Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 09:02, реферат

Описание

Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.

Содержание

Кіріспе

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі
тәрбиенің мазмұны.

Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас
стилін тәрбиелеудің маңызы.
а)Сабақта оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру.
ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.
в) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен
байланыстыру.
3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.
Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Реф по психологии.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

        Естімейтін және нашар еститін  балаларға арналған мектептерде  балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгершілікке, әлеуметтік ортадағы, ортадағы адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте және коллективпен жұмыс істеуге, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің міндеттері.

        Арнайы мектептегі тәрбиелеу  мен оқытудың объектісі ол  қалыпты жағдайдан және психикалық  дамуы бұзылған балалар,яғни естімейтін  және нашар еститін балалар.

        Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалпы және негізгі мақсаты- естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты дамытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау. Бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек.

        Естімейтін және нашар еститін  балаларға арналған мектептің   мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің  негізгі міндеті, яғни тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға деген көз-қарасын, іс-әрекетіне баға беруге қалыптастыру.

        Тәрбие процесінің барлық түрінде  естімейтін және нашар еститін  балаларды коллективтік іс-әрекетке  ұйымдастыру болып табылады. Мұндағы  негізгі жағдай, ұстаздар мен тәрбиелеушілердің оқушылармен қарым-қатынасы жылы жүзді болуы керек.

        Тәрбиенің басты міндеттері- проблеманың ойлау жүйесінің меңгеруі, оның саяси-идеялық, интернационалдық, патриоттық ой-өріс аясын кеңейтіп, естімейтін және нашар еститін балалардың сөйлеу қабілетін дамыту.

        Естімейтін және нашар еститін  оқушыларды тәрбиелеудің жауапкершілік  принциптерін арттыруда, оны еліміздің  қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық  дамуымен байланыстыру міндетті. Естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің өмірін жаңарту, әлеуметтік, әдептілік үшін күресте қандай да болмасын қиыншылықтарға мойымай, дұрыс берілген тәрбие арқылы жеңуге болады. Адамды қалыптастырудағы тәрбиенің, жауапкершіліктің рөлі туралы жаңа көзқарас болуы қажет.

        Адамгершілік нормалар, ұғымдар мен мәселелер естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің мінез-құлқына терең әсер ете отырып, олардың сезімін оятып, рухани дүниесіне, танымына ықпал етеді. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік саналарын қалыптастыруда әлеуметтік орта, адамдармен қарым-қатынас, теледидар, әдебиет,өнер, тағы да басқалар әсер етеді. Әдетте бұл процесті орындауда жанұя, ата-ана, мұғалім, тәрбиешілер маңызды рөл атқарады.

        Жанұя ортасы- әр бала үшін  алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді.

        Тәрбиешілер, ең алдымен, өзі  үлгі болатындай етіп, өз-өзін  тәрбиелеуі керек. Әр баламен  жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің ғанибетті ісі.

        Тәрбиешілер табиғи болуы қажет,  олардың жылы жүрегі, мейірімді  жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан  балаға дүние есігі ашылады, оның дүние танымы, өмірді танып білуінен басталады. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының жағымды үлгі-өнегесі болуы қажет.

        Есту кемістігі бар балаларға  арналған мектептерде оқитын  оқушылар тез шаршағыш болып келеді және де тілдері дамымаған, сөздері дамымаған, сөз қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.

        Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға  қиналады. Естімейтін және нашар  еститін баланы коллективтің  рухында тәрбиелеу, оның өз тәртібіне, жеке басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді.

        Әсіресе, есту қабілеті зақымданған  балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан  қарым-қатынас стилінің тәрбиелік  маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор. Гуманистік қарым-қатынас стилінің негізінде арнайы мектепте мұғалімнің оптимизмі, оның оқушы мүмкіндігіне деген шексіз сезімі, бала бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп жатады. Есту кемістігі бар оқушылар, мұғалімдердің қарым-қатынас стилі ең алдымен, оның қояр талабының мазмұнынан, балаларды іс-әрекетке ынталандыру мен бағалай білу жүйесінен байқалады. Мұғалім әр сабақта балаларды өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруға, балаларды бір-біріне ынталы болуға үйретуге, бірге еңбектенуге, бір-біріне көмек беруге, өзі мен өз жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білуге бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім әр түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы, сабақ үстінде бір оқушының орындаған жұмысын бүкіл сыныпқа тексеру арқылы бағалатамыз. Жолдастары кеткен қателерін көрсетіп, нақты бағасын қояды. Тапсырманы тексерудің мұндай әдісі, балалардың өз-өзіне, бүкіл ұжым ісіне деген жауапкершілік қасиетін арттырады.

        А) Топтық жұмыстың мәні-балаларды  бір-біріне көмектесе отырып, өздеріне  жүктелген ортақ тапсырманы бірлесіп, жемісті еңбек етуге үйрету. Тәрбие ісіндегі бірізділіктің,педагогикалық негізгі баланың мектеп жасына дейінгі игерген мінез-құлық формалары мен мұғалімге, жолдас құрбыларына қарым-қатынасы, адамгершілік жайындағы бастапқы білім мен сезімі бастауыш сыныптарда адамгершілік мінез-құлықтың, ой-сананың, сезімнің, қарым-қатынастың жаңа формалары дамитын іргетасы болып табылады.Алдыңғы өткен тәрбие осы кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отыра, болашақтың ерекшеліктеріне қарай бағыт алып, баланы соған дайындайды, ал келесі тәрбие ісі баланың өмір сүрген кезіндегі тәжірибесіне барынша сүйенеді.

        Естімейтін және нашар еститін  балалар үшін адамгершілік тәжірибелердің  шешуші маңызы зор. 

        Тәрбие көбінесе ең алдымен  кемістігі бар баланың адамгершілік  ережелерін, нормасын және принциптерін  қолдана білу қажеттілігіне көз  жеткізіп, әдеттенетін күнделікті  тұрмысына өтеді. Мұндай балалардың төңірегіндегі адамдардың қоғамдық мүддесімен қоғамдың өмірімен байланысқан кез-келген әрекеті, адамгершілік әрекеті болып табылады. Адамгершілік қасиеттердің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзегі кеміс балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұны, методы және формаларына, соған сәйкес нақты мақсаттарға қарамастан, мұғалімнің алдында әрқашан есту қабілеті зақымданған балалардың адамгершілік қатынастарын ұйымдастыру міндеті тұруы тиіс. 

        Тәрбие жүйесіндегі тиімділік  көрсеткіштерінің бірі- бала адамгершілігінің дамуы, оның рухани адамгершілік дүниесінде елеулі өзгерістер болуы тиіс.

        Арнайы мектептерде оқытылатын  естімейтін және нашар еститін  оқушылардың жеке басының адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның дербес әрекеттері ерекше  маңызды, мұндай оқушылар тек мұғалімнің нұсқауы және олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл алғыштыққа үйретеді.

        Тәрбие процесі мінез-құлықпен  қарым-қатынастың адамгершілік жағын  балалардың мойындауын қамтамасыз етуі тиіс.

        Балалардың басқалармен өзінің қылықтарын түсіне білуі- адамгершілікпен өз ісіне баға беруін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

        Адамгершілік қасиеттердің жетілуі-  тәрбие жүйесінің нәтижесі және  тәрбие жұмысы тиімділігінің  негізгі критерийі.

        Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыруы нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі баии түседі. Есту қабілеті зақымданған оқушылардың тебіреністері, олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Сондықтан, арнайы мектептерде өтетін сабақта тәрбие процесінің барлық негізгі элементтері, мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара әсер етеді. Сабақта мұндай оқушыларды тәрбие беру сәттері ғана емес, бүкіл оқыту процесі тәрбиелейді. Сабақта адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі сабақ мазмұны, оның ғылымилығы, идеялылығы, мұғалімнің жұмыс әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-экономикалық қуаты, сабақта мұғаліммен оқушылардың арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас стилі, мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттерінің бағыттылығы, оның оқытатын материалдарға қатынастарын қамтамасыз етеді.

        Сабақ үстінде оқушылар арасында  белгілі бір іскерлік және  адамгершілік қатынастар үнемі  туып, пайда болып отырады.

        Арнайы мектептің сабақтарында  жүргізілетін дидактикалық ойындардың  да тәрбиелік мәні өте зор.  Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың  ұжымдық жұмысын ұйымдастыру  формасы тәрбиелеуші фактор болып  табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен  араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.

        В) Еңбек сабақтарында дамуында  кемістігі бар балаларды еңбекке  тәрбиелеудің маңызы өте зор.

        Онда мұғалімнің міндеті- оқушыларды  еңбекке қарым-қатынасын, еңбекке  мәдениеттің, еңбекке дұрыс қатынасын  және еңбек үшін жауапкершілік, бірлесе жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қатынас жасауға тәрбиелеу.

        Сабақта өздері жасайтын бұйымдар  балаларға өте көп тәрбиелік  ықпал жасайды. Бұл бұйымдардың  әдетте, белгілі бір тәжірибелік  құндылығы болуы тиіс, оқушыларға  немесе басқа адамдарға пайда келтіруі тиіс.

        Дамуында ахауы бар оқушы өз  еңбектің нәтижесін, яғни жасаған  бұйымдарын жолдастары немесе  мұғалімі бағалайтынын білгенде, ол өз жұмысының сапасына жоғары  талап қойып, өз жұмысын көрсетуге ұялмайтын болып істеуге ұмтылады, талпынады.

        Арнайы мектептердің зерттеу жұмыстарынан, естімейтін және нашар еститін оқушыларды еңбек саласының әр түрлі қызметіне немесе іс-әрекеттеріне бейім екенін көруге болады. Естімейтін және нашар еститін оқушыларды еңбек тәрбиесіне араластырудың маңызы өте зор. Сондықтан, психологиялық және тәжірибелік көмекші мектептерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде қоғам үшін пайдасы өте көп, әр оқушыға мұғалім еңбектенудің қажет екенін, еңбек арқылы табысқа жететінін түсіндіру қажет.

        Естімейтін және нашар еститін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, еңбек дайындығы керек. Еңбек оқушыға қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі. Еңбекке тәрбиелеудің кең тараған методтарының бірі- еңбек жайында әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулерді арнайы мектептерде тәрбиелеушілер өткізеді. Әңгіменің тақырыбын тәрбиелеуші өзі таңдайды. Мысалы: «Неге біздің мемлекетімізде барлық адамдар еңбек етеді?», « Еңбек сіңірген қызметкерлер туралы» және тағы сол сияқтылар. Сонымен қатар, мектептерде әр сыныптар арасында альбом, газет шығару көптеп кездеседі.

        Еңбекке тәрбиелеуде оқушыларды  өнеркәсіптерге, ауыл шаруашылығына  апарып, еңбек түрлерімен таныстырудың  маңызы зор. Бірақ, оқушылар  еңбек түрлерімен танысып қана  қоймай, сонымен қатар, еңбек адамдарымен  де танысады.

        Осындай жағдайлардың арқасында оқушылар өмірдегі ең қажетті нәрсе , ол- еңбек. Еңбек- адамдарға бақыт әкеледі, әр адам адал еңбек етуі қажет.

        Арнайы мектепте оқытылатын естімейтін  және нашар еститін оқушылардың  көбі, бейнелеу өнеріне қабілетті  болады. Бұл әрекет – балада әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады, сол арқылы бала бойында эстетикалық тәрбие қалыптасады. Бейнелеу әрекетінде баланың бақылағыштық, қиял, көру арқылы аз болса да , есте сақтауы, қабылдауы қалыптасады.

        С) Сонымен қатар, эстетикалық, алғырлық, өмірден әсемдікті түсіну және бағалай білу қабілеті де қалыптаса бастайды.

        Әсемдікті қабылдай білу баланың  өмірін байытады, қоғамдық құбылыстардың  кез-келген көріністеріне ынталарын  арттыра түседі және әсемдікті  бағалап, қорғау қабілеті арқылы оның әрекеті мен қылықтарын бағыттайды. Бейнелеу әрекетінің дамуында кемістігі бар балалардың рухани өміріне, адамгершілік саласына әсер ету олардың сезімдерді өзгерту және байыту жолымен өтеді. Бейнелеу сабағында табиғат әлемін оқушыларға эстетикалық тұрғыдан ұғынуды үйретеді.

Информация о работе Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары