Қазақтың ұлттық кілемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:08, реферат

Описание

Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанса да, өздерінің алтын шаңырағын таза, ұқыпты, сәнді етіп ұстаған. Алты қанат ақ үйлерінде небір жақсы-жайсаңдарды қарсы алып, талай келелі кеңестер құрып, тойларын да сонда өткізген. Осындай сәттерде туған-туыс, сырттан келген қадірлі қонақтарды әсемдік пен әдемі бір сезімге бөлейтін заттар – үй жиһаздары, солардың ішінде түрлі-түсті, таңғажайып ою-өрнекке толы қазақтың, шығыстың ұлттық кілемдері еді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақтың ұлттық кілемдері.docx

— 26.21 Кб (Скачать документ)

Қазақтың ұлттық кілемдері

Алтын шаңырақтың арайлы ажары

  Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанса да, өздерінің алтын шаңырағын таза, ұқыпты, сәнді етіп ұстаған. Алты қанат ақ үйлерінде небір жақсы-жайсаңдарды қарсы алып, талай келелі кеңестер құрып, тойларын да сонда өткізген. Осындай сәттерде туған-туыс, сырттан келген қадірлі қонақтарды әсемдік пен әдемі бір сезімге бөлейтін заттар – үй жиһаздары, солардың ішінде түрлі-түсті, таңғажайып ою-өрнекке толы қазақтың, шығыстың ұлттық кілемдері еді.

Кілем тоқу тарихынан

Үй жиһазы – кілемді жерге жайсаң – төсеніш, қабырғаға ілсең – сән. Оны негізінен, сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынады. Ол – қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің көріктісі. Шығыс елінде кілемді тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем тұтынуға қолайлы, төзімді, шаң-тозаңнан тез тазартылады, ылғалдан, құрғақшылықтан қорықпайды, күтіп ұстаса, күйе түспейді әрі аса бағалы мүлік. 

 Кілем бетіндегі сан  қилы сәнді өрнектер-көшпелі халықтың  өмір шежіресін баяндайды. Бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары, бәрі-бәрі осы кілем өрнектерінде бейнеленіп тұр. Кілемдегі суреттер шартты түрде бейнеленгенімен, онда өмір шындығы айқын аңғарылады. Біз білетін деректер: тоқылатын кілемдердің ішінде Түрікменстанның, Өзбекстанның, Қырғызс-танның, Қазақстанның кілемдері өздерінің көрнектілігі жағынан басқа халықтың кілемдерінен көш ілгері. Өйткені, ұлттық кілемдер – осы республика қолөнерінің төл туындысы, негізгі түрі.

Көп мақсатты үй жиһазы кілемдердің шығу тарихы тереңде. Ол қазақ топырағында мұнан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан дүниеге келген. Кілемнің алғашқы түрлерінің Алтай тауы маңындағы қола дәуіріне жататын Пазырық, Нойын – Улинск қорғанынан табылғаны белгілі. Жалпы, кілемдер мен кілемдік бұйымдарды ең ерте заманнан шығарып келе жатқан елдің бірі-түрікмендер. Сондықтанда, бұл республиканың мемлекеттік елтаңбасында бұрыннан-ақ кілем өрнегі бейнеленіп келді. КСРО кезінде түрікмен кілемдерінің 8 пайызы Одақта жасалатын кілемдердің бәрінен де жібінің тығыздығы жағынан ерекше орын алды. Өйткені, мұнда бір шаршы метр аумақта 220-400 аралығында тін болды. Тіпті, түрікмен кілемдерінің арнайы тоқылғандарының тығыздылығы соншалықты, оларда бір миллионға дейін жіп тіні кездесетін.

 Түрікмен, Қазақстан кілемдері  КСРО көрмелерінің мұражайларының  да көрікті жәдігерлері болды.  1966 жылы Ашхабад артистері Кремльдің съездер сарайының төріне өз елінде жасалынған шеттері ашық гүлдермен безендірілген, ортасы орман алаңындағы қызғалдақ гүлдері тәрізді жайнап тұрған, көлемі 252 шаршы метрлік, салмағы бір тоннадан артық кілемді әкеліп ілді. Осында концерт қойылған кезде әлгі таңғажайып кілем бүкіл сарай ішін қызыл-жасылды гүлге бөлеп жіберді. Ал алматылық шебер Стальной тоқып шығарған сәнді кілем өте сирек кездесетін ұлттық жәдігер ретінде 1960 жылы республикамыздың мемлекеттік мұражайына әкеліп қойылды. Кезінде біздің елімізде де қолдан кілем тоқу өнерінің дамығанының бір айдағы 1963 жылы есеп жүргізілгенінде, қазақ жерінде кілемді қолөнер әдісімен тоқитын белгілі 176 шебер бар болып шықты. Қазір ше? Қазір ұлттық қолөнеріміздің бұл саласы құлдырап барады...

 Этнографтардың пайымдауынша, қазіргі түркі халықтарының кілем  үлгілерінде ортақ ұқсастықтар  бар. Солардың ішінде қазақ кілемдерінің арғы төркіні байырғы сақ, ғұн, қыпшақ өнерінің мұралары болып саналады. Оны осы кілемдердегі әдет-ғұрып, салт-жора, тіршілік, кәсіп, табиғат көріністерінің түрлі-түсті бояулармен астастыра бейнеленуінен байқауға болады. Дүние жүзінде ең алғаш рет ең үлкен кілем 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр болды. Түрікмен шеберлері мұны 1965 жылы екі еседен астам ұлғайтып, көлемі 525 шаршы метрлік, салмағы бір тоннадан астам кілем тоқып шығарды. Әр халықтың, әр елдің салт-санасы, қалыптасқан дәстүрінің ерекшеліктеріне сәйкес кілемдерінің де түр-түсі, ою-өрнегі, дайындау тәсілі әрқилы. Және осы тоқылған кілемдер сол жердің, сол жердегі тайпа, рудың да атымен атала береді. Бұл дәстүр Дешті Қыпшақ еліне, оның кілем тоқу өнеріне де тән. Дешті Қыпшақ кілемдері сәнді де сапалы, төзімді де бояуы өте қанық болғандықтан, олар Ұлы Жібек жолындағы керуендер тасыған қымбат тауарлардың бірі болды.

Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдердің Отаны: Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Румыния, Венгрия, Польша, Ауғаныстан, Туркия, Дағыстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қазақстан. Бұл елдердің кілемдерінде ұлттық ою-өрнек пен нақыштар ұштастырыла салынып, айрықша түр, сипат береді.

Кілем тоқу әдістері

 Құнды бұйым-кілем  өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен  жүзеге асырылады. Біріншісі – қолмен кілем тоқу, екіншісі – машинамен кілем жасау. Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Қолдан түкті кілемді тоқығанда оған қажетті заттар: жүн (қойдың, ешкінің, түйенің), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері.

Кілемнің түгі былай шығарылады: әр түрлі бояулы жіптерді әрбір екі  өріс жібіне түйілдіреді. Бұлар көбінесе қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады, ұшы бетіне шығарылады, сосын қырқып тасталынып отырады. Ал, бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан соң арқау жібін жүргізеді, сөйтіп, алдыңғыларына қарай оны тарақпен нығыздай қағып қояды. Кілем түгі үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.

 Кілемді машинамен тоқу 1825 жылы Еуропада бастау алды. Бұл 1806 жылы француз өнертапқышы және механигі Ж.М.Жаккард (1752-1834) ойлап тапқан машинаны кілем тоқу ісіне пайдалануға байланысты мүмкін болған еді. Бір кілемші қолымен жылына 10-12 шаршы метр кілем тоқыса, машинамен сағатына 4-5 шаршы метр кілем тоқи алады. Алайда машинамен тоқылатын кілемдердің сыртқы түрі мен ою-өрнегі қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешілігі болмағанымен, беріктігі мен төзімділігі жағынан олардан төмен болады, бағасы арзан келеді.

 Машинамен тоқылатын  кілемдердің негізі: табиғи жіптермен  бірге синтетикалық жасанды талшықтар,  жүн тәріздес жіптер, химиялық  қабыршық жіптер. Машинамен тоқылатын кілемдердің түгі мынандай түрлерге бөлінеді: тігілген тафтинг, тоқылмалы, трикотаж, тоқыма – тігілмелі, шыбықшалы киіз, флокировты. Механикалық тоқу станогы арқылы шығарылатын тоқыма кілемдер бір түсті немесе әр түрлі түсті болады, құрылымы жағынан көп қабатты матаға ұқсас. Жоғары жылдамдықтағы көп инелі машиналармен тоқылатын кілемдер: түгі тігілмелі тафтинг және негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма – тігілмелі. Кілем тоқылып бітісімен атқарылатын жұмыстар: түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті әдіптеледі немесе оған шашақ тігіледі, сөйтіп, қосымша өңдеуден өткізіледі.

Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин халықтарының арасында қолмен тоқу өнерінің көптеген түрлері бір-бірімен  өте ұқсас. Соған қарағанда бұл елдер арасында көршілік қарым-қатынастар ертеден-ақ қалыптасып, дамыған тәрізді. Қазақтарда кілем өрмегінің өзіндік атаулары бар. Олар: «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп аталады. Осы өрмектерге қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі де оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптерді қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерге қарағанда бостау иіріп дайындайды. Негізінен, қазақтарда түкті кілемді 2-3 шебер қатар отырып тоқиды.

Кілемнің түрлері мен  түстері 

 Кілемдер тоқылу ерекшелігіне  қарай-түкті, тақыр, материалына  қарай – жүн, жібек, мақта  кендір талшығынан жасалған, көлеміне  қарай – қос күмбезді, бес күмбезді, кілемдер болып, ою-өрнектеріне  қарай түрліше аталады.

Түкті кілем. Бірнеше қабаттан тұрады, оның негізгі арқауы жекелеген жіптер және бір-біріне тығыз орналасқан түйіндер. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылады да ол қалың түк құрап, әлгі түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Осы түктердің ұзындығы 3 миллиметрден 18 миллиметрге дейін жетеді. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырады, оны барқыт сияқты жұмсақ етіп көрсетеді.

  Тықыр кілем. Оның түрлері: палас, сумаха, шпалер, терме алаша және тағы да басқалары. Ол – бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылатын бұйымдар.

Аралас кілем. Оның түгі қырқылмайды, кейде түгінің жартысы қырқылып, аралас кілем етіп шығарады.

 Тері кестелі өрнек кілем. Ол – тоқыма емес, яғни, түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілем, тұскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілем.

 Қазақ шеберлері, басқа  да халықтардың кілемшілері қызыл,  қара, сары, күлгін, аспан көк түстерді  кеңінен қолданып, сан алуан сұлулықты,  құбылысты бейнелейді. Қазақ кілемдері өндірілген орнына қарай – Торғай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл кілемдері, ру үлгілеріне қарай-қыпшақ кілемі, адай кілемі, керей кілемі, қоңырат кілемі, үйсін кілемі, қосалқы белгілеріне қарай – шашақты, оқалы кілем деп те аталады.

 Өрмекпен тоқылатын  кілем түрлері:

 Адай кілем, ақ кілем,  ақсирақ кілем, Алматы кілемі, Андіжан кілемі, Ашхабад кілемі, Бас кілем, барқыт кілем, бір  бет кілем, бөстек кілем, бөртпе  кілем, бұхар кілем, жасыл кілем,  жол кілем, жолақ кілем, жібек  кілем, қара кілем, қалы кілем,  қабырға кілем, қоржын кілем,  қыпшақ кілем, қызыл кілем,  құлпырма кілем, масаты кілем,  мақта кілем, молдаван кілем,  мақпал кілем, ноғайлы кілем,  нар кілем, намаз кілем, орыс  кілемі, оюлы кілем, от кілем,  парсы кілемі, Самарқан кілемі, Түрікмен  кілемі, түкті кілем, түрлі кілем,  төр кілем, төсек кілем, тұс  кілем, түйе кілем, үлкен кілем,  хан кілемі, шашақты кілем, шаршы  кілем, шағын кілем.

 Кілемдердегі өрнектер:

 Түкті және тықыр  кілемдердегі салынатын үлкен  гүлдері – «күмбез», жиектеріндегі  текшелі өрнектері – «қорған»  деп аталады. Оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұлар зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қаланы бейнелеп тұр. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру кілемдермен бірге текеметте де орын алған. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына «түлкі ілген бүркіт», жан-жануарлар, табиғат көріністері салынады. Геометриялық өрнектер де көп қолданылады, ішінара көгеріс өрнектері пайдаланылады.

Әлем халықтарының кілемдері

 Түрікмен кілемдері:  «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» және тағы  да басқалар. Түрікмен кілемдері негізінен, түсі қызыл, геометриялық сызықты өрнектермен әсемделген.

 Кавказ кілемдері:  «Куба», «щируан», «хила», «қазақ», «карабах»,  «дербент», «микрах», «ахты» және  т.б. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті. Ою-өрнегі гүл жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі.

Қытай кілемдері: ою-өрнегі: әр түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбылыстар, айдаһарлар және т.б. Мұнда  лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген  кілемдер де бар. Олардың ортасы ою-өрнексіз, көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті. Қытай кілемдерінің өзіндік бір ерекшелігі, оның түгінің кілемдегі ою-өрнекті аша түсуі ыңғайымен ұзынды-қысқалы етіп қырқылуы.

 Түрік кілемдері: «анадолы», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусса», «ушан» деп аталады. Мұнан да басқа атаулары бар. Түрік кілемдері гүлді және ою-өрнекті болып келеді.

 

  Француз кілемдері: негізгі түрлері «савоннари», «обюсон» деп аталып, осы үлгідегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басым болады.

Иран кілемдері: «исфахан», «қашан», «фаранған», «хорасан» деп  аталған кілемдер әлемге әйгілі.

 Әзірбайжан кілемдері: «куба», «щируан», «қазақ», «зенджа» деп аталады.

Қазақ кілемдері: түкті, тықыр, барақ кілемдер. Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Арқада түкті, тықыр, араб кілемдерін тоқу, Семей өңірінде кілем кестелеу күшті дамыған. Түксіз қазақ кілемдерін тоқудың бірнеше тәсілі қолданыста. Оның кең тараған түрі – басты өрнектерінің «араби» болып жасалынатыны. Яғни, мұндай кілемді тоқуда жіңішке және жалпақ өрнекті белдеулерді шебер алмастырып отырып, арабы кілемнің әсем суретін құрайды. Қазақтар шаршы кілемді орта тұсын шаршылармен немесе ромбылық әшекейлермен безендіріп тоқиды, тақта кілемді орта бөлігіне ұдайы алмастырылып тұратын түсті белдеулерді орналастырып, ал олардың ортасына алуан түсті жіптерді қайта әдіптеу арқылы сатылы өрнектер салып жасайды. Түксіз кілем оюларына қошқар мүйіз, құс тұмсық, ботакөз, тұмар, тарақ, тағы да басқа ою нұсқалары салынады. Кілем өрнегінде әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары, ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі. Қазақтарда біз жоғарыда айтқан кілем түрлерінен басқа, терме кілем, шешенгүл кілем, шатыргүл кілем, қараман түр, талас кілемі деген де кілемдер кездеседі. Кейінгі кезде жас шеберлер өз кілемдерін «Бақыт кілемі», «Қыз қуу», «Неке қию», «Ғарыш», «Жер серігі» деп те атап жүр. Тіпті қазіргі қазақ кілемдерінде алып құрылыстар, өскен ауыл өмірі, замандастар келбеті, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың бейнелері де өрнектелуде.

 Қазақтың ұлттық кілемдерінің  ежелден келе жатқан түрлері – ата-бабаларымызыдың асыл мұрасы.


Информация о работе Қазақтың ұлттық кілемдері