Үкімет еңбек рыногын тұрақтандыру мақсатында ілкімді шараларды қолға алды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2011 в 21:33, реферат

Описание

Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Осы аптада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жұмысшыларды жаппай қысқартудың алдын алу және еңбек рыногында тұрақтандыру шараларын қабылдау мәселелерін шұғыл қараумен айналысатын жаңа жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

Работа состоит из  1 файл

Үкімет еңбек рыногын тұрақтандыру мақсатында ілкімді шараларды қолға алды.docx

— 16.44 Кб (Скачать документ)

 
Үкімет еңбек рыногын  тұрақтандыру мақсатында ілкімді шараларды  қолға алды

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Осы  аптада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  жұмысшыларды жаппай қысқартудың алдын  алу және еңбек рыногында тұрақтандыру шараларын қабылдау мәселелерін  шұғыл қараумен айналысатын жаңа жұмыс тобын құру туралы шешім  қабылдады. Мұны атқарушы биліктің ішкі еңбек рыногын сыртқы ықпалдардан  сақтауға, түпкі салдары ел азаматтарының  әл-ауқатына әсер ететін жұмыссыздықты  болдырмауға ұмтылысы деп бағалаған  жөн секілді. Соңғы уақытта күнделікті ақпарат көздерінде қаржы дағдарысы  салдарынан әлемдік «алпауыт» компаниялардың да қабырғасы сөгіліп жатқаны  туралы мәліметтер айтылып жатыр. АҚШ-тағы, Жапониядағы, Еуропадағы автомобиль индустриясының алыптары мемлекеттік көмекке өте-мөте зәру хәлге жетті. Жапондықтар автомобиль зауыттарына қатысты басқа елдердегі  кешенді жобаларынан бас тартуда. Сондықтан да салаға мемлекеттік  қолдау болмаса, бірнеше жүз мыңдаған адам жұмыссыздар қатарынан бір-ақ шықпақ. Автомобиль индустриясы секілді  әлемнің алдыңғы қатарлы ірі  өнеркәсіп орындары да құлдыраудың  «иісін» сезіп отыр. Бұнымен қоса, жоғары технологиямен айналысатын  алпауыттар да қатардағы жұмыскерлерінің  санын екі есеге дейін, шығындарын 50-100 пайызға дейін қысқартуға мәжбүр болып отырғанын жасырмайды. Сұраныстың күрт төмендеуіне орай әрі халықаралық  нарықтағы бағаның құлдырауына  байланысты темір-мыс қорытып, өндіретін  алпауыт зауыттар да екіұшты күйге  түсіп отырған жайы бар. Мінеки, осының бәрін сараптап отыратын мамандар созылмалы  дағдарыстың ендігі бір түрі әлемдегі жұмыссыздық проблемасына ауысуы мүмкіндігін  алға тартуда. Яғни, осы жылғы әлем шаруашылығындағы дағдарыс тудырған проблемалардың бірі дүниежүзі бойынша жұмыссыздар  санының артуына тікелей қатысты  болуы да мүмкін. Өйткені экономикалық дамуға серпін қосатын шағын және ортаңқол фирмалар ғана емес, ірі өнеркәсіп  кешендері де құлдырауда, оның үстіне әлемдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың  әркелкілігі де күн өткен сайын  күшейіп келеді. Даму жағдайының тұрақсыздығы да жұмыссыздыққа, көпшілік халықтың жұмыстан босауына әкеп соғуда. Ал бұндай проблемалар  дамыған елдерге де дамушы елдерге  де бірдей әсер ететін «жойқын» соққы  болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлем елдері бойынша  дағдарысқа қарсы күрестің ұстанған жолы әлі нақтыланған жоқ. Бірақ, кеше ғана Германия канцлері тарапынан  БҰҰ жанынан Қауіпсіздік кеңесі секілді Экономикалық кеңес құру қажеттілігі туралы бастама жасалды. Яғни, Еуропа мемлекеттері дағдарысқа қарсы басқа мемлекеттермен бірлесіп, кеңесе отырып күресу қажеттігін алға тартады. Әрине, кез-келген әлемдік  қатерге бірге қарсы тұрғаннан  ұтатын тұстар мол болуы мүмкін. Дегенмен, қаншама бірлесуге шақырғанымен де әр мемлекеттің өз ішкі жағдайын ретке келтіруге қатысты атқаратын  әрекеті әрқалай. Солардың ең бастысы  деп, дағдарыс жағдайындағы елдегі жұмыссыздыққа  қарсы күресті атауға болады. Қазақстан  Үкіметінің бұл бағытта ұстанған саясаты әрқашан әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, жұртшылықтың өмір сүру сапасын  арттыруға және адам әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға  бағытталып келеді. Соңғы жылдардағы әлемдік дағдарыстың түсірген ауыртпалықтарына қарамастан және соңғы рет республикалық  бюджеттің аражігін ажыратуға мәжбүрленгенде де әлеуметтік бағыттағы қаржылар өз орнында «бұзылмастан» қалдырылды. Елдегі жаңа енгізіліп отырған салық  саясаты бизнестің өркендеуіне  жол ашуды көздейді. Шағын және орта бизнеске қолдау әлі де болады. Осының өзі жұмыссыздыққа біршама  септігін тигізе ме деген үмітті күшейтеді. Дегенмен де, соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2008 жылғы желтоқсан айындағы жағдай бойынша түрлі себептермен еліміздегі 17 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан, ал 81 нысан тек жартылай ғана жұмыс  істеп тұр. 60-қа жуық кәсіпорын толық  емес жұмыс тәртібіне көшсе, 5,6 мың  адам еріксіз еңбек демалысына шығып  отыр екен. Тағы да ресми мәліметтерге жүгінейік, 2008 жылдың алғашқы жартыжылдығында  жұмыссыздар саны республика бойынша 557,2 мың адамды құраған. Бұл - жалпы  көрсеткіштің 6,6 пайызы, яғни өткен  жылмен салыстырғанда жұмыссыздық  алғашқы тоқсанда біршама төмендеген. Бірақ жыл соңына қарай жағдай мүлдем басқаша өріс алды. Сондықтан  да, қазіргі жұмыссыздық мәселесі ең бір өзекті проблемаға айналып  отыр. Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігінің ұсынған мәліметтеріне  сәйкес, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8,4 млн. адамға жеткен. Еңбекпен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің  үлесі - 65,9 пайыз, өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 34,1 пайызды  құраған. Сонымен бірге, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында республика бойынша 132,3 мың жұмыс орны құрылып, оның ішінде 92 мыңы тұрақты жұмыс  орны болып саналған. Бұл көрсеткіштер тек алғашқы тоқсанның нәтижесі екендігін еске саламыз. Үкімет жұмыссыздықпен күрестің алдын алудың кешенді шараларын  жыл сайын жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта шетелдік еңбек мигранттарына  квотаны бізде тапшы мамандарға ғана (жоғары санаттағыларға) лайықтап беру, шетелдік мамандарды отандық  кадрлармен алмастыруды жүйелендіру  секілді шаралар қолға алынды. Жұмыстан босап қалу қаупі туған  тұлғаларды әлеуметтік қолдау мен жұмыссыздықтың өршуін болдырмауға қатысты жүйелі әрекеттер әзірленіп, бұлар да жүзеге асып келеді. Мәселен, еңбек ресурстарының  сапасын арттыру, мемлекеттік тапсырыс арқылы кәсіби оқыту, мамандарды даярлықтан және қайта даярлықтан өткізу жолға  қойылды. Осының нәтижесінде, өткен  жылы еңбекпен қамту жөніндегі уәкілетті  органдарға 236,4 мың адам өтініш білдіріп, олардың 83,3 пайызы немесе 196,9 мың адам жұмысқа орналасқан. Сонымен бірге, бүгінгі күні дағдарысқа қарсы жүйелі шараларды жүзеге асыруда жұмыс  орындарын сақтап қалуға қатысты  әрекеттер де кеңінен қамтылады. Еңбек заңнамасында қарастырылған  толық емес жұмыс уақытын енгізу, жұмысшыны басқа жұмыс орнына бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысының  үштен екі бөлігін төлеп беру арқылы ауыстыру, өндірістің тоқтауы  жағдайында айлық жалақысының 50 пайызынан  кем болмайтындай етіп өтемақы төлеу  шаралары жұмыс берушілер тарапынан  қолданылып келеді. Дәл қазіргі уақытта  бұндай әрекеттер «Арселор Миттал Теміртау»  АҚ, «Соколов-Сарыбай», «Қазхром» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда енгізіліп отыр. Яғни, Үкіметтің  дағдарыс жағдайында жұмыссыздықтың алдын  алуға бағытталған әрекеті де тиімділігін көрсетіп отыр. Осы аптада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  жұмысшыларды жаппай қысқартудың алдын  алу және еңбек рыногында тұрақтандыру шараларын қабылдау мәселелерін  шұғыл қараумен айналысатын жаңа жұмыс тобын құру туралы шешім  қабылдады. Бұл жұмыс тобына Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жетекшілік ететін болады. Сонымен бірге, жұмыс тобына Экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым, Индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрліктерінің басшылары, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының», «ҚазАгро» холдингінің, жұмыс берушілердің, жұмысшылар мен кәсіпкерлер бірлестігінің өкілдері де кіретін болады. Жұмыс тобы негізінен республика өңірлеріндегі жұртшылықтың еңбекпен қамтылу жағдайына талдау жасайды. Жұмыстан босап қалған еңбек ресурстарын басқа өндірістерге ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, босаған кадрларды қайта оқыту және дайындау, әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын, атап айтқанда жұмыстан қысқарып қалған жағдайда жәрдемақылармен, атаулы әлеуметтік көмектермен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық жобалармен айналысатын болады. Сондай-ақ осы аптада Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банктің 2008 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды беталысы туралы есептерін тыңдап, Үкіметке қосымша шаралардың ауқымды кешенін іске асыру жөнінде тиісті тапсырма берді. Олар халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға, үлескерлер проблемаларын шешуге, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын жеделдете іске асыруға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістерді тездете қалыптастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайтуға бағытталады. Осы орайда, Елбасы экономиканы тұрақтандыруға, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға бөлінетін мемлекеттік қаражатты тиімді игеру, заңсыз көші-қонға бақылауды күшейту, атаулы әлеуметтік көмектің ауқымын кеңейту мәселелеріне баса мән беру жайын қозғады.

Информация о работе Үкімет еңбек рыногын тұрақтандыру мақсатында ілкімді шараларды қолға алды