Әлеуметтік саясат
Реферат, 03 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Содержание
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
1.1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы, теориялық талдаулар.5
1.2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты . . . . . . . . . . . . . . .8
1.3. Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі . . . . . . . . . . . . .13
1.4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың саяси проблемалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18
Работа состоит из 1 файл
Алеуметтик саясат.docx
— 52.15 Кб (Скачать документ)И.Фихте мемлекеттің
О.Хеффе бойынша, «егер
адамзат тұрмысы легитимди
Т.И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т.И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады.
1.2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы
Ата Заңында «өзін
Әлеуметтік саясатты жүргізудің
негізгі мынадай принциптері
бар: баға көтерілгенде компенсацияның
түрлі формаларын енгізіп және
индексация жүргізу арқылы халықтың
өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға
көмектесу; жұмыссыздық жағдайында
көмек беру; әлеуметтік сақтандыру
саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен
білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған
ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру
бағытында белсенді саясат жүргізу.
Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру
үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,
оны халыққа тарату және оны әр
адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты
қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің
жасаған бағдарлама, жобалары және
парламент, президенттің бекіткен заң,
жарлықтарын тікелей
Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
- базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
- міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында
- қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.
Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4 түрін қамтиды:
- тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай көмек көрсету;
- 4 балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
- үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға.
БҰҰ ның мәліметінше дүние жүзінде халықтың он пайызы, яғни алты жүз миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш төрт жүз мың адам, яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы» ҚР Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар көрсетті. Осындай заңнамалар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі:
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.
Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2012 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 42 309 625,9 мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:
- еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
- асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
- жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы.
- жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық
- табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
- нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.
Зейнеткерлік жасына
жеткен ел тұрғындарын лайықты
өмір мен жеткілікті
ҚР «2012-2014 жылдарға республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалатын зейнетақының ең төменгі мөлшері 17 491 теңгені құрайды (2011 жылы 16047 теңге болған). 2012 жылы тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемдерінің мөлшері 26 211 теңгені құрайды (17491 теңге – зейнетақы мөлшері + 8720 теңге - базалық зейнетақы төлемі мөлшері).
2012 жылы зейнетақыны есептеуге
арналған табыс тиiстi жылға арналған
республикалық бюджет туралы
заңда белгiленген отыз тоғыз
еселенген айлық есептiк
2012 жылы жаңадан тағайындалатын
ең жоғарғы зейнетақы мөлшері
Қазақстанда әлеуметтік
саясат аясында көрсетіліп
Бұл бүгінгі
талданған жүйелер
- Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мәселесі
Бүгінгі таңда кедейліктің таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдар қатынасы 30:1 ден 61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға өсті, ал ең кедей адамдардың үлесі 2 пайыздан 1,4 пайызға төмендеді. Еліміздегі кедейліктің деңгейіне келетін болсақ кедейліктің тереңдігі – 0,9, ал өткірлігі – 0,3. Джини коэффициенті Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы мәлімет бойынша – 0,293,қорлар коэффициенті – 6,08.
Қазақстандықтардың бес пайызы кедейлік қамытын киген. Олар ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінде, яғни 17 мың теңгеге күнелтеді. Бұл – ресми статистика.Табысы күнкөрістің ең төменгі төмен халықтың үлесі 2009 жылдың 2-тоқсанына қарағанда 2012 жылдың 2 тоқсанында 3 есеге төмендеген, яғни 12,6%-дан 4,1%-ға дейін.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің зерттеуінше, елімізде кедейшілікте өмір сүріп жатқандардың тең жарымы – бюджет саласының қызметкерлері. Айлығы шайлығына жетпейтіндердің қарасы Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында басым. Ал астаналықтардың 21 пайызының тапқан-таянғандары ас-судан артылмайды екен. Осы орайда шетелдік сарапшылар Еңбек министрлігіне кедейшілік деңгейін бағалау әдістемесін заман талабына сай жетілдіру туралы ұсыныс жасады. Кедейлерді белгілеудің екі бағыты бар. Бірінші статистика бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен тұратын азаматтарды есептейді. Екіншісі – әлеуметтік көмек алатын ең кедей, кедейдің ең төменгі шегінен төмен тұратын азаматтар болып саналады. Енді бүгін БҰҰ-мен бірігіп, жалпы кедейлікті кең түрде қарау мәселесін Қазақстан Республикасы алға тартып отыр. Бірінші – ол денсаулық мәселесі, су мәселесі, білім мәселесі.
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық институттардың ролі: кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі халықты еңбекпен қамтуды көтеру мақсатында облыс экономикасын өсіруді қолданылып жүрген нормативтер негізінде əлеуметтік салалар қызметтерімен білім, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, базалық білім беруге, атаулы ауылдық жерлердегі əлеуметтік салалар объектілерін ашуға жəрдемдесу;