Австралия
Реферат, 05 Января 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет.
Работа состоит из 1 файл
Австралия.docx
— 121.87 Кб (Скачать документ)| Австралия | |||||
|
| |||||
| Әнұраны: Алға
бас, сұлу Австралия Патшалық әнұран: Құдай Патшайымды сақтасын | |||||
| Елордасы | Канберра 35°15′S, 149°28′E | ||||
| Ең ірі қаласы | Сидней | ||||
| Ресми тілдері | Ағылшын тілі (de facto 1) | ||||
| Үкімет түрі | Constitutional monarchy (federal) | ||||
| Тәуелсіздік | от Құрама Патшалық | ||||
| АДИ (2004) | 0.957 (high) (3rd) | ||||
| Ұлттық ақшасы | Australian dollar (AUD) | ||||
| Уақыт белдеу(лер)і | various3 (UTC+8 to +10.5) | ||||
| — | Summer (ЖУ) | various3 (UTC+8 to +11.5) | |||
Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы,Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21
миллион адам.
Жер бедері
Австралия
жерінің басым көпшілігі жазық және оның
95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды.
Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін
3-ке бөлуге болады. • Батыс
Австралия таулы
үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің
шығысында (кұрлықтың орталық тұсында)
Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде
Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста
Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. • Орталық
ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал
Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің
маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан).
Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары
Құрлықтың
іргетасын, негізінен, Австралия платформасы
мен Шығыс Австралия геосинклинальді
белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың
батысын, Сент-Винсент шығанағы
Ауа райы
Құрлықтың
басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік),
ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік
белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының
климаты — тропиктік теңіздік, Күн
радиациясыүнемі
жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Австралияның
барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы
(20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде
- тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді.
Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын
аудан құрлықтың солт.-батысында, абс.
максимум — Клонкарриде (53,1°C). Тұрақты аяз тек
оңт.-шығ-тағы Австралия Альпіс
Гидрология
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.
Халқы
2007 жылдың
1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546
адам болған. Австралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қо
Әкімшілік-территориялық құрылымы
Австралияның картасы. 1 — Австралияның астаналық территориясы, 2 —Жаңа Оңтүстік Уэльс, 3 — Виктория (Австралия), 4 — Квинсленд, 5 —Оңтүстік Австралия, 6 — Батыс Австралия, 7 — Тасмания, 8 — Солтүстік территориясы
Австралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді.
- Штаттар:
- Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Австралия штаттары мен территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
- Батыс Австралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
- Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
- Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сиднейқаласы;
- Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
- Оңтүстік Австралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаидақаласы;
- Материктік территориялар:
- Солтүстік территориясы - жер аумағы: 1 420 968 км² (3-ші орын), халқы: 202 500 (8-ші орын), әкімшілік орталығы: Дарвинқаласы;
- Австралияның астаналық территориясы - жер аумағы: 2 358 км² (8-ші орын), халқы: 339 900 (7-ші орын), әкімшілік орталығы: Канберра қаласы.
Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Австралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Австралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары -Премьер ал территория басшылары - Бас министр деген атақтарына ие.
Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді.
Тарихы
- Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;
- 1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
- 1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.
Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретніде пайдалана байстайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.
1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) Вестминстерлік статутқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.