Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:16, реферат

Описание

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.

Содержание

1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы...........................................3
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.......................9
2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ...............10
3. Экономикалық категориялар мен заңдар.............................................14

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык теория жане саяси экономика.doc

— 110.00 Кб (Скачать документ)

Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.

 

2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  -МАТЕМАТИКАЛЫҚ

МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ

Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиыи міндет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық зандарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ казіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оган "диагаоз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада   не   болатынын    қабылдаған   шешімдерінің   әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономикаиы математикалық модельдеу өте киын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл белген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Дженонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл енбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұргысынан зерттелген.

Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономиянын ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оныи себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктын кең өркекдеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің кептеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманьшдағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік зкономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соны, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шокан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқаңдар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне ез көзқарастарын жазды.

Оқулықта экономикалық ой-пікірдін көне заманнан-ақ бастап тарихы кысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың кағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдін езінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен — I Петр дәуірінен басталады. Саяси, экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай, үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша казақ елінде ондай адамдар — Шоқан мен Абай.

Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ғмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға катысқан қайраткерлердін экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

Маркстік емес деген саяси экономияда XIX ғасырдын соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты,   олардың   бір   белігі   соңғы   уакытта   елеулі дамып,  кеңінен таныла бастады.  Соларда  XIX ғасырдын екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы   тұжырымдалды.   Маржинализм   теориясы — шаруашылық   қатынастарға   тартылған   жеке   субъектіні   (адамды) психология  тұрғысынан экономикалық талдау.  Осы  мек-тептің   екілдері — Менгер   (1840—1921),   Э.   Бем-Баверк (1851 — 1914),   В.   Визер   (1851 — 1926).   Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Онык басты еңбегі "Экономика   ғылымының   принциптері"    1890   жылы   жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген  пайда  немесе  шекті  пайда  және  шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938)   шекті өнімділік және өндіріс факторларынық кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары   неғұрлым   өскен   сайын,   оның   өнімділігі   де кеми   бермек.   Сөйтіп   XIX—XX   ғасырларда   экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл мектебін қайраткерлррі рыноктык экономиканы сұраныс пен ұсыныстық негізінде тепе-тендікке жетуге   қабілетті   жүйе   ретінде   қарайды.   Дж.   Кейнстің (1883—1945) —1936    жылы    жарық    керген    "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалык ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның йнвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудін кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хаисен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев  (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —"Экономикалық өсу сатылары", Р. Аронның —"Біртұтас индустриалды қоғам" және Д. Беллпосттың —"Индустриалдық қоғам" атты еңбектерінде қарастырылды.

Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылган "Жаңа индустриалды қоғам" (М., 1969), "Экономикалық теориялар және қоғамның мақсатьг" (М., 1976) және "Капитализм, социализм, катар өмір сүру" атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.

XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелеріиің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияга қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл. экономистердін теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік.

 

3.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны  сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.

Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп  оку  процесін  жалғастыру  қазіргі  кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге,   онымен   бірге   әлемдік   экономикалык   ой-пікірдін тиімді,    елеулі   деген   үлгісін   пайдалануға   байланысты. Біздің   ойымызша,   тәуелсіз   алған    Қазақстанның   ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес,  керісінше, экономикалық интеграция,  халықаралық еңбек    бөлінісі    артықшылықтарын    пайдалануы    кажет. Кеиес Одағында  Шығыс  Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру  кезінде кең  көлемді  экономикалық дағдарыс басталды  да,  оның   көрінісі  қоғамдық өмірдің  салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек,   1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа  алынған саясат жүргізілді.  Бұл саясат арқылы  экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы   ізделді.   1991   жылдың   соңында   Кеңес   Одағының ыдырауына  байланысты  бұрынғы  одақтас республикалар, оның   ішінде   Қазақстан  да  ілгері   дамудын,   дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына   қосылуды,   демократиялық   құқықты   мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші      кепілі      экономиканы      өркендету,      ендірістің тиімділігін   арттыру,   сол   сияқты   металл-машина   жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру,  рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде   шындыққа   сәйкес   келмейтін   қағида   дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл  жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс  құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік  неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Қазіргі   тәуелсіз   Қазақстанда   жалпы   табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ,ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды.  Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок    шаруашылығына    қажет    алғы    шарттар    жасау максаты  жүзеге. асырылуда.   Рынок  экономикасына  кешу бір  дүркің  қозғалыс  емес,   ол   тарихи  тұрғыдан  алғанда адамзат   қоғамының   көп   жағдайда   экономикалық   және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де  белгілі.   Капитализмде адамның   "рыноктық"   тәрбиесі бала   кезден- басталып,   бүкіл   өмір   бойы   кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.

Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының  тйрихын,  даму  сатыларын басынан өткізу  міндет емес.    Біз   басқа   мемлекеттердің   тәжірибесін   ескеруге тиістіміз.   Қазақстан  экономикасынын  басқа  мемлекеттер ,   тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз,  қандай қоғам орнату,  ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс.    Еркін   бәсеке    зандылықтарын   зерттеген   аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт   Милль,   Карл   Маркс   болса,   бұл   қоғамның   XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.

Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.

Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру кажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұткаларды кеңінен пайдалану.

Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада ендірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда, қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбек дегеніміз қүштің ақшалай керінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай езіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы акша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын міндеті.

Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық    категориялар    тарихи    сипатта    болады,     олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды.

Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын. көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен езгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды     катынастарды     ғана     сипаттайды,     жоғарыда айтқанымыздай  заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол   объективті   шындықтан   туындайтын   құбылыстар   мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара   тәуелділігін   сипаттайды.   Олар   табиғат   заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар    табиғат   зандарынан   өзгеше.    Өйткені,    табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды.  Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы да-мұынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.

Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы