Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание

Осы тақыраптың өзектілігі, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:
Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..3
I. Нарықты экономиканың мәні және дамуы.
Нарық ұғымы мен мәні………………………………………………...5
Нарық қатынастарының даму кезеңдері……………………………...8
Нарық түрлері және сегментациясы…………………………………10


Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
Нарықтың қызметі және құрылымы………………………………...12
Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы……………………17
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі……………...21
Қазақстан нарық жолында……………………………………………24
Қорытынды…………………………………………………………………...29

Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...30

Работа состоит из  1 файл

0Kursovoy.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

Екіншіден, нарық экономикасына «пайдасы жоқ» өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен, олар капиталдың орын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.

Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.

Бүгінгі даңдағы  дүниежүзілік экономикаға тән нәрсе  – нақты жүйе ешқандай елде таза түрінде кездеспейді, тіпті ол А.Смит пен К.Маркстің заманында да болған жоқ. Екінші мәселе – нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерге қарағанда, әміршілдік-әкімшілдік жүйеге негізделген мемлекет бұл жүйенің жеткілікті дамымау себебіне байланысы бар жауапкершілікті қоғамның қарапайым мүшелерінің иығына салып қойды. Әміршілдік-әкімшілдік жүйе нарық құрылымын ығыстыра немесе олның сипатын бұза отырып (деформациялау), шаруашылық субъектісін экономикалық тұрғыдан ынталандырудығ орнына, апйдаға деген «қамқорлықтан» ған емес, сонымен қатар банкротқа (зиян шегу, дәрменсіздік) ұшырау қауіпінен «құтқарды».

Бұл жүйе ондаған жылдар бойы кәсіпорындардың зиян шеккен шығындарының орнын мемлекет тарпынан толтырып келді, тіпті әлі де болса осындай саясат жүргізілуде. Мәселен: 1. басым көпшілігі мемлекет бюджетін қаржыландыруда. 2. өндіргіш ресурстарды орынсыз шығындап, ысырапшыл пайдалану әдісі әлі де болса қолдалынуда. 3. жаңа және прогрессивтік технологияны енгізу қажеттігіне үстірт көзқараспен қарау күні бүгінге дейін басым түсуде.

XX ғасыр дәлелдеп  отырған ақиқат қандай да болсын, дамыған елдер ертерек немесе  кейінірек дағдарыс және күйзеліс кезеңінен өтеді. Мәселен, АҚШ президенті Рузвельттің «адалдық бәсекелестік» және 1929-1933 жылдардағы тоқыраудан шығу тәсілдері сол кезде түбегейлі қауіпті деп саналды. Ал Рузвельттің өзін «түкті социалист» атандырды. Күні бүгін ғана айқын дәлелденіп отырғандай, қазіргі заманның баршы ұмтылыс мүмкіндігіне қарамастан, XIX ғасырдағы асқақ арманшыл дәуірге қайта оралуға жол жоқ екені белгілі болды. Мұны қарапайым түсіндіруге өте қиын себебі, XX ғасырдың соңында тарих өзінің қарама-қарсы жағынан бұрылып отыр.

Бұрынғы одақтағы және Шығыс еуропа елдеріндегі қалыптасқан  әміршілдік-әкімшілдік жүйенің дағдарысқа ұшырап күйреуі, олардың нарықтық экономикаға  бет бұрылысы баламасыз екендігі бәрімізге әйгілі болып отыр және оның тиімділігінің сөзсіздігі сондай: қоғам мүшелерінің бір бөлігі оны XIX ғасырдағы капитализмге қайта оралу деп есептейді. Әміршілдік-әкімшілдік жүйесіне тән қатаң қағида бойынша, нарықтық жүйе – экономика емес, тек қана капитализмнің игілігі ретінде түсіндіріледі. Осыған орай, нарық жұмыссыздықты жою жеке меншікті ендіруге, сондай-ақ экономиканың әр түрлі секторларында еңбек жалдаудың көптеген формаларын   қолдануға кең жол ашады.

Ендігі күрделі  мәселе: нарық жуйесін реттеу процесінде мемлекет қандай қызметтер атқарады?

Мемлекет белгілі бір таптардан мүдделерін қорғай отырып, бір жағынан, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, ал екінші жағынан, осы қажеттілікті қамтамасыз ету жолдарын іздестіріп жүзеге асырады.

 

Буржуазиялық  мемлекет мына төмендегі функцияларды орындайды:

  1. Заңдылық
  2. Салық салу
  3. Ақша айналымын реттеу
  4. Монополиялыққа қарсы әрекеттер жасау
  5. Өндірістің инфрақұрылымын жасау

Бұл тұста мемлекеттің, әсіресе, қоғам таптары мен қалың  бұқара топтарының арасында қарама-қайшылақтарды  басуға бағытталған әлейметтік міндетін ерекше бөліп айтуға болады.

Бүгінгі таңда  буржуазиялық мемлекет және меншік капиталды  пайдаланудың тиімділігі төмен болатын  өндіріс сферасында шаруашылық жүргізу  міндетін атқарады. Осыған байланысты меншіктің ерекше секторы мемлекеттік  меншік пайда болады. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізүдің ерекше секторы мемлекеттік сектор әрекет жасайды. Дамыған капиталистік елдерде олардың үлесі әр түрлі. Мысалы, олар 80-жылдары АҚШ-та мемлекет кәсіпорындары өндірген өнімдерінің ұлттық табыстағы үлесі 1-2% қана болды. Ал, Батыс Еуропа елдерінде бұдан басқаша жағдай қалыптасқан. Австралиядағы мемлекет секторы барлық өндіріс күштерінің 37% ҚАМТИДЫ. Батыс германияда оның үлесі ұлттық байлықтың 21%-не тең. Басқа елдерде мемлекеттік сектордың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі мынаған тең: Австралияда-12%, Францияда-20%, Швецияда-14%, италияда-12%.

Жоғарыда айтылғандарды  түйіндей отырып, мемлекеттің нарықты  экономикада атқаратын қызметтерін  мына топтарға бөлуге болады:

 

■  тиімділікті  қамтамасыз ете отырумен қатар, нарықтың бір «қателігі» - монополиялыққа жол бермеу. Қазіргі таңдағы экономика шын мәнінде, нарық конъюктурасы анықтағандай, көптеген қателіктер жібереді. Бұндай қателіктердің себебі, өндіріс пен тұтынудың тиімсіздігі. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан байқалатын әрекет бағыты аз емес. Бірақ экономика «сырқатын» жоюдағы мемлекет әрекетін іске сала отырып, оның өз «қатесін» елеусіз қалдыруға болмайды, яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескерту қажет. Мемлекеттің экономикаға араласатын маңызды құралдары: салық, баға және проценттік ставкалар;

■   нарықтық жүйе балалар мен қарттар және кедейленген жұртшылықты сырт қалдырып, тауарларды «қалатлы» (ақшалы) қоғам  таптарына жіберетіндіктен, (бағыттайды) мемлекет әлеуметтік әділеттілікті  қамтамасыз етуге тырысады.

 

Нарықтық бағалы механизмін жақтаушылар және оны  сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан, ол елеулі теңсіздікке  жол ашатындығын мойыедаулары қажет. Бұл нарықтың кемістігі емес, бөлудің  кемістігі. Мемлекет ол жағдайды өзгерте  алады және өзгертуге міндетті де. Мұндай ситуацияны өзгертудің мынадай екі жола бар: 1( прогрессивті салық салу; 2) зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы жұмыссыздар және т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын қарастыру.

Мемлекеттің тағы бір атқаратын қызметі – экономикалық тұрақтылықты аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сақтаумен байланысты. Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты. Мұнда мемлекеттің қолданатын басқа тәсілі: өндіріс, жұмыссыздық және құнсыздану деңгейін қаржыландыру және салық салу арқылы реттеу.

Нарық экономикаға  көшу процесінде мемлекеттің атқаратын  экеономикалық қызметі және оған әсер ететін әдістері көпқырлы. Мемлекет бұл бағытта әр түрлі тәсілдер қолданады. Олар: құқықтық мөлшерлер, ақпарат хабарлармен қамтамасыз ету, қаржы бөлу-экономикалық /салық, несие, процент, баға және т.б./ тетіктер-шаруашылық тапсырыс, заттай салық,лимиттер мен квоталаржәне т.б.

Мемлекеттің басты  қызметі – шаруашылық жүргізу  туралы бекітілген шешімдерді заңдылық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Ол үшін нақты заңдар және заңға сәйкес актылар /қаулылар, нұсқаулар және т.б./ қабылдайды.

Нарықтық экономика  жағдайында мемлекеттің жоспар жасауындағы  әрекеті түпкілікті өзгереді. Жоспарлаудың жаңа құрамына мыналар кіреді: ұзақ мерзімді болжау, әлеуметтік экономикалық дамудың индикаторлық әдіспен доспарлау: экономика дамудың өзікті проблемаларын анықтау және оны шешу концепцияларын жасау.

Нарықтың қалыптасуында  ақша және қаржы-кредит жүйелері де маңызды рөл атқарады. Мұнда айта кететін жәйт, қазіргі жағдайда мемлекеттік экономикамызды саықтыру бағытындағы, қарды-кредит жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар. Олар – халық шараушылығында қолданатын икемді салық жүйесін қалыптастыру, экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу, республикада ақша айналым тұрақтандырып, оны сауықтыру.

Сонымен қатар, мемлекет саладағы саясатын өзгертеді. Бұл процес екі бағытта жүргізілуде. Бір жағынан, білім беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделі мемлекеттік-әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылуда, ал екінші жағынан нарыққа кқшуге байланысты халықты әлеуметтік жағыан қорғау шаралары даенгізілуде.

Қорытынды: мемлекеттік экономикалық қызметі кәсіпкерлерді /жеке, шағын кәсіпорындар, фирмалар және мемлекеттік кәсіпорындардың/ экономика саласындағы әрекетін тәртіпке келтіру, реттеп отыруға саяды. Бірақ ел ешбір жағдайда кәсіпкерлердің іс-әрекетіне араласпайды. Нарық механизмі-бағаны және өндірісті анықтайды,; мемлекет салық салуда, шығындарды реттеп отыру арқыллы нарықты үйлесімді пайдалану жолдарын іздестіреді.

2.4 ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚ ЖОЛЫНДА

 

Қазақстанның  халық шаруашылығының құрылымы мен  дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық  құқрылымы біркелкі емес. Қазақстанның әр түрлі аудандары мен аймақтарындағы халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымдарының негізгі ерекшеліктері қандай?

Өнідіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан - өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталған аймақтар.Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина құрылысы және металл өңдеу, химия өнеркәсібі дамымаған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Өндірілетін өнімнің 7% ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің табиғат – ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсту металлургия, энергетика, ағаш, қазақ, жеңілжәне тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түсті. Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60%, тері өндірісінің 40% орналасқан. Аймақтың негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығы үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар-құнарлы қара топырақты (солтүстікте) және сұр топырақты (оңтүстікте)  жер алаңдары.

Республикамыз бидай өндіру мен оны садуа  бұрынғы КСРО-да 2-ші (Ресейден кеінгі) орын алады.Бидай өндіретін ірі аймақтар-республиканың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62% осы облыстың үлесіне тиеді.

Қазақстане  қой мен ешкінің саны бойынша  бұрынғы одақтас республиканың  ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған еңбек ресурстары жеткілікті Оңтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл айырмашылық табиған пен ауа-райының ерекшеліктерінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп келегнде халықшаруашылығы құрылымының едәір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұлжағдайда солтүстік аймақта Павлодар, Оңтүстікте Алматы облыстарын атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл рекшелік  - Павлодар-Екібалтұз ірі территориялық өндірістік кешенінің қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің негізінент Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты.

Қорыта айтқанда, Қзақстан халық шаруашылығы қалыптасқан  салалық құрылымы – біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынығ  одақтың біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын  дәлелдейді. Екіншіден, халық щаруашылығын басқаруда кеінгі кеөдге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80-жылдардың ортасында 13жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халық шаруашылығының құрылымы онды болғанжоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-ң төңірегінде. Мұның өзі халақтың қажеттігіне 10-50% қана қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз, небары 20-30%-ке сәйкес келекді. Оның үстін, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құгны өз бетінше жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптің басым үлесі, яғни 93% мемлекет қажеттеріне елей бермейтін бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды. Осыжағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары қандай?

Қазір өркендеу бағыты болып табылатын мемлекет экономикасын нарық жолына бағдарлау  кең көлемде жүргізілуде.

Нарықты қалыптастырудың  алғышарты – нарық тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздігі - өмірдің өзі  күн тәртібіне жоғары талаппен қойып отырған мәселе. Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап берер бұрын мына төмендегі деректерге көңіл аударайық. Бұрын одақта орталықтандырылған одақтық басқару ведомостволар мен министрліктеріне басты-басты 30-өндіріс, олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру, жалпы машина жасау, басқа да Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған. Осының салдарынан мемлекет өндіретін осы салалар өнімдерінің басым мөлшері сыртқа кетіп, сырттан келіп еңбек құралдыры мен тұтыну заттарын әкелуге мәжбүр болып отырдық.

Бұдан шығатын  қорытынды: Қазақстан өзэкономикасының құрылымын өзі айқындап, оның салдарының ара-қатынас пропорцияларын белгілеу және оған уақытында керек түзетулер  енгізу, күрделі қаржыларды пайдалану ісінде нағыз тәуелсіздік алуы қажет. Міне, осы жағдайда ғана мемлекет қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығаруды дұрыс реттей алады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы  жағдайы. 1992жыл Қазақстан экономикасы үшін қоғамдық өндіріс деңгейінің төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденция, әсіресе, өнеркәсіптің негізгі салаларында, күрделі құрылыста және тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді. Мұның себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып отыр. Бұның өзі өнімнің бағаларын күрт арттыруға әкеліп соқты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992жылы 1991 жылмен салыстырғанда олар 24,7 есе өсті. Өнеркәсіп орындарының жартысы1991 жылғы деңгейімен салыстырғанда өндірістің құолдырауы жол берді, ал жалпы өнеркәсіп бойынша ол осының алдындағы жылдағы 0,95%-пен салыстырғанда 14,8%-ке жетті.

Халық тұтынатын  тауарлар өндіретін салаларда алаңдатарлық жағдай қалыптасуда. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрап отыр, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміп кетті.

1993 жылы Қазақстан  мемлекетінің экономикасына бірнеше  факторлар тікелей әсерін тигізді.

Біріншіден, мемлекеттік  меншікті мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру дәйекті жүргізіле бастады. Екіншіден өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Үшіншіден, қаржы-несие және инвестициялық саясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Осы шараларағ қарамастан, материалдық өндіріс салаларында өндіріс мөлемінің кемуі тоқтаған жоқ. 1993 жылы таза материалдық өнім 1992 жылмен салыстырғанда 14,8%-ке кеміді. Бұл жағдайда пайдаланылған ұлттық табыстың құрылымында тұтыну қоры 1992 жылдағы 67,3%-тен 76,5%-ке дейін өсіп, ал қорлану қоры бұған керісінше 32,7%-ктен 23,5%-ке кеміді.

Информация о работе Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы