Құс шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3

Негізгі бөлім: Құс шаруашылығы
1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5
2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8
3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23
Қортынды......................................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

құс.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)


                                         Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................3              

 

Негізгі  бөлім:  Құс шаруашылығы

1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5

2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8

3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23

Қортынды......................................................................................................26

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы. Нарық жағдайында құс шаруашылығы кәсіпорындарының сыртқы нарықты айтпағанда, ішкі нарықтың өзінде бәсекеге қабілеттілігі төмен болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша халықтың құс өнімдеріне қажеттілігін отандық құс шаруашылығы кәсіпорындары 40% ғана қанағаттандырады. ДСҰ кірген кезде осы өнімдер жағынан толық импортқа тәуелді болмау үшін құс шаруашылығы кәсіпорындары өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету шараларын қарастырып жүзеге асырулары керек. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының басты себептері негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы, айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, өнім өндіру шығындарының жоғары болуы, өнім бағасының сатып алушылардың басым бөлігінің қалтасына сәйкес келмеуі, соған байланысты өнімді өткізудегі қиыншылықтар деуге болады. Осы мәселелерді тиімді шешудің бір тетігі ретінде тұтынушыға бағытталған нарық тұжырымдамасы – маркетингке жете көңіл аудару керек. Тәжірибелік тұрғыда құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу үшін бірінші кезекте тұтынушының мұқтаждықтарын, талғам-талаптарын, қалауын дәл білу керек, нарықтағы бәсекелестердің іс-әрекет стратегиясын талдау қажет. Кәсіпорындар өзінің мақсаты мен мүмкіндіктерін нарық талаптарына сәйкестендіру арқылы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді. Ал нарық талаптарын анықтау және зерттеу маркетингтің негізгі міндеті. Өкінішке орай, отандық құс шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік қызмет толық деңгейде жүргізілмейді. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін құс шаруашылығы кәсіпорындарының бүкіл шаруашылық қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсіл қажет. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ауыл шаруашылығы кешенінің нарықтық экономикаға өту жағдайындағы мәселелерінің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Атап айтсақ, Ж.Б. Балапанов, Қ.М. Белгібаев, Т.А. Есіркепов, Ө.Қ. Есқараев, Ғ.Ә. Қалиев, Ж.Қ.Қорғасбаев, А.Б. Молдашев, Ә.Ә.Сатыбалдин және т.б.

Өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы Н.В. Агеев, Е.Б. Байбарақов, П.Е. Божко, И.Д. Жанғоразов, Д.И. Ковенко, т.б. ғалымдардың еңбектерінде терең зерттелген.

Бәсекеге қабілеттілік мәселесі А.П. Градова, Я. Корнай, Ю.В. Мишин, М.Портер, Р.А. Фатхутдинов, С. Фишер, Е. Хекшер, А.Ю. Юданов сияқты шетелдік ғалымдар еңбектерінде қарастырылса, Қазақстанда бұл мәселе С.Б. Ахметжанова, Ә.Ә. Әбішев, О.Б. Баймұратов, Ұ.М. Исқақов, Ж.О. Ихданов, А.К. Қошанов, Н.Қ. Мамыров, К.А. Нұрмағанбетов, Қ.О. Оқаев, О.С. Сабден, К.Ә. Сағадиев, А.М. Сейтқазиева сияқты ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстанда экономиканың әр салаларында маркетингтің қолданылу ерекшеліктері Ш.Р. Әбділманова, К.К. Керимова, С.С. Сатубалдин, Ф.С. Сейдахметова, Н.Н. Хамитов сияқты отандық ғалымдар еңбектерінде қарастырылады.

Бірақ, құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік әдістер мен принциптерді қолдану теориялық тұрғыда жете зерттелмеген. Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік бағалау және құс шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін маркетингтік қызметті ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыда негіздеуді талап етеді.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде “ПРИИРТЫШ” құс фабрикасы алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы

Нұрберген ОМАРҚОЖАҰЛЫ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Нұмахан НИЯЗБЕКОВ,  Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті.       

Мемлекет басшысы Н.Назар­баев таяудағы Жолдауында аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртарап­тандыруды шешеміз, деп нақты атап өтті. Елімізде өндірілетін азық-түлік сапасының жоғары болуын қадағалып, экспорттық-импорттық операциялар кезінде отандық тауар өндірісінің мүдде­сін қорғау мемлекетіміздің алдын­да тұрған басты міндет және мем­лекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғышарты.

Еліміздің ежелден айналысып, қыр-сырына әбден қаныққан шаруашылығының бүгінгі күнгі өтімді саласының бірі құс шаруа­шылығы болып табылады. Жылдам дамып, қысқа мерзімде адам ағзасына жұғымды да пай­далы құс еті және жұмыртқасын көптеп өндіруге болатын ауыл шаруашылығының бұл өсімтал саласының мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосар үлесі зор. Енді осы маңызды саланың қазіргі кездегі жағдайына, шешуін таппай тұрған мәселелеріне тоқталайық.

Басқа мал түлігін өсірумен салыстырғанда құс өсіру біршама механикаландырылған. Бүгінгі таңда елімізде он мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам құс фабрикалары бар. Олардың 28-і тағамдық жұмыртқа өндірумен шұғылданса, 12-сі құс етін өндірумен шұғылданады.

2008 жылы еліміздегі құс саны 2007 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артып 30 миллионнан асты, сөйтіп соңғы онжылдықта құс саны екі еселенді. Олардың басым бөлігі, дәлірек айтқанда 27 пайызы немесе 8 миллионы Алматы облысының, 12 пайызы немесе 3,7 миллионы Қостанай облысының, 10 пайызы немесе 8 миллионы Шығыс Қазақстан облысының шаруашылықтарында өсіріледі. Осы тұрғыдан келгенде жер мен ауа райының жағдайы құс өсіруге әбден оңтайлы Жамбыл облысындағы құс шаруашылығын дамыту жағдайы еш сын көтер­мейді.

Аталған облыстар тағамдық жұмыртқа өндірісі бойынша да алда келеді. Былтырғы жылы респуб­ликада 2,7 млрд. дана шамасында жұмыртқа өндірілсе, оның 70 пайызға жуығы осы үш облыстың және Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының үлесінде. Жұмыртқа өндірісінің өсуіне, құс басының көбеюмен қатар мекиендер өнімділігінің артуы да елеулі әсер етуде. Мәсе­лен, соңғы екі жылда мекиендердің жұмыртқалауы 5-6 жұмыртқаға немесе 3-4 пайызға артқан. Бұған салада түбегейлі жүргізіліп отырған құс басын сұрыптап-асылдандыру және азықтандырып, бағып-күту жұмыстарының нәтижесі деп қарауға болады.

Соңғы жылдардағы құс шаруа­шылығындағы орын алып отырған осындай жетістіктерге қарамастан, саланың қарқынды дамуына кедергі болар жағдайлар да бар. Алдымен шешуін табуды қажет ететін мәселе – өсірілетін құс басын асыл­дан­дыру ісі. Отандық құс кросста­рының болмауынан жыл сайын шетелдерден 3,5 млн. долларға жуық қаражатқа 1,5 млн. балапан сатып алынады. Екіншіден, сала­ның жылдам және экономикалық тұрғыдан тиімді дамуы берік азық қорына негізделуі қажет. Ол үшін тағамдық астық дайындаумен қатар, құс шаруашылығына қажетті азықтық жемнің кепілдік қорын дайындау ісі де мемлекеттік деңгейде шешімін табуы тиіс.

Жылына құс жемін арзандатуға 1,3-1,4 млрд. теңге, асылдандыру ісіне 190-200 млн. теңге субсидия беріледі. 2007 жылдан бері жұмырт­қа ұнтағының импортына салына­тын салық 15-тен 30 пайызға көтерілсе, құс етінің импортына салынатын салық көлемі 10-нан 20 пайызға көтерілді. Дегенмен бұл қолдау әлі де болса жеткіліксіз.

Жыл сайын еліміз тұтынатын құс етінің 70 пайыздан астамы шетелдерден сатып алынады екен. Бұған 85-87 млн. доллар көлемінде қаражат жұмсалады. Сонымен қоса, соңғы жылдары жұмыртқа импортының көрсеткіштері де жоғарылап жылына 275-276 млн. данаға жетті. Демек құс етімен қатар жұмыртқа өндіруге де қомақты мемлекеттік субсидия бөлінуі қажет.

Саладағы осындай жағдайға байланысты Қазақстан құс өсі­рушілер одағы барлық тауар өндіру­шілер және тұтынушы­лардың пікірін ескере отырып, сала­ның нарық талабына сай интенсивті дамуын қамтамасыз ететін кешенді қаржылық-техно­логиялық жүйе қалыптастырудың жоспарын ұсынды. Оны іске асыру үшін алдымен 2008-2015 жылдары құс шаруашылығын дамыту тұжы­рымдамасы   жасалынды.

Бағдарламаның алғашқы ке­зеңінде 2010 жылға құс етін өнді­руді 150 мың тоннаға, жұмыртқа өндіруді 3,5 млрд. данаға жеткізу жоспарланса, екінші кезеңінде 2015 жылға бұл көрсеткіштерді тиісінше, 250 мың т. мен 4,0 млрд. данаға жеткізу көзделген. Бұл адам басына шаққандағы жылдық құс етінің пайдаланылуын 17 килоға, жұ­мыртқаны 270 данаға жеткізіп, импорттауды тоқтатуға жағдай туғызады.

Құс шаруашылығын қарқынды дамытып, құс басының өнімділігін өсіруде азықтандыру ісінің үлкен маңызға ие екендігін айырықша айту керек. Тек толық құнарлы, яғни организм мұқтаждығына жан-жақты сәйкестендіріле азықтан­дырған жағдайда ғана құстың генотиптік, яғни тұқыммен беріл­ген өнімділік мүмкіндігі толық айғақ­талып, мол да сапалы өнім өндіруге жағдай туғызылады. Бұл мәселені шешудің екінші жағы – ол өнімді үнемді азық шығынымен өндіруге қол жеткізу. Өйткені, ғылыми тұрғыдан алғанда, құс өнімділігін арттыруда олардың тұқымдық қасиеттері  20-30 пайыз, бағып-күту жағдайлары 15-20 пайыз, азықтандыру құнарлылығы 50-60 пайыз көлемінде ықпал ететіндігі келтіріледі. Демек, құс өнімінің өзіндік құнын құрайтын тікелей шығындарда азық пен азықтандыруға жұмсалатын шы­ғындардың үлесі жартысынан басым түсетіндіктен, дұрыс азық­тан­дыруға  мән берген жөн. Ал құсты құнарлы азықтандыру мәселесінің шешілуі саладағы берік азық қорына негізделуге тиіс. Ол үшін еліміздегі астық өндірісін азықтық және тағамдық маңызы зор протеиндік проблеманы шешу бағытына әртараптандыру қажет. Бұршақ тұқымдастар егістігін кеңейтіп, азықтық жемнің жеткі­лікті қорын жинауға мемлекеттік кепілдік беріліп, дәнге өсірілетін жү­геріге бөлінген субсидия мөл­ше­рі­нің 4 еселеніп, 2500 теңгеге көтеріл­гені секілді, бір және көп жыл­дық екпе шөптер өндірісін субсидиялауды да қарастырған орынды.

Бүгінде өсіріліп отырған негізгі құс кросстарының, айталық, жұмыртқа өнімділігі биологиялық платосына жақындағандықтан олардың өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы желінген азықтың қоректік заттарының конвер­сиялану деңгейін жоғарылату болып табылады. Құсты ағзаның қуаттық, құрылымдық және биологиялық мұқтаждығына сәйкестендіре азықтандырған жағдайда ғана азықтың қоректік заттары құс еті мен жұмыртқа құрамына жоғары деңгейде әсер етіп, өнім бірлігін өндіруге жұм­салатын азық шығынын, яғни өнімнің өзіндік құнын қалыптас­тыратын басты шығын мөлшерін кемітеді. Біздің осы бағыттағы зерттеулеріміз шаруашылықта өсірілетін құс басының қоректік мұқтаждығын анықтап, оның тетіктелген көрсеткіштерін жан-жақты да толық қамтамасыз етуге, яғни құнарлы азықтандыру арқылы мекиен жұмыртқалағыштығын 8-10 пайызға, ет балапандарының тәуліктік салмақ қосуын 5-7 грамға арттыруға болатынын көрсетеді. Бұл 1 кило құс етіне жұмсалатын азық шығынын 0,3-0,5 килоға кемітіп, оның өзіндік құнын 10-15 пайыз арзандады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Құс шаруашылығының бәсекелестігі

Өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері көптеген отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Әр автордың анықтамасын алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы емес, керісінше бірін бірі толықтырады:

–     өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – оның сатып алушылар үшін тартымдылығын қамтамасыз ететін, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыратын сипаттамалардың жиынтығы;

–     бәсекеге қабілеттілік қатысты сипатта, белгілі бір уақытта бәсекеге қабілетті өнім келесі бір кезеңде бәсекеге қабілетті болмай шығады немесе белгілі бір аймақта бәсекеге қабілетті өнім, тағы бір территорияда ондай болмай шығады;

–     нарықтың әр сегментіндегі тұтынушылардың қалауы әркелкі болып келетіндіктен сәйкесінше олар үшін бәсекеге қабілетті өнім параметрлері де әр түрлі болады.

Бұдан «бәсекеге қабілеттілік» ұғымының ерекшеліктері мынадай деуге болады:

–     көп мағыналылық, өйткені зерттеушілер бұл ұғымға әр түрлі мән береді;

–     қатыстылық, бір нарықта сәттілікке ие тауар, енді бірінде бәсекеге қабілетсіз болады;

–     салыстырмалылық, бірдей екі немесе бірнеше тауарды салыстыра отырып ғана өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауға болады;

–     бәсекеге қабілеттілікті талдау және бағалау әр деңгейде әр келкі болып келеді, тауар деңгейінде, кәсіпорын деңгейінде, сала деңгейінде, ұлттық деңгейде.

Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нарық жағдайында тұтынушының бағалауы арқылы анықталатын, тұтынушы нақты мезетте қалайтын қасиеттерді қамтитын, кәсіпорынға өнімді ұсынып отырған  нарықта сұранысты жоғары деңгейде қанағаттандыра отырып пайда алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің жиынтығы деп анықтаймыз.

Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне келетін болсақ, оны қарастыруда құс шаруашылығы өндірісіндегі және өткізудегі ерекшеліктеріне тоқталамыз. Құс шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:

– құс шаруашылығы өнімдері бұқаралық сұраныс өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер нарықтағы тұтынушы қалауына қол жеткізу үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментті кеңейту, емдік қасиеттері жоғары құс өнімдері өндірісін қолға алу сияқты тауар саясатына қатысты мәселелерді үнемі қарастырып нарық талаптарына сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатады;

Информация о работе Құс шаруашылығы