Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

 

 

              Екінші кезең – қалыптастыру эксперименті. Қалыптастыру экспериментінің мақсаты – дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру болып табылады. Бұл үшін дамыта оқыту технологиясың мүмкіндіктері мен педагогикалық мақсаттарын ұстана отырып, арнаулы бағдарламалар пакеті дайындалды. Қалаптастару эксперименті барысында эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде, эксперимент жұмысы оқушылардың білім сапасы мен танымдық қабілетін арттыруға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Танымдық қабілеті төмен оқушылар білімдерінің төмен екендігін көрсетті, олар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып, логикалық байланысты таба алмайды. Танымдық қабілеттің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар тақырып мазмұнын толық жеткілікті аша алмады. Ал, жоғары деңгейдегі оқушылар сабақтың мазмұнын теориялық және практикалық тұрғыда толық меңгергенін көрсетті.

Эксперимент  тапсырмаларын  іріктеп  алу  кезінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігі  және  өтілетін  материалдардың  мазмұндық  ерекшелігі  ескеріледі.  Зерттеудің  эксперименттік  жұмысын  жүргізгенде  төмендегі  бағытта  нақтылы  зерттеу  тапсырмалары  жүзеге  асырылады.

- пән  бағдарламасы  талаптарын  басшылыққа  ала  отырып,  математика  сабағында  дамыта  оқыту  технологиясы  арқылы  оқушылардың  танымдық  қабілетін  дамытуға  байланысты  әртүрлі  есептерді  және  оларды  шығарудың  әдістік  жағдайларын  анықтап  белгілеу;

- оқушылардың  математика  пәніне  деген  қызығушылығын  туғызу,  оларды  күрделі  есептерді  өз  бетінше  шешу  қабылдауын  дамытып,  дағды  қалыптастыру;

- шығармашылық  тапсырмалар  орындау;

Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға бағытталған есептер жинағы құрастырылды және мектеп тәжірибесіне енгізілді. Дамыта оқыту технологиясын шығармашылықпен жүзеге асыруды мақсат етіп, тәжірибеге енгізілген материалдар оқу құралы ретінде ұсынылмақшы. Олай болса тәжірибеден өткен 3 сыныпқа арналған есептер үлгісін қарастырып көрелік.

1.  Бірінші сөреде 200 кітап, екіншісінде біріншісіне қарағанда 2 есе артық, ал үшіншісінде екіншісіне қарағанда 4 есе кем кітап бар. Әр сөреде неше кітап бар?

2. Барлық 1 – ден 100 – ге дейінгі натурал сандар бір қатарға жазылған. 5 және 7 сандары неше рет қайталанады?

3. Үш батыр: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай өз жерін қорғауда 7 басты айдаһардың барлық басын шауып өлтірді. Егер Қабанбай, Бөгенбайдан артық, ал Наурызбай Бөгенбаймен тең шапса, олардың әрқайсысы қанша  бастан шапқан?

4. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа берді. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа береді?

5. Туристер саяхатқа шығар алдында өздеріне керекті тамақтың тізімін жасады. Сонда олардың 3000 теңгесінен қанша ақша қалады?

 

Тамақтар

1 кг бағасы

Салмағы

Құны

Май

200 т

2 кг 

 

Қант

150 т

2 кг 

 

Картоп

80 т

10 кг 

 

Жуа

75 т

2 кг 

 

Ет

550 т

2 кг 

 

 

6. 38 жасар Қуаныштың 4 ұлы бір – бірінен 2 жас кіші. Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкенің жасы ұлдарының жастарының қосындысына тең болады?

7. Бірінші сан 1-ден, екінші сан 2-ден, ал үшінші сан алдынғы екеуінің қосындысынан басталатын 7-ге дейінгі сандарды жазыңдар және олардың қосындысын табыңдар?

8. 2, 3 сандары арқылы екі мәнді сандарды жаз  және қосындысын табыңдар?

9. Қатар тұрған неше санның қосындысының мәні 31 – ге тең болады? Сондай сандардан қосындылар құрастыр.

10. Оқушы  үй  жұмысын  орындау  үшін 2 сағат  отырды.  Ол  20  минут  сурет  салып  ойнады.  40 минут  оны  өшірумен  әлек  болды.  Қалған  уақытта  үй  тапсырмасын  орындады.  Егер  әр  пәнге  20 минут  уақыт  жіберсе,  ол неше  пәннен  үй  тапсырмасын  орындайды.

11. 10 жасар  Арман  шашын  тақырлап  алып  тастады  да  ойланды.  Егер  менің  шашым  айына 1 см  өсетін  болса,  20 жасқа  келгенде  менің  шашымның  ұзындығы  қандай  болар  еді?

12. Өрнекте:

Минутпен                                Метрмен

18  сағ  50 мин                        12 км    30 м

10  сағ 15  мин                         5 км   12 м

13.Кітапханадағы 54 дүниетану және 61 математика оқулығын үш сыныпқа бөліп берді. Әр сыныпқа неше кітаптан тиді?

14. Азамат үйлері 1-ден 38-ге дейін нөмерленген қысқа көшеде тұрады. Осы үйлердің нөмерлерінде 3 саны неше рет кездеседі?

15. Спектакль сағат 11 де басталады және ол үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімі 50 мин, ал екінші және үшінші бөлімі 25 мин. Сонда жалпы спектакль нешеде бітеді?

16. Алмастың салмағы 21 кг. Ол қолына Мурка атты мысықты ұстап таразыға тұрса, онда таразы 29 кг  500 г көрсетеді. Ал Тоша атты мысықпен тұрса, онда 27 кг көрсетеді. Егер Мурка мен Тошаны бірге ұстатып, таразыға тұрса қанша кг көрсетеді?

17. Жарас Жалғастан 3 жыл 1 күнге үлкен. Егер Жарас 1997 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген болса, онда Жалғас қашан дүниеге келген?

18. Айболаттың фермасында 4 тауық пен 8 қой бар. Осы жануарлардың қанша аяқтары болуы мүмкін.

19. Қуанның бойы Нұрболаттан биік, ал Айдостан аласа. Еламанның бойы Нұрғалидан биік, бірақ Қуаннан аласа. Балалардың қайсысының бойы ең биігі.

20. Қалталы жануардың Кенг, Гур, Ру атты балалары таразыда отыр. Егер таразыдан Кенг түссе, онда таразы 3 кг- ды көрсетеді. Гур түссе 4 кг-ды, ал Ру түссе, 5 кг-ды көрсетеді. Сонда барлық жануарлар қанша кг-ды тартады?

21. Маралдың және оның ата – анасының туылған күндері бірдей, яғни 1 –ші қаңтар. 2007 жылдың қаңтарында Марал анасынан 6 жас кіші, ал 2008 жылдың қаңтарында әкесінен 6 жас кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен?

22. Бір миллион мың бір жазуында нөл саны нешеу?

23. 2 * 2  + 2 + 2 + 2 +2 + 2 * 2 = ?

24. Тік түзу алаңға арақашықтығы бірдей болатын 4 жөке ағашын отырғызды. Алғашқы және соңғы жөкенің арақашықтығы 15 м. Әрбір өзара көршілес жөкенің арақашықтығы қанша метр?

25. Бір аулада төрт бала өзара дос. Қуаныш, жүргізуші және Сағындық Тілекке қарсы көшеде тұрады. Кешкісін ұсташы Тілек, Абзал екеуі электрикпен Қуанышқа қарсы шахмат ойнайды. Егер Қуаныш токарь мамандығының иесі болса, онда қалған үш баланың мамандығын анықтаңыз.

26. Лагерлік палатада 12 алты адамдық және 15 төрт адамдық орын болды. Бір уақытта лагерде неше адам тұра алады?

27. Жансаяда барлығы 120 теңге болды. Төрттен бір бөлігін кітапқа, үштен бір бөлігін қарындашқа, ал қалған ақшасына 5 теңгеден тұратын дәптер сатып алды. Ол қанша дәптер сатып алды?

28. * - санының мәнін табыңыз:   *8 · * = 882

29. Бірінші қорадағы үш тауық 2 кг 100 г жем жеді. Ал екінші қорадағы төрт тауық пен үшінші қорадағы бес тауыққа сонша жем берілсе, әр қорадағы тауық қанша грамм жем жер еді?

30. Экскурссияға 194 мектеп оқушылары барды. 42 оқушыны үлкен үш автобусқа, ал қалған оқушыларды екі кішкентай автобусқа тең етіп отырғызды. Әрбір кішкентай автобуста неше оқушыдан отырды?

31.Назым, Ерке, Гүлжан бақшадан алма, алмұрт, өрік жинауға көмектесті. Әрқайсысы жемістің бір түрлерін жинады. Алма жемістің көп жиналған түрі болды. Ерке алмұрт жинамаса және Гүлжан екеуі Назымнан аз жеміс жинаған болса, онда қыздардың қайсысы қандай жеміс түрлерін жинаған?

Қалыптастыру эксперименті кезінде 29-31 наурыз аралығында Атырау қаласы, №2 орта мектепте өткен ХІ облыстық педагогикалық мұғалімдер оқуларына қатыстым. Онда бастауыш сыныптардың  жалпы қала және аудандардан 18 мұғалім қатысты. Оның ішінде Атырау қаласы, №30 мектеп-гимназия мұғалімі Г.А.Байғожина «Математика сабағында жаңа әдістерді қолдану жолдары» атты баяндамасы өте сәтті шығып, жүлделі бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар Атырау қаласы, №31 орта мектеп мұғалімі Г.Н.Ермұханова «Бастауыш сыныптарда оқытудың педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділі» атты баяндамасында жалпы бастауыш сыныпта өтетін сабақтарда технологияларды қолданудың тиімділігі, оның ішінде дамыта оқыту технологиясына аса назар аударған. Және ол екінші орынды иеленді. Сондай-ақ Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің мұғалімі Э.Ғ.Мұсалимова «Бастауыш сыныпта жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы оқу білімі мен қызығушылығын арттыру», Атырау қаласы, Жылыой аудыны, №1 орта мектеп мұғалімі Н.Дабыхова «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту әдісін пайдалану», Атырау қаласы, Исатай ауданы, Новобогот орта мектебі Н.О.Шоманова «Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» атты баяндамаларын жасап, оқушылардың шығармашылық жұмыстарынында тың мәселелерді көтерген.

Үшінші кезең – қорытынды эксперименті. Қорытынды экспериментінің мақсаты – алынған нәтижелердің негізінде олардың салыстырмалы талдауы мен түсініктемесінде алынған мәліметтерді қорытындылау.

Қорытынды экспериментте дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын тапсырмалар ұсынылып,  оның  нәтижесі  процент  есебімен  кесте және график  тұрғызу арқылы қортындыланды. Оның нәтижесін кесте 4 көруге болады.

Кесте 4 - бақылау  және  эксперименттік  топтардың эксперименттен кейінгі  тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)

 

Сыныптар

Оқушылар саны

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

Саны

%

Саны

%

эксперимент

50

№1

48

96

2

4

бақылау

50

№1

38

76

12

24

эксперимент

50

№2

48

96

2

4

бақылау

50

№2

43

86

7

14

эксперимент

50

№3

48

96

2

4

бақылау

50

№3

42

84

8

16

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру