Австралия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 07:51, реферат

Описание

Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы (ағылшынша 'Commonwealth of Australia' - латын тіліндегі australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет.

Работа состоит из  1 файл

Австралия.docx

— 121.87 Кб (Скачать документ)
 

Мемлекеттік құрылымы

 

     Австралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Австралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Австралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.

Австралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:

  • заңшығарушы тарау: Австралия Парламенті;
  • атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
  • соттық тарау: Австралияның Жоғарғы Соты.

Парламенті

     Австралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат, төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында - 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.

 

Жетекші саяси партиялары

 

     Австралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған), Австралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Австралияның Ұлттық Партиясы (National Party of Australia) (1916).

Либералдық  және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие.

Информация о работе Австралия