детоксикацияның маңы
зды әдістерінің бірі асқазанды тазарту. Бұл үшін құсу шақырады немесе асқазанды жуады. Құсуды механикалық жолмен , натрий хлоридінің немесе натрий сульфатының концентрациялық ер ітіндісін қабылдаумен, құсу тудыратын зат апоиорфинді енгі зумен шақырады. Шырышты қабықты зақымдайтын за ттармен уланғанда (қышқыл мен негіз) құсуды шақырудың керегі жоқ, себебі өңештің шырышты қабатының қосы мша зақымдалуы болады.
Уытты затты ағзадан шығару
- .
Күшейтілген диурез
Мәні – сулы жүктеме (көп су ішкізу, көктамырға сұйықтар енгізу), сонымен қатар белсенді зәр айдағыш заттарды (фуросемид, маннит) қолдану
Перитонеалдық диализ
Мәні ішпердесін электролиттік ерітіндімен жуу. Уланудың түріне байланысты затты құрсақ қуысына тезірек шығаратын белгілі бір диализдеуші сұйықтар қолданады.
Гемосорбция
Берілген жағдайда қандағы уытты заттар арнайы сорбенттерге адсорбцияланады (мысалы, қан белоктарымен жабылған түйіршіктелген активті көмірге).
Қан ауыстыру
Бұл жағдайда қан шығаруды донордың қан құюмен қатар жүргізеді. Бұл әдісті көбінесе қанға тікелей әсер ететін мысалы, метгемоглобинемия (нитриттер, нитробензолдар) түзілуін шақыратын заттармен уланғанда қолдануға көрсетіледі.
Сіңген уытты заттардың әсерін жою
Егер қандай затпен уланғаны анықталған болса, онда ағзаның
детоксикациялау антидоттардың көмегімен жүргізіледі.
Химиялық заттармен улануды арнайы емдеу үшін
қолданылатын заттарды антидоттар деп атайды. Оларға уларды
химиялық немесе физикалық өзара әсерлесу арқылы немесе
фармакологиялық антогонизмге байланысты инактивациялайтын
заттар жатады. Осылайша ауыр металдармен уланғанда, олармен
уытты емес кешен түзетін қосылыстар қолданылады. Жедел
улануды антидотармен емдеуді ерте бастаған сайын ол тиімді
болады. Ағзаның тіндері, мүшелері мен жүйелерінің зақымдалуы
дамығанда және уланудың терминалдық сатысында
антидоттармен емдеудің нәтижесі аз.
Жедел уланудың алдын алу
Ең басты мәселе – уланудың алдын алу. Бұл үшін дәрілік заттарды рецептке негіздеп жазып беру және оларды медициналық мекемелер мен үй жағдайында дұрыс сақтау қажет. Сонымен қатар медикаменттерді тағамдар тұратын шкафтарда және тоңазытқыштарда ұстамау керек. Дәрілік заттар тұратын орынға балалардың қолы жетпеуі керек. Қолданылатын препараттардың міндетті түрде тиісті этикеткасы атымен болу керек. Әдетте өз бетінше емделуге болмайды, өйткені ол жедел уланудың және басқа жағымсыз әсердің жиі себебі болады.
1
2