Электрлік торап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:19, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық мәдениет – халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде қалыптасып, жетіліп отырады. Рухани-мәдени мұраларымызды танып-білуде дәрменсіздік көрсету – қоғамымызда мәдени сабақтастық пен тұтастықтың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті, жастардың бойына ата-бабаларымыздан жеткен тарихи-мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет.

Работа состоит из  1 файл

hamitova.doc

— 364.50 Кб (Скачать документ)
 

ӘӨЖ 39+069.013] (574)                                                   Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 

ХАМИТОВА  МАРВАН АРЫНҚЫЗЫ 
 
 
 

Академик  Ә.Х. Марғұланның  ғылыми мұрасының 

Қазақстан музей ісіндегі маңызы 
 
 

07.00.07 –  Этнография, этнология және антропология 
 
 
 
 

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010 
 

    Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының  Этнология және антропология бөлімінде орындалды. 
 

                Ғылыми  жетекшілер:   тарих ғылымдарының докторы, 

                                                                      профессор Әжіғали С.Е. 

                     тарих ғылымдарының кандидаты,

                                                                        доцент Бекназаров Р.А. 
 

    Ресми оппоненттер:                        тарих ғылымдарының докторы, 

                                                                         профессор  Төлеубаев Ә.Т. 

                                                                         тарих ғылымдарының кандидаты

                                                                         Исаева Ә.И. 

    Жетекші ұйым:                                       ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов

                                                                     атындағы Шығыстану институты  
 
 

    Диссертация 2010 жылы «24» маусым күні сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің                 Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңесінде қорғалады.

    Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. 
 
 

    Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28). 
 
 

    Автореферат 2009  жылы  «24» мамырда таратылды. 

Диссертациялық  кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы                                                                     А.Т. Қапаева

    КІРІСПЕ

 

   Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық мәдениет – халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде қалыптасып, жетіліп отырады. Рухани-мәдени мұраларымызды танып-білуде дәрменсіздік көрсету – қоғамымызда мәдени сабақтастық пен тұтастықтың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті, жастардың бойына ата-бабаларымыздан жеткен тарихи-мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 13 қаңтардағы «2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы № 1277 Жарлығы» [1], Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы «2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 171 қаулысы – тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу қажеттігіне байланысты қабылданған  тарихи құжаттар. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, ұлттық қолөнерді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтас жүйесін құру арқылы қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және ұтымды пайдалану мақсатына бағытталған құжаттар.

   Сол себепті де музей ісі мәселесі және ұлттық мәдени мұра туралы сөз қозғағанда академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Әсіресе, ғалымның қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, ескерткіштеріне арналған еңбектерінің музей ісіндегі және бабаларымыздан мұра болып жеткен мәдени құндылықтарымызды толық тануда алар орны  туралы айту орынды.

   Академик, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі ғалым тарихшы, археолог, этнограф, шығыстанушы Ә.Х. Марғұланның жалпы өмірі, ғылыми қызметі туралы осы уақытқа дейін шолу жасалған ғылыми мақалалар мен естеліктер жазылғанымен ғалым еңбектерінің музей ісімен байланысты жақтары нақтылы қарастырылмаған себепті, «Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғылыми мұрасының Қазақстан музей ісіндегі маңызы» атты бұл диссертация осы тақырыпта жазылып отырған алғашқы зерттеу жұмысы.

   Бүгінгі отарлық санадан азат санаға ауысқан қоғамдық ортада тарихқа деген  тәуелсіз көзқарас қалыптасып, соның ішінде халық өнеріне, әсіресе сәндік қолданбалы өнеріне, халықтың салт-дәстүріне қызығушылық күннен күнге артып отыр. Бұл орайда, академик Ә.Х. Марғұланның қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын анықтап-зерттеуде қалдырған ғылыми еңбектерінің біріншіден – дереккөздік, екінші – тарихи-танымдық, үшіншіден – тәрбиелік мәні ерекше. Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи мұраларын зерттеу нәтижесінде жазған ғылыми еңбектері, археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, этнографиялық зерттеулері, көне және орта ғасыр сәулет өнеріне арналған зерттеу еңбектері, халықтың қолөнері туралы жазған, басқа да іргелі монографиялық еңбектері бүгінгі күні тарихи-өлкетану музейлері, археологиялық, әдебиет және өнер музейлері экспозицияларынан көрініс тапты. Сол музейлерде сақталып отырған сансыз ұлттық мұраны  зерделеуде табылмас қазына көзі болып табылады.

   Ә.Х. Марғұланның халқымыздың өткендегі ұзақ сүрлеу-соқпағын бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ертелі-кеш жер астынан, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған этноархеолог ретіндегі зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы, ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, шоқантануға қосқан үлесі – бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры. Москва, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы қалалары музейлері, мұрағаттары мен кітапханаларында сақтаулы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты деректерді тізіп, көрсетіп кетуінің бүгінгі күні Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда қосар үлесі аз емес.

   Филология саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде Ә.Х. Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде қарастырды. Материалдық құндылықтармен бірге, рухани құндылықтарды зерттеу еңбектері  де бүгінгі музей ісіне үлкен үлес қосып отыр. Себебі, Ә.Х. Марғұлан өткен ғасырдың өзінде, тарихшылар, жыршылар, әдебиетшілер, этнографтар біріге отырып, жаңадан табылған жазба деректер мен материалдық ескерткіштерді салыстыра отырып зерттеудің қажеттігін түсіндірді. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары мүмкіндігінше Ә. Марғұлан ұсынған этнотарихи тәсілмен жүргізілсе, Қазақстан музей ісі жаңа белестерден көрініп, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы өз шешімін табары даусыз.

   Екі рет репрессияға ұшырап «ұлтшыл» атанған академик Ә.Х. Марғұланның Қазақстан музей ісіндегі ғылыми еңбектерінің көрініс табуымен бірге, жас ұрпақты елін, жерін, бабалар тарихын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен өнеге. Ғалымның өмірі мен еңбек жолы, ғылыми зерттеулері де Республика көлемінде бірнеше музейдің ашылуына түрткі болды. 1986 жылдан Жезқазған облыстық өлкетану музейінің филиалы болып келген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы археологиялық-этнографиялық музей Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 7 маусымдағы № 91-Р жарлығы бойынша өз алдына жеке ғылыми негіздегі музей болып құрылды. Себебі, аудан көлеміндегі мол археологиялық тарихи, мәдени ескерткіштердің бірегейі Орталық Қазақстандағы осыдан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінде пайда болған беғазы-дәндібай  мәдениеті – осы жердің төл мәдениеті. Осы аймақта 1947–1949, 1952 жылдары Ә. Марғұланның басқаруымен археологиялық экспедиция жұмыс жасаған болатын. Ғалымның туған жері Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Екібастұз ауданы «Степной» елді мекеніндегі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаштағы, Астана қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы мектептегі ғалымның өмірі мен еңбек жолына арналған музейлер, ҚР МОМ-дегі Ә. Марғұлан кешені, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Археология» залының ашылуы, Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғалымның 100-жылдық мерейтойы құрметіне ашылған «Археология» залы, т.б. осының дәлелі.

   Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Халқымыздың рухани күшінің қайнар көздерін еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп, тауып, мәдени мұрағаттардың сырын ашып, оның нәтижесін халық игілігіне айналдырып, халқына паш еткен ғалым Ә.Х. Марғұланның тұлғалық табиғаты, ғылыми мұралары туралы монографиялық немесе арнайы зерттеулер жоқ. Дегенмен, Н.А. Баскаковтың «Ғұлама ғалым», Л.Н. Гумилевтің «Кемеңгер», Л.Р. Кызласовтың «Алькей Хаканович Маргулан. К портрету ученого и человека», Р. Бердібаевтің «Ғалымның ойы ортақ», М.Қ. Қозыбаевтың «Дала перзенті», К. Ақышевтің «Археология атасы», «А.Х. Маргулан – археолог», Х.А. Арғынбаевтың «Заманымыздың заңғар ғұламасы», Ш.Ш. Шөкиннің «Марғұлан», Х.Ж. Сүйіншәлиевтің «Археология және әдебиет», У.Х. Шәлекеновтің «Ұлағатты ұстаз», С. Өтениязовтың «Түркі ғылымының төрінде Әлекең тұр», Ж. Құрманқұловтың «Ғалымдардың ғалымы Әлкей Марғұлан», С. Мұқановтың «Әлкей Хақанұлы Марғұлан – этноархеолог» [2], тағы басқа да ғалымдардың, Ә. Марғұланның шәкірттерінің ғалым-ұстаз туралы мақалалары, очерктері, деректі әңгіме, естеліктер жинақтары 2004 ж. «Ә. Марғұлан туралы естеліктер» [3] деген атпен «Білім» баспасынан, «Ғұлама» [4] атты естеліктер жинағы «Эко» баспасынан жарық көрді. Қазақ этнографиясының кітапханасы топтамасымен дайындалған 50 томдықтың «Труды по культуре письменности казахского народа» деп аталатын 8-ші томы [5] және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің дайындауымен жарық көрген 48 томдық «Рухнама» топтамасының 26-шы  томы Ә. Марғұланның өмірі мен еңбектеріне арналған. 1984 ж. жарық көрген «Әлкей Хақанұлы Марғұлан. (Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы)» 2004 ж. ғалымның 100 жылдық мерейтойына қарсы толықтырылып, қайта басылып шықты [6]. М. Жолдасбековтың «Асыл арналар» жинағында, «Дала даналары: (тарихи тұлғалар)» жинағында т.б. Ә. Марғұлан туралы дерек-мақалалар берілген.

   Әр  жылдары атап айтсақ, 1989, 1990, 1992, 1997, 2000, 2002 жж. өткізілген «Марғұлан оқулары» ғылыми-практикалық конференция материалдарында В.А. Грошевтің «Академик А.Х. Маргулан и вопросы древней ирригации Центрального Казахстана», С.М. Ахинжановтың «А.Х. Маргулан и некоторые вопросы истории кыпчаков», Ә.М. Манапованың «Ә.Х. Марғұланның Жезқазған аймағындағы неолит ескерткіштерін зерттеуі», С.А. Қалиеваның «Әлкей Марғұлан және Маңғыстау өңірі», Х.К. Сулейменованың  «Изучение культурного наследия А. Маргулана на интегрированных уроках» секілді зерттеу мақалалары жарық көрді.

   2004 жылы Ә.Х. Марғұланның 100 жылдығына  арналып өткізілген «Көшпенділер  өркениеті мен рухани мәдениетінің  тарихы» [7] атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының 2 томдық жинағында О.С. Исмағұловтың «Этноантропологические идеи академика А.Х. Маргулана» [7, 40-б.], К.М. Байпақовтың «А.Х. Маргулан – выдающийся  исследователь археологического наследия» [8, 7-б.], Б.Е. Кумековтің «А.Х. Маргулан как кипчаковед» [17, 28-б.], т.б. ғылыми мақалалар басылып шыққан.

   Кеңестер  одағы кезінде және одан кейін де Қазақстан музей ісін қалыптастыруға ат салысқан  тұлғалар тақырыбы арнайы зерттелмеген.  1947 ж. Қазақ КСР ҒА № 8 «Хабаршысында» басылған Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Ә.Х. Марғұланның ұсынуымен шыққан А.М. Жиреншиннің «Из истории Центрального музея Казахстана» атты мақаласы, музей ісіне арналған. А.М. Жиреншин Өлкетану қоғамының ғылыми қызметкері ретінде бірнеше жазғы этнографиялық экспедицияларға шыққан. Нәтижесінде халқымыздың мәдениеті мен тұрмысына байланысты бай этнографиялық материал жинап, 1942–1951 жж. аралығында директоры қызметін атқарған Орталық Мемлекеттік музей қорына өткізген болатын. Жиреншиннің 1948 ж. жазылған «Работа научной экспедиции Центрального музея Казахстана в 1947 году», 1950 ж.  жарық көрген «Задачи краеведческих музеев Казахстана» атты мақалалар [9] өлкетану музейі қызметкерлеріне арналған әдістемелік материалдар жинағы көп жылдық ізденістер нәтижесі және музей ісін дамытуға қосқан үлес. Қазақстанда музейлері жүйесінің құрылуы мен олардың қызметін зерттеуде тарихшы ғалым С.Ш. Ахметованың еңбегі зор. С.Ш. Ахметова «Историческое краеведение в Казахстане» атты еңбегінің төртінші тарауын «Музейлік өлкетану мен ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы» тақырыбына арнаған. Зерттеу жұмысында Қазақстандағы алғашқы өлкетану ісінің құрылуы мен дамуының қиын да мазмұнды  алғашқы кезеңдері (1917–1932 жж.), колхоз-совхоздарда, түрлі ұжымдарда, оқу орындарында өлкетану бөлімдерінің, аудан, қала, облыстарда өлкетану қоғамдарының құрылу кезеңдері қарастырылған. Еңбекте «өлкетану ісін тиісті деңгейге көтеру – музей ісін дамытудың бірден-бір негізі» деген ой көтеріледі [10, 144-б.]. Ал, 1998 ж. Алматы қаласында өткен «Отан тарихының негізгі кезеңдерін музей экспозицияларында көрсету проблемалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында [11] негізінен облыстардың әр түкпірінен келген музей қызметкерлері баяндамаларында өз музейлеріндегі кемшіліктер мен шешілуге тиісті мәселелерді көрсетумен шектелген.

   Отандық музейтану ісінде, көбінесе Ресей Федерациясы Білім және Мәдениет министрліктері шығарған музейтану, мәдени-тарихи мұра мәселелеріне арналған ғылыми жинақтары, музей ісі туралы Н. Федоров, М.А. Разгон, И.М. Коссова, Е.Б. Медведева, М.Е. Каулен, Л.М. Шляхтина, С.Ф. Казакова, С.И. Сотникова секілді Ресей музейтанушы ғалымдарының «Основы музейного дела», «Культурное наследие и современный музей», «Музеология», «Музей и нематериальное культурное наследие» [12] т.б. еңбектер пайдаланылады.

   Қазақстандық  ғалымдар А.Е. Қайназарованың, А.Ғ. Ибраеваның, С.Т. Тайманның, М.З. Мұсаханованың зерттеу еңбектері [13] – Қазақстандағы  музей жүйесінің қалыптасуы мен оның атқарған қызметтері жайында көлемді зерттеу еңбектер болғанымен жекеленген кезеңдерді қарастырған. Әр жылдарда музей ісі туралы жазылған зерттеулер – негізінен Қазақстандағы музейлердің жекелеген даму кезеңдеріне арналған. Көлемді еңбектердің бірі – 2004 ж. жарық көрген «Орталық музей еңбектері I-том».

Информация о работе Электрлік торап