Арал теңізі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 16:32, реферат

Описание

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізінеқосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Арал теңізінің тарихы
2.Арал флотилиясы
3.Арал теңізінің экологиясылық ахуалы
4.Арал апатына себеп болған факторлар
5.Экологиялық дағдарысы
6.Теңізді құтқарудағы болжамдар
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

гаухар аизада жанылсын сауле.docx

— 628.78 Кб (Скачать документ)

Жалпы, адам үшін бірінші  байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамындатыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

 

Экологиялық дағдарысы

 Арал экологиялық дағдарысы  — адам қарекетінің әсерімен  болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған жылдар бойында  халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж.40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегіндеантропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

 

Теңізді құтқарудағы болжамдар

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне  өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағыауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны  күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының  білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда  бағытында батыл да жоспарлы түрде  ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Қорытынды

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда аспаннан  тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы  қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір  бөлігін Аралға тартуға болар  еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне  жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет  дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына  келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен  Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн  доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Каспий теңізінен деңгейі бір  кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі  бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы  көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық  жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай  өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері  су астына кету қаупі бар.

Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине, аталған жоба бойынша  бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты  асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен  де Каспий күтпейді, сондықтан бұл  жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға  әсте болмайды.

Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар  жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда  аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.

Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал  кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 4/3 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны  насос станциясы сияқты косымша  қондырғыларға жұмсалады.

Судың булану нәтижесінде  Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы  кейін ол өзінің пайдалы маңызын  жояды. Осындай жағдайды болдырмас  үшін енді Аралдан Каспийге қарай  ағатын екінші канал салу керек. Сонда  Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал—Каспий  каналын салу көп қаржыны талап  етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос  станиясының қажеті жоқ, канал қазылып  суға жол берілсе болды, ылдиға қарай  судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал—Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе  қысқа болмақ.

Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан  тік тұрып, Аралымыздың арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады.

Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден  жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.

300 млн доллар! Кәзіргі  жағдайда бұл тиімді баға ма, әлде көп пе? Адамзаттың уайым-қайғысыз, шаттанып өмір сүруі үшін үлкен  екі аймақта тұратын миллиондаған  халықты апаттан құтқаруға жұмсалатын 300 млн доллар ешкандай қымбатшылық  емес! Бәрі де салыстырмалы түрде  айқын болады. Мысалы, "Стеллс" атты американдық бомбалаушы ұшағының құны 840 млн доллар. Ла-Манш арқылы өтетін туннельдің кұрлысы 80 млрд доллардан асып түсті.

Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау салуға 300 млн доллар соншалықты қол жетпейтін  сома емес. Каспий жағасында орналасқан қазақ жеріне судың көтерілуіне  байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар) зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе  төмендегі мәселелерді ескерсек, канал құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.

1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.

2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда келтірмейтін өлі капиталмен тең.

Жоғарыда айтылғандардың тоқ етер түйіні, ортақ іске қатысы бар мемлекеттер бірігіп, керекті 300 млн доллар қаржы жинап, орасан күрделі екі экологиялық ахуалдың шиеленісуін шешпесе болмайды.

Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.

Арал теңізінің 2010 жылы құриды деген ғылыми болжам бар: шындық па, дақпырт па? Қазіргі Арал теңізінің  экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып  отыр. Негізінен, Арал теңізі жайлы  соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жыддарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз  көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ең енді бөлігі 292 шақырым. Орташа тереңдігі 16,1 метр. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 шақырым ұзағанда барып, оның терендігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 пайыз. Теңіздің су балансының кірісіңде өзен суларының үлесі 52 текше шақырым 5,3 текше шақырым. Ал, маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 сантиметр деп есептелінген, ал оның көп жылдығы 3 метрден. Демек, 1960 жылы Арал теңізінің абсолютті биіктігі 53,4 метр болса, ал 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеген.

І985 жылы Сырдария мен Әмудария өзендері Арал теңізіне құюын мүлдем тоқтатты. 1967-1985 жылдары Арал теңізі 800 текше шақырым суды кем алды.

Яғни, екі өзеннен Арал теңізіне құйған судың көлемі 1960 жылы 46 текше шакырым, 1970 жылы 35,6, 1980 жылы 10 және 1985 жылы 5 текше шақырым. Ал, 1986 жылы екі өзеннің ағысы теңізге  жете алмай егіс далаларындағы атыздарга  тарап тоқтады.

Демек, 25-30 жылдың ішіңце бір  ұрпақтың көз алдында жер бетінен  аумағы 6 миллион гектарға созылған, терендігі 68 метр теңіздің жоғалып кетуі адам сенбейтін жағдай. Өйткені, теңіздің деңгейі төмендеген сайын зерттеушілердің мөліметтеріне карағаңда, оның бір шаршы шақырым кепкен орнында 7 мың тонна тұз қалады екен.

Қызылқұм мен Қарақұмға  қарағанда, жаңадан пайда болған шөл дала казір жай ғана сусыз  аймақ емес, бетін жауып тұрған шөбі жоқ, бұрқыраған құмды, сортаңды шөлге  айналды. Бүгінде, оның аумағы шамамен 3 млн гектарды құрайды.

Қарақұмның тұсынан "Аққұм" деп аталатын тұзды, сортаңды кауіпті  аймақ пайда болды. Оның көлемі күн  сайын ұлғаюда. Демек, бұл осы  өңірдегі табиғи өсімдік жамылғысының өсуіне топырақтың күшті тұздануы өз әсерін тигізіп отыр деген сөз.

Бұрынғы теңіздің астауын  сақтап келген қысым бірте-бірте  азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл  процесс негізінен екі бағытта  яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.

Информация о работе Арал теңізі жағдайы