Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 22:34, реферат

Описание

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
1.1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы, теориялық талдаулар.5
1.2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты . . . . . . . . . . . . . . .8
1.3. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі . . . . . . . . . . . . .13
1.4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

Работа состоит из  1 файл

Алеуметтик саясат.docx

— 52.15 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

 

Негізгі бөлім. Қазақстан  Республикасының әлеуметтік саясаты

    1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы, теориялық талдаулар.5
    2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты . . . . . . . . . . . . . . .8
    3. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі . . . . . . . . . . . . .13
    4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17

 

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды  реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың  ішіндегі ең күрделісі әрі өте  байыптылықты қажет ететін бағыты  әлеуметтік саладағы реформалар болып  табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне  тікелей қатысты болғандықтан үнемі  күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің  әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен  сынына түсіп отырады. Сондықтан  да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті  орнықтыру мен мемлекетті басқаруда  аса маңызды орын алады.  

Қазақстан Республикасының  мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының  бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы  Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп  жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты – «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі.

Қазақстанда бүгінгі таңда  әлеуметтік–экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.

Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине  мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы  жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін  ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің  әлеуметтік өтеу принципімен  және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз  етілуі қажет, ал бұл міндеттерді  шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз  қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған  мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты  сол елдің бастан кешіріп отырған  экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің  ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді  болады.

 Еліміз әлеуметтік  саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық  негізін, негізгі бағыттарын жасап  алды. Негізгі білім, денсаулық,  демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік  қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы  төлеу, халықты жұмыспен қамту  саясаты болып келеді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті  жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар  жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Бұл жұмыстың мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік саясаттың  мазмұнын ашып, қазіргі жағдайына талдау жасау.

Міндеті:

1.  Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы, теориялық талдаулар;

2.  Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты;

  1. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі;
  2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясаты

 

1.1. Әлеуметтік саясаттың  мәні мен анықтамасы, теориялық  талдаулар

 

Әлеуметтанушы ғалымдардың  тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән  әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі  кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен  ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан  жүзеге асырып отырған түбегейлі  экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, «елдің экономикасын сауықтыруға  бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды». 

Қазақстан Республикасының  Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.   

Мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда экономикалық ахуалмен бірге, психологиялық факторлардың да маңызды роль атқаратынын мемлекеттің даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсетеді: «Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана емес, сондай ақ, қоғамдық сана-сезімді қазыналық тұрғыдан қайта бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес». Міне, сондықтан да әлеуметтік саясатты айқындағанда саяси биліктен жан-жақтылықтың, кешенділіктің талап етілуі заңды құбылыс. Әлеуметтік саясат  тиімді жүзеге асырылуы үшін бірінші кезекте халықты масылдық психологиядан арылту аса күрделі іс-шара болып табылады.

         Әлеуметтік мемлекеттің қайнар  көзі - әлеуметтік саясаттан  басталады. Мәселен, дамыған Еуропа елдерінде әлеуметтік саясаттың екі үлгісі кеңінен қолданылады. Біріншісі «бисмарктық» әлеуметтік саясат үлгісі (неміс канцлері Бисмарктың есіміне байланысты аталған, өйткені ол осы үлгінің негізін салған болатын), екіншісі «беверидждік» үлгі.

 «Бисмарктық» әлеуметтік  саясат үлгісі бойынша әлеуметтік көмек пен белсенді еңбек қызметі арасында тығыз байланыс орнатылады. Жеке адам өзінің белсенді еңбек қызметі барысында келісім - шарт негізінде әлеуметтік қорға мөлшерлі аудармаларын жасап отырады. Кейін бұл аудармалардан сақтандырушы қорлар құрылып, одан әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп отырады. Мұндай қорларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал, еңбек белсенділігі төмен отбасылар үшін ұлттық ынтымақтастық ұстанымы бойынша мемлекеттік органдар арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Беверидждік» әлеуметтік саясат үлгісі бойынша кез келген қоғам мүшесі әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігінің деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау, зейнеткерлік т.б. белгілер бойынша мемлекеттен минималды әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл үлгіні ұстанатын елдердегі (Ұлыбритания, Швеция т.б.) зейнетақы жүйесінде зейнетақы алатын жасқа жеткен әрбір азаматқа белгіленген зейнетақы төленеді, ал денсаулық сақтау саласы бойынша әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі. Бұл үлгіде де ұлттық ынтымақтастық ұстанымы негізінде ұлттық байлықты әділетті бөлудің тұжырымдамасы қолданылады. Ал Қазақстанның өзіндік әлеуметтік саясатының үлгісі мен тұжырымдамасы қалыптасу үстінде екенін ескерсек, онда бұл екі үлгінің басты жетістіктері мен тиімді тетіктері нысанаға алынып отырғандығына көз жеткізуге болады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелі көрсеткіштері халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік саясаттың қандай деңгейде екенін  байқауға болады. Халықтың қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың әлеуметтік құқықтарын шектеу әлеуметтік әділеттілік қағидасына қарама-қайшы келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына негіз болуы мүмкін.

Әрбір мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асыруы барысында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне бағынуы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік билік азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін саясатты жүзеге асыруы және барлық әлеуметтік топтардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Осындай әлеуметтік мемлекет қалыптасқанда ғана өз азаматтарының жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге, халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге, қоғам өмірінде әлеуметтік ақиқаттың орнауына  бағытталған саясат жүргізе алады.

Әлеуметтік саясат – мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға, азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық потенциалды қолдануға бағытталған іс-әрекеті. Сондай-ақ, әлеуметтік саясаттың ең басты қызметтерінің бірі, біздің ойымызша, ол стратегиялық қызмет. Өйткені, әлеуметтік саясаттың оңтайлы ұйымдастырылуы қоғам дамуының тұрақтылығы мен прогрессивті дамуының кепілі болып табылады. Қазақстан жағдайында, әлеуметтік саясаттың басты стратегиялық бағыттарының бірі қоғамда орта тапты қалыптастыру және орта таптың әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру арқылы мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болмақ. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясатындағы өте маңызды мәселе – орта таптың экономикалық белсенділігін ғана емес, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін де арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

Кең мағынасында әлеуметтік саясат – мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай жасауға, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық ортада қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік шаралардың жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы әлеуметтік саясат – мемлекет пен басқа да саяси және әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік саласының дамуына, адамдардың өмір сүру салты мен сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі бір бөлігін қамтамасыз етуге, азаматтарға тиісті әлеуметтік қолдау, көмек көрсетуге және ол үшін қаржылық немесе өзге де қоғамдық әлеуетті қолдануға бағытталған іс-әрекеті.

Сол себепті әлеуметтік саясат мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының қызметі мен міндеттерінің жүйесіне қызмет ететіндіктен, бұл жүйені тиімді басқару мемлекеттің табиғаты, әлеуметтік саясат үлгілері мен оларды жүзеге асырудың тетіктері туралы ғылыми негізделген білімді талап етеді. Ғылыми тұрғыда негізделген білім өз кезегінде әлеуметтік саясатты барлық деңгейде - мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және жекелеген өндіріс орындарында ұтымды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды»,  ал  «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым  деп,  ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте  және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік  берген құрылымды мойындауды ұсынған. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы  қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.

Т.Гоббс, И.Кант, Ф.Гегель және т.б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз  әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады.  В.фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.

Информация о работе Әлеуметтік саясат