Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание

Осы тақыраптың өзектілігі, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.
Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:
Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..3
I. Нарықты экономиканың мәні және дамуы.
Нарық ұғымы мен мәні………………………………………………...5
Нарық қатынастарының даму кезеңдері……………………………...8
Нарық түрлері және сегментациясы…………………………………10


Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
Нарықтың қызметі және құрылымы………………………………...12
Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы……………………17
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі……………...21
Қазақстан нарық жолында……………………………………………24
Қорытынды…………………………………………………………………...29

Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...30

Работа состоит из  1 файл

0Kursovoy.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны:

 

Кіріспе…………………………………………………………..3

I.        Нарықты экономиканың мәні және дамуы.

    1. Нарық ұғымы мен мәні………………………………………………...5
    2. Нарық қатынастарының даму кезеңдері……………………………...8
    3. Нарық түрлері және сегментациясы…………………………………10

 

 

  1.      Нарықтың арқаратын қызметтері мен құрылымы.
    1. Нарықтың қызметі және құрылымы………………………………...12
    2. Нарық экономикасының элементтері мен қызмет ету                     принциптері. Нарық механизмінің қалыптасуы……………………17
    3. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын ролі……………...21
    4. Қазақстан нарық жолында……………………………………………24

Қорытынды…………………………………………………………………...29

 

Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Дамыған елдердің қазіргі экономикасы нарықтық сипат  алады. Нарықтық жүйе негізгі экономикалық мәселелерді шешу жолында ең тиімді және икемді болып табылады. Ол бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып келіп, жаңа түрге ие болады және де кейін барлық елдерде болашақтың экономикалық бейнесін анықтайтын болады.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазіргі нарықты экономикадағы экономикалық инфрақұрылымның мәні және рөлі» - жайында, бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстандағы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтумен байланысты болып келеді. Еліміз ұзақ уақыт бойы тауар-ақша қатынастары және меншік түрлері мойындалмай келеді, ал ұлттық экономиканың даму тәжірибесі толықтай дерлік әлемдік нарықтан оқшауланады. Нарықтық қалыптасу процесінің көптеген күрделі мәсеселелерін шешуге ықпал ететін натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылықтар жойылды.

Осы және басқа да көптеген жағдайлардың нәтижесінде нарық және нарықтық қатынастар біртіндеп дами бастады.

Осы тақыраптың өзектілігі, оның мынандай зерттеу мақсаттарын анықтады: нарықты, оның мәнін, пайда болуын, құрылымы мен қызметтерін зерттеп оқып білу.

Жоғарыда айтылған мақсатттарға сәйкес автор келесіде міндеттемелерді анықтап отыр:

  1. Нарық ұғымы мен танысу, оның пайда болу себептерін анықтап, даму кезеңдерін қарастыру;
  2. Нарық құрылымы мен қызметтерін зерттеп, жалпы оның механизмімен танысу;
  3. Нарықтың негізгі түрлері мен мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету;
  4. Қазақстанның нарық жолындағы сипатын анықтап, мемлекеттің нарық жағдайына өту жолдарын айқындау;

 

Автор қарастырған мақалалардың, кітаптар, журналдардың негізінде осы тақырып көптеген экономикалық әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады. Нарықтық экономиканы бұрынғы кезде де зерттеген. Қазіргі заманда да экономикалық қатынастардың қағидаларын, заңдарын, басқару тетіктерін зерттеумен айналысатын көптеген экономистер бұған көп көңіл бөлуде.

Бұл курстық  жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылғын әдебиеттерден  тұрады.

Бірінші тарауда  адамзат өзінің өмір тарихында көп  уақыт бойы нарықсыз тіршілік кешкенін айтып кетуге болады, ол кезде натуралдық шаруашылық дамыған еді. Экономикалық субъекттің өз мүддесін қамтамасыз етуге тырмысудың және еңбекті тауар өндірушілердің арасында бөлудің нәтижесінде кейіннен тауарлы шаруашылық пайда болды. Алғашында айырбас дами отырып, нәтижесінде нарықтың өркендеуіне жол ашты. Нарық өзіне тән нарықтық бәсекенің тауарлы шаруашылықтың мықты тірегін құрайды. Нарық-көп қырлы түсінік, сондықтан оны бір мағынамен түсіндіру қиын.

Екінші тарауда  нарықтың құрылымы, түрлері мен қызметтері және мемлекеттің осы нарықтың экономикада  атқаратын рөлі туралы қарастырылады. Экономикада нарықты мынадай негізгі типтері бөлініп көрсетіледі: нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша; тауарлы топтар бойынша; кеңестік критерии бойынша; бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша; экономикада заңдылықты сақтау бойынша; нарық қатынастарының субъектілері бойынша. Нарықтың барлық осы түрлері өзара байланысты және экономиканың дамуына үлкен септіген тигізеді. Нарықтық экономика мемлекеттік реттеуінсіз өмір сүріп, қызмет ете алмайды. Мемлекеттік реттеу нарықтың дұрыс қызмет істеуінің бірден-бір шарты болып табылады. Бірақ та мемлекет өзінің экономикаға араласуымен зиян келтірмеу керек, өйткені бұның нәтижесі үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін.

Үшінші тарауда автор  Қазақстанның нарық жолындағы жағдайларын қарастырады. Бұл бөлімде нарықтық экономикаға көшудің жолдары және Қазақстан мемлекетінің дамуының стратегиялық мақтары жөнінде айтылады.

Курстық жұмыстың зерттеу  нысаны – нарықты экономикадағы экономикалық инфрақұрылымның мәні және рөлі

Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі болып, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, статистикалық және қаржы-экономикалық басылымдардың жарияланымдары, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 I. НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ДАМУЫ.

 

1.1  НАРЫҚ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ.

 

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы  сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық  комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті,  осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына, дегенмен нарықтың біраз дербестігі бар, сондықтан бұлар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтиже мен тиімдігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін  тоериялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтың қатынасы стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.

Саяси экономикалық мағынада нарық айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде  ұдайы өндіріс процесінің маңызды  сатысы, айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын-сонды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идиологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызды  мен орны туралы даурықпалы көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің  қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. (Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық – «Вопросы экономики», 1990ж.).

Нарық – бұл сатушылар  мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. (Жураылева Г. Социализмнің экономикалық жүйесіндегі нарық  - “Экономические науки”, 1990ж. №7)

Нарық – тауарларды сатып  алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия-Алматы, “Ана тілі”, 1991).

Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып  алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі  заманғы нарық: табиғаты және дамуы / Э.П. Дунаев, И.Е. Рудакова редакциясымен – М, МГУ, 1992ж.).

Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын  ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға  ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

Экономикалық дамудың  объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын  (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б.) өмірге әкелді.Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем ету нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басұрудың экономикалық өмірде шаруашылық қызметінің ұйымдастырудың бұл әдісі бастық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімдігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмысы дәрежесін жақсарту бағытында жұмыс істей бастады.

Соңғы уақытта теориялық  дискурссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып  жәнінде ұдайы өндіріс ( жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

 

Ағылшын экономисі А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек  жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады.Оның еңбегі Халық байлығы 1776 жылы жарық көрген. А.Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып қателескен екен, аталған кітаптарды адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.

А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс түсінігінше- алтын және күміс  қорын жинақта емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын  және ақша нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің  нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық экономика-белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.

Экономика ғылым ретінде  соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің  еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

А.Смиттің нарық туралы ілімі Австралияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон  Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым-ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады, солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

А.Смиттің ілімінен шығатын  қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің әрі  олардың әрқайсысы өздерінің  экономикалық мақсаттарына жету жолынлағы  мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

Капиталистік қоғамның даму диалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымластыруға әкелетіні аян. “Айырбастау” – дейді В.И.Ленин, - “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В.И.Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда және соцаилистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендінгі туралы В.И.Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:

1. В.И.Лениннің көз алдында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын ролі;

2. Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері  туралы жалпы теорияның айқындала түсуі;

  1. Өтпелі дәуір кезіңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмнің дамуы.

 

Нарықтың қарым-қатынасының  қажеттілігі қоғамдағы еңбек  бөлінісін тудыратын себептерден  туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттігіне қарағанда  табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, білгілі  затты ғана өндірі алады, бірақ олардың қажеттігі миллиондаған атуы бар әр түрлі тұтыну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.

Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат жіне т.б. тән нәрсе-олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы “Ресурстар заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлдекімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әртүрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А.Смиттің зерттеген “Көрінбейтін қол” деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамда пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты- өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол  оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүддесіне де пайдалы әрекет жасайды.

Информация о работе Экономикалық нарықтың инфрақұрылымы