Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Содержание

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14
2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16
2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27
3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30
4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32
5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35
6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46
ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

Работа состоит из  1 файл

Сан есим.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)


 

М А З М Ұ Н Ы:

 

І КІРІСПЕ.................................................................................................. 4-10

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................11-46

1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері...........................................................11-14

2. Есептік сандардың сөзжасамы............................................................15-16

2.1. Күрделі сан есімдер...........................................................................17-23

2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті..............................................24-27

3. Реттік сан есімнің сөзжасамы..............................................................28-30

4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы......................................................31-32

5. Топтық сан есімнің сөзжасамы...........................................................33-35

6. Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы...............................................36-37

6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы.....38-43

6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.....44-45

7. Бөлшектік сан есімдердің сөзжасамы..................................................46

ІІІ Қорытынды..........................................................................................47-50

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................51

 

 

 

 

 

 

 

І К і р і с п е

Сөзжасамның жалпы мәселелері

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.

Ұлттық тіл біліміндегі сөзжасам жүйесі бүгінгі күні әбден қалыптасқан, осыған орай грамматиканың жеке бір саласы ретінде қарастырылуда. Ол уақыт талабына сәйкес тілдің даму тарихында қоса дамып, бұған дейін қаншама даму кезеңдерінен өтіп, қазіргі кездегі қалыптасқан жүйелі күйге күрделеніп, екшеліп, қырналып, қысқасы, әбден толығып барып жеткен. Дәлірек айтсақ, ғасырлар бойғы дамудың нәтижесі тілімізде әбден орныққан күрделі де жүйелі сөзжасамды қалыптастырған.

Сөзжасам қай тілде болмасын, ертеден келе жатқан тілдік құбылыс болып есептеледі. Бұған түркі тілдерінің ең көне деген жазба ескерткіштерінің тілі – дәлел. Онда өйткені негізгі түбір сөздер ғана еме, туынды сөздердің де бар болғандығын зерттеу жұмыстары жоққа шығармайды. Мұндай туынды сөздер ертедегі ескерткіштер тілінде туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде ұшырасып жатады. Мәселен, жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жасау (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы (күнтүз, Темірқапығ, Қара құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз) жүзеге асады, осымен бірге бір ғана сөздің өзге бірнеше мағнада жұмсалуы да сөзжасам жүйесінде қарастырылады.

Сөзжасам тәсілдерінің тілдің даму тарихында жайлап қалыптасқанын және оның түрлілігін жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалым Ғ.Айдаров та жоққа шығармайды [1,64]. Егер қазіргі түркі тілдерінің бастапқы түп негізі көне түркі тілі екендігін ескерсек, сол көне түрк тіліне тән сөзжасамдық сипат қазіргі қазақ тіліне де қатысты болмақ, сондай-ақ өзінің көне жаөба ескерткіштер тілі жайындағы еңбектерінде аталған ғалым сөз тудырудың қазірде белгілі болған тұлғаларының бар екенін, сонымен бірге қазіргі қолданыста жоқ өлі тұлғалардың да кездесетінін айтады.

Тіл біліміндегі сөзжасам жүйесінің ертедегі көне тілдік құбылыстарға жатадындығына осы сияқты пікірлер – бірден-бір дәлел. Себебі бар: сөз жасаушы элементтерге жататын сөзжасам тәсілдері, модельдері жиі құбылатын немесе күнде жаңарып тұратын құбылыстар емес. Солай десек те сөзжасамдық жүйені тілдің даму тарихындағы процестерінен бөлек алып қарай алмаймыз. Осыған қатысты онда да белгілі бір өзгерістердің болатыны, алайда оның өте баяу түрде, сондай-ақ  көбіне-көп тілде кездесетін модельдердің қандай да бір кезеңде активтенуі немесе пассивтенуі, мағынаның кеңеюі, енді бірде керісінше қандай да бір типтердің қолданыстан біржола шығуы тәрізді түрде өтетіні дау туғызбаса керек. Мәселен, туынды сөздер саны көне жазба ескерткіштер тіліндегімен салыстырғанда осы күнгі тілімізде көбірек, яғни қазіргі сөздік құрам туынды сөздерге бұрынғыға қарағанда анағұрлым бай келеді. Бұған жалғыз экстралингвистикалық факторлар ғана емес тілдегі сөзжасамның өз заңдылықтары да, нақтылай айтқанда, ішкі заңдылықтары да тікелей ықпал етеді.

Сөз тудырудың синтетикалық тәсілі көне жазба ескерткіштер тілінде ұшырасқанымен, олардағы әрбір жеке сөз табының сөз тудырушы қызметіндегі жұрнақтары сан жағынан көп емес болатын. Қазіргі қалыптасқан тіл білімінде сөз тудырудағы синтетикалық тәсіл үлкен маңызға ие, тіліміз сөз тудырушы жұрнаққа бай, яғни жаңа сөз жасауда жұрнақтардың қызметі активтеніп, қажетті қосымшалар сөздердің жаңаша қолданылу сипатына қарай толыққан. Бұл тұста кей сөзжасамдық жұрнақтардың кейіннен қосылғанына көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді өзара салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Дегенмен одан бері сандаған ғасырлардың өткендігін ескерсек, даму процесінің өте баяу жүргендігін байқаймыз. Мұнан тілдегі сөзжасам жүйесінің сөз тудырудағы жаңа тұлғалармен, әсіресе жаңа қосымшалармен толығуын тіл дамуында жиі болып тұратын құбылыс еместігі анықталады. Мәселен қазақ тілінің сөз тудыру жүйесіне қосылған жұрнақтар кейінгі 40-50 жыл шамасында сан жағынан аз ұшырасады. Мұндай жұрнақтардың біріне мысал ретінде – хана қосымшасын атауға болады. Осы жұрнақтың қатысымен қазіргі тілімізде қаншама жаңа сөздер пайда болған: емхана, асхана, шайхана, кітапхана, жатақхана, наубайхана, перзентхана, баспахана т.б. Сондай-ақ орыс тілінің ықпалымен де бірқатар жұрнақтардың енгенін, мысалы фамилияға қатысты қолданылатын жұрнақтардың енгенін, жоққа шығара алмаймыз.

Тілдегі күрделі жұрнақтар бір кездердегі бөлекше қосымшалардың бір-бірімен тұлғалық және мағналық жағынан кірігуі арқылы пайда болған. Мысалы: -дас<да+с, -лан<ла+н, -малы<ма+лы, -ушы<у+шы, -нды<н+ды, -шылық<шы+лық, -шылап<шы+ла+п, -шалап<ша+ла+п т.б. Бұл – тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың толығуының бір ғана түрі.

Осы сияқты, сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюінен тілдегі сөз жасамдық жүйенің күрделенуі, баюы, толығуы жүзеге асады.

Тілдегі мұндай қосымшалардың мағына жағынан дамуы өте ерте уақыттан-ақ басталған. Мәселен, -ғы, -қы қосымшаларын алайық. Олар ең көне жазба ескерткіш ретінде саналатын Орхон жазбаларының өзінде де бірде заттық мағынада, бірде сындық мағынада жұмсалған. Айталық, біліг деген сөз дерексіз заттық ұғымда, ал учуқ деген сөз жанды заттың аты  (құс) ретінде берілген. Ал енді бітіг түрінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан өзге жазу, жазба деген ұғымды беру үшін жұмсалған.

Осы арқылы Орхон жазбалары кезеңінің өзінде қосымшаларды семантикалық даму процесі жүріп жатқандығын байқауға болады. Сондықтан тілдің даму тарихында үздіксіз жүріп отыратын мұндай процесс тіл дамуына қатысты ең негізгі заңдылықтардың бірі ретінде қарастырылады. Осындай семантикалық даму заңдылығының нәтижесінде тілімізде көп мағыналы қосымшалар саны толығып отырған. Осыған қатысты қазіргі тіліміз көп мағыналы жұрнақтарға бай. Мәселен, -дық, -дік, -тық, -тік, -лық, -лік жұрнағы бүгінде екі бірдей сөз табына (зат есім және сын есім) қатысты қолданылуда. Мұндағы көпмағыналылық,  біріншіден, оның сөзге заттық мағына үстеу арқылы зат есім жасауына, екіншіден, заттың сындық белгісін білдіру арқылы сын есім жасай алуына байланысты. Бұл тұста қосымша омонимдік сипатта көрінеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, -лық қосымшасының мұндай омонимдік дарежеге жетуі көне дәуірлерден басталған. Алайда омонимдік сипаттағы бұл екі қосымша – төркіні жағынан бір ғана форма. Десек те –лық жұрнағының қолданылу сипатына қарай сөзге үстейтін мағынасы бір бұл ғана емес, айталық, зат есімнің өзінде ғана бірнеше мағынада жұмсала алады: мұрындық, ауыздық және орындық, қазандық т.б. Алдынғысында -дық жұрнағы ат әбзеліне қатысты бір бөлшектің атын, ал кейінгісінде тұрмастық заттардың атын білдіретін сөздер жасаған. Сондай-ақ қымыздық, өсімдік деген сөздерде қандай да бір өсімдікке қатысты атауларды берсе, егіндік, шабындық дегендерде белгелі бір кәсіпке немесе шаруашылыққа қатысты атауларды, жазықтық, терістік, оңтүстік дегендерде географиялық термин атауларын жасап тұр. Осы тәрізді белдік, желдік, түндік деген сөздер – киіз үй жабдықтарының атаулары, тұздық сөзі тағам атауы ретінде. Жемтік жем орнына тасталған заттың атын, көптік, жіктік, тәуелдік, септік, есімдік дегендер лингвистикалық термин атауларын, оқулық, сөздік дегендер кітаппен байланысты заттың атауларын білдіру қызметінде. Ал көрімдік, қалыңдық деген сөздер ұлттық салтқа қатысты рәсім мен жалпылық мәндегі адам атын, шындық, жастық, шаттық, достық, озбырлық дегендер дерексіз немес абстрактілі ұғым аттарын білдіріп тұр. Осы арқылы біз аталған жұрнақтың бір ғана зат есімде қаншама атауларды бір-бірінен ажырату қызметінде қолданылып, сонысына қарай оларға түрліше мағына үстегендігін байқай аламыз. Алайда бұл тұста бұл жұрнақтың зат есім сөз табы аясындағы берер мағынасының әлі де толық қамтылды дей алмаймыз. Бұл арқылы -лық жұрнағының сөз тудырушылық қабілетіне қарай көптеген мағынаны бере алатындығын ғана дәлелдеу мүмкін.

Алайда көне жазба ескерткіштер тілінде осы жұрнақтың тек заттық және сындық мағынада ғана жұмсалғандығын ескерсек, онда өзге мағыналарының кейіннен қосылған мағыналар екеніне көз жеткіземіз.

Екі сөз табына (зат есім, етістік) қатысты –ыс, -іс, -с жұрнағы да дәл осылай: етістік құрамында ортақ етіс жасап, әрекеттің екі немесе одан да көп субъектімен қатыстылығын көрсетеді, ал зат есім құрамында тағы да сол етістікке жалғанып, одан енді заттық мағына туғызады. Осылайша екі түрлі сөз табында екі түрлі мағынаға ие болған қосымшаның омонимдік сипаты көрінеді. Дегенмен тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл екеуі – әуел бастағы бір ғана қосымша. Уақыт өте келе ортақ етіске тән жұрнақ енді заттық та мағына бере аларлықтай дәрежеге жеткен. Сөйтіп мағына жағынан енген етістік қосымшасы заттық та мағына беретін болған. Аталған жұрнақ мағынасы кеңеймей, бастапқы мағынасының үстіне тағы бір жаңа мағына қоспаған болса, оның бұл күнде екі сөз табына қатысты қарастырылуы да екіталай болған болар еді. Мұнан тіл дамуы барысындағы жаңа сөз тудырудың синтетикалық тәсілінің үнемі күрделеніп отырғандығы жөнінде тұжырым шығады.

Осылармен бірге тілімізде бұрын қолданыста болған кейбір жұрнақтардың пассивтенуі негізінде пайдалану аясынан біржола шығып қалғандары да бар. Мәселен, Орхон-Енисей жазбалары тіліне тән –меч жұрнағын алайық: ег түбіріне қосылған бұл жұрнақ егмеч (тәте) түрінде жаңа сөз туратын болған [2,108].

Жаңа сөз жасаудың көне тәсілі деп есептелетін аналитикалық тәсіл Кеңес дуірі кезінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен байланысты тірек болған, қызметі артқан, бір сөзбен айтқанда, ең бір ұтымды, актив тәсілге айналған: радио-хабар, радио-қабылдағыш, сірке суы, сірке қышқылы, көркемөнер, таңдай безі, сутегі, тамыр жүйесі, үш бұрыш, азот қышқылы, агрономия, халықаралық, социалистік жарыс, оқшау сөздер, зат есім, сын есім, радиотехника т.б. Бұ аталған терминдер, сөз жоқ, лексикамыздың баюына үлкен себеп болды.

Сөз тудыру жүйесіндегі семантикалық тәсіл де – тілімізде ертеден белгілі болған тәсіл. Бір кездері, мәселен Қазан төңкерісінен кейінгі 40-50 жылдары, мұның да қызметі актив байқалғандығын көреміз. Осының негізінде тілімізде дыбыстық құрамы мен тұлғасын өзгертпей-ақ әдепкі мағынасының үстіне және бір жаңа мағына қосып алған сөздер қалыптасты. Олар: үндеу, әңгіме, құн, таңба, тұлға, одақ, көрме, түбір, негіз, шығыс, тарау, дыбыс т.б. Бұл сөздердің түрлі саладағы термин ретіндегі мағынасы мен жай сөз түріндегі мағыналарының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар және мұндай сөздер қазірде тілімізде өте көптеп ұшырасады.

Қандай тілде болмасын сөзжасамдық жүйе қатып қалған құбылыс емес, яғни ондағы тұрақтылық шартты ғана. Мысалы, Қазақ тіліде Қазан төңкерісінен кейін сөздерді қысқартып қолдану тәсілі қосылып, аналитикалық тәсілдің көлемі ұлғайды, яғни тілімізде күрделі атаулар молайып, оларды ықшамдау қажеттігі туды да, нәтижесінде қысқарған сөздер қалыптасты. Бұл тәсіл көршілес орыс тілінің ықпалы негізінде жүрді: ауылсовет, аупартком, обком, колхоз, совхоз, КПСС. МТС, РТС, партком, местком, партбюро, сберкасса т.б. Сол уақыттарда тілімізде актив қолдаыла бастаған бұл тәсілдің ықпалымен кейбір байырғы сөздеріміз де қысқартуға ұшырады, алайда қысқарған дайын қалпында орыс тілінен енгендері көбірек болғаны белгілі. Солай дей тұрсақ та Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде қысқарту тәсілі мүлдем болмаған деп кесіп-пішіп айтуға келмейді. Ұлт тіліне тән мұндай тәсіл көбіне-көп адамға қатысты жалқы есімдердің табғатынан көрінеді: Жәке, Ереке, Сәке, Беке, Айнаш, Қантай, Жантай т.б.

Сан есімдердің сөзжасамдық заңдылықтары, өзге сөз таптарындай, басқаларынан ерекшелендіріп тұрады. Осы дипломдық жұмысымызда біз сан есімге тән осындай сөзжасамдық заңдылықтарын шама-шарқымызша ашуға тырыстық және негізгі бөлімде төмендегідей тақырыпшалар жайлы сөз етуді өз алдымызға мақсат етіп қойдық.

1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері. Бұл тақырыпшада сан есімнің жасалуындағы синтетикалық және аналитикалық тәсілдері егжей-тегжейлі қарастырылған. Мұнымен бірге сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтық және болжалдық, бөлшектік деген семантикалық топтарының жасалу жолдары жайлы айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. САН ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ

Сан есімнің сөзжасам жүйесі туралы айтқанда, ондағы сөз тудырудың екі тәсіліне (синтетикалық және аналитикалық) соқпай кете алмаймыз. Мұның ішінде аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамында ең негізгі орынды иеленеді. Бұл тәсілдің маңызды орынды иеленетіндігінің себебі – сол: сан есім сөз табына енетін барлық сандық атаулардың жасалуы осы аналитикалық тәсілдің негізінде жүзеге асады. Яғни мұндағы негізгі түбір деп танылатын сан атауларынан өзгесі аналитикалық тәсілмен жасалады [3,51].

Ал негізгі түбір сан есімдер деп бірлік, ондық атауларын, сондай-ақ жүз, мың деген сандарды айтамыз. Дегенмен бұл күндері ондық сандар деп танылып жүрген алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан деген дара сан есімдердің тарихи тұрғыдан қарағанда аналитикалық тәсілмен жасалғандығы және олардың бірлік сандар мен ондық сандардың тіркесінен тұратындығы жайлы пікірді белгілі түрколог-ғалымдар жоққа шығармайды. Осыған орай аталған сандардың құрамындағы –пыс, -піс морфемалары қазіргі кезде қосымша ретінде танылғанымен де, олардың түп негізі бірлік пен ондық сан атауларының аналитикалық тәсіл арқылы тіркесе жасалған. Мұндай құбылыс түркі тілдеріне жат емес. Мәселен, алтай, хакас, якут тілдеріндегі ондық сандардың атаулары – бұған толық дәлел. Тіпті ондық сан атауларының осындай бірлік-ондық моделімен жасалуы түркі тектес халықтар тіліне кең тараған заңдылықтардың бірі болып саналады.

Сандық ұғымдар тілімізде, жоғарыда көрсетілгендей, тек бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана емес, осылардың араласып келген түрінде күрделі ұғымдармен де беріледі. Мұндай күрделі сандардың көп болуына қарай олардың түрлері мен құрамдары да сан түрлі келе береді. Осыған байланысты тілімізде күрделі санға қатысты ұғымдарды білдіру мақсатында аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі кең қанат жайған. Аталған тәсіл бойынша, сандық атаудың бірі екіншісімен тіркесе келіп, басқа бір үшінші сандық ұғымды білдіретін болған: он бес (15), жүз алпыс (160), екі мың алты жүз қырық төрт (2644), бес миллион алты жүз қырық бес мың тоғыз жүз жиырма бес (5645925), үш жүз алпыс бір (365), екі жүз (200) т.б. Осындағы бірінші мысалда он және бес деген ұғымды білдіру үшін осы екі санға тән атауды тіркестіріп, барып он бес деген күрделі үшінші бір есептік сан атауы жасалғандығы көрініп тұр. Бұл – байқағанымыздай, бірлік пен ондық сандарға ғана қатысты мысал.

Информация о работе Сан есім