Электрлік торап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:19, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық мәдениет – халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде қалыптасып, жетіліп отырады. Рухани-мәдени мұраларымызды танып-білуде дәрменсіздік көрсету – қоғамымызда мәдени сабақтастық пен тұтастықтың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті, жастардың бойына ата-бабаларымыздан жеткен тарихи-мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет.

Работа состоит из  1 файл

hamitova.doc

— 364.50 Кб (Скачать документ)

   Ә. Марғұланның ерекшелігі этнотарихи, этномәдени, этноархеология, этнолингвистика  салаларына арнайы назар аудара зерттеуі екенін баса айтуымыз керек. Мысалы, Ә. Марғұлан жырларда кездесетін «сақа табу», «жас балаға алтын сақа, күміс сақа құйып беру» ырымына көңіл аударып, балалардың асық ойындары туралы мұрағат деректерін зерделеп, Атасу қоныстарынан табылған асықтар – балаларға ойын үшін дайындалған, себебі, асықтардың біразының екі жағы жақсы тегістеліп, өңделген деген қорытынды жасайды [21, 218–219-бб.]. Немесе, Бегазы, Дәндібай  қоныстары мен бейіттерден табылған асықтардың үлкен тобы ойнауға арналған «игральные бабки» деп көрсетеді [17, 259–260-бб.]. Бір қарағанда сәл нәрсе көрінетін осы ұлттық ойынның тарихы қаншалықты терең екенін осы Ә. Марғұлан зерттеулерімен таныса отырып білуге болады.

   Қазақ фольклорына арналған зерттеу еңбектерінің ең шоқтығы биік, көлемді де маңыздысы  «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері...туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы. Ә. Марғұлан өз зерттеулерінде халқымыздың салт-дәстүрі, жора жосындарының, ырым, қария сөздерінің маңыздылығына, тарихи терең астарына, өміршеңдігіне, тәрбиелік мән-мағынасына ерекше көңіл бөлген. Осы еңбектегі ерекше көңіл аударалық мәселе – бұл халқымыздың қашанда татулыққа, құт, береке-бірлікке ұмтылуы. Көне ертегі-жырларда салт-дәстүрге байланысты алтын қазан іздеу салты, қазанның  құлағына ақтық байлау, ас бергенде, Наурызда үлкен қазан көтеру, т.б. қазанның береке мен бірліктің белгісі екенін көрсетеді. Ас беру, той өткізу секілді үлкен жабдықтар ұлттың бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға, ел басын біріктіруде, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда орасан зор роль атқарғанын көреміз. Ал, музейлердің археология залдарына қойылған ғұрыптық қазандарға музейге келушілердің біразы тек музейлік зат ретінде ғана қарап, көпшілік жағдайда руханилық жағына, мағынасына көп көңіл бөле бермейтініміз шындық.

   Ә. Марғұлан эпостық ертегілерді Қазақстан  аумағында сақталған ежелгі тас  кешен, ер, алып тұлға иесіне сай  алып сынтастар, мұнаралы бейіттер, молалардың жасалу тарихын археологиялық жағынан дәлелдеу арқылы, V – VII ғасырдан жеткен жазулы стеллаларда сақталған деректермен салыстырады, яғни, материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті қатар алып, бір бірінен дәлел, байланыс іздей отырып, біртұтас немесе бірлікте қарастырады. Тас мүсіндерді зерттей келе Ә. Марғұланның: «Тас мүсінді қоятын жерлер ерте кезде ұлы мереке жасап «ас» берген ұлы қоныстар» деген  қорытындыға келгені белгілі. Осы орайда, халық аузында сақталған тарихи аңыздар бойынша, ас беру тойына әрбір тайпадан елшілер қатынасып, өлген адамның басына ескерткішті бірлесе отырып орнатқанын, әр тайпаның өкілі салт бойынша бір-бір тастан қоятын болғанын айту керек. Тас бағаналар тізбегінде мықты ұлыстар орнатқан балбалдар қашан да құрметті орында тұрған.

   Ғалымның  қызыға зерттеген үлкен тақырыбы «Манас». Жырдың хатқа түсу тарихы, орындаушылары, олардың варианттары, жалпы түркі халықтары мен қырғыздар тарихына байланысты дәуір көріністері, Шоқанның және басқа зерттеушілердің пайымдаулары, т.б. кең талданып, өз бағасына ие болды.

     Ә. Марғұлан қолжазба ретінде  халық арасында көп тараған  әдеби деректерді, тасқа ойылған таңба, жазуларды тауып зерттеді. Қазақ эпостарының тарихи шындыққа сәйкес, мазмұнға бай, идеясы терең, тақырыбы өрісті халық даналығының айқын куәсі дерлік ескерткіш екенін танытты.

   Музей қорындағы әр экспонаттың даму процесіндегі (ежелгі  дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін) орнын табу, таныту ғылыми зерттеу жолымен, ал, насихаттау мәдени-ағарту жолымен жүргізіліп, бірін-бірі толықтырып отырса, кез келген музейді «сенімді сөйлетері хақ». Ғалым көне деректердің тереңіне  бойлаған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық үлгілердің арасына шек қоюдың өзі қиындап, бір-бірінен ажырамастай тұтас құбылысқа айналатынын көрсетті.

   Жалпы мәдениет материалдық және рухани байлықтардың деңгейімен өлшенетін қоғам мен  адамның тарихи даму дәрежесін көрсететіні белгілі. Ә. Марғұлан тілімен айтсақ: «Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипат» [28, 151-б.].

   Қорытынды бөлімде белгілі ғалым тарихшы, археолог, этнограф, шығыстанушы Ә.Х. Марғұланның Қазақстанда этнография ғылымының, этнографиялық музейтану бағытының дамуына зор ықпал жасағаны баяндалады. Ә. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады. Марғұлан орыс пен қазақ, Ресей мен Қазақстан ғылыми мектептерінің арасында қалыптасқан ғұлама ғалым, өз бойында батыс пен шығыс (қазақ) ғылыми мектептерінен білім жинаған алғашқы мамандандырылған ғалым – этноархеологтарының, этнографтарының бірі және бірегейі. Ә. Марғұланның халқымыздың этномәдениеті туралы  ғылыми-зерттеу еңбектерінің Қазақстан музейі ісіндегі маңызы зор. Республика музейлерінің археология, этнография залдары экспозицияларын құруда ғалым еңбектерінің дереккөздік маңызы және заттық деректердің тікелей экспонат ретінде көрсетілуі, ұлттық мәдени мұраны зерттеудегі жас ғалымдарды жаңа зерттеу жұмыстарына ынталандыруы атап көрсетілді. Академик Ә.Х. Марғұланның тарихи, этнографиялық, археологиялық, фольклорлық деректерді салыстыра отырып, кешенді түрде жүргізген зерттеулері – музей ісінде ұлттық тарихи-мәдени мұраны зерделеуде өзінің жан-жақтылығымен, құндылығымен бағаланады. Ғалымның мұндай зерттеулері әр бір «музейлік заттың» «тілдік», «хабаршы» мазмұнға ие болып, үлкен мәтіннің бір бөлігі ретінде өткен сәтті өз бойында сақтау арқылы оны бүгінгі күннің құндылығы етеді де, өмірдің үздіксіз процесс екендігін еш нәрсенің құрдымға кетпейтінін пайымдайды.

   Ә.Х. Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде пайдаланып, кешенді тұрғыдан зерттегені Қазақстан музей ісінде музейдің жаңа тұжырымдамалық үлгісінің қалыптасуы ретінде қарастырылып отыр. Ә. Марғұлан ауыз әдебиеті саласындағы зерттеу еңбектерінде біріншіден, ата-кәсіпті, жақсы дамыған қолөнерін, екіншіден тәлімгерлікті көрсетеді және жырдың мазмұны арқылы жеткен көне замандағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің маңыздылығын түсіндіреді. Ә. Марғұлан зерттеулерімен таныса отырып, «музей тілі» бұл – кітап сөзін әсіресе тарихи және биографиялық текстерді дәлелдеу, пайымдау тілі екенін мойындаймыз. Түпнұсқа заттың құндылығы оның заттық кейпінде емес, осы зат арқылы рухани мәдениеттің көптеген қатпарларымен табысу мүмкіндігі екенін түсінеміз.  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

   1 Назарбаев Н.Ә. 2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы № 1277 Жарлығы // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы. – 2004. – № 2 – 23-қ. 
   2 Мұқанов С.Н. Әлкей Хақанұлы  Марғұлан – этноархеолог // Өлкетану–Краеведение. – Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова. – 2004. – № 3. – 35–41-бб.
   3 Ә. Марғұлан туралы естеліктер // Құраст. Марғұлан Д.Ә. – Алматы: Білім, 2004. – 248 б.
   4 Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б.
   5 Марғұлан Ә. Тарихи дәуірдегі  қазақ тайпаларының жазу мәдениеті  // Труды по культуре письменности  казахского народа. – Астана: Алтын кітап, 2007. – Т. 8. – 264 с. 
   6 Марғұлан Ә.Х. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 67 б.
   7 Көшпенділер өркениеті мен рухани  мәдениетінің тарихы // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2004. – Т.1. – 269 б.
   8 Байпаков К.М. А.Х. Маргулан – выдающийся исследователь археологического наследия // Труды научно-практической конференции «Маргулановские чтения – 15». – Алматы, 2004. – 7–15-бб.
  9 Жиреншин А.М. Из истории Центрального  музея Казахстана // Вестник АН  КазССР. – 1947 – № 8(29) С. 58–63; Работа научной экспедиции Центрального музея Казахстана в 1947 году  // Вестник АН КазССР. –1948. – № 2.  С. 79–80; Жиреншин А.М. Задачи краеведческих музеев Казахстана. Алматы, 1950. – 135 с.
  10 Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. – Алматы: Казахстан, 1982. – 169 б.
  11 Отан тарихының негізгі кезеңдерін  музей экспозицияларында көрсету  проблемалары // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материал-дары. – Алматы. 1998, 4–5 наурыз. – 111 б.
  12 Культурное наследие и современный музей. – М.: Икар, 2005. – С.96; Музей и нематериальное культурное наследие // Сборник трудов лаборатории «Музейная педагогика». Вып.6. – Москва: Икар, 2005. – 196 с.
  13 Қайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831–1925 гг.): Автореф.дисс. ... к.и.н. – Алматы, 1995. – 25 с.; Ибраева А.Ғ. Қазақстандағы музей жүйесінің қалыптасуы (1920–1940 жж.): Т.ғ.к. ... дисс. автореф. – Алматы, 1999. – 32 б.; Тайман С.Т. Қазақстандағы музей ісінің дамуы; тәжірибелері мен проблемалары (1946–1970жж.): Т.ғ.к. ... дисс. автореф. – Қарағанды, 2000. – 30 б.; Мұсаханова М.З. Развитие музеев Казахстана (1991–2001 гг.): Автореф. дисс. ... к.и.н. – Алматы, 2007. – 26 с.
  14 Марғұлан Ә. Кеңестік дәуірдің 50 жыл ішіндегі Қазақстандағы  этнографиялық зерттеулер // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві, қолжазба. 1961. – 19 б.
  15 Марғұлан Ә.Х. Еңбекпен өткен  өмір  (Қолжазба) // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві; Марғұлан Ә.Х. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алатау, 2007. – Т. 1. – 608 б.
  16 Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының  эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: Ф.ғ.д.   ... дисс. – Алма-Ата–Москва, 1945. // Академик Ә.Х. Марғұланның жеке архиві. (микрофильм). – 300 кадр.
  17 Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального      Казахстана. – Алматы: Наука,  1979. – 360 с.
  18 Маргулан А.Х.  Казахское народное прикладное искусство. Алматы: Өнер, 1986. – Т. 1. – 256 с.
  19  Марғұлан Ә.Х. Ежелгі-жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
  20 Маргулан А.Х. Сборник сочинений. – Алматы: Атамұра, 1998. – Т. 1.

  – 400 с.; Маргулан А.Х. Сочинения. Т. 2. Сарыарка. Горное дело и металлургия в эпоху бронзы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 144 с.; Маргулан А.Х. Сочинения. Т. 3, 4. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. – 246 с.

  21 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. / Под ред. А.Х. Маргулана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 с. с илл.
  22 Маргулан А. Казахская юрта  и ее убранство. – М.: Наука, 1964. – 13 с.
  23 Марғұлан Ә.Х. Шоқан және «Манас». – Алматы: Жазушы, 1971. – 164 б.
  24 Отчеты о работе Акмолинской, Кустанайской, Павлодарской и Центрально-Казахстанской археологических экспедиций института за 1955 г. // ОВА МОН РК – Ф.11,  опись 1,  д. 133. – 21 с.
  25 Маргулан А.Х. О характере исторической обусловленности казахского эпоса  // Известия Каз ФАН СССР. Сер.историч. – Алматы, 1946. – № 2. – С. 75 –81.
  26 Международная конвенция об охране нематериального культурного наследия  // Информационный бюллетень ИКОМ. – 2004 – № 2. – С. 49–64.;
  27 Каулен М.Е. Вторая жизнь традиции // Музей и нематериальное культурное наследие. Сборник. М.: Икар, 2005. – 196 с.
  28 Ақышев К. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы: Қазақстан, 1976. 119 б.    
 

   ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН  МАҚАЛАЛАР  ТІЗІМІ 

   
  1. А.Х. Маргулан (1904–1985). Портрет ученого и человека //«Вопросы истории, археологии и этнографии Павлодарского Прииртышья» атты Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция материалдары. – Павлодар.  15–16 марта, 2000. – Т. 1. Павлодар: ЭКО, ОИКМ. 2000. – С. 34–36.

   2 Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі XIX ғасырдағы Павлодар, Баянауыл өңірі қолөнер шеберлері туралы //«Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениеттің тарихы» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. – Павлодар. 28–29 мамыр, 2004. – Павлодар: ПМУ, 2004. – 94–100-бб.

   3 Халқының қамқоры // Олжабай батырдың 300 жылдығына арналған «Ерлер  есімі ұрпақтар есінде» атты  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды. 23–24 мамыр, 2005. – Қарағанды: ҚМУ. 2005. – 400–405-бб.

   4  Үлкен өнеге // Қазақстан мұғалімі. – 2005. – № 11–12. – 54 –57-бб.

   5 Ә.Х. Марғұлан еңбектерінің музей ісіндегі маңызы // Отан тарихы. – 2005 – № 1. – 167–174-бб.

   6 Ә.Х. Марғұлан қолөнер шеберлері туралы  // Қазақ тарихы. –2005. – № 6. – 68–70-бб.

   7 Музей литературы и искусства им. Бухар жырау – ровесник  независимости // Қазақстан музейлері. – 2004. – № 1 (4). - С. 69 –70.

   8 Музейлердегі мәдени мұра. Герменевтикалық зерттеу шеңбері мен көкжиектері... // Қазақ тарихы. – 2007. № 3. 6062-бб.

   9 Ұлттық мәдени мұраны саралай  білудің ұрпақ тәрбиесіндегі  маңызы // БілімОбразование. – 2008. № 52. 1923-бб.

   10 Музейдегі ұлттық мәдени-рухани мұраны зерделеу // Отан тарихы. 2008 № 1. 6975-бб.

   11 Академик Ә. Марғұланның этнографиялық еңбектері және мұратану мәселелері // Модернизация высшего образования и науки: Пути и перспективы инновационного развития. Материалы Международной конференции. Алматы. 18 октября 2008 г. – Алматы: КазНПУ им. Абая. 2000. С. 455460.

    12 Ұлттық мәдени-рухани мұраны зерттеу мәселелері // «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы. 910 маусым, 2009. Алматы: МСӨИ, 2009. 498502-бб.   

РЕЗЮМЕ

автореферата  диссертации на соискание ученой степени кандидата историчес-ких наук по специальности 07.00.07 – «Этнография, этнология и антропология» 

ХАМИТОВА  МАРВАН АРЫНОВНА 

  Значение  научного наследия академика  Алькея Хакановича Маргулана

    для музейного  дела Казахстана 

  Актуальность  выбора темы исследования обусловливается тем, что обширное научное наследие акад. А.Х. Маргулана в связи с развитием музейного дела в Казахстане ранее не изучалось. Масштабные исследования ученого в области историко-культурного наследия казахского народа имеют важное источниковедческое, историко-познавательное и воспитательное значение. В контексте Государственной программы «Культурное наследие», введения в научный и общественный оборот новых источников по национальной истории и культуре (в т.ч. через систему музеев), особенно актуальным представляется целенаправленное изучение, наряду с археологическими исследованиями, трудов А.Х. Маргулана этнокультурного направления: по этноистории, этнографии, народному зодчеству казахов, работ в области филологии, казахской письменности и фольклора.

  Диссертационное исследование нацелено на разработку теоретических и прикладных проблем музейного дела Казахстана в связи с исключительно многоплановым и ценным научно-теоретическим и практическим наследием ученого-энциклопедиста, который одним из первых осуществил, при изучении истории и культуры Степной цивилизации, междисциплинарный метод изысканий с учетом задач и методов истории, этнографии, археологии, филологии и др. наук. Полученные акад. А.Х. Маргуланом новые, разнообразные, комплексные результаты в плане научно-практического внедрения имеют первостепенную значимость для развития музейного дела в республике. Углубленное исследование наследия А.Х. Маргулана обосновывает постановку и решение актуальных задач казахстанского музееведения, перспектив развития и выведения отечественных музеев на качественно новый уровень осознания их важного информативно-коммуникативного значения в обеспечении культурной преемственности поколений, углублении процессов самоидентификации казахского этноса и т.д.  

Информация о работе Электрлік торап