Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Описание

«Не-қалай-кім үшін өндіреміз?» деген іргелі сауалдардан басқа, «экономикалық өкіметке кім қожалық етеді?» деген тағы бір негізгі сұрақ бар. Яғни, экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижелері : тауар мен қызмет кімдікі болып саналады.
Меншік проблемасымен біздің әрқайсысымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып отырамыз. Адамдар «менікі» және «басқанікі» «біздікі» деген ұғымдарды айыра білу қажеттілігі ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.

Работа состоит из  1 файл

срс сравнительный анализ 1.doc

— 633.00 Кб (Скачать документ)

Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы.

 «Не-қалай-кім үшін  өндіреміз?» деген іргелі сауалдардан  басқа, «экономикалық өкіметке  кім қожалық етеді?» деген тағы  бір негізгі сұрақ бар. Яғни, экономикалық ресурстар және  өндіріс нәтижелері : тауар мен қызмет кімдікі болып саналады.

 Меншік проблемасымен  біздің әрқайсысымыз өмір бойы  күн сайын ұшырасып отырамыз. Адамдар «менікі» және «басқанікі»  «біздікі» деген ұғымдарды айыра  білу қажеттілігі ұдайы ұшырасады.  Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.

 Меншік – адамдардың  өндірістік және өндірістік емес  заттардың иемденуінің тарихи  анықталған қоғамдық тәсілі. Ол  әрқашанда бұйымдармен байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен).

 Меншік және меншік  қатынастарының құқықтарын айыра  білу талап етіледі.

 Меншік құқығы заң  санатының тұрғысынан алғанда  иелік ету, ұйғарым жасау және  мүліктерді пайдалану қатынастарының  жиынтығы болып шығады. Меншік құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер реттейтін ереженің басым бөлігін құрайды.

 Меншіктің шынайы  қатынастары оның экономикалық  жүйелерінің негізін құра отырып  тарихи – мәдени, ұлттық, географиялық, демогафиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.

 Өндіріс құралдарын  меншіктену өндіріс процесінде  болатын адамдар арасындағы экономикалық  өзара қатынастар (өзара байланыс) сипаты ғана емес, сонымен бірге  өндіріс өнімін (тауар, қызмет), оның  айырбасталу және тұтыну формаларын да анықтайды.

 Мемлекет заңнама  негізінде «ойын ережесін» бекітеді: кім, қандай жағдайда, қандай жүріс  жасай алады?

 Сонымен қатар меншік  құқығы өз мақсатын көздеген  адамдардың таңдау еркіндігін  анықтай отырып, не және кімге  тән, меншік иесінің ауысуы қалай өтеді деген мәселелерді айырады.

 Бұл ретте меншіктің  объектісі мен субъектісі деген  ұғымдарды айыра білу қажет.  Мәселен: «бұл – Абайдың үйі»  дегенде, үй меншік объектісі  болып, ал, Абай – субъектісі  болып саналады.

 Меншік құқығы дегеніміз адамның «өзінікі сияқты» немесе «бөтендікі сияқты» заттарға қатысатын айтады және ол:

 «субъект → объекті  деген формулаға негізделеді».

 Алайда «бұл Абайдың  үйі» деген байламда, Абайдың  үйге деген меншіктік құқығы  қалай туды және ол енді  қалай мойындалады.

 Егер меншікті адамдар  арасындағы экономикалық қатынастар  деп қарайтын болсақ, онда оған  жауап беруге болады. Меншіктік  қатынас – заттарға байланысты  адамдар арасындағы: субъект ↔  субъект: объект деген формула  арқылы айқындалады. Басқаша айтқанда, меншік қатысты дегеніміз игілікті иемдену мен оны басқаның иелігінен алу жөнінен субъектілері арасындағы қатынастар жүйесі, ең алдымен өндіріс факторлары қатынастарының жүйесі болып шығады.

 «Иемдену – иелігінен  алудың» байланыс күші әртүрлі  болуы мүмкін. Заттарды жай ғана пайдалануға болады, яғни оның иесі болмай тұрып-ақ оны белгіленген жағдайға қолдануға болады. Меншік иесі заттардың пайдалы қасиеттері әрқашан өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге немесе соған жуықтау жағдайда белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі болмай тұрып-ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі ретінде пайдалануға болады.

 «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында  мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат  емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады.

 

Еңбектік жеке меншік тұлғалары – жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада  адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер  мен адамдар жатады.

Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі  бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің  бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік  пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа  да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

 

Үжымдық меншік – бұл  еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Меншік заңдары:

1.Өз еңбегінің өнімін иемдену;

2.Бөтен біреудің еңбегінің өнімін  иемдену.

    Меншік субъектісі ретінде  – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны,  адамды қарастыруға болады.

     Меншік объектісі  ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.

     Басқаша айтсақ, меншік  – бұл адамдар арасындағы өндіріс  факторлары мен нәтижелерін иемденуге  байланысты объективті қатынастар  жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық  өндіріс әдісінің негізі болып  табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

     Иемдену – бұл  нақты қоғамдық затты иелену  әдісі. Иемдену әрдайым белгілі  бір тұлғаның мүддесіне қарай  жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ  мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.

      Иемдену заңдары:

    1. Еңбек бастапқы  иемдену әдісі;

    2. Басқаның  еңбегін иемдену заңы.

 

 

Меншік қатынастары  және оның экономикадағы рөлі:

 

• Меншіктің юридикалық мағнасы мүліктік қатынастар. Меншік иесіне заңмен белгіленген мүлік тиесілі бола алады.

 

• Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.

 

• Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

 

• Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.

 

• Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым товар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік товар өндірісіне тән).

 

• Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).

 

• Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.

 

• Үшінші біриемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.

 

• Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі.

 

• Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай.

 

• Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі.

 

• Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.

 

Меншік иелері үш типке бөлінеді:

1. Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.

2. Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.

3. Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып  табылады. Жеке  меншік дегеніміз- белгілі  бір мүлікке жеке адамның иелік  етуін айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Қорытынды

 

Меншік-адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады. Меншік және иемдену заңдары. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену — затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы белгісің құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінін жеке орындары болады. Иемдену — көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара- бара екі типті шаруашылық қалыптасады — иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Әр елдердің экономикасындағы бұлардың рөлі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуінінде қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, болу және айырбаспен толықтырылған болады. Индивидуалдық өндірістің коғамдық өндіріске айналуы, иемденудің құрылымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді. Иемденудін ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын, өндіріс құрайды. Халыктың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы. Иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады. Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты өсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер.

 

 

1.Назарбаев Н.А. Рынок  и социально-экономикческое развитие. — М.:

3.Абденов О. Экономическая  политика переходного периода  на рубеже

4.Кенжегузин М. Необходимый  экономический рост: предпосылки,  факторы, модели,

5. Клилюва Т.В., Жидимбетова

6. Реформиронание экономики  Казахстана: Проблемы и их решения.

 

 

 




Информация о работе Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы