Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің» қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің мәні орасан зор.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары..............................................................................................................5
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары............................................................................................................9
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы............................................12
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер.............................................................................................18
2.2. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстары.............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Улттык педагогиканын калыптасуы.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

Газетте 20 ғасырдың басындағы  қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайын, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне,  әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты ағаларымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалармен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, Ш.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.

Қазақтың басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім, жағынан қалың қазаққа  бас-көзі болды. Мысалы, «Оқу жайлы», «Қазақша оқу жайы» атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың шаруасына, бір жатқан, надандықтан кемшілік келгенде, екінші жақтан  білімсіздігін көріп тұрғандар басынып,  елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер - білім, сол өнер білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік»,  - десе «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, қазақша оқып, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу керек», - дейді. Газет 1913 жылы жариялаған материалдарында оқудың мән-жайын, маңызын айтып көпке түсіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» (№61), «Мектеп керектері» (№62), «Оқу мезгілі» сияқты мақалаларында мектеп, медресе жайларын нақты көрсетіп, мұқтаждарын айтады.

«Қазақ бастауыш мектебі  қандай болуы керек?» және «Ол  мектептердің қажеті не?» деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов 20-ғасырдың басында-ақ: «Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әрпімен бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әркімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп, правила қазақ жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, яғни қазақтың діні, тілі жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек», - деп жауап берген болатын.

Жоғарыда біздер «Қазақты»  қоғамдық-саяси газет деп атадық. Осыған орай редакция алқасының үкімет саясатының жазылуына көп мән  бергендігі байқалады. Ондағы мақсат - қазаққа үкімет жайын, оның не екені, мүдделері түсіндіріліп жиылыс-мәжілістерімен, басты мәселелрмен таныстыру еді. Мысалы, «Г.Дума» (1915 жыл, №145), «23 қаңтар» (1913 жыл, №98), «30 қаңтар» (1915 жыл, №100), Орынбор 22 ақпан» (1915 жыл), «Г.Дума ашылды» (1916 жыл,№169), «Г.Дума» (1916 жыл, №179), «Дума һәм хүкімат» (1916 жыл, №207) атты материалдарда мемлекеттік дума және кеңес жұмыстары жөнінде жан-жақты түсінік берілген.

Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә.Бөкейханов «Қыр баласы»  деген бүркеншік атпен жазған. Мәселен, оның газеттің 1914 жылғы 49-нөмерінде бүркеншік атпен жарияланған бір мақаласынан: «Мұның ғалымды кісілері неше түрлі закон жобасын кітап қылып басып шығарады, сөз білгіш ғалымдарының қызметі кітап басу, шығын партияның байларынікі Г.Думаға партия атынан бұл партияның депутаттары қанша закон жобасын кіргізді. Осы закон жобасының бәрін жалғыз депутаттар емес, Г.Думада жоқ, сыртта жүрген партияның ғылымды білгіші қосылып жазады. Жұма сайын Г.Думада қарайтын жарыс қылып, қарап өтеді. Осы пара жарыста тағы білгіш, ғылымды партияның кісісі болады. Оны былай істеу керек"» - деп ақыл береді.

Өзге мақалаларда Дума кеңесінде қаралған басты мәселелрдің  бірі-соғыс барысы, қару-жарақ жайы сөз болады. Мәселен, газет 6-тамызда  болған Дума ақсақалдарының кеңесіндегі  «Дума таралуға тиіс пе, жоқ па?»  деген жайдың тексерілгенін айта келіп, әр түрлі партия өкілдерінің сөздерін қысқаша түрде беріп отырған. Төрағаның көпшілік Думаны таратпау керектігін, үндету жағында болғанын мағлұм ееді, әрі кеңес қаулысының мынадай:  1) табысқа қарай салық салу; 2) мемлекеттік банкінің правосын арттыру; 3) босқындарға жәрдем; 4) екінші разряд опалчиндерді соғысқа алу және т.б. жобаларды қабылдау туралы тоқтамға келгенін жазады. Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Оны «Қазақтың» әр нөмерінде «дозволено военной цензурой»  деген бұрыштамадан көреміз. Мысалы, газетте 1914 жылғы тамыздың үші күнгі нөміріндегі бас мақала жарияланбай қалған. Осыған байланысты  «бас мақала редакцияның рұқсат етпеуінен басылмай қалды» деп жазған.

Сондай-ақ «Қазақтың» бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф Татищевтің Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары архивте сақталған. Онда «Қазақ» газетін тексеру-бақылау жұмысын Торғай облыстық басқармасының тілмашы, татар тіліндегі мерзімді баспасөздерді бақылаушы Тұңғанчинге тапсыру қажеттігі жайында Орынбор губернаторы, генерал-лейтенант Сухамлиновтың бұйрығы да бар.

Міне, патша өкіметінің осындай жазалаушылық шараларынан «Қазақ» көп қиянат көрген. Мәселен, газет өзінің 1914 жылғы 78 нөмірінде жарияланған «Алашқа» және 79 нөміріндегі «Ресейдегі ұйымшылдық» деген мақалаларында қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып көрсеткені үшін, патша саясатына қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттау үкімі шығарылған. Сондай-ақ «Бұл қалай?» мақаласы үшін редакторға 50 сом айып салып немесе екі апта абақтыда отыру кесілген. Ал «Заң жобасының баяндамасы» деген мақаласы үшін Орынбор генерал-губернаторы А.Байтұрсыновқа 1500 сом айып немесе үш ай түрмеге кескен. Осындай салиқалы қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Оның 265 нөмерінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбегі іспеттес. Замана шежіресіндей болған басылым Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4 наурыздағы Орынбор Советіне берілген: «..просим немедленно закрыть газету» деген нұсқауы бойынша көп ұзамай жабылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатына бағынбай толассыз шығып тұрған басылым Кеңес  өкіметі тұсында бір жола тоқтатылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Шоқан, Ыбырай, Абай мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Олай болса, бүгінгі қазақ мектептері үшін олардың еңбектері қандай деген сұраққа: ол патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхаметұлы т.б. ұлт-азаттық көтерілісіне үндес күрескерлер, патриоттар деуге болады. Қазақ батырлары білекпен, қарумен күрессе, Ыбырай, Абай, Шоқан бастаған ағартушы-демократтар тәуелсіздік үшін білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу арқылы жүзеге асырды. Яғни отаршылдық саясатқа қарсы күрес «білектің күші емес, білімнің күші» арқылы іске асты. Әсіресе Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқында тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев т.б. көші басталды. Ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр. Халық жадында бірге сақталып, бірдей бағаланатын тұлғалар болады. Мысалы: Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би. Бірі  аталса, өзгелері де ауызға еріксіз ілігеді. Халқымыз ешқайсысын да аласартпай, тең дәрежеде дәріптеп келеді. Осылайша бірге аталып, бірдей ардақталатын асылдарымыздың қатарында, әрине Абай, Ыбырай, Шоқан бар. Өйткені, тарих зердесінде шынайы үйлесім тауып, бірін-бірімен айырғызсыз үш арыстың ағартушылық ойын ілгері дамыта келіп, өз шығармаларында ана тілімен сусындап, жетілген, қалыптасқан, халықтық педагогикаға негізделген ұлттық мектепті дәріптеп, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ елінде педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес қосқан. Зиялы қауым өкілдеріне назар аударып, зер салу аса қажет деп білеміз. Себебі, еліміз егемендікке ие болғалы ұлттық мектептің іргетасы  қалана бастады. Ұлттық  мектептер тарихын, тілін мәдениетін зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі  білімге ұмтылудамыз. Қазіргі «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық метептердің» бағыт-бағдарын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және болашағын анықтап алмайынша, ұлттық мектептерді бүгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқу-тәрбие жұмысының тиімді түрлері мен әдістерін енгізу мүмкін емес. Сонымен ұлттық мектеп дегеніміз – ол  қандай мектеп? Онда оқылатын білім мазмұны қандай болуы тиіс? Ұлттық мектеп мәселелерімен шұғылданып жүрген ғалымдардың пікіріне зер салып қарайтын болсақ, нағыз ұлттық мектеп – мемлекетті  құратын ұлттық тарихи аумақта қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егемендігін дәріптейтін саясатын жүзеге асыратын, оқушыларды ұлттық мінез бен ұлтық ана тілі негізінде өз халқының рухани әлемін қалыптастыратын мектеп болуы керек екенін көреміз. Ұлттық мектеп тағдыры қай уақытта да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлт жанды азаматтарын толғандарып келген өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Ұлттық мектептің өз кезегінде ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым – педагогтер Я.Коменсий, К.Ушинский, В.Стоюнин, П.Каптерев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Гессен, В.Сорока – Россинскийлер болды. Осы аты аталған педагогтер: «Мектеп ұлттық болып аталуы үшін ұлттық психология мен тарихқа негізделуі және қоғамдық қажеттілікпен санасуы шарт» деп санады. Сол себепті де өткен тәжірибені зерттеу, жинақтау және теориялық тұрғыдан қолдану қазіргі ұлттық мектептің теориясы мен тәжірибесіндегі қажеттіліктен туындап отыр. Бұл қарастырылып отырған тарихи – педагогикалық зерттеу жұмыстарының көкейтестілігі: ұлттық мектепті бүгінгі таңда реформалаудың және оның ғылыми негіздерін одан әрі дамытудың, алдын ала жобалаудың қажеттілігімен байланысты. Жаңа дәуірдегі «қазақ ұлттық мектебі» дегеніміз қандай мектеп, оның негізгі қызметі, мақсат мүддесі, ұстанымдары мен үлгі тұғырлары қандай, ол қай бағытта жұмыс жасауы керек? Сонымен, ғылыми – педагогикалық тұрғыдан жүйелі зерттелуі, қазақ ұлттық мектебінің теориялық - әдіснамалық негізін, ғылыми-тұжырымдамалық ұстанымдары мен моделдік үлгілерін, даму үрдісін анықтау талап етілуде. Қай ұлттың, қай халықтың болсын, кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамыуна басты ықпал жасайтын негізгі тірек - ұлттық мектеп. «Тәжірибе – барлық ғылымның бастамасы» деп Ы.Алтынсарин айтқандай, ұлттық мектептің даму тәжірибесінен педагогикалық көзқарастардың тарихи желісі мен біртұтастығының заманалық өміршеңдігін көреміз. Олардың негізінде оқу-тәрбие ісінің жүзеге асып келгеніне және асырыла беретініне сенеміз. Осы тұста ХХ ғасырдың басында тарихи сахнаға шыққан ағартушылардың, педагогтер мен жазушылар буыны туралы ерекше атап айтқан дұрыс әрі қажет деп ойлаймыз. Олар қазақ халқының тарихи мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық мектепті қалыптастыруда және оның іргетасын қалауды белсене ат салысқан, жеке басқа табыну кезінде зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың құрбаны болған, көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың адал перзенттері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллиннің т.б. педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор.  Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік  алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер жазылып, кітаптар жарық көре бастады. Өйткені олардың барлығы  өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септілігін тигізген өз дәуірінің өкілі ретінде қазақ үшін аса қажетті болған ұлы жандар. Сонымен халықтың тарихи мәдениетін өркендету және педагогика тарихы дамуының келешегін айқындауда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарастарын, шығармашылық мұраларын зерттеу педагогика саласындағы болашақ маман үшін қуатты, тәрбиелейтін, білім беретін әрі дамытатын құнды еңбектер болып табылады деп білемін.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы “Егемен Қазақстан” 1 наурыз 2007 ж.

2. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

4. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

5. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.

6. Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.

7. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.

8. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 том. – Алматы, 1998-2005 ж.

Жоспар

9. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика”. - Астана. 2005 ж.

10. Асыл сөз. //Құр. Асанов Ж. – Алматы. 2000.

11. Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. “Әдеп және жантану”. – Алматы: “Атамұра” 1994 ж.

12. Дүйсембiнова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп программасына ендiру. – Алматы: “Ғылым” 2000 ж.

13. Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: ҚызмемПИ. – 2005 ж.

14. Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.

15. Асылбеков М.Х. Патша үкіметіне қарсы қазақ тіліндегі өңдеу өлең туралы / Қазақ ССР Ғылым акад-ң хабарламасы, тарих, археология және этнография сериясы. – 1960. - №3. – 3 бет.

 


Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы