Ұлттық есеп шоттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 08:10, реферат

Описание

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық үрдістердің нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статистикалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.