Экономикалық цикл және дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:31, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Қазақстандағы дағдарыстардың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының ерекшеліктері туралы мағлұматтар алу;
-мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
- дағдарыс кезеңде экономика саласына тигізетін зиянымен алатын орны туралы;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына дағдарыстың әсер ететін мәселелерді кешенді түрде қарастыру.

Работа состоит из  1 файл

экономикалық цикл және дағдарыс.doc

— 180.00 Кб (Скачать документ)

 

болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда  бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің  жиырма жылдығы. Олай болатыны, тәуелсіздік  – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен  өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты – деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқан еді.

 Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

    Қазақстандағы дағдарыстардың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының ерекшеліктері  туралы  мағлұматтар алу;

-мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;

- дағдарыс кезеңде экономика саласына тигізетін зиянымен алатын орны туралы;

- қоғамның әлеуметтік-экономикалық     жағдайына дағдарыстың әсер ететін мәселелерді кешенді түрде қарастыру.

Зерттеу объектісі: Қазақстандағы дағдарыстардың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының заңдылықтары.

  Зерттеу  жұмысының құрылымы. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден,  үш тараудан ,  қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экономикалық дамудың циклдік ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

 

 

    1. Рынокты экономиканың ауытқымалы циклді түрде дамуы

 

     Рыноктық экономикаға тән құбылыс - бұл циклді даму. Циклді даму рыноктық экономика кезіндегі ұлттық және әлемдік шаруашылық қозғалысының ортақ пішіні. Ол ұлттық экономиканың әр түрлі элементтерінің біркелкі қызмет істемейтінін көрсетеді, оның революциялық және эволюциялық даму сатыларының, экономикалық прогрестің ауысуын бейнелейді. Цикл деп - өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады.

Экономикалық дамудың циклдік сипатын түсіну үшін мынадай жағдайларды қарастыру керек.

Біріншіден, барлық экономикалық циклдардың құрылымы, жүйесі бірдей, бірақ, әрбір келесі цикл, алдыңғы циклдің қайталауы болмайды, дөңгеленігі жүрмейді, спираль сияқты жүзеге асады. Циклдік прогрессивті пішінде дамиды.

Екіншіден, цикл фазаларының  жиынтығы спиральдік тізілуін құрайтын сияқты, экономикалық өсуді көрсетеді.

Үшіншіден, бір уақытта экономикада бір-біріне байланысты көптеген кезеңдер іске асырылып отырады.

Төртіншіден, осы кезеңдердің байланыстылығы экономикалық процестердің толқынды қозғалысын, жетістіктерін немесе динамикалық тепе-теңдігін анықтайды.[1]

Экономикалық циклдар - бұл  қоғамдағы оның белсенді құрамы, қоғамдық өндірістің дүркін-дүркін ауытқуы. Цикл - бұл рыноктық тауар және қызмет көлемінің өсуі, содан кейін сол тауарлардың төмендеуі, құлдырауы, жандануы, ақырында қайта өсуінің қарқыны.

Өндіріс циклі - толығымен  орындалуының нәтижесінде дайын  өнім шығаратын жұмыс айналымы.

Өнеркәсіп циклі - капиталистік елдерде бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі дәуір, кезең.

Әрбір циклдің өзіне тән  фазасы, өзінің ұзақтығы бар. Фазалардың сипаттамасы: олар өздерінің нақты  көрсеткіштерін әсте қайталамайды. Әрбір нақтылы циклда, фазада ұқсастық болмайды. Оларды тарихи көзқараспен қарасақ та, кеңістіктік, аймақтық көзқараспен қарасақ та олар ерекше таңқаларлық құбылыс.

Циклдік даму - бұл кем  дегенде ұлттық экономиканың деңгейінде бір макроэкономикалық теңсалмаққа  қарай қозғалысы. Нақтылап айтқанда, бұл рыноктық экономиканың, оның ішінде, салалық жүйенің өзін-өзі реттеу тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Сонымен қатар, циклді даму ұлттық экономикаға және әлемдік экономикаға мемлекеттік реттеу жүргізу әрекетіне өте сезімтал болады.

Экономикалық теория экономикалық циклдің мынадай төрт фазаларын анықтайды: дағдарыс, депрессия (құлдырау, күйзелу) жандану, өсу (көтерілу).[2]

Рыноктық экономика  дамуының шеткі нүктесі экономикалық өсу (бум) және дағдарыс. Экономикалық өсу жанданудан басталады, нәтижесінде шаруашылықтардың жаңа келісімдері пайда болады. Біртіндеп жұмыс күшіне сұраныс өседі, осыған байланысты жұмыссыздық азаяды. Содан кейін таза өсу басталады, яғни, тауар және қызмет көрсетудің көлемі ұдайы өсуде болады. Бұл өсудің ең жоғарғы нүктесі бум деп аталады. Бұл уақытта экономикада жұмыспен толық қамтылады, ал өндірістің қуаты жоғары деңгейде жұмыс істейді. Бұл кезеңде өндірістің нақты көлемі ең жоғарғы максимальдік нүктесіне көтеріледі. Тиісінше баға да көтеріледі. Өндіріс ресурстармен толық қамтамасыз етіліп, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі ең жоғарғы нүктесіне жетіп, тоқталу, қозғалыссыз қалу процесіне тап болады.

Дағдарыс - өндірістің кілт құлдырауымен сипатталады. Бұл құлдырау өнім өндірудің ақырындап қысқаруынан басталады. Дағдарыстың белгілі бір тауарға, болмаса шаруашылық саласына сұраныс пен ұсыныстың бұзылуынан айырмашылығы сол, дағдарыстың пайда болуы өнімді артық өндіру сипатында осыған байланысты бағаның күрт төмендеуі, банктердің банкротқа ұшырауы, кәсіпорындар (фирмалар) жұмысының тоқтауы, жұмыссыздық пен пайыздың өсуі. Өндірілетін өнімнің жылдан-жылға төмендеуінің жоғары қарқыны рыноктық экономиканың кұлдырауын сипаттайды. Мұндай құлдыраудың ең төменгі нүктесін  көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, экономикалық дамуға импульс беру,сол өндірісті ынталандыру қызметін атқарады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс шығындарын азайту, пайданы молайту, жаңа техникалық, технологиялық негізінде жұмыс істеп тұрған капиталды жаңарту мәселелерін шешуге қозғаушы мотивтер пайда болады. Дағдарыс процесімен өткен даму кезеңі аяқталып, келесі кезең басталады.

Дағдарыс рыноктық шаруашылық жүйесінің өзін-өзі реттейтін механизмінің маңызды элементі ретінде қызмет істейді.

Дағдарыс кезеңінен  кейін депрессия кезеңі басталады. Ол рыноктық экономиканың тоқырау жағдайын бейнелейді, азық-түлік тауарларына сұраныстың азайуын, жаппай жұмыссыздықты, халықтың өмір сүруінің төмендеуін сипаттайды. Бұл кезеңде шаруашылықтарда экономиканың жаңа жағдайлары мен талаптарына бейімделу процесі жүреді.

Келесі фаза - жандану. Жандану  өндірісті оның дағдарыс алдындағы деңгейіне жеткізеді. Тауар қорларының мөлшері рынокты үздіксіз қамтамасыз ету дәрежесіне жетеді. Төлем қабілеті бар сұраныстың жандануы арқылы бағалардың өсуі басталады, жұмыссыздар саны қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өсіп, пайыз мөлшерлемесі ұлғаяды. Бұл кезде жандануға сұраныс пен ұсынысты көтермелейтін жұмысбастылық пен табыстардың өсуі қоса дамиды. Сұраныс пен ұсынысқа ынталандыру, яғни, кезекті серпініске (бумға) немесе шыңдап өсу процесі жүреді.[3]

Ең соңынан көтерілу фазасы өмірге келеді (ағылшын тілінде - бум). Ол кезде тауарды өндіру мөлшері дағдарыс алдындағы деңгейден асады. Осыған байланысты жұмыссыздык қысқарады. Төлем қабілеті бар сұраныстың өсуіне байланысты тауарлардың бағасы өседі. Өндірісте пайда мөлшері жоғарылайды. Несиелік қаржыларға сұраныс өсіп, тиісінше банк пайызының нормасы өседі.

Капиталистік елдердегі  экономикалық дағдарыс артық өндіру процесімен байланыста болады.

Артық өндірудің экономикалық дағдарысы бірінші рет 1825 жылы Англияда орын алды. Сонан кейін шаруашылықтың  циклді - толқын тәрізді дамуы барлық капиталистік елдерді қамтиды. XIX ғасырдың және XX ғасырдың бірінші жартысында дағдарыстар 10- 12 жылда қайталанып отырды.

Артық өндірудегі экономикалық дағдарыстың екі жағы бар. Олардың  біріншісі бұзатын күшке ие. Оның халық шаруашылығындағы қалыпты емес тепе-теңдіктерді бұзуы ығыстырумен байланысты.

Екіншісі, салауаттандыратын  даму күшіне ие. Ол күштің болуы міндетті заңдылық, өйткені, күйзеліс, дағдарыс кезіндегі бағалардың төмендеуі өдірісті тиімсіз, пайдасыз етеді. Кәсіпорындар (фирмалар) пайда алудың орнына зиян шегеді. Өндірісті әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болмайды. Бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы негізгі капиталдың жаңалануы, жақсаруы, ұкыпты, тиімді пайдаланылуы болып табылады. Бұл өндірілген өнімді арзандатуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Оны жеткілікті дәрежеде тиімді де пайдалы етіп, өндірістің жаңа да жоғары сатыларына өтуге қолайлы жағдайлар жасайды.[5]

Рыноктық экономиканың циклді дамуы капиталистік қоғамның барлық тарихына тән құбылыс. Бірінші, әсіресе, белгілі дағдарыс 1825 жылы Англияда болды, содан кейінгі дағдарыс 1836 жылы Англия мен АҚШ-та, 1841 жылы және 1847 жылы АҚШ-та болды. Бірінші дүниежүзілік дағдарыс 1857 жылы болған, одан кейінгі дағдарыстар 1873, 1882, 1890 жылдары болды. Барынша күйзелісті дағдарыс 1900-1991 жылдары өтті. Ол АҚШ пен Ресейде бір уақытта өтіп, ең алдымен, металлургиялық өнеркәсіпте елеулі әсер тигізді. Дүниежүзілік дағдарыс 1923-1933 жылдары өтті. Бұл дағдарыстың басқа дағдарыстардан ерекшелігі:

•Дүниежүзілік дағдарыс бұрын-соңды өткен дағдарыстардан етек жаяды, экономиканың барлық салаларын қамтиды.

•Дүниежүзілік дағдарыстың зардабы осы күнге  дейін зерттелуде (28 қыркүйек 1929 жылы тарихта дүниежүзілік экономиканың «қараңғы дүйсенбісі» деген атпен қалды). Бұл кезеңді Уолл Стриттағы құнды қағаздардың апаттық құлауы және «ұлы» депрессияның басталу кезеңі деп атады.

Барлық циклдар  немесе кез келген циклдар бір-біріне ұқсас емес, әрқайсысының өзіне тән арнайы ерекшеліктері, қиысуы бар. Әрбір дағдарыс күтпеген жерден шығады және белгілі бір жеткілікті айрықша жағдайлармен пайда болады. Дағдарыстар аралығындағы кезеңдер теңіздегі ауа райы сияқты толқындардың жекелеген, кіші және аралық құлдырауы түрінде болуы мүмкін, бұл экономикалық дағдарыстардың әр түрлі типтері туралы айтуға негіз болады.

Экономикалық  ғылым шаруашылық тәжірибені талдау негізінде оның дамуының бүкіл тарихында толқындар деп аталатын экономикалық циклдардың бірнеше типтерін бөліп қарайды. Оларға кәдімгідей осы мәселені арнайы зерттеуге өмірін арнаған ғалымдардың есімдері берілген. Ең белгілілері Н.Д. Кондратьев циклдары (18-25ж.), яғни, «орта толқындар», К. Жугляр циклдары (10 жыл) және Дж. Китченнің «қысқа» циклдары (2 жыл 4 ай). [6]

Ұзын толқындар  теориясын 1997 жылы әзірлеген X. Кларк есімді ғалым болды, ол 1793 және 1847 жылдары дағдарыстар 54 жыл аралығындағы ажырауға назар аудара отырып, осы ажыраудың кездейсоқ емес екенін анықтайды. Голландия ғалымдары Л.Гереден және С.Вольф еңбектерінде көруге болады. Экономикалық кризис теориясына К.Маркстің де қосқан үлесі зор. К. Маркстің зерттеген қысқа циклдары кезеңді циклдар немесе артық өндіру кризисі деп аталды. Циклдің теорияларын зерттеуде ерекше орын орыс ғалымы Н.Д. Кондратьевке тиесілі. Оның зерттеуі XVIII ғасырдың аяғынан бастап (1790 ж.) сауданың орташа деңгейі, көмірді өндіру және тұтыну, шойын мен қорғасынды өндіру туралы болды. 100-150 жылдар кезеңіндегі Англияның, Францияның және АҚШ-тың дамуын қамтиды, яғни, ол экономикалық өсудің көп факторлы талдауын жасады.[3]

 

 

  1.2 Циклдық ауытқудың сыртқы және ішкі себептері, цикл типтері

 

          Циклдар деп өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады. Ауытқудың үш түрі бар:

1) рыноктық сұраныстын тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы, бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады;

2) құрал-жабдыққа, құрылысқа және тағы басқа сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу;

3) өндірісте гехнологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өтуінің ауытқуы. Бұл ауысулар өндірістің барлық элементтерін алмасуға әкеледі, бір топ жұмысшыларын басқасымен ауыстыру немесе қайта білім алу саласын енгізеді.

    Макроэкономикаға екі қасиет тән:

    1. Теңсалмақтық қасиеті, қоғамдық өндіріс пен қоғамдык тұтыну, ал рынокта тиісінше, ұсыныс пен сұраныс жеткілікті шамада теңестірілген. Сол кезде экономикалық өсу түзу траекторияда, өнімдердің өсу қарқыны өндіріс факторларының өсу қарқынына тікелей пропорционалды болатыны байқалады.

    2. Теңсалмақсыздық қасиеті, өндіріс пен қоғам деңгейінде теңестірілмеген. Бұл кезде ұлттық экономикадағы байланыстар мен тепе-теңдіктер бұзылып, дағдарыстардың белгілері пайда болады.

Теңсалмақсыздықтың  пайда болуы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өңдіріс көлемінің, баға деңгейінің, еңбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтамасыз етілуінің, пайда нормасының, пайыз нормасының экономикалық тұрақты жағдайларынан ауытқуымен байланысты. Экономика бұл жағдайға душар болған кезде экономикалық өсу алғашқы кезде баяулап, кейіннен тоқталады да дағдарыс басталады.

Циклдардың  ауытқу себептерін бүгінде көп тараған зерттеудің келесідей бағыттары бар:

Бірінші көзқараста өңдірістің құлдырауы халық бұқараларының толық тұтынбауымен немесе тұтынуының біркелкі болмауымен түсіндіріледі.

Екінші көзқарасты дағдарыстың болуын салалар мен аймақтардын арасында дұрыс тепе-теңдіктің болмауымен,  кәсіпкерлердің іс-әрекеттері реттелуге келмейтінімен байланыстырады, банк жүйесі мен ақша айналымының толқынынан  деп түсіндіреді.

Үшінші көзқарас, экономиканың циклді дамуының себептерін  іздеудегі көп тараған пікір - бұл тауарды өңдіру мен сату арасындағы қайшылық, қақтығыс өңдірісті кеңейтуге ұмтылған талаппен оған сәйкестеніп өсе алмайтын төлем қабілеті бар сұраныстың арасында туындаған қайшылықтар деп есептейді. Экономикалық дағдарыс жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың айтарлықтай өзгеріске ұшырауын көрсетеді. Сондықтан да дағдарыс коғамдық өңдірістің даму процесінде тепе- теңдікдің бұзылу нәтижесі емес, қайта ұлттық экономиканың теңгерілуіне және теңсалмақтылықтын орындалуына әкелетін құбылыс.

Маркстік концепцияда  дағдарысты капитал ұдайы өңдірісімен байланыстырып, негізгі қайшылық өңдірістің қоғамдық сипаттамасы және капиталистік өзіндік иелену, өңдіріс құрал- жабдығына капиталистік жеке меншік формасында қарастырылды.

Кейнсиандық теория ауытқу жүйесін рыноктық механизм теңдігінін әлсіздігі деп және осыдан туындайтын өңдіріске мемлекеттің араласуын қолдады. Осындай көзқарастардың көп болуы экономикалық циклдің күрделілігі мен маңыздылығына. байланысты.

Қазіргі экономикалық теорияда цикл себебін келесі тәсілдермен түсіндіреді: 1-тәсіл - сыртқы фактормен;

Информация о работе Экономикалық цикл және дағдарыс