Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:58, автореферат

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері......................................................................................................................10
1.2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық – психологиялық алғы - шарттары....................................................................................................................20
1.3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.....................................................................................34

2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері........................................................................................48
2.2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері..................................................................................................................59

Қорытынды........................……………………………......…..…….........................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................…...........

Работа состоит из  1 файл

Диссертация Эльмира дұрысы.doc

— 613.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ берілген есептерді түрлі тәсілдермен шығаруға, оқушылардың зерттеушілікпен жұмыс жасауға ұмтылысына мүмкіндік берген жөн.

Мысалы, “Екі қорап ойыншық сатып алынды, оның біріншісінде 32, ал екіншісінде 22 ойыншық бар. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 100 теңгеге арзанға түсті. Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленген?”

                Саны                                   Құны

                  32                                         ?

                  22                                         ?  100т.<

Арифметикалық тәсіл

I- тәсіл

32-22 = 10 - Бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны

100:10 = 10 (теңге)- Бір ойыншықтың құны

32х10 = 320 (теңге) - Бірінші қорап үшін төленген сома

22х10 = 220 (теңге) - Екінші қорап үшін төленген сома

II- тәсіл

32-22 = 10-Бірінші қораптағы артық ойыншықтар саны

100:10 = 10 (теңге) - Бір ойыншықтың құны

32х10 = 320 (теңге) - Бірінші қорап үшін төленген

320-100 = 220 (теңге) - Екінші қорап үшін төленген

III- тәсіл

32-22 = 10- Бірінші қораптағы ойыншықтар саны

100:10 = 10 (теңге)- Бір ойыншықтың құны

22х10 = 220 (теңге)- Екінші қорап үшін төленген сома

220+100 = 320 (теңге)- Бірінші қорап үшін төленген сома

Алгебралық тәсіл

I- тәсіл

32 (х-100) = 22х

32х - 22х = 3200

10х = 3200

х = 320 (теңге)- Бірінші қорап үшін төленген сома

320 -100 = 220 (теңге) - Екінші қорап үшін төленген сома

II- тәсіл

32х = 22 (х+100)

32х = 22х+2200

32х - 22х = 2200

10х = 2200

х = 220 (теңге) - Екінші қорап үшін төленген

220+100 = 320 (теңге)- Бірінші қорап үшін төленген

III-тәсіл

32х-22х = 100

10х = 100

х = 10(теңге)-Бір ойыншықтың құны

32х10 = 320 (теңге) - Бірінші қорап үшін төленген

22х10 = 220 (теңге) - Екінші қорап үшін төленген

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың ғылыми таным әдістерін қолданары сөзсіз.  Себебі, алғашқыда балалар есептің шартына мұқият болып, ондағы заңдылықтарды анықтау арқылы бақылауды орындайды. Өйткені, бақылау – зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Сонан соң салыстыру жүргізіледі. Яғни объектілердің (қораптағы ойыншықтар) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тағайындайды. Сондай-ақ оқушылар есептің шартынағы екі қораптың бір-бірінен айырмашылығына көңіл бөліп, артық ойыншықтар санын және әрбір ойыншықтың құнын анықтайды. Содан әрбір қорап үшін қанша ақша төленгенін табуға мүмкіндік туады (анализ және синтез). Және де аналогия элементтерін қолдану арқылы есептің басқа да шығару тәсілдерін іздестіреді.

Әрине, оқушы жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер бойынша есептерді түрлі тәсілмен шығарып, таным әдістерін қолдана білуі үшін мұғалімнің өзі соған дайын болуы қажет. Ол мектеп математика курсын оқытудағы ғылыми таным әдістерді толық меңгеріп, оқушыларды соған үйрете алған жағдайда ғана “математика пәнін түсіну қиын” деген ой ұмыт болары сөзсіз. Сонда ғана оқушылар сабақта белсенді болып өз еңбегінен қанағат ала алады.

                            Танымдық  тапсырмаларды  орындау  шығармашылықты,  іздемпаздықты  талап  етеді,  сондықтан  мұндай  тапсырмаларды  орындау  кезеңдермен  жүзеге  асады:

1.  Өзекті  мәселені  табу;

2.  Мақсаты  мен  міндеттерін  айқындау;

3.  Зерттеу  әдіс – амалдарын  белгілеу;

4.  Гипотеза  құру;

5.  Гипотезаны  тексеру;

6.  Нәтижелер,  іс - әрекет  рефлекциясы;

Зерттеулер  танымдық  іс - әрекет  жеке  адамның  маңызды  сапа  жүйесінің  дамуына  әсер  ететін  күрделі  процесс  екенін  дәлелдей  түсті.  Оның  көрінуінде  белгілі  әлеуметтік  бағыт  бар  және  ол  оқу  мен  кәсіптік  қызметте  шығармашылықпен  жұмыс  істеуде  нәтижелі  қорытындылануын  қамтамасыз  ете  алады [46].

Жоғарғы  оқу  орындарымен  орта  мектептің  алдында  жаңа  міндеттер  айқындалары  сөзсіз.  Осындай  білім  беру  жүйесіндегі  әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалып  жатқан  талпыныстар  математика  пәні  мұғалімдерінің  алдына  жаңа  талаптар  қояды.  Яғни,  барлық  оқушыларды  математика  ғылыми  негіздері  туралы  жүйелі  білімдермен  толық,  сапалы  да  берік  игеруге  қажетті  біліктерімен,  дағдылармен  қаруландыру  сияқты  математиканы  оқытудың  білімдік  мақсаты  одан  да  маңызды  бола  түседі.                Осы  мақсаттарға  жетудің  бір  жолы  мектеп  математика  курсын  оқытуда  ғылыми  таным  әдістерін  қолдану.  Әрине,  мұндай  әдістерді  тек  жоғары  сыныптарда  да  қолдану  мүмкіндігі  мол.  Мәселен,  бақылау  ақпарат – ақпарат  алудың  ең  маңызды  әдістерінің  бірі  және  зерттелетін  объектілерді  мақсатты,  әрі  жүйелі  түрде  тікелей  қабылдау  арқылы  зерттелетін  әдіс. Бақылау  жасауды  дұрыс  ұйымдастыру  оқушының  математиканың  деректі  табысын  игеруге  жағдай  жасайды.  Заңдылықтарды  көре  білуге  және  қорытып,  тұжырымдап  айтуына  жәрдемдеседі.  1 – мысал,  3 – сынып  математикасында  «көбейту  және  бөлу»  тақырыбын  өткенде  «кестені  толтыр»  тапсырмасын  орындайды. Сондай тапсырманың қатарын кесте 2 көруге болады.

Кесте 2 - кестені  толтыр  тапсырмасы.  

Бөлінгіш

 

8

12

24

36

38

28

44

52

Бөлгіш

 

2

2

2

2

2

2

2

2

Бөліндінің мәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  тапсырманы  орындауда  оқушы  бөліндінің  мәнін  тауып  кестені  толтырады.  Сол  толтыратын  кестеге  қарап  отырып,  оқушылар  бөлгіштің  мәні  өзгеріссіз  қалып,  бөлінгіш  артатын  болса  бөліндінің  мәні  де  артатынына  назар  аударады.  Сондай-ақ  бөлінгіш  неше  есе  артуына  қарай  бөліндінің  мәні  де  соншаға  артатынын  байқайды.  Осыған  ұқсас  заңдылықтардың  көбейту,  қосу  және  азайту  амалдарына  қатысы  да  бар  екендігін  бақылауына  болады.

2-мысал,  бірінші  бұтақта  3  алмұрт,  ал,  екінші  бұтақта  4  алмұрт  бар.  Бұтақтарда  барлығы  неше  алмұрт  бар  екендігін  қалай  табуға  болады?

Демек:  3 + 4 = 4+3=7.  Осындай  бірнеше  мысалдар  келтіру  арқылы  қосылғыштардың  орнын  ауыстырғанмен  қосынды  өзгермейді  туралы  ережені  пайдалануға  болады. 

Сонымен  бастауыш  мектеп  математика  курсын  оқытуда  ғылыми  таным  әдістерін  пайдалану  арқылы  математика  пәнін  оқытудың  мақсатына  қол  жеткізуге  болатындай  жағдайлар  жасау  мүмкіндігі  мол.  Осылайша  оқушыларды  математика  ғылымының  негізі  болатын  білімдер  жүйесімен  және  ол  білімдер  сапалы  түрде  қолдана  алу  іскерлігі  мен  дағдыларының  берік  қалануына  өз  бетінше  шығармашылық  жұмыс  істей  алуына  жағдайлар  жасалады.  Сондай – ақ  бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  қабілеттерінің  әсіресе,  ақыл – ойларын  дамытуда  орны  ерекше  екенін  көре  аламыз,  сондықтан  да  бастауыш  сыныптың  оқу  процесінде дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларға танымдық  тапсырмалардың  кеңінен  енгізілуі  өте  қажет  және  міндетті  деп  айтуымызға  болады.

 

                            2.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру  бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері

Республикада  бастауыш  мектептегі  оқыту  мазмұны  жаңартылды.  Жаңа  мазмұнды дәстүрлі әдістермен ғана енгізуге  болмайтындығы  белгілі.  Оқулық  қанша  жақсы  болғанымен  онымен  жұмыс  жасайтын  мұғалімдер  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  меңгермеген  болса,  оқулықтардың  негізгі  идеясы,  дамытушылық  идеясы,  мәні  іске  аспауы  мүмкін.  Сол  себепті  бүгінгі  күні  мектеп  мұғалімдерінен  жұмыстың  жаңа  тәсілдерін  қолдану  қатаң  талап  етіліп  отыр.

Еліміз  егемендігін  алу  арқылы  мүмкін  болған  жаңа  буын  оқулықтарының  ғылыми  негізі  ретінде  дамыта  оқыту  жүйесі  алынып  отыр.  Оқушы  қабілеттерін  дамыту,  талантты  балалардың  талабын  ұштау  мақсатында  ашылып,  жұмыс  істеп  жатқан  жаңа  үлгідегі  лицей,  гимназия  сияқты  мектептерді  заман  талабы  өмірге  келтірді.  Бұл  мектептерде  оқушылар  қабілеттеріне  қарай  лайықтанып  жасалған  арнайы  бағдарламалармен  оқытылады.  Жалпы  білім  беретін  мектептерге  қарағанда  жаңа  үлгідегі  мектептерде бейімдік  пәндер  көбірек,  олардың  балалардың  талантын,  дарынын  ашуға  мүмкіндігі  де  мол.

Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады. Егеменді ел болуымыз, тіл туралы заң қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпаққа үзіп, жеткіншек ұрпаққа қала жаздаған бар асылымызды көркейту дамыту жолында өз үлесімді қоссам деп ойладым.

Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын дұрыс айтып, байытатын мектеп екенін, ал қазақтың қаны бір жолы бір жолбасшы мұғалім екендігін қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаев бұдан 50 жыл бұрын айтып кеткен болатын. Әрине, бұл кезде айтылып та жазылып та жүрген тақырыпта жүрген тақырыптардың бірі осыған дейінгі әдістемеден алшақ кетіп жаңа бір әдіс – тәсіл ойлап таптым деп айта алмаймын. Дегенмен, осыған дейінгі  көрген іс- тәжірибелерім мен мектептегі ұстаздардың әдіс- тәсілдерін саралай келе, сыныпта дамыта оқыту технологиясы арқылы баланың сабаққа деген ақыл- ой, қызығушылық қабілеттерін дамытуды өз ой-пікіріне сәйкес қарастырдық.

Ғылыми эксперименттік жұмыс Атырау облысы, Жұмыскер поселкесі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 3 сыныптарында жүргізілді.

Сонымен, жоғарыда айтылған ой жетегінде “Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ” деген қағиданы басшылыққа ала отырып,” математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру»  деген тақырып бойынша қысқа мерзімді эксперимент жүргізіп, оның қорытындысын төмендегідей баяндауды жөн көрдім. Ғылыми эксперименттік жұмыс Атырау облысы, Жұмыскер поселкесі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 3-сыныптарында жүргізілген экспериментті ұйымдастыру және жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

Эксперимент  (тәжірибе) – зерттеудің  тікелей  белсенді  араласуы  арқылы  зерттейтін  объектінің  қасиеттерін  анықтау  мақсатында  әдейі  арнап  қажетті  жағдайлар  туғыза  отырып,  танып  білу  әдісі.  Олай  болса,  жаңа  білімге  жету  үшін,  объектінің  бейнелері  мен  модельдерін  зерттеуге  болады.  Яғни,  ғылыми  тануда  ойлау  арқылы  жүргізілетін  экперимент ерекше  орын  алады.

                            Бірінші кезең – айқындау эксперименті. Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарын ұйымдастырудың айқындау кезеңіндегі зерттеу жұмыстары сауалнама, сұхбат, сұрақ – жауап, тест, әңгіме, бақылау, анкета т.б. әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Айқындау эксперименті анықталған көрсеткіштерді негізге ала отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы арттыру деңгейін, білім сапасын анықтау және танымдық қабілет ұғымының мазмұнын, мәнін ашу мақсатында жүргізілді.

Экспериментке 3 - ші сыныптар бойынша 50 оқушы қатысты. Осы эксперимент жұмысын жүргізбес бұрын ең алдымен оқушыларға үш тапсырма орындату арқылы олардың таным қабілетінің деңгейі тексерілді. Бақылау  және  эксперименттік  топтардың  тәжірибесінің нәтижелерін төмендегі кесте 3 көруге болады:

Кесте 3 - бақылау  және  эксперименттік  топтардың  экспериментке дейінгі тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)

 

Сыныптар

Оқушылар саны

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

Саны

%

Саны

%

эксперимент

50

№1

45

90

5

10

бақылау

50

№1

32

64

18

36

эксперимент

50

№2

42

84

8

16

бақылау

50

№2

39

78

11

22

эксперимент

50

№3

45

90

5

10

бақылау

50

№3

36

72

14

28

Информация о работе Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру