Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 09:02, реферат

Описание

Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.

Содержание

Кіріспе

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі
тәрбиенің мазмұны.

Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас
стилін тәрбиелеудің маңызы.
а)Сабақта оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру.
ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.
в) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен
байланыстыру.
3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.
Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Реф по психологии.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

        Баланы тәрбиелеу үшін, бейнелеу  өнерінің алуан түрі қажет.  Заттың түп нұсқасынан сурет салу, декаративтік тапсырмалар, сурдопедагогтардың шығармалары туралы әңгімелер- осының бәрі дамуында ауытқуы бар балаларды жан-жақты дамытады.

        Балалар суретінің мазмұны- бұл  баланың бақылаулары, әсерлері  мен тілектері.

        Эстетикалық, тәрбиенің негізі- оқушылардың  қабылдауын, сезуін, көптеген нәрселердің  жақсы жақтарын өнерде, табиғатта, еңбекте, қоғамдық қарым-қатынаста, адамның іс-әрекеттерінде қалыптастыру.

        Эстетикалық, тәрбие- саяси-идеялық  адамгершілік, еңбек және дене  тәрбиесін кешенді түрде іске  асырады.

        Арнайы мектептерден эстетикалық  тәрбиенің негізгі міндеттері:

  1. Балалардың сезім мүшелерінің дамуы және оның эстетикалық қабылдау қоршаған орта нақтылығына қабілетті қылу.
  2. Оқушылардың бойында эстетикалық көзқарастың көркемдік талғамын қалыптастыру және дамуында әдемілікті көріп және де, оны түсіне білуге де үйрету.
  3. Шығармашылық қабілеті мен эстетикалық бейімделген оқушылардың бойына дамыту.

        Нашар еститін оқушылар, жалпы  оқушыларға қарағанда эстетикалық  дамуы баяуырақ жүреді. Эстетикалық  тәрбие процесінде есту қабілеті  зақымданған балалардың ой-өрісі  кеңейеді, таным процестері белсендетіледі, ерік біршама жетіледі.

        Естімейтін және нашар еститін  оқушыларға арналған мектептерде  балаларға бейнелеу сабағының  маңызы зор. Сурет салғанда  оқушының моторикасы дамып, есте  сақтау қасиеті жақсарады.

        Эстетикалық дамуы, бейнелеу өнері  сабағында ғана емес, сонымен  қатар, шығармашылық тәрбиелеу процесінде де орын алады. Оқушылар шығармашылық өнерлерімен, мысалы, әдебиет, драма, ән, би, өлең айты, сурет салу арқылы өз бойына эстетикалық тәрбиені қалыптастырады.

        Арнайы мектепте оқитын естімейтін  және нашар еститін балаларды эстетикаға тәрбиелеу үшін, оларды көптеген мұражайларға, театр-концерттерге, табиғатқа серуендеуге, көрмелерге апару керек.

        Серуендеуді арнайы мектепте  оқитын нашар еститін оқушыларға  жақын және түсінікті құбылыстардан  бастау керек. Мысалы, мектеп мұражайларын, мектепке жақын көшелерде орналасқан- завод, фабрика, почта, магазин, кітапхана, дәріхана, балалар бақшасы, клуб, ауылдардағы шеберхана мен фермалардан серуендеуді бастау керек.

        Д) Баланың байқампаздығын, қиялын, сезімдерін дамытуға- табиғаттың ықпалы өте зор.

        Қазіргі кезде, арнайы мектепте  оқытылатын нашар еститін оқушылардың  оқу бағдарламасында балаларды  әр түрлі серуендерге шығару  енгізілген.

        Программаларда, методикалық құрал-

     дарда мұғалім назарын бәрінен де бұрын, дидактикалық міндеттерді: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың өздерін қоршаған әлем туралы түсінігі мен білімін, табиғаттың өзара байланысты және өзара сабақтас құбылыстарды білу туралы білімін байыту танымдық мүдделерін дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды.

        Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы зор. Табиғаттану бойынша серуендеу, оқушыларға өздерін қоршаған аймақтың жер бедерімен, өсімдіктерімен таныстырып, зерттеуді, оның ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды тәрбиелеуде табиғатты қорғау, оған мейлінше ұқыптылықпен қарау керектігі туралы әңгімелесуі керек, әдетте, табиғатты қорғау дегенді қолдан отырғызылған жасыл ағаштарды кеспей, қамқорлық жасау туралы мәселемен ғана тірейді. Дұрысы, бұл мәселеге әлдеқайда кеңірек қарау керек. Табиғатқа серуендеу кезінде балалар, мысалы кемістігі және көзі жабылып қалған бұлақтарға кездесуі мүмкін. Мұндай бұлақтардың көзін ашып, қоқыстан тазарту- әркімнің міндеті.

        Табиғатпен араласу- балаларда  мейірімділік, қайырымдылық, сезімталдық қасиеттерін тәрбиелеудің тамаша мектебі. Кімде-кім бала кезінде табиғатқа немқұрайлы қарап, оның сұлулығын көре алмай, хайуандарға табиғаттағы әлсіз тіршілік иесі ретінде қарап, қамқорлық жасауды үйренбесе, кейін ондай оқушылардың адамгершілік мейірім күту қиын, өйткені, қайырымдылықтың жақын адамға деген нышаны адамға бала кезінен егіледі ғой.

        Кейбір жекеленген жағдайларда  байқауға болатын балалардың  хайуанаттарға деген мейірімсіздігі  көбінесе, оның түсінбеушілігінен  туады. Мәселен, су қоймаларына суруен жасаған кезде, кейбір оқушылар бақаларды көре салып, дереу тас ата бастайтынын жиі кездестіруге болады. Мұғалім балаларға бақаларды, пайдалы хайуанаттарды адамдардың әрқашанда, оған қамқорлық жасайтынын түсіндіру керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.

     Қазіргі кездегі арнайы мектептің педагогикалық  тәрбие әдісі, ұжымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде  әр түрлі көзқарастар бар екені  байқалуда.

        Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша, бұл- педагог жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.Ал, И.С.Марианканың анықтамасы бойынша, бұл-жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісінің тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйене отырып, келесі тұжырымдама жасауға болады.

        Тәрбие әдісі- тәрбиеленушілер  мен тәрбиешілердің өзара байланыс  іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

        Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына,  принциптеріне және мазмұнына  балалардың жас және дербес  психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты.

        Естімейтін және нашар еститін  балаларға арналған мектептердің тәрбие әдістері, тәрбие жұмысының мақсаттарымен және мазмұнымен анықталады.

        Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын  іске асыруға, оқушылардың мінез-құлқын  қоғамдық нормаға үйретуге, адамдармен  қарым- қатынас жасауға және  олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. 

       Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.

        Қазіргі кезде, жалпы мектептер  сияқты, арнайы мектептердің тәрбие әдістерін жіктеудің оннан астам түрі бар.1жіктеу (3 топ)

     1-топ.  Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынастағы, мінез-құлқындағы  жағымды тәжірибені қалыптастыру  әдістері: талап, қоғамдық пікірлер, үйрету-жаттықтыру, арнайы тәрбиелік  ситуация. Мысалы: естімейтін немесе құлағы нашар еститін балаларды- борыштық сезімге, жауапкершілікке, белсенділікке жаттықтыратын өндірістік бригада, шефке алу жұмыстары болып табылады.

     2-топ.  Жеке адамның сапасын, мысалы, ұғым, баға беру, пайымдау, пікір айту, сендіру сияқты ұғымдарды естімейтін және нашар еститін балалардың санасында қалыптастыру. Бұл топтың әдістері:саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар т.б. Бұл әдістердің естімейтін және нашар еститін оқушылар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан естімейтін және нашар еститін балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қалыптастыру қажет. Ал, бұл балаларға осы нормалар жөнінде білімді пайымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай естімейтін және нашар еститін балалардың өмірлік поэзиясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

        Естімейтін және нашар естиітн  оқушылардың санасын тұрақты  қалыптастыру үшін, көбінесе педагогтармен  тәрбиешілер- әңгіме әдісін қолдануды  жөн көреді. Мұндай балалар, яғни, естімейтін және нашар еститін  балалар әңгіме әдісінде саяси, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады. Олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді.

        Әңгіме әдісін, естімейтін немесе нашар еститін балаларды іске асыру үшін, педагогтар мен тәрбиешілер, мына келесі талаптарды есте сақтауы қажет.

  1. Тақырыптың көкейкестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
  2. Әңгіменің мазмұны естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігіне сәйкес баяндалуы қажет.
  3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес, техникалық құралдар, тиімді көрнекілікті пайдаланған жөн.
  4. Сөздік дайындық жұмысы, жоспар, уақыты мен өміріне байланысын, пікірталас әдісін, біз, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жоғарғы сыныптарындағы оқушыларға өз пікірін айтуын, баға беруін сенімін қалыптастыруға қолданамыз.

        Пікірталас тақырып бойынша, естімейтін  және нашар еститін оқушы өзінің  көз-қарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен  бірге,басқаның пікірін тыңдауға  үйренеді, келісу немесе таласу  пікірлері де пайда болады.

        Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған мектептерде пікірталас оқушыларды қателікпен, жалған көзқарастармен күресуге , түзетуге бағытталған.

        Естімейтін және нашар еститін оқушылардың ойлану сапасын жақсартуға, талаптануға, ойлау процесін түзетуге, тиіс кемістігін жоюға, сөз қорын байытуға мақсатталған бірден-бір әдіс- пікірталас.

        3- топ. Мадақтау және жазалау   әдістерін- естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектепте өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде адамгершілік тәрбиесішісінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау мен жазалау әдістері пайдаланылады.

        Мадақтау- тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандыру.

        Жазалау- бұл балаға қоғамдық  талап қою, оның мінез-құлқында  байқалатын теріс қылықтарды  тежеу тәсілдері. Жазалау үшін, оның шындығын толық білу керек,  сонымен бірге, ұжым пікірі  жазалау жайында болғанда ғана, баланы жазалауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

        Естімейтін және нашар еститін  балаларға арналған мектептен  тәрбие жұмысында әдістерді таңдап  алу оқушылардың жас және психологиялық,  дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие принциптері. 

        Тәрбие принциптері- тәрбиеші басшылыққа алуы тиіс тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.

        Тәрбие принциптері бірнеше түрге  бөлінеді:

  1. Тәрбиенің идеялылығы, мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.
  2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні- қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдау болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты таңдауға, толық дайындауының шынайы алғышартын жасайды.
  3. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
  4. Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптармен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
  5. Тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі.
  6. Тәрбиенің оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.

        Осы естімейтін және нашар  еститін балаларға арналған тәрбиенің  мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің басты мақсаты- әлеуметтік сарыны кемтар балалардың кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау. 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі 

          1. « Сурдопедагогика» под.ред. А.И.Дьечкова.

          2.  « Специальная дошкольная педагогика» Н.И.Белова. Москва Просвещение 1985 год.

         3. « История сурдопедагогики» А.Г. Басова, С.Ф. Егоров Москва Просвещение 1989 год.

          4. « Обучение и воспитание глухих детей» под.ред. С.А.Зыкова Москва 1963 г.

Информация о работе Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары