Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 14:39, дипломная работа

Описание

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.

Содержание

Кіріспе.

І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

Қорытынды............................................ ............37-38

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать документ)
  • ресурстардың өндіріс процесіне толық әрі тиімді тартылуы;
  • айналымға тартылған ресурстарды пайдалану тиімділігі.

 

Экономика өсуге әсер ететін факторларды да экстенсивті және интенсивті факторларға бөледі. Экстенсивті факторларға капитал көлемі мен еңбек шығындарының өсуін жатқызады, ал интенсивті факторларға технолоиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту,өндірісті басқаруды жетілдіру,заңнаманы жақсарту т.с.с. үрдістер сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты католизаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономикалық өсудің экстенсивті  және интенсивті типтеріне қатысты  өсудің тікелей факторлары екі негізгі  топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті (2- сурет).

 


 


 

 




 

 




 

 

 

 

 

     2-сурет. Экономикалық өсудің тікелей факторлары.[3. 262 б]

Экономикада таза экстенсивті  және таза интенсивті экономикалық өсу  типтері болмайды. Өсу факторларын  ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді.

Қазіргі уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты екі типтің бірін жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%-тен жоғары болса, онда экономикаға интенсивті басым өсу типі тән және керісінше.

Экономикалық өсу тиімділігі «өндіріс тиімділігі» түсінігінің барлық құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:

  • тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік рыноктағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
  • қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
  • халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен қауымдастыруды тереңдету;
  • өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын жаңарту;
  • белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б.    

Экономикалық өсу факторларына байланысты екі модельді қарастыруға  болады: көп факторлы және екі факторлы.

       Көп факторлы модель экономикалық өсуге көп факторлардың ықпалын көрсетеді. Барлық факторлардың өзара әрекеттесуі туралы жалпы түсінікті өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Ол факторлардың әр түрлі үйлесімнің өндірілетін өнімнің ақырғы санына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.

       Екі факторлы модель еңбек пен капиталды қамтиды. Екі факторлы модельдің құрылуының екі нұсқасы бар: біріншісінде ғылыми-техникалық прогресс ескерілмейді, ал екіншісінде – ол есепке алынады. Егер ҒТП болмаса,капиталдың біртіндеп қорлануы ақырғы өнімділіктің кемуіне және экономикалық өсудің бәсеңдеуіне әкеледі. ҒТП қолданылған жағдайда, капитал пен еңбектің өнімділігі жоғары болады. ҒТП инвестицияның өсуіне әкеледі, ал бұл экономикалық өсуге әр түрлі әсер етуі мүмкін. Инвестициялар еңбекті үнемдейтін (еңбек шығынын үнемдеп,капитал шығынын арттырады) және капитал үнемдейтін (еңбекке қарағанда капиталды аз қолданатын) болады.  Егер еңбек пен капиталды тең дәрежеде үнемдесе, инвестициялар нейтралды деп аталады.

      Экономистер арасында экономикалық өсудің қажеттілігіне күмән келтіретіндер жоқ. Алайда, экономикалық өсуге қол жеткізудің қай тәсілі неғұрлым тиімді екендігі жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Экономистердің бір бөлігі негізгі капиталға салымдарды арттыруды көздесе,енді біреулер ғылыми әзірмелер мен зерттеулерді ынталандыру қажет деп санайды.

       Экономикалық  өсудің жағымсыз салдары да  болады, оларды төмендету үшін  экономикалық өсуді реттеу қажет.  Экономикалық өсуді реттеуде  бірнеше модельдер бөліа қарастырылады,  оларға неоклассикалық модель (Р.Солоу моделі) және кейнстік модель (Е.Домар мен Р.Харрод моделі) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 .2   Экономикалық  өсу модельдерi және кезеңдері. 

                                                                       

Кез келген экономикалық модельдер секілді экономикалық өсу модеьдері де нақты нақты экономикалық процестерді график,теңдеу түрінде көрсететін абстрактылы құрал болып табылады. Кейбір кемшіліктеріне қарамастан, олар экономикалық өсу тәрізді күрделі құбылыстың жеке бөліктерін талдауға мүмкіндік береді.

Экономикалық өсу модельдерінің  көбінде нақты өндіріс көлемінің  өсуі негізгі факторлар – капитал  мен еңбектің әсерінен орын алады  деп есептеледі. «Еңбек»  сыртқы әсерлердің салдарынан көп өзгере қоймайды, ал капитал шамасын инвестициялық  саясат арқылы өзгертуге болады. Капиталдың қоры амортизация көлеміне азайып, таза инвестиция сомасына артып отырады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын жақсартатын болғандықтан, оны сандық жағынан бағалау тұтыну динамикасын бағалау арқылы жүргізіледі.

Экономикалық өсу теорияларының бірқатары нарықтық бағыттың негізін қалаушы, классик  Ж.Б.Сэйдің,неоклассикалық  мектептің өкілі Дж.Б.Кларктың теориясына және макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік теориясына негізделеді. Неоклассикалық бағыттың жақтаушылары экономиканы өндіріс факторларын ұтымды қолданатын, өздігінен реттелетін механизм деп түсіндіреді. Қазіргі экономикалық теория кері пікірге тоқталады,яғни бұл теория бойынша экономикада тепе-теңдік сақтала бермейді. Бұл теорияларға төмендегілер жатады:

а)Дж.Кейстің қысқа мерзімдегі экономикалық теңдестік моделі;

ә)Харрод-Домардың димнамикалық;

б)Кобб-Дугластың екі  факторлық моделі;

в)Р.Солоудың моделі.

Экономикалық өсудің кейнстік модельдері сұранысты талдауды ұсыныс динамикасына қатысты факторлармен байланыстырып, экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың динамикалық теңдестігінің шарттарын анықтауға тырысады. Кейнстік модельдер макроэкономикалық теңдестікті қамтамасыз етудегі сұраныстың басым рөліне негізделген. Сұраныстың басты элементі – мультипликатор әсері арқылы пайданы арттыратын стратегиялық айнымалыларының бірі – инвестициялар. Инвестициялар пайданың өсуі арқылы қалыптасады, өйткені капитал салымдары пайданы арттыру функциясы болып табылады.

Кейнс тұжырымдамасында мультипликация әсері ерекше роль атқарады. Кейнс  мультипликацияларды инвестиция өсімі мен мемлекеттік табыстың өсуі арасындағы өзара байланысты көрсететін көрсеткіш ретінде қолданды. Кейнс ізбасарлары экономикалық өсуге ықпал ететін факторлармен ғана шектеліп қойған жоқ. Олар ұзақ мерзімдегі үзіліссіз экономикалық өсу мәселесін зерттеді. Бұл экономиканың мақсаты экономикалық жүйенің қажетті қарқыны мен тұрақтылықты анықтау және үзіліссіз экономикалық өсу моделін қалыптастыру болды.

Дж.Кейнстің өсу моделі ұлттық табыстың деңгейін,динамикасын және оның бөлінуін есепке алады. Онда тұтыну мен жинақтауды қамтитын сұраныс деңгейіне үлкен мән беріледі. Дж.Кейнс ұлттық табыстың өсу қарқыны қорлану мен инвестиция көлемінен тәуелді екендігін көрсететін ережені негізге алады.

 

Е. Домар тұрақты капитал қарулығы және жинақ нормасы қарастырды. Өнім шығару тек бір ресурсқа ғана тәуелді, яғни капиталға. Есептеу жеңіл болу үшін инвестициялық лаг нольге тең деп алынады. Жиынтық сұраныс өсімі инвестиция өсіміне тәуелді:

 

   (2)

Мұндағы:

– шығыс мультипликаторы

     – жинаққа шекті бейімділік

     – тұтынуға шекті бейімділік.

 

Жиынтық ұсыныстың өсуі келесідей:

   немесе     (3)

Мұндағы:

     – капиталдық шекті бейімділігі

     – инвестиция.

 

Капиталдың шекті бейімділігі  технологиямен белгіленгендіктен, ол тез өзгермейді, сондықтан  .

Тепе-теңдік шартында  , олай болса:

  немесе    .

Тепе-теңдік кезінде  , ал және болса, онда ұлттық табыстың өсуі қарқыны І көлемнің өсуі қарқынына тең:

.

Сонымен, табыстық тепе-теңді  өсу қарқыны жинақ нормасы  мен капиталдың шекті өнімділігіне тура пропорционалды ( ).

Е. Домар моделі бойынша, тепе-теңдік қалып сақталу үшін инвестиция мен  ұлттық табыс бірдей қарқынды өсуі керек. Бірақ мұндай динамикасының тепе-теңдіктің тұрақты болуы өте сирек, себебі жеке сектордағы инвестицияның өсу қарқыны модельде берілген деңгейден ауытқып отырады.

Егер Домар моделінде инвестициялар экзогенді болса, онда Харрод экономикалық өсудің әлеуметтік моделін инвестицияның экзогенді функциясын қолдану арқылы жасауға тырысты. Ол үшін Харрод Кейнстің мультипликаторын акселератор принципімен толықтырып, кәсіпкер күтулерін енгізді. Ол бойынша табыстың кез келген өзгерісі инвестицияның табыс өзгерісін тура пропорционалды өзгерісін туғызады:

 

Кәсіпкер өндіріс көлемін  ұсыныс және сұраныс арақатынасы  арқылы жоспарлайды. Ол келесідей:

 

 

 – кезінде сұраныс алдыңғы  уақытта ұсынысқа тең болған;

 – ұсыныстан төмен;

 – ұсынстан жоғары.

 

Сонымен осы жылдағы AS көлемін келесідей  жасауға болады:

 

    

 

 көлемi ( кезiнде):

 

 

тепе-теңдiк экономикалық өсу  :

 

,

.

 

Егер, болса, онда ал кәсіпкер ағымдық уақытта осы өсім қарқынын сақтайды:

 

 

Сонымен

 

   немесе 

 

Экономикадағы тепе-теңдің деңгейді қамтамасыз ететін   арақатынасын Харрод кепілді өсу қарқыны деп аталады. «Кепілдеме берілген» өсу қарқыны тұсында өндіріске қатысты кәсіпкердің күтімі орындалады. Тұрақты кепілдеме берілген өсу келесі формула арқылы сипатталады:

 

                  Gw=s/ar

мұндағы  s-табыстағы жинақтың үлесі,

                ar-кепілденген өсу қамтамасыз етілетін капитал сыйымдылығының өсу коэффициенті.

Егер кәсіпкер жоспарланған нақты өсу қарқыны “кепілдеме берілген” өсу қарқынының деңгейінен ауытқыса,экономикадағы теңдестік бұзыла бастайды.

Өсудің «табиғи» қарқыны дегеніміз – еңбектің толық жұмыспен қамтылуы тұсында болатын ең жоғарғы қарқын. Өсудің табиғи қарқыны еңбек ұсынысының өсу қарқыны мен еңбек өнімділігінң өсу қарқынының қосындысына тең:

                            Gn=n+g

мұндағы n-еңбек ұсынысының өсу қарқыны,

               g- еңбек өнімділігінің өсу қарқыны.

        Е.Домар,Р.Харродтан бөлек, экономикалық өсу саласында өз бетінше зерттеу жүргізіп, Харродтың жасаған қорытындысына ұқсас тұжырымға келді. Сондықтан, жоғарыдағы екі модель біріктіріліп, Харрод-Домар моделі деп аталды. Е.Домар мен Р.Харрод  модельдерін экономикалық өсуге сәйкес мынадай қорытынды жасауға болады:

- экономикалық өсудің  қарқыны жинақтауға деген шекті  бейімділікпен анықталады;

- динамикалық тепе-теңдік  толық жұмыспен қамтылу жағдайында  орын алады.

Алайда, бұл модельдегі көрсеткіштер жоғары дәрежеде агрегатталған,бұл оның нықты қызметіне кедергі келтіреді. Бұл модель экономикалық саясатты жүргізу үшін теориялық талдауда пайдалы құрал бола алады. Қуаттылықтардың толық жүктелуін қамтамасыз ететін өсу қарқыны бір фактор тобымен анықталса,толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін өсу қарқыны келесі фактор тобымен анықталады. Олардың бір-біріне сәйкес келуі – сирек кездесетін жағдай, ал Домар-Харрод моделінде бұл ескерілмейді. Еңбек пен капиталдың өзара ауыстырылуы қарастырылмайды.

Е.Домар мен Р.Харрод 1920-1950 жылдардағы экономикалық өсудің нақты процестерін сипаттады,ал одан кейінгі бақылаулар (1950-1970ж.ж.)үшін Р.Солоудың неоклассикалық моделі кең қолданылды.

 Неоклассикамектебінің  өкілі Робер Солоу экономикалық  өсуге қатысты еңбегі үшін  Нобель сыйлығын алған. Солоу моделінің басты алғышарттары болып:

  • капиталдың шекті өнімділігінің кемуі;
  • өндіріс ауқымынан болатын тұрақты қайтарым;
  • амортизация нормасының тұрақтылығы

 Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныстың инвестиция және тұтыну мен анықталуы. ( 3- сурет)

 

 

 y


 f(k)


 

 sf(k)


Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі