Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің» қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің мәні орасан зор.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары..............................................................................................................5
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары............................................................................................................9
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы............................................12
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер.............................................................................................18
2.2. Зиялы азаматтардың қазақ халқы арасында жүргізген оқу-ағарту жұмыстары.............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Улттык педагогиканын калыптасуы.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

Қазақтың салт-дәстүрлерiн жинап  зерттеумен бiрге, әр ауыл, болыс сайын  мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кiтапхана салып, қайтсем қазақ  елiн мәдениеттi елдердiң қатарына жеткiземiн деп арпалысты. Ол өзiнiң орыс досы В.В.Катаринскийге жазған хатында “Қазақ халқы оқу-бiлiмге сусап отырған халық, әттең, бұл iске оқыған адамдардың (орыс чиновниктерiнiң – С.Қ.) жаны ашымайтыны есiңе түскенде, кейде күйiнесiң” кейбiр ақылдысымақтардың “қазақ тентек, қанiшер халық” деулерi мәңгi-бақи тек қағаз бетiндегi мағынасыз сөз болып қала бермек… Қазақтарды оқыту жөнiнде бастықтарымыздың бекiнiстер жанынан мектеп салудан гөрi, үйлерiнiң онсыз да қызыл төбелерiн боятқанды, онсыз да ақ қабырғаны ақтай түскендi тәуiр көредi” деп ел билеушi әкiмдерге ренiш бiлдiредi.

Ыбырайдың Орынбор генерал-губернаторы  Проценко тарапынан қуғын көрiп, оның Ыбырай ашқан мектептердi жауып, өзiн инспекторлық қызметтен босатпақ болып, iсiн сотқа беруi, ақыры орыс достары Н.И.Ильминский, В.В.Катаринскийлердiң ара түсуiмен аман қалуы осы кез едi. Қалың елi қазағының қамын ойлап екi бiрдей қара күшпен (бiрiншi - қазақ арасындағы қожа-молдалармен, екiншi орыс миссионерлерiмен) алысып баққан Ыбырай Алтынсарин небәрi 49 жас жасап, 1889 ж. июнь айында жүрек ауруынан қайтыс болады.  Ыбырайды мәңгi есте қалдыру мақсатында Қостанайдағы қазақ мектеп-интернатына, Торғайдағы пединститут пен Алматыдағы Қазақ Бiлiм академиясына оның аты берiлдi. Осы мекемелер жанынан Ыбырайға арналған мұражай ұйымдастырылды. Алматы, Торғай, Қостанай қалаларында оның атында мектептер, көшелер бар. Ыбырай мұраларын зерттеу iсiмен Ә.Сыздықов, Т.Тәжiбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Молдашев, К.Жұмағұлов, С.Қалиев т.б. айналысты.

Қазақ жазба әдебиетiнiң  негiзiн қалаушы, классигi Абай Құнанбаевтың  ең алғаш нәр алған бастау бұлағы – қазақтың бай ауыз әдебиет үлгiлерi болса, екiншi – Физули, Фердауси, Низами, Науаи, Сағди, Қожа Қафиз сияқты шығыс  әдебиетi классиктерi едi. Үшiншщi – бертiн оңы мен солын тани бастағанда, Семейге жер ауып келген демократияшыл орыс зиялылары: Михаилес, Долгополов, Гросс т.б. достық қарым-қатынаста болып, солар арқылы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крыловтың, батыстың ұлы ақындары Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер еңбектерiмен танысты. Олардың (Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов т.б.) шығармаларын қазақ тiлiне аударды, Пушкиннiң Евгени Онегин поэмасынан Татьянаның хатына арнап ән жазды.

Абайдың қазақ, шығыс  әдебиет үлгiлерiн үйренуi әжесi Зере, әкесi Құнанбай, халық ақындары: Шөже, Байкөкше, Балталар  және Семей медiресесiнiң имамы Ахмед-Ризаның әсерлерiнен болса, ал орыс, батыс әдебиетiне құнығуына орыстың жер ауып келген оқымыстылары – революционерлерi әсер еттi. Абай шығыс әдебиетiнiң асыл үлгiлерiн өз шығармаларының арқауы еттi. Мысалы, Абай шығыстың “Масғұт” атты ертегiлерiнiң мазмұнында поэма жазды. Онда иесiз тамда қарақшылар өлтiргелi жатқан малды ажалдан арашалап қалған жiгiт – Масғұттың (Мұхаммед пайғамбардың) ерлiгi, оған дән риза болған шалдың:

–Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сары жесең, дәулетiң судай тасар

Егер де қызыл гүлдi алсаң таңдап,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар – деп үш түрлi жемiсi бар гүлдi ұсынуы, жiгiттiң ақылды да, байлықты да алмай, әйелдi таңдауы, кейiн топан суы қаптап, ел жындана  бастағанда, оның да жынды суды iшiп жындануын суреттеу арқылы Абай дүниедегi байлық та, хандық та ақылға табынады. “Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды. Тiршiлiктiң тұтқасы ақыл-бiлiмде деген қорытынды жасайды. Екiншi Абай “Ескендiр” поэмасында атақты Александр Македонскийдiң дүниежүзiн жаулап алып бетi қайтпай келе жатқанда екi шатқалдың арсына салынған темiр қақпаға кез болуы, Ескендiр қанша жұлқынса да қақпаны бұза алмағаны, ақыры күзетшiден сыйлық – белгi сұрағаны, күзетшiнiң адамның көз сүйегiн шүберекке орап, Ескендiрге сыйға бергенiн, Македонский оны өзiнiң ұстазы – Аристотельге алып келiп көрсетуi, Аристотелдiң бұл жұмбақтың шешуiн тауып, адам көзi бүкiл әлемдi жауласа да, дүние-мүлiкке тоймайтынын, өлгенде бiр уыс топыраққа тоятынын мысал ете келiп, мұнда да хандықты да, батырлықты да, бiлiм-ғылым, ақыл жеңедi деген ой топшыланып отыр.  Оны бүкiл әлемдi жаулаған Александр Македонскийдi Аристотельге бас игiзу арқылы дәлелдеп отыр. Абайдың қай шығармасын алсақ та ел тағдыры, шаруашылық кәсiбi, тұрмыс-тiршiлiгi табиғатпен тығыз байланыста алынып суреттеледi. Мысалы: “Ескi киiм” атты өлеңiнде қазақ жiгiтiнiң киген киiмi, ер тұрманы, сауыт-сайманы, олардың жасалу ерекшелiктерiн түп-түгел үш ауыз өлеңге сыйғызып берiп отыр. Сол арқылы қазақ аулының өмiрiн сипаттау көзделген.Ал “Жазғытұры”, “Жаз”, “Күз”, “Қыс” атты жылдың төрт мезгiлiн сипаттайтын өлеңдерi де қазақ аулының өмiрi, шаруашылық кәсiбi, адамдардың кәсiбi баяндалған. Абай жылдың төрт мезгiлiн арнайы тақырып етiп алып, оны ел өмiрiмен байланыстыруды орыс классиктерiнен үйрендi. Мысалы: Некраов орыс қысын “Мороз Красный нос” деп орыс ақсақалының бейнесiнде берсе, Абай “Кәрi құдаң қыс келiп әлек салды” деп құдасының ауылында ұзақ жатып алған құда-шалға теңейдi. Ал “Жазғытұры”өлеңiнде:

Жаздың көркi енедi жыл  құсымен

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен

Көрден жаңа тұрғандай кемпiр  мен шал,

Жалбаңдасар өзiнiң тұрғысымен –  деп кәрi-жастың көңiл-күйiн жаздың бейнесiмен байланыстыра суретейдi.

Ал бұған қарама-қарсы  “Қараша, желтоқсанмен сол бiр-екi ай”  деген өлеңiнде күздiң ызғырық соққан қара суығын, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей үйiнiң аянышты хәлi мен тамағы тоқ, үйi жылы ықтырма мен күзеуде ет жеп, сорпа iшiп, қызара бөртiп отырған бай үйiнiң кереғар өмiрiн суреттеу арқылы, ақын “Жалшы үйiне жаны ашып, ас бермес” сараң байларды санайды. Ал Абайдың “Қан сонарда бүркiтшi шығады аңға” деген өлеңiнде аңшылық, саяткерлiк өнердiң қыры мен сырын поэзия тiлiмен сипаттай келiп, аңшының жанына ерген адамға (жас үлкенге) аңды тарту ету (байлау) дәстүрiн де сөз етедi. Абайдың бiр топ өлеңдерi қыз бен жiгiттерге арналған. Өзiнiң “қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы” қазақтың сұлу қызының сыртқы бейнесiн тамаша, асыл теңеулермен бейнелеп бере келiп:

Сөйлесе сөзi әдептi,

Һәм мағыналы

Күлкiсi бейне бұлбұл құс сайрайды – деп сыртқы сұлулығына iшкi әдебi сай аруды перiштедей бейнелеп бередi. Ал бұған қарама-қарсы ашық боламын деп тантық болған “орынсыз жыртақтаған” күлкiшiл, оспадар, дөрекi, даңғаза, парықсыз, әдеп атаулыдан жұрдай қыздарды жерiне жеткiзе сынайды.

Жар таңдаушы жiгiттерге осындай оспадар қыздардан аулақ болуға шақырады.

Абай жiгiттерге де сын айтып, олар қандай болу керек деген эталлон-өлшемдi айқындайды. “Арыңды жасыңнан сақта”, “Ар ақылдың сауыты” дегендi айта келiп:

Керек iс бозбалаға талаптылық

Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.

Кейбiр жiгiт жүредi мақтан көйлеп,

Сыртқа пысық келедi, көзге сынық, – деп, жiгiтке қойылар  талаптар: талаптылық, арлылық, өнерлiк, мiнездiлiк – адамгершiлiк қасиеттiң  биiк өлшемi дегендi айтады.

Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып

Бiрiңнiң бiрiң сөйле  сөзiң тосып – деп сыйласымды достыққа шақырады.

Абай өзiнiң “Адасқанның  алды – жөн, арты – соқпақ” атты өлеңiнде ойын-сырын, мiнез-құлық  түзелмей, сыртын түзейтiн сымбас борбай, сидаң жiгiттердi:

Олардың ойында жоқ малын  бақпақ,

Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ

Жалғыз атын терлетiп  ел қыдырып,

Сәлемдеспей алыстан  ыржаң қақпақ – деп, жерiне жеткiзе мiнеп-сынайды.

Әкенiң тiлiн алмай, шаруаға мойын ұсынбай, ел қыдырып, ас iшiп, үнемi ойын-сауықпен өмiр өткiзушi жастарға “қалжыңбассып өткiзген қайран өмiр, түбiнде тартқызбай ма ол бiр зарлық” деп кейiн опық жейсiң, ойлан деп ой салады. Ондай жастарға Абайдың қояр талабы:

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бiр кiрпiш дүниеге 

Кетiгiн тап та бар  қалан – деп өсиет айту болды.

Абай жастарға оқу оқып бiлiм ал, өнер үйрен, егiннiң ебiн, сауданың тегiн бiл… Мал жұтайды, өнер жұтамайды дегендi айтты.

Адам болам деген  жiгiттiң бойында қандай қасиеттер  болуы керек дегенге үлкен  мән бердi.

Адам болам десеңiз.

Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда.

Оған қайғы жесеңiз

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәреден қашық  бол…

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап  қой…

Бес асыл iс көнсеңiз.

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал  шашпақ

Бес дұшпаның бiлсеңiз  – деп жастарға жақсы, жаман қасиеттердi санамалап көрсетiп бередi.

Абайдың 41 қара сөздерiнде  де адам бойында болуға тиiстi адами  асыл қасиеттер мен оқу, бiлiм, өнердiң  пайдасы, адамды адамшылықтан аздыратын  ерiншектiк, мақтаншақтық, күншiлдiк, көрсе  қызарлық, өсекшiлдiк т.б. жаман әдет, жат мiнездер жан-жақты ғылыми тұрғыда сөз еттi.

Абай өзiнiң ақындық  өнерiн де, ғақылиялық ғалымдық ой-пiкiрiн  де қазақ халқының  ғалымдық ой-пiкiрiн  де  қазақ халқының  келешегiне, iргелi, мәдениеттi,  көсегелi, берекелi, бiрлiкшiл ел болуына арнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында.

2.1. Қазақ ағартушы азаматтары көзқарастарының ықпалынан туындаған елдегі өзгерістер

Жергілікті орыс мектептерінің  орыс сыныптарында жұмыс жасайтын мұғалімдер 1879 жылы ашылған Түркістан мұғалімдік семинариясын бітіргендер еді. Бұл мұғалімдік семинарияның оқу бағдарламасындағы қамтылған пәндер; құдайға сыйыну, педагогика, арифметика, орыс тілі, геометрия, алгебра, физика, жаратылыстану, тарих, жергілікті тіл,  көркем  жазу мен сурет, ән,  әуез, қол еңбегі, гимнастика, бау-бақша ісі, оқу курсы 4 жылдық. Осы Түркістан семинариясында (1879-1904жж аралығында) 415 шәкірт білім алып тәрбиеленген, оның 254-і ғана аяқтаған. Қабылданған 415 шәкірттің 384-і орыс (83.9 %); 54-і қазақ пен қырғыз (13.0 %); 9-ы өзбек        (2.2 %); 3-татар (0.7 %); 1-түрікмен (0,2%) болған екен. Осылардың ішіндегі семинарияның толық курсын аяқтаған 254 бітірушінің 39-ын ғана жергілікті халықтың өкілі (11.4 %) қамтыды. Онда 1-өзбек, қалғандары қазақ және қырғыз, ал түркімен, татар, тәжіктер болмаған. Осы бітірген 39 адамның 1905 жылдың 1-қаңтарына дейінгі мәліметте тек 18-і ғана мұғалімдік қызмет атқарған, ал қалғандары түрлі мекемелерде хатшы, аудармашы немесе кіші қызметкерлік жұмыста болған.

Бұл оқу мекемесі облыстағы  орыс-қазақ және ауылдық мектептер жоспарлап отырған даярлығы бар мұғалімдер санын нақ сол кезде бере алмады. Мұндай мектептерді қаржыландырудың құны: Мұғалімге: 200-ден 300-ге дейін рубль жалақы;  Ғимарат (жертөле немесе киіз үй) –60 р.; Кітапқа -20 р.; Қозғалысқа -40 р.; Үй қызметшісіне -24 р.; Барлығы- 344-444 рубльді құрады. Бұдан басқа бір мезгілде мектептің мүліктеріне 25 р. бөлінді.

Ауыл мектептеріне мұғалімдерді орталық мектептегі тәрбиеленушілерден алды. Орталық мектептің меңгерушілері  ай сайын  ауылдық мектептерге барып, олардың қызметіндегі оқу-тәрбие жұмысының бағытын тексеріп тұрды. Кейде (жылына бір рет) ауыл мектебінің  мұғалімдері оқытушылық ісін жетілдіруге, яғни мұғалімдердің біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын курста оқып үйрену үшін орталыққа баратын еді. Оқу-ағарту саласының басшылары ұйымдастырған бұндай курстың негізгі мақсаты ауыл мектептерінің мұғалімдерін үнемі бақылап отыру қажеттілігінен туындаған болатын және қалалық инспектордың тікелей басқаруы мүмкін болмаған жағдайға орай қалыптасты. Мұндай жүйелік құрылымды ұстап тұру үшін оқушылар мен мұғалімдерге әртүрлі мадақтаулар жасалып, қажетті жағдайда қаржымен толықтырылды.

Ал, мұсылмандық оқу  жүйесіндегі бастауыш мектептердің мұғалім мамандарын даярлайтын арнайы оқу мекемесі - медресселерге тоқталайық. Медреселер орта және жоғарғы оқу орны болып табылады. Бұндай  дәрежеге  ие болуы елді мекендік жерлерге, (қала, ауыл, қышлақ) адам санына  байланысты және ол оқу орнының қамқоршысының атақ даңқы мен тегіне,  игерген  ілімі  мен  біліміне,  сол  медреседегі  дәріс беруші   мұғалім,  молдалардың  да  білім  деңгейіне  де  байланысты  болды. Мұндай  типтегі  оқу орны  (христиандардың  рухани  семинарларын,  буддистердің  монастірлік  жоғары  мектептерін,  еврейлердің   ешиботылары  сияқты) діни  бастауыш  мектептерді тамамдаған  және  мемлекет  кеңселерінде  немесе  діни  мешіт аппаратында қызмет  істегісі  келетін жастар  оқитын,  яғни абыздық мамандар  даярлайтын  мектеп-интернат.

Білім алғысы келгендер  Самарқанға, Бұқараға және Орта Азияның т.б қалаларындағы көптеген мектептер мен медреселерге барып оқыды. Алайда сол оқуларға тек қана қаржысы барлары ғана бара алды. Мұсылмандық білім берудің басқа арнасы едәуір саналатын ауылдардың жазғы уақытша мектептерін  ұйымдастыру болды. Ол  мектептерде  молдалар немесе Орта Азиялық және Жайық медреселерінің  түлектері сабақ берді.

    

Медресе

(оқу мерзімі 7- 8 ж., 10-12 ж., ... ж.)



Оқу курсының деңгейі


 



 


 



 

 

 

 

Мектептер мен  медреселердің саны әр түрлі болды. Бір облыстарда олардың саны көп, ал басқа облыстарда аз болды. Медреселерде тек қана діни білім ғана емес, сонымен қатар дүниелік ғылым салаларынан да білім беріліп, математика да оқытылған. Мектептегі білім беру, оқыту  жүйесі пән бойынша емес,  оқу кітаптары  бойынша жүргізілетін. Жекелеген шалғай өңірлерден келген шәкірттер  медресенің жатақханасында тұрып оқыды. Олар онда араб филологиясы мен мұсылмандық діни құқықты, сондай-ақ,  табиғаттану мен филологияға қатысты бірқатар пәндерді оқыды.

 Ендігі кезекте медреселерді ұйымдастырудың педагогикалық құрылымы жөнінде әңгімелесек, оқу ғимараттары, шәкірттер, оқу ісінің ұйымдастырылуы, оқулықтар мен оқу әдістемеліктері. Оқу орындарындағы оқу жұмысын ұйымдастыру көбіне топтық сипатта болды және оқудың жылдық уақыты мен тәртібі белгілі бір уақыт болып анықталған жоқ. Оқу тәртібі көбіне қазақ халқының өмір салтына мүмкіндігінше жақын болды.  Жыл мезгілдерімен  байланыссыз жұмыс істеді. Қазақ оқу орындарында көбінесе 7-8-ден 16-17 жасқа дейінгі ұл балалар оқыды. Бұл ауылдық елді мекендерде орналасқан белгілі қазақ медреселері туралы. Ал қалаларда орналасқан  медреселер қалалық оқу орнының үлгісі бойынша салынған, ғимараттары әжептеуір көрікті болды. Ондай медреселер Семейде, Петропавлда, Оралда, Көкшетауда, Түркістанда, Таразда, Шымкентте, Алматыда және т.б қалаларда болды. Оңтүстік қалаларда орта азиялықтардікіне, солтүстік және батыс қалаларында-татарлардікіне ұқсас болды.

Информация о работе Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы