Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Философиялық сөздікте «таным – адам әрекетінің мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық тарихи үрдісі» деген анықтама берілген. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында қарама – қайшылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс - әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама – қарсы қойылған жерде, таным, көбінесе рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеде. Анықтамада танымдық әрекеттің рөлі көрсетіліп, онда таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиеттерін өндірісте пайдаланудан бастау алатынына жете мән берілген. Объектілерді тікелей өңдеу сезімдік практикалық қызметтің бір сәті болып табылып, олар түйсіну, қабылдау, ойлау және т.б. формалар арқылы жүзеге асырылады [30].

Философтар таным дегеніміз – адамның жаңа біліммен молығу үрдісі деген тұжырым жасайды. Ол болса, білім адам қызметіндегі таным үрдісінің нәтижесі.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Қабілет дегеніміз – жеке тұлғаның бойындағы қасиеттердің синтезі ретінде беріледі. Алғашқы білім беру сатыларында пайда болған жалпы қабілеттер бірте-бірте белгілі бір бағыттағы, мақсаттағы әрекет үстінде жалпы шығармашылық қабілеттерге ұштасып, терең де сапалы өзгерістерге ұшырап, шығармашылық күш-қуатқа тоғысады. Сөйтіп, шығармашылық қабілет адамның рухани қажеттілігін – таңдап алған әрекет формасынан әлдеқайда кең тарапта қанағаттандыратын болады.

Америкалық психолог П.Торранс, канадалық психолог Г.Селье қабілетті шығармашылық және интеллектуалдық деп екіге бөледі. Олар осы қабілеттің негізі – танымдық қажеттілік екенін де нақты тұжырымдайды [31].

Қабілеттің өзі шығармашылық және интеллектуалдық қабілет болып бөлінетіндіктен эксперимент кезінде дамыта оқыту технологиясын шығармашылықпен жүзеге асыруды мақсат етіп, есептер жинағы құрастырылды және ол тәжірибеге енгізілді.

Сонымен қатар қабілеттің дамуы мен жетілуі ол жеке тұлғаның мінезімен де байланысты болып келеді. Себебі, мінез – адамда өмір сүру барысында қалыптасқан өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын ерекшелік.

Танымдық қабілет – оқушының білімге деген өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық қабілеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай –ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс- әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Танымдық iзденiмпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды [32].

Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады. Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды. Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды [33]. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi. Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен  өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi. Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi. И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.

Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл  жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алуға болады. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген болатын.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.

Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi [34].

Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр.

Танымдық әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі.  Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оның жеке бас ерекшелігіне ғана қатысты емес, сонымен қатар мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру проблемасына көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған.  Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық  құзіреттіліктің қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен,  оның ұстаған мақсат – мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс.

Профессор Ж.Қараев танымдық белсенділікке мынандай анықтама берген. Танымдық іс-әрекет белсенділігі деп, мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз [35]. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің  құрылымдық сипаттамасын сурет 3 аңғаруға болады.

Сурет 3 – танымдық іс-әрекет белсенділігінің  құрылымдық сипаттамасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет. Оның ішінде есте сақтау, зейін, ойлау және т.б. танымдық үрдістерінің даму деңгейлерін мектеп психологының көмегімен анықтап алынды. Әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық жұмыс түрлері іріктеп алынды. Ал, таным дегеніміз не? Таным – бір-бірінен ажырамас, тығыз байланыстағы екі компоненттің қатынасын көрсететін күрделі үрдіс.

Оқу – танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1.      Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі;

2.      Іргелі білімдерге қол жеткізу;

3.      Танымдық тапсырмаларды шешу бірліктері;

4.      Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі;

5.      Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті;

6.      Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау [36].

Математиканы бастапқы оқыту оқушылардың танымдық қызметін жетілдірудің барлық таным көздерімен, таным әдістерімен, зерттеушілік шығармашылық қызметтің кезеңдерімен таныстырудың, белгілі бір заттар мен құбылыстарды салыстыра отырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйретудің жалпы тәсілдерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады, нәрселерді салыстыру, сәйкестендіру, қарама-қарсы қою, елестету арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйретеді. Зерттеліп отыратын құбылыстардың бір-бірімен байланысын бақылай отырып, оқушылар кейбір жалпы заңдылықтардың болатындығы туралы өз болжамдарын белсендірек айта бастайды. Логикалық тұрғыдан алғанда бұл оқу-таным әрекеттері ғылыми танымның жалпылау, аналогия, индукция сияқты әдістерін қолдану болып табылады [37].

Зерттеулердің түрлі авторлары оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетеді:

1)                 танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Голант, 1969; Есипов, 1961; Скаткин, 1966,1971 және басқалары);

2)                 танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Богоявлинский, 1959; Кабанова-Меллер, 1968; Менчинская, 1972; В.В.Давыдов, 1972,1986; Эльконин,1960);

3)                 іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (Гальперин, 1976; Талызина, 1975);

4)                 оқытуға әдістемелік білімдер элементтері енгізу арқылы (Лернер, 1981, Коротяев, 1986; Пидкасистый, 1972,1980);

5)                 оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Рувинский,1981);

Танымдық ізденімпаздықты жеке тұлғаның сан қырлы білім алуы ретінде қарастыруға болады, бұл білім алу танымдық әрекетке сезім, таным және ерік процестерінің нәтижесі болып табылатын өзін-өзі икемдеу көрінісі мен; танымдық уәж бен ізденімпаздық мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен; оқушының мінез-құлқындағы танымға деген тұрақты көзқараспен сипатталады. [5, 6 бет]

Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат– міндеттерді  жүзеге асырып, қорытынды талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады.

Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: бастауыш сынып жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру.

Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде өзін- өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті. Мақсаты: балада өзін жетілдіруге, өзін- өзі өзгертуге, өзін- өзі түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай, оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту  баланың жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет. (оқу әрекеті арқылы теориялық ойлаудан жаңа білімге) Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден – нақтыға бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.

Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік білім, білік, дағды қалыптастырудың қажеттігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен оқушыны дамыту міндетін бөліп қарастыруды, яғни білімдік міндеттердің басымдылығын              қолданылмауы, оқыту оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді приоритет етіп қояды. Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны оқушының жеке бас тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырады. Ол мазмұнда оқушы меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы  меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдары беріліп бейнеленуі қажет және бұл мазмұн оқулықта көрініс табуы шарт [38].

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушылармен бірлесе, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Жалпы алғанда, оқу мазмұнының мақсаты оқушылардың қабілеттілігі мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім, білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез-келген салада қызмет етуге және тез өзгеріп отыратын заман талабына бейімделе алатын түлекті тәрбиелеу.

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру