Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 09:15, реферат

Описание

Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану

Работа состоит из  1 файл

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы» 
Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану. 
Мал шаруашылығының қоғам дамуындағы маңызы. Мал шаруашылығының өндіргіш күштер дамуымен байланысы және оның даму кезеңдері. Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын өркендетудің ерекшеліктері. 
Малдың өсіп-жетілуі (Онтогенез) 
Онтогенез, оның мәні мен маңызы. Онтогенез туралы ілімнің тарихы. Өсу және даму туралы түсінік, олардың өзара байланысы. Жануарлардың өсіп-жетілуін зерттеу әдістері. Абсолюттік және салыстырмалы өсу көрсеткіштері және оларды анықтау жолдары. 
Жануарлардың өсіп-жетілуі /даму/ заңдылықтары. Онтогенездің генетикалық негіздері. Өсу, жетілу қарқынының айнымалылығы /әркелкілігі/, кезенділігі, ырғақтылығы. Өсіп жетілуге әсер етуші жағдайлар. Даму тежелуінің заңдылықтары жөнінде Н.П.Чирвинский мен А.А. Малигонов қағидасы /инфантилизм, эмбрионализм, неотения/. Дамудағы кешеуілдеуді қуып жету. Мал денесінің жасына қарай өзгеруі, бұған әсер ететін факторлар /жағдайлар/. Тезжетілгіштік және оның селекциялық маңызы. Малдың жыныстық және шаруашылық тұрғыдан жетілуі. Малдың тіршілік ету мерзімі, шаруашылықта пайдалану мерзімінің ұзақтығы, оның селекциялық маңызы. Малдың ұзақ өмір сүру мәселесі. Ұзақ өмір сүруші малды пайдаланудың селекциялық тиімділігі. 
Онтогенезді басқару. Онтогенез заңдылықтарын пайдалану. Малдың құрсақта дамуы, оны басқару әдістері. Малды бағыттап өсіру, Құрсақтан кейінгі даму кезеңінде төлді бағыттап өсіру тәсілдері. Мал онтогенезінде бағытталған өзгерістер тудырудың алғышарттары. Негізгі селекциялық белгілердің онтогенездің әр түрлі кезеңдерде қалыптасуы, жетілуі. 
Мал селекциясының негізгі әдістері 
Мал сұрыптау. Мал селекциясының теориялық негіздері. Сұрыптаудың мәні мен генетикалық алғышарттары. Сұрыптау ілімінің дамуы. Сыртқы орта әсерлерінің селекция жұмыстары үшін маңызы. Селекциялық белгілердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігінің биологиялық негіздері. Әр түлікті сандық және сапалық белгілер бойынша селекциялаудың ерекшеліктері. Шекті селекциялық белгілер бойынша мал сұрыптау. Малды экстремальды жағдайларға бейімділігі мен ауруларға беріктілігі бойынша селекциялау. Сұрыпталатын малға қойылатын талаптар. Сұрыптау белгілері мен көрсеткіштері. Сұрыптау түрлері. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар. Мал саны. Аса жоғары өнім беретін мал (мол өнімді мал). Өсімталдық. Мал азықтандыру және, оны бағып күту. Малды арнайы сынақтан өткізу. Малдың сұрыпталатын жасы, ұрпақ алмасу жылдамдағы. Сұрыптау кезеңдері /сұрыптау бағыты, ұнамды селекциялық тип, малды фенотипі мен генотипіне қарай бағалау, оларды топтастыру және пайдалану тәртібін белгілеу/. Малды бағалау мен сұрыптау кешенділігі, оның қайталанып отыруы және кезектілігі. 
Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау. Малдың дене бітімі /конституциясы/, сыртқы пішіні /экстерьер/, ішкі құрылысы /интерьер/ туралы түсінік және олардың тарихы. Дене бітімі түрлерінің шаруашылықта пайдалы белгілермен, мал денсаулығымен және темпераментімен байланысы. Дене бітімі және тұқым қуалаушылық. Дене бітімінің қалыптасуына әсер етуші жағдайлар. Дене бітімін зерттеу әдістері. Малдың дене бітімінің ерекшеліктерін селекция үшін пайдалану. 
Сыртқы пішіннің /экстерьердің/ маңызы. Сыртқы пішінді зерттеу, бағалау әдістері. Дене мүшелері. Көзбен қарап сипаттау, ұпай беру арқылы бағалау. Дене өлшемдері. Тұлға индекстері. Экстерьердің графикалық кескіні. Малды суретке түсіру. Малдың сырт пішініне қарап бағалау арқылы шешілетін зоотехникалық және селекциялық мәселелер. Малдың қоңдылығы /кондициясы/. Малдың жасы мен қоңдылығын анықтау жолдары.  
Малдың ішкі құрылысы және оның зоотехниядағы маңызы. Желін, тері, ет талшықтары, сүйек өрімі, олардың құрылысы және малдың физиологиялық / дене қызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы/, гематологиялық /қан құрамы/ және биохимиялық ерешеліктері. Қан топтары мен ақзаттың алуан түрлілігі /полиморфизм/. Оларды селекцияда пайдалану. Мал өніміділігін, тұқымдық құндылығын және ата-енелік жұптардың үйлесімділігін болжау үшін интерьерлік көрсеткіштерді пайдалану мәселелері. 
Цитогенетика және оның селекция үшін маңызы.Малды өніміне қарай бағалау және сұрыптау. Мал өнімі мен мал өнімділігі туралы түсінік. Малдан мол өнім алу- қазіргі заманның басты мәселесі. 
Мал өнімділігіне әсер ететін жағдайлар /факторлар/. Тұқым қуалаушылықтың, тіршілік жағдайларының, генотип пен сыртқы орта өзара әсерлерінің селекциялық маңызы. Мал өнімділігі-негізгі селекциялық белгі. Мал өнімділігінің мал денсаулығына, оның өрбу қабілетіне, буаздығының ұзақтығына, аналық қасиеттеріне дене көлеміне, жетілгіштігіне, ұзақ өмір сүруіне және өндіріс технологиясына /жарамдылығына/ байланыстылығы. 
Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері. Тандемдік, тәуелсіз сандар селекциясы мен селекциялық индекстер  бойынша сұрыптау әдістері. Мал түліктерін негізгі өнімдік белгілеріне /сүттілігі, жүнділігі, жұмыс өнімділігі және т.б./ қарай бағалау. Өнімнің саны мен сапасы, оған жұмсаған азық шығыны,  экономикалық көрсеткіштері және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Малды өніп-өсу және жетілгіштігі бойынша селекциялау. Мал асылдандыру жұмысының мал шаруашылығын қарқындата  өркендетудегі, мал өнімділігін арттырудағы ролі. Әртүрлі мал түліктері өнімділік көрсеткіштерінің тұқым қуалауы. 
Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау.  Малды ата-тегіне қарай бағалаудың мал селекциясындағы немесе мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Мал тегіне байланысты атаулардың анықтамасы. Малды ата-тегіне қарай бағалау тарихы. Мал шежіресінің маңызды түрлері оларды жасау және селекцияда қолдану тәртібі. Малды шежіресі бойынша және жанама туыстарына /сибстері мен жартылай сибстеріне/ қарай бағалау. Малдың шыққан тегін дәлелдеу үшін иммуногенетикалық көрсеткіштерді пайдалану. Малдың тұқымдық құндылығын оның шежіресі мен жанама туыстарының өнімділігіне қарай анықтаудың жаңа әдістері және оларды алдын-ала болжау мүмкіндігінің нарық жағдайында мал шаруашылығындағы маңызы.  
Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің тарихы. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалаудың маңызы, оның сұрыптаудың басқа әдістерімен байланысы.  
Аталық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау нәтижесіне әсер етуші  жағдайлар: аналық мал сапасы, ұрпақтың жасы, саны, оны бағып күту, азықтандыру. 
Аталық малды /бұқалар, қабандар, айғырлар/ ұрпағының сапасына қарай сынауды ұйымдастыру. Элеверлер, аталықты сынау орындары, болашақ аталықты бағып-өсіру, қолдан семірту орындары. Сынауға қойылатын аталықтарды  алдын ала сұрыптау және олардың жасының маңызы.  
Аталықтарды ұрпағына қарай сынау үшін қосаллельды және көпаллельды жұптастыруды  пайдалану. 
Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сынау. Малдың генотипін ертерек және өте дәл бағалау мәселелері және оның нарық жағдайындағы экономикалық маңызы. 
Сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Зоотехникалық есеп жүргізу және мал таңбалау. Бонитировка жасау /баға беру/ және бонитировкалық кластар тағайындау принциптері. Мал тұқымының стандарты және оны бонитировкада пайдалану. Мал түліктеріне бонитировка  жасау ерекшеліктері. Бонитировка нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар. Малды шаруашылыққа жарамдылығы мен тұқымдық сапасына қарай топтастыру. Табынға генеологиялық /туыстығы/ тұрғыдан талдау жасау. Келешекте маңызы үлкен туыстас топтарды, аталық іздерді, аналық ұяларды белгілеу. Асыл тұқымды арнайы шаруашылықта мал топтастыру. 
Селекциялық және тұқымдық мал топтары, олардың маңызы. Әртүрлі малшаруашылығы салаларында табын толықтыру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. 
Жұп тандау. Ұғымдардың анықтамасы. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары. Жұп таңдаудың селекция тиімділігіне әсері. Сұрыптау мен жұп таңдаудың арақатынасы. Жұп таңдаудың негізгі принциптері: мақсаттылық, аталықтың  аналықтан басым болуы, үйлесімділік, туыстас малды өзара кездейсоқ, жүйесіз шағылыстыруға жол бермеу, қажет болғанда тиімділікпен пайдалану, жұп таңдаудың бірнеше ұрпақтарға сабақтастығы. Жұп таңдау түрлерін жіктеу. Гомогендік /біртекті/ жұп таңдау. Оның мақсаты, міндеттері мен маңызы, ұтымды және кемшілік жақтары.Гетерогендік /әр текті/ жұп таңдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жұп таңдауда біртектілік пен әртектіліктің салыстырмалы шарттылығы. 
Селекцияның  негізгі генетикалық өлшемдері 
Малдың селекциялық белгілерінің  өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын зерттеудің биометриялық негіздері. Белгілердің тұқым қуалау, қайталау, байланыс /корреляция, регрессия/ коэффициенттері және оларды малды бағалау, сұрыптау үшін пайдалану. Шаруашылыққа пайдалы сандық, сапалық және шекті белгілердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығының ерекшеліктері. Сұрыптау қарқындылығы, селекциялық дифференциал (SD) және селекция нәтижесі (SE). Белгілер арасындағы байланыс көрсеткіштері. Белгілердің өзгергіштігіне әсер етуші әртүрлі /генотип, паратип/ жағдайлар /факторлар/ және олардың әсер күштерін дисперсиялық талдау әдістері. Сұрыптаудың және селекция нәтижесін болжаудың жаңа әдістері. 
Мал тұқымы туралы ілім 
Мал тұқымы туралы түсінік. Мал тұқымдарын шығарудың қазіргі жағдайы. Мал тұқымдары -үй жануарлары эволюциясының негізгі нәтижесі және мал шаруашылығының негізгі өндіріс құралдары. Мал тұқымдары туралы ілімнің генетикалық - селекциялық негіздері. Мал тұқымының негізгі ерекшеліктері. Мал тұқымының таралуы. 
Мал тұқымының құрылымы /аймақтық тип, аталық із, аналық ұя/. Тұқым ішіндегі асыл тұқымды және өндірістік топтары. Мал тұқымын жақсарту жолдары мен тәсілдері. Мал тұқымының қалыптасуына және өзгергіштігіне әсер етуші жағдайлар. Мал тұқымын қалыптастыруда табиғи-экономикалық жағдайлар- жаңа мал тұқымы қалыптасуының негізгі қозғаушы күші. Мал тұқымдарын жерсіндіру. Мал тұқымының азғындауы, оны болдырмау жолдары. Мал тұқымдарын шыққан тегіне, өнім бағыттына, олардың қалыптасуына  жұмсалған адам еңбегінің саны мен сапасына қарай жіктеу. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы, ТМД және басқа шет елдерде жаңа мал тұқымдарын шығару бағыттары. Малдың азайып бара жатқан, аборигенді, жергілікті, сирек тұқымдарының гендік қорын сақтау, оларды қолда бар тұқымдарды жетілдіру және жаңа тұқымдар шығару үшін пайдалану мәселелері. 
Мал өсіру әдістері 
Таза тұқым өсіру. Ұғымдардың анықтамасы. Мал өсіру әдістерін жіктеу. Таза тұқым өсіру, оның мақсаты мен міндеттері, қолданылу шарттары. Таза тұқым өсірудің селекциялық-генетикалық ерекшеліктері, оның маңызы және нәтижелілігіне әсер етуші жағдайлар. Таза тұқым өсіру арқылы мал тұқымын жақсарту жолдары. Қан жаңартудың маңызы. Таза тұқым өсіру барасында мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыру. Тұқым сынау, тұқымдарды аудандастыру. Мал тұқымы кеңестері және олардың міндеттері. Тұқыммал зауыттары, тұқыммал шаруашылықтары  мен фермалары және олардың өзара арақатынасы. Тұқым мал шаруашылықтары мен өндірістік шаруашылықтардағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының түрлері мен әдістері. Әртүрлі шаруашылықтардағы мал тұқымдарын асылдандыру  тәжірибелері, олармен бөлісу. 
Туыстарды шағылыстыру /инбридинг/. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің қысқаша тарихы мен инбридингтің биологиялық ерекшеліктері. Инбридинг және аутбридинг және олардың айырмашылығы. Инбридингті зоотехникалық тәсіл ретінде селекцияда пайдалану. Инбридинг дәрежесін анықтау және жіктеу әдістері. Инбридинг дәрежесін Шапоруж-Пуш тәсілімен анықтау. Райт пен Кисловский ұсынған гомозиготалық пен генетикалық ұқсастықтың арту коэффиценттерін анықтау теңдіктері. 
Инбридинг – аса құнды малдың тұқым қаулаушылық қасиетін ұрпақтан- ұрпаққа сақтап қалудың, нәсілдік тұрақтылықты күшейтудің, рецессивтік /жасырын/ гендерді анықтаудың негізгі құралы. Инбридингті пайдалану арқылы шешілетін селекциялық мәселелер.Инбридингті пайдалану шарттары. Ортақ ата-бабаларға тән аса жоғары тұқымдық құндылық. Инбридинг арқылы алынған малды азықтандыру және бағып күту жағдайларының маңызы. Кездейсоқ, жүйесіз инбридингтің зияндылығы және оны болдырмау шаралары. Инбредтік депрессия- инбридинг нәтижесі. Инбредтік депрессия себептері. Инбридингтің зиянды жақтарынан арылу жолдары. Инбридингтің әр түрлі түліктерге тигізетін әсері және оны қолдану ерекшеліктері.Аталық із және аналық ұя бойынша селекция жүргізу. Аталық із бойынша селекция жүргізудің мақсаты. Аталық із бойынша мал өсіру ілімі мен тәжірибесінің қысқаша тарихы. 
Аталық ізге тән ерекшеліктер. Аталық із бойынша мал өсіру мен селекциялау кезеңдері. Аталық із басшысы мен ізбасарлары. Аталық із  тармақтары және олардың маңызы. Аталық ізбен жүргізілетін селекциялық сұрыптау мен жұп таңдаулар. Аталық із бойынша өсіруде қолданылатын туыстас және туыстас емес шағылыстырулар, инбридинг бағыттылығы мен дәрежесі. Әр  түрлі аталық із өкілдерін шағылыстыру /кросс/ және олардың маңызы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Аталық іздер үйлесімділігі және оны селекцияда пайдалану.Бағытталған /арнайы/ аталық іздердің маңызы және олардың өкілдерін селекцияда айқас шағылыстыру /кросс/ жүйесінде пайдалану. Аналық ұя, онымен жұмыс  істеу тәртібі. Аналық ұялар мен аталық іздер үйлесімділігі. Аталық іздер мен аналық ұялар бойынша мал өсіру және селекциялау – тұқымның ұтымды құрылымын жасау құралы. Аталық іздер бойынша мал өсірудің қолдан  жасанды ұрықтандыру мен өндірістік  технология жағдайында пайдалану  ерекшеліктері.    
Будандастыру. Будандастырудың мәні мен биологиялық ерекшеліктері. Будандастырудың мал селекциясы мен мал тұқымын асылдандыру жұмысындағы міндеттері. Будандастыру нәтижелігін арттыруда  мал тұқымдарын таңдау және шаруашылық  жағдайын жақсартудың маңызы. Будандастыру әдістемесі және будандардың  қандық үлесін анықтау. 
Сіңіре /өзгерте/ будандастыру. Сіңіре будандастырудың селекциялық - генетикалық ерекшеліктері мен практикалық міндеттері. Сіңіре будандастырудың нәтижелілігіне әсер етуші жағдайлар. Қолдан ұрықтандыру әдісін кең пайдалану жағдайында сіңіре будандастырудың нәтижелілігі. 
Қан араластыра /кіріспе/ будандастыру. Қан араластыра будандастырудың селекциялық-генетикалық ерекшеліктері мен міндеттері. Қан аралыстыра будандастырудың сәтті шығуына қажет жағдайлар. Қан араластыра будандастыру үшін мал тұқымдарын таңдау, оның маңызы. 
Зауыттық/жаңа тұқым шығара/ будандастыру, оның мақсаты, міндеттері және селекциялық-генетикалық  ерекшеліктері. Алға қойған міндеттерін шешудің әдістерін анықтау. М.Ф. Ивановтың жаңа тұқым шығару әдістері. Болашақ тұқымның стандартын құру. Будандастыруға қажетті бастапқы мал тұқымдарын таңдау. Жаңа тұқым шығару жолында нәтижелілікті қамтамасыз ететін жағдайлар. Инбридингтің зауыттық будандастырудағы маңызы. Зауыттық будандастыру кезеңдері. Зауыттық будандастырудың  әр кезеңіндегі селекциялық ерекшеліктері. Малдың кейбір түрлерін зауыттық будандастыру ерекшеліктері. Жаңа тұқымды бекіту /апробация/ - ең жоғары селекциялық жетістік. 
Өндірістік будандастыру. Оның мақсаты мен міндеттері. Өндірістік  будандастырудың етті мал шаруашылығындағы маңызы. Гетерозисті пайдалану. Мал шаруашылығының жеке салаларында өндірістік будандастыру әдісін қолдану. Өндірістік будандастыру түрлері. Өнеркәсіптік негізде ет өндіру үшін өндірістік будандастыру әдісін қолдану, оның экономикалық тиімділігі. 
Кезек будандастыру. Кезек будандастырудың өндірістік мақсаттары мен селекциялық- генетикалық ерекшеліктері. Бірнеше ұрпақта гетерозисті пайдалану. Мал шаруашылығының жеке салаларында екі, үш және одан көп тұқым қатынасатын кезек будандастыру әдістерін пайдалану. Гетерозис селекциясы. Ұғымдар анықтамасы. Мәселенің тарихы. Гетерозистің биологиялық мәні. Гетерозистің пайда болуы туралы ғылыми гипотезалар, болжамдар. Гетерозисті алдын ала болжау мәселесі. Гетерозис түрлері, гетерозис тудыруға қажет жағдайлар. Гетерозисті мал шаруашылығында пайдалану. Түраралық және тұқымаралық будандастыруларда  пайда болатын гетерозис. Тұқым ішіндегі гетерозис. Тұқым ішіндегі аталық іздер арасындағы және тұқым аралық  ’’гибридтеу’’.Инбредтік аталық іздер мен топкроссингтерді пайдалану. Инбредтік аталық іздер аралық ’’гибридтер’’ алу. Аталық іздер үйлесімділігін анықтайтын реципрокты селекция.  
Мал шаруашылығындағы  гибридтеу. Ұғымдар анықтамасы. Гибридтеу түрлері мен тарихы. Шалғай гибридтеу әдістерін қолдану. Жануарларды гибридтеу арқылы шешілетін зоотехникалық -селекциялық мәселелер. Шағылыса алмау, оның себептері, болдырмау жолдары. Гибридтер бедеулігі және оны шешу жолдары. 
Тұқым асылдандыру  жұмысы – малды жетілдірудің кешенді жүйесі 
Заманауи технология жағдайындағы мал селекциялау ерекшеліктері. Мал тұқымын таңдау және аналық мал табындарын топтастыру. Мал өсіру әдістерін таңдау. Мал азықтандыру, бағып-күту және технологиялық үрдістер ерекшеліктеріне бейімділігіне қарай селекциялау. Қарқынды технология жағдайы мен селекция бағытына байланысты малға қойылатын негізгі талаптар.  
Өнеркәсіптік кешендерде малды биологиялық ерекшеліктері мен өнімдік сапасына қарай топтастыру принциптері және оның маңызы. Мал шаруашылығын қарқындату жағдайында асыл тұқым  мал шаруашылықтары мен өндірістік шаруашылықтар арасындағы байланыс, оның түрлері. Өнеркәсіптік  кешендерде қолданылатын мал өнімділігін  арттыру, түліктің тұқымдық сапасын жақсарту шаралары. 
Кең көлемді селекция жүргізуге байланысты мал өсіру тәжірибесінде электрондық есептеу машиналарын пайдалану. Автоматтық жолмен мәліметтер алу. Бонитировка нәтижесін талдау. Жиынтық ведомостерін жасау, селекциялық индекстерді құру, селекция нәтижесін болжау.  
  
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру 
Жаңа мал тұқымдарын шығару және оларды одан әрі жетілдіру бағдарламалары /жолдары/. Қазақстан Республикасындағы мал тұқымдарын асылдандыру базалары. Тұқыммал көрмелері. Асылдандыру жұмысының жоспары. 
Мал тұқымдарын өндірістің негізгі құралы ретінде пайдалану және олармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру. Мал тұқымдарын сынау. Мал тұқымдарын аудандастыру. Мал тұқымдарының кеңестері. Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді бекіту /апробация/. 
Мал шаруашылығындағы кең көлемді селекция. Қазақстан Республикасы  мен ТМД елдеріндегі  мал тұқымын асылдандыру қызметінің құрылымы.   
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
1. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006ж. 
2. Байжұманов А.Б. Мал өсіру.- Алматы, Қайнар, 1987. 
3. Байжұманов А.Б. Отарбаев А. Селекция сырлары, А.1990. 
4. Садықұлов Т.С., Байжұманов А.Б.Бегімбеков К.Н. Мал өсіру пәнінің практикумы.-Алматы,1997. 
5. Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. Практикум по разведению и селекции животных А.1997. 
6. Садықұлов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных. Алматы, 2003. 
7. Борисенко Е.В. Разведение сельскохозяйственных животных. М., ''Колос'', 1967. 
8. Борисенко Е.В. Практикум по разведению сельскохозяйственных животных. -М., Колос,1984. 
9. Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных. М., ''Колос'',1973.  
 


Информация о работе Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы