Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Содержание

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14
2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16
2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27
3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30
4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32
5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35
6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46
ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

Работа состоит из  1 файл

Сан есим.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)

Күрделі сандағы жеке сыңарлардың біріне-бірі көбейтілуі арқылы аналитикалық тәсілдегі сандық ұғым жасалады: бес мың, екі мың, үш мың, сегіз мың, он бір мың, жұз мың, жүз елу мың, екі жүз алпыс бір мың, төрт жүз сексен тоғыз мың т.б. Алайда жеке сыңарлардың көбейтілу тәсілі барлық есептік сандардың тіркесіне бірдей қатысты дей алмаймыз, демек, белгілі бір сыңарлардан тұратын күрделі сандарға ғана қатысты екен. Басқаша айтқанда, бірінші кезекте бір-бірмен көбейтілетіндер – жүздік сандарды жасайтын сыңарлар: бір жүз, бес жүз, алты жүз т.б. Ендеше осындай күрделі сандарды жасаушы сыңарлар тек белгілі бір сан атаулары болуға тиіс. Айталық, бірліктер мен жүз саны, яғни бұл қатарға он сөз ғана кіре алады. Соның өзінде олардағы бірліктер ретінде танылатын тоғызы бірінші сыңар, ал жүз деген сөз екінші сыңарда тұрады. Сондай-ақ жүздік сан есімдердің жасалуындағы жүз сөзі негізгі сыңар ретінде күрделі сан құрамынан екінші орынды иеленеді. Көңіл бөлерлік бір жайт – негізгі сыңардың сол қалпы қалып бірінші сыңардың ғана өзгеретіндігі: екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз [4,111]т.б. Көбейту тәсілі сонымен бірге мыңдық сандар атауын жасауда да жұмсалады: екі мың, он мың, жиырма тоғыз мың, сегіз жүз сексен жеті мың т.б. Айта берсек, мыңдық сандар атын жасауға қатысатын мұндай сыңарлар өте көп, алайда мұнда да негізгі тірек сыңар ретінде тек мың деген сөз ғана танылады және мыңдықтардың жасалуында соңғы сыңарды иеленеді. Ал алдыңғы сыңарда тұратын сандар өте көп және алуан түрлі болып келеді, яғни олар екінші сыңар сияқты тұрақты емес, өзгермелі. Айтып өткеніміздей, сан жағынан олар өте көп болғандықтан, нақты атап беру де оңай емес. Осы заңдылық негізінде тілімізде ұшырасатын есептік сандардан жүздіктер мен мыңдық сандардың аты жасалады.

Аналитикалық тәсілге қарағанда тіліміздегі сан есімдердің синтетикалық тәсілмен жасалуы өнімсіз, себебі бар: сан есімге қатысты сөз тудырушы жұрнақтар саны көп емес. Сан есім бұл жағынан өзге сөз таптары сияқты, мәселен зат есім, сын есім, етістік сияқты, сөз таптарымен теңесе алмайды. Тіпті сөз тудырушы қосымшалары аз деп саналатын үстеу сөз табынан да бұл жағынан кейінгі орында. Солай бола тұрғанымен де сан есім сөзжасамына тән бұл ерекшіліктің бастауы өте ертеде жатыр. Сонысына қарамай бірлі жарым сандардың құрамында мұндай қосымшалар аз да болса кездеседі. Айталық, бірлік сандар атауының құрамындағы –ты,-ті, -ыз, -із қосымшаларының алты, жеті, сегіз, тоғыз сандарын қай мағынадағы сөзден жасағанын нақты айту қиын болғанымен, оларды сөз тудырушы жұрнақтар ретінде танытатын пікірлер де бар. Осыған орай сан есімге қатысты белгілі бір сандық атауды тудырушы қосымша ретінде осыларды айтумен ғана шектелеміз [5,21].

Негізінен, сан есім сөзжасамында синтетикалық тәсіл оның семантикалық топтарын жасаушы қосымшаларға қатысты түсіндіріледі. Сан есімнің сөз тудырушы жұрнақтарын өзге сөз таптарына мағына жағынан ерекшеленеді дегенде, осындай сипатын алға қоямыз. Бұлар да белгілі бір деңгейде қандай да бір мағына туғызатын сипатқа ие: Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жағалама? (Ғ.Мұстафин). Осындағы төртеу және жетеу – синтетикалық тәсілмен жасалған сан есімдер. Оларға негіз болып тұрған – төрт және жеті сан есімдері. Мәселе төртеу мен жетеу сандарының мағынасында жинақтық-заттық мағынаның барлығында, ал төрт және жеті деген сөздерде мұндай жинақтық-заттық мағына жоқ. Бұлардағы жай ғана сандық ұғымның үстіне –еу жұрнағы арқылы үстеме мағына қосылған, яғни негіз сөзінің мағынасы айтарлықтай кеміген. Мұндағы текті негіздің мағынасының негіз мағынасынан кем болуы осындай қағиданы әрқашан берік ұстанушы сөзжасам теориясына сәйкес. Мысалдағы төртеу және жетеу сөздері арқылы берілетін мағына осы теорияға бағынған. Енді реттік сан есімдерге тоқталайық: Екіншісі – жан (Ғ.Мұстафин). Қызым бірінші класта оқиды (С.Мұқанов). Осылардан бір, екі деген есептік сандардан бірінші және екінші деген реттік сан есімдердің жасалғанын көруге болады. Мұндағы негіз сөз де, негізді сөз де бір сөз табынан. Алайда негізді сөздердегі бірінші, екінші деген реттік мағына негіз сөздердің (бір, екі) мағынасының үстінен қосылуы арқылы жасалған. Сол себепті негізді сөздерде негіз сөздердің мағынасымен бірге реттік мағына да бар. Десек те реттік мағына – кейіннен пайда болған мағына, сондықтан бұл тұстағы негіз сөз бен негізді сөздің мағынасының бірдей еместігін ескеру орынды. Бұлай болу, шындығында, заңды да,

Осы тұста синтетикалық тәсіл негізінде бірінші сандық ұғым өзгеріп, мүлдем басқа сандық ұғым туа ма деген заңды сұрақ болары сөзсіз. Осы ретте жоғарыдағы төртеу, жетеу, бірінші деген сөздердің бәрінде негізгі сандық ұғымгың өзгермейтіндігін, оларға тек үстеме мағынаның ғана қосылатынын ескерген жөн. Сонымен, осы сияқты ерекшеліктер сан есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуына қатысты екен. Осыған орай біз сан есімнің синтетикалық тәсілін мағына түрлендіруші, құбылтушы топқа жатқыздық. Сан есімнің семантикалық топтары, түптеп келгенде, осылардан туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Есептік сандардың сөзжасамы

Қазіргі қазақ тілінде есептік са есімдер нақтылы сандық ұғымдарды білдіріп, соларды атайтындығымен белгілі. Осыған қатысты сан есім сөз табының негізін есептік сандардың құрауы заңды да. Сондай-ақ олар сан есімнің өзге семантикалық топтарыныңжасалуына да ұйытқы болады. Осындай қасиеті негізінде есептік сандардың атқарар қызметі мен сан есім құрмында алар орны ерекше.

Есептік сандардың тілдегі баюы басқа тілдерден сөз қабылдау жолымен жүрмесе де, құрамы жағынан толығып отырған. Көршілес орыс тілінен енген сан атаулары ретінде миллион, миллиард дегендерді ғана атауға болады, тіліміздегі кірме сан есімдер – осылар ғана. Өзге барлық есептік сандар тілдің ішкі мүмкіндігі негізінде қалыптасқан. Есептік сандардың жаңа сандық ұғымдарды атауға өздерінің ғана негіз болып, тілдің осындай ішкі мүмкіндіктері арқылы жасалуы бұл сөз табының өз құрамын басқа сөз таптары арқылы байыта алмайтындығымен түсіндіріледі.

Сандық атаулардың бір санмен келесі бір санның тіркесуі нәтижесінде жасалуы тілімізде есептік сандар жасауға қатысатын арнаулы қосымшалар жүйесінің қалыптаспағандығымен байланысты. Бір сөзбен айтқанда, тілімізде есептік сан атауларының жасалуы тек аналитикалық тәсіл негізінде ғана қалыптасқан.

Ішкі құрылысы жағынан алуан түрлі болып келетін есептік сандардағы назар аударарлық жайт – олардағы сандардың белгілі дәрежесіне қатысты сандық қатарлар. Олар әр сандық қатардың сандық аумағы барған сайын өсіп отыратын бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиардтар түрінде келеді.

Тілде ертеден бері келе жатқан сандық атаулар есептік сандардың әрбір қатарының аттарының қалыптасуына негіз болған. Қазірде бұл есептік сандар негізгі түбір ретінде танылады, жасалуы жағынан диахрондық аспектіде байқалатындары бірлі-жарым ғана. Осынысына қарай есептік сандардың сөзжасамын олармен байланысты деуге негіз жоқ. Бұлардағы сөзжасамдық ерекшелік екі сандық қатар арасындағы үнемі бірімен-бірі тек тіркесу арқылы жұмсалатын сандарға ғана қатысты қаралады. Күрделі сандардың тууы есептік сандар сөзжасамында осыдан келіп шығады. Бір көңіл бөлерлік жайт – осы тәсіл арқылы нақты сандардың аты жасалатындығы. Сонымен, тек есептік сандарға ғана тән ерекшелік – нақтылы сандар атының жасалуы. Мұндай нақтылы сан атауларының сан есімнің басқа семантикалық топтарына еш қатысы жоқ. Оларға тек үстеме мағына ғана қосуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Күрделі сан есімдер

Сан есім сөз табында күрделі сан атаулары өте мол ұшырасады, өйткені бұл сөз табында негізгі орынды аналитикалық тәсіл иеленеді. Сондай-ақ сан есім сөз табында дара сан атауларының аз болуы себепті оларды, негізінен, күрделі сан атауларынан тұрады десе де болады. Осыған байланысты аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сан атаулары арнайы қарастыруға тұрарлықтай дәрежеде.

Сан есім сөз табына жататын сөздердегі дара сандардың ұзын санын бірліктер мен сандық атауларды білдіру үшін жұмсалатын жиырма шақты ғана сөз құрайды. Тек қана бірліктерге қатысты болғандықтан, бірінші сандық қатар жалғыз дара сандардан ғана тұрады, сол сияқты екінші сандық қатарда да күрделі сандар жоқ. Оған ондықтар, яғни тоғыз ондықтың аты кіреді: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан т.б. Енді осы қатар бір ондықтан екінші ондыққа өте отырып, үшінші қатарға жету үшін сол екінші және үшінші қатар арасында екі сан араласады (анығында, тіркеседі). Яғни бұл күрделі сандар ондықтар мен бірліктер негізінде құралған екі сыңардан тұрады: жиырма үш, отыз тоғыз, қырық екі, елу төрт, алпыс жеті, жетпіс алты, сексен бір, тоқсан сегіз [6,63] т.б.

Әр сандық қатардың өз ішіндегі сандар және бір сандық қатар мен келесі сандық қатар арасындағы сандар үшінші сандық қатардан бастап компоненттік құрамы барған сайын өсе түсетін күрделі сандардан тұрады. Үшінші сандық қатардағы жүздік сандардың атауы ғана екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз түрінде екі сыңардан тұрады. Ал күрделі сандардың сыңарларының үштен төртке дейін жетуі бір жүздіктен екінші жүздікке, одан төртінші қатар мыңға дейінгі аралықтан көрінеді: жүз отыз бес, алты жүз қырық жеті, тоғыз жүз елу үш, сегіз жүз алпыс алты т.б.

Осы арқылы біз тіліміздегі сандық қатарлардың көбісінің күрделі сандардан тұратындығына көз жеткіземіз. Бұған әр сандық қатардың арасындағы күрделі сандар және қосылады. Демек, қазақ тілінде күрделі сан атаулары жеткілікті екен. Сан есім сөз табының сөздік құрамы жайында ешбір оқулық нақты дерек бере алмайды, көбіне жиырма-отыз қаралы дара сандарды көрсетумен шектеледі, алайда күрделі сандар сан жағынан миллионға дейінгі аралықта тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз сексен (999980) екені белгілі болды. Осынысына орай сан есім өзге сөз таптарына (есімдік, шылау, үстеу, одағай) қарағанда, сөз саны жағынан анағұрлым бай келеді. Мұндағы сандық ұғымды білдіруге қатысатын атаулар құрамы жағынан көбіне-көп күрделі болып келетіндіктен, бұл күрделі атаулар өз алдына дербес сөз ретінде танылмай, сан есімнің сөздік құрамы нақты айтылмай келеді. Дегенмен дәл осындай жағдай жалғыз қазақ тілінде ғана емес, көптеген басқа тілдерге де қатысты.

Сонымен, күрделі сан атаулары деп екі немесе одан да көп сандардың бір-бірімен өзара тіркесуі нәтижесінде құрамындағы сандардан өзге басқа бір сандық ұғымды білдіретін сөздерді айтамыз: жетпіс сегіз, жүз алпыс сегіз, бес жүз қырық тоғыз, жеті мың үш жүз отыз екі т.б. Осындағы күрделі сандардың алғашқысы екі сөзден, екіншісі үш сөзден, үшіншісі төрт сөзден, соңғысы төрт сөзден жасалған. Құрамы жағынан түрліше болып келетін осы төрт күрделі сөз өзіне тиесілі бір-бір күрделі сандық ұғымды білдіру үшін жұмсалады, яғни әрқайсысы – жеке-жеке сандардың атауы. Осыдан байқағанымыздай, күрделі сан аттарының құрамы аз дегенде екі сөзден тұруы тиіс. Бұл – сан атауын күрделі деп танылуына қойылатын ең басты шарт: он үш, жүз екі, жүз төрт, жүз жиырма, жүз елу, мың жеті, мың алпыс, мың жүз [2,71] т.б.

Осындай құрамы кемі екі сөзден тұратын күрделі сан атауларының саны миллионға дейінгі аралықта тоғызға дейін өседі: тоғыз жүз алпыс төрт мың үш жүз сексен төрт, жеті жүз сексен бес мың тоғыз жүз қырық жеті, бес жүз алпыс үш мың екі жүз елу бір т.б. Осындағы үш күрделі санның үшеуінде де тоғыз сөзден бар. Бұл – миллионға дейінгі сандарға ғана тән көрсеткіш, ал миллионнан әрі асқан жағдайда, күрделі сан атауларының құрамы да одан әрі артуы әбден мүмкін. Сол сияқты, миллионға дейінгі күрделі сандардың құрамындағы сөз саны тоғыздан және асып кете алмайды. Сонымен, біз осылар арқылы күрделі сан атауларының ең кемі екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін (миллионға дейінгі аралықта) жететіндігіне көз жеткіземіз, ал одан жоғары, мәселен триллионға дейінгі аралықта күрделі сан атауын білдіруге қатысаты сөз саны тоғыздан да артық болуы мүмкін. Бір қызығы – күрделі сан құрамы артқан сайын, күнделікті қолданылу жиілігі кеми беретіндігі, яғни мыңға дейінгі күрделі сан атаулары кәдімгідей актив қолданыста болса, миллионға дейінгілері олардан анағұрлым сирек қолданылады.

Сондай-ақ күрделі сан атаулары құрамы жағынан қаншалықты көп сөзден тұрғанымен, бір ғана санның атауы ретінде жұмсалады. Мәселен, он үш деген сөз бен он төрт деген сөздің әрқайсысы өз алдына жеке сандық ұғымдарға ғана қатысты. Әр біреуінің берер мағынасы құрамындағы жекелеген сандардан мүлдем басқаша. Он үш деген сан он және үш деген сандардан мүлдем басқа сандық атауды білдіреді, сонымен бірге ондағы сандық ұғым жеке сыңарларындағы сөздердің сандық мәнінен әлдеқайда көп блады. Осы тәрізіді он төрт деген саның да сандық ұғымы жеке сыңарлардағы он және төрт сандарының сандық мәнінен жоғары, сонысына қарамай, бір ғана сандық ұғым атауы ретінде жұмсалған. Сонымен, күрделі сандардың жаңа мағына беретіндігі бір сан мен екінші санның өзара тіркесе келіп, олардан да жоғары тұратын үшінші бір санның атын жасайтындығымен түсіндіріледі.

Күрделі сан атауларының және бір ерекшелігіне олардың әрқайсысының өзіндік мағынасының бар болуы мен қандай да бір нақты санды білдіретіндігінен басқа, оларда синонимдік сипаттың болмайтындығы жатады.

Мәселен, күрделі сан атауларын қырық төрт, елу жеті, алпыс сегіз, алпыс тоғыз, жетпіс екі, жүз отыз бес, үш мың тоғыз жүз жиырма бір деген сияқты етіп тізбелегенмен, олардың ешбіреуінің де білдіретін сандық ұғымының өзге бір екіншісімен сәйкеспейтіндігі байқалады. Себебі бар: тілдегі әрбір жеке күрделі сан атауының өзіне ғана тән мағынасы, сондай-ақ өзіне ғана тән тұрақты құрамы бар, олар еш уақытта да бір-бірімен сәйкеспеуге тиіс, өйткені күрделі сан атауларының әрбіреуі өз алдына мағына дербестігіне ие. Демек, күрделі сандарға тән осындай сипат жалпы сөз атаулыға қойылатын ортақ шартпен шектесіп жатыр. Мәселен, тілдегі әрбір сөзді дыбыстық және морфемдік құрамы, сондай-ақ жеке мағынасының ғана бір-бірінен ажыратамыз (дұрысында, осындай ерекшеліктеріне қарай олар ажырайды). Бұл – сөз атаулыны бір-бірінен ерекшелендіретін бірден-бір белгі. Алайда тілдің тарихи дамуындағы түрлі процестер бұл заңдылыққа айтарлықтай әсер етіп, нәтижесінде құрамы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас келетін сәйкес сөздер қалыптасты. Тілдегі синоним және омонимдік құбылыстар – осындай өзгерістердің дәлелі. Ал күрделі сандарға мұндай өзгерістер тән емес, яғни әрбір күрделі сан атулары мағына жағынан болсын, құрамы жағынан болсын әдепкі қалпын сол күйінше сақтаған. Міне, күрделі сан атауларына тән осындай қасиет олардың сөз статусына қойылатын негізгі талапқа толық жауап бере алатындығын білдіреді.

Информация о работе Сан есім