Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы
Курсовая работа, 27 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша кадрларды дайындау Қазақстанда егемендіктің алғашқы жылдарында қолға алына бастады. Қазірде мемлекетіміздің алдыңғы мақсаттарының бірі – әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандар тапшылығын жою, халықтың көмекке мұқтаж әлеуметтік топтарын мемлекеттік көмек түрлерімен қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау және сақтандыру шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Содержание
Кіріспе................................................................................................................3
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың әлемдік үлгілері және
олардың студенттік кезеңдегі өзін-өзі қалыптастыру барысының сипаты
Еуропа елдеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың алғашқы бастамалары және сипаттамасы...........................................................4
Америка елдеріндегі әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді дайындау жүйесі..........................................................................................8
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының құрылымдары мен ерекшеліктері...............................................................9
Әлеуметтік жұмыскерлердің студенттік кезеңнің педагогикалық процесінде кәсіби – жеке дамуы және оқытылатын пәндердің өтілу мақсаты.......................................................................................................14
Студенттік кезеңде әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық сапаларды тану арқылы өзіндік сана-сезімін қалыптастыруы.....................18
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Кредитік оқыту технологиясының әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудағы тиімділігі...........................................................................20
Жаңадан енгізіліп отырған модульдік және инновациялық технологиялардың студенттердің дамуы мен қалыптасуындағы ролі..............................................................................................................22
Оқыту технологияларының қайсысының студенттерге қолайлылығын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтау..............................23
Қорытынды.......................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиетттер............................................................................26
Работа состоит из 1 файл
Отарова Шолпан.docx
— 74.00 Кб (Скачать документ)- Курстық немесе кәсібилікке дейінгі деңгей. Бітіруші түлектер орта біліммен науқастарға, қарттарға, жалғыз бастыларға әлеуметтік жұмыскер ретінде қызмет көрсете алады.
- Орта арнайы оқу орындарында білім алу. Аяқталғаннан соң науқастарға, қарттарға әлеуметтік педагогикалық қызмет көрсететін бөлімдерде топтық түрде жұмыс істей алады.
- Университеттерде, академияларда күндізгі және сырттай бөлімдерде, арнайы факультеттерде оқыту.
Жоғары кәсіби білім 3 дәрежеде оқытылады: бакалавр (4 жыл), арнайы мамандарды дайындау (5 жыл), магистратура (6 жыл). Дегенмен түрлі оқу орындарының бітірушілері әртүрлі бағытта маман болып шығады. Олар: ұйымдастырушы, басқару ісі, жастармен әлеуметтік жұмыс, қарттармен әлеуметтік жұмыс, медико-әлеуметтік жұмыс, т.б. Ресейде құрамына әлеуметтік жұмыскерлер кіретін бірнеше кәсіби бірлестіктер бар: Әлеуметтік қызмет жұмысшыларының аймақаралық ассоциациясы, Жоғары оқу орындары мен әлеуметтік жұмыс мектептерінің ұжымдарының ассоциациясы, Әлеуметтік жұмыскерлер ассоциациясы. 1993 жылы әлеуметтік жұмыс шеңберіндегі Ресей Федерациясының университеттерінің оқу-әдістемелік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің негізгі міндеттері:
- Университеттердің қоғамдық педагогикалық қызметтерін және мамандардың ғылыми – зерттеу мекемелерін координациялау;
- Перспективті жоспарларды қалыптастыру;
- Оқу құралдарын дайындау;
- Білім туралы заңға сәйкестендіре отырып мемлекеттік стандарттарды қайта жасау;
- Әлемдік академиялық қоғаммен интеграция жасау.
Бұл кеңес өз жұмысын бастағаннан
бері құрамына «Әлеуметтік жұмыс» мамандарын
дайындайтын 42 жоғары оқу орындарының,
ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері
енді.
- Қоғамдық және кәсіби орталық назарға ие жаңа әлеуметтік мәселелерді тану;
- Жаңаша заңдылықтар, саясаттар және инструкциялар әрекетіне кіріспе;
- Жаңа емдеу моделдерінің таралуы;
- Жаңа басқару әдістері мен даму көздерін іздеу;
- Ақпараттарды пайдалану мен жинақтауға тиімді келістердің туындауы;
- Лицензиялау жүйесін жаңарту қажеттігінің туындауы.
Үздіксіз оқытуға
- Ұйымдар- 50%
- Университеттер-25%
- Кәсіби және функционалды ассоциациялар-15%
- Жеке және арнайы ұйымдар-5%
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау мекемелері
Агенттік. Әлеуметтік агенттіктер әлеуметтік
ұйымдарда, клиенттермен, еріктілермен
кең контингенттік жұмыс жасайтын арнайы
қызметкерлерді белгілейді. Агенттіктер
бірнеше мамандардан немесе нақты бір
бағытта жұмыс атқарушы маман негізінде
арнайы бағдар жасай алады. Агенттік, ереже
түрінде, қызметкерлерге жаңа бағдар бере
алатын, әрекет ережелерімен, саясатымен
, заңдылықтарымен танысуға мүмкіндік
беретін минимум білім болуын талап етеді.
- Андрагогика. Ересек адам ерікті білім алушы субъект ретінде қарастырылады. Ерікті субъект – кәсіби маман, білім алуды жалғастырушы, белгілі дағды, білім мен тәжірибеге ие тұлға екенін ескере отырып, білім берудегі негізгі назар өзгерістер мен жаңашыл функцияларға аударылады.
- Білім алу бағдарламасы маманның қалауына байланысты жеке және кәсіби қажеттіліктерге негізделеді. Бұл процесс барысында педагог маман қатысушы немесе білім алушының қажеттіліктері жайлы таныс болуы керек. Яғни, оқу әдістемелері мен материалдар, оқу құралдары талапқа толық жауап беруі тиіс.
- Үздіксіз білім берудің көптеген формалары қолданылады. Ең қарапайым формасы – формальды оқыту, сонымен кәсіби конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға кеңінен қолданылады. Дегенмен, кәсіби әдебиеттерді қолдану, жиналыстарға қатысу, консультация сияқты формальды емес формаларда оптималды болып табылады. Бұл жаңа бағдармаларды қайта жасау мен дамытуға септінін тигізуші идеялардың қалыптасуына ықпал жасайды. Сонымен қатар біріккен жоспарлау комитеттері құрылады.
- Бұл принциптің негізгі ерекшелігі, мысалы, студенттерге білім беру барысында жалпылама және толықтай база бойынша дайындық жүргізіліп отырса, ересек адамдарды әлеуметтік жұмыс бойынша оқытуда тікелей практикалық қызметте қолданылатын жаңа дағдылар мен технологияларды таныстыру маңызды рөлге ие.
- Негізінен әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларындағы белсенділік пен шығармашылық келіске байланысты мәселелер қарастырылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс маманыдарын дайындау басты мәселе болып табылады. Өйткені қоғамда әлеуметтік көмекті, қамсыздандаруды, қызмет көрсетуді қажет ететін мұқтаж жандар көбеюде. Ал әлеуметтік жұмыс мамандарының объектілері сол мұқтаж жандар болып табылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау Ресейдің әртүрлі қалаларында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындары бірнешеірі қалаларды оқытылады. Бұл қалалардағы жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандары 4 жыл ішінде дайындалып шығады, бірақ толығымен емес, 4 жыл ішінде оқыған мамандар бакалавр деңгейін алады. Маман білімділігін жоғарлатқысы келсе 2 жыл магистратураны оқиды. Көптеген жоғарғы оқу орындары әр қалада мамандарды әр түрлі бағытта дайындайды. Жоғарғы оқу орындарының көп бөлігі ұйымдастырушы мамандарды, әлеуметтік жұмыс басқарушыларын, ал кейбір жоғарғы оқу орындар – құқықтық және психологиялық бағытта мамандарды дайындайды. Әлеуметтік жұмыс – көп деңгейлік іс - әрекет болғандықтан, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау толық пәндер кешеніне негізделеді. Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауға негізделген әлеуметтік жұмыстың негізгі пәндеріне: әлеуметтік жұмыс теориясы мен тарихы, әлеуметтік жұмыс технологиясы, халықаралық әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік жұмыстағы басқару, мамандыққа кіріспе жатады. Сонымен қатар мамандарды дайындауда жалпы пәндер: әлеуметтану, педагогика, психология, құқық, медицина, философия, экономика, тарих, мәдениеттану, экология оқытылады. Бұл пәндер әлеуметтік жұмыскер іс - әрекетінің бөлімдерін толықтырады. Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудағы басты мәселелерге мыналар жатады:
- Бітірушілер білімінің болашақ кәсіби іс - әрекетімен сәйкес еместігі. Өйткені ғылым және оқу пәні ретіндегі әлеуметтік жұмыс спецификациясы білім мен шеберліктің бірлігінен тұрады. Мұндай бірігусіз әлеуметтік жұмыскер қалыптаса алмайды.
- Әлеуметтік жұмыс объектісі мен бағытына байланысты болашақ мамандардың білім алып дайындалуы. Әлеуметтік жұмыс маманының әмбебап және кәсіби дайындығының сәйкестігі әлеуметтік жұмыс мамандарына еңбек нарығында проблемаларын еркін шешуге мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудың географиялық кеңейтілуі, яғни мемлекетте мамандарды дайындайтын мекемелердің санын көбейту мен сапасын жақсарту болып табылады.
- Қолда бар бағдарламаларды жақсарту, жаңаларын құру, мемелекеттік стандартқа сәйкес оқу пәндері бойынша әдебиеттерді дайындау,
- Әлеуметтік жұмыстың жаңа пән ретінде құрылуы. Бұл жоғарғы кәсіби дайындалған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік ақпараттың алынуы, сақталуы және таралуы. Әлеуметтік жұмыс маманын дайындаудағы тағы бір мәселе әлеуметтік жұмыс мамандарының әлеуметтік, заңдық беделін құру, олардың құқығы мен іс - әрекет кепілдігін анықтау болып табылады.
1.4 Әлеуметтік
жұмыскердің студенттік
Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңнің педагогикалық процесінде кәсіби –жеке дамуы мен жоғары кәсіби білімнің мақсаты – білім алудың кәсіби деңгейіне сәйкес түрде қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын біліктілікке ие мамандарды оқыту мен қайта дайындау болып табылады. Мұндай білім жоғары кәсіби білім беру мекемелерінде ( университет, академия, институт) тағайындалады. Бастапқы немесе орта кәсіби білімге профильді түрде ие тұлғалар жоғары кәсіби білімді қысқартылған, жылдамдатылған бағдарламалар бойынша алуына мүмкіндік бар «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының пән жиынтығына негізделеді. Мұндай тәртіп жиынтықтары басқа елдермен салыстырғанда бірдей емес. Бірақ, көбінесе студенттер міндетті түрде әлеуметтануды, психологияны, педагогика, құқық, медицинаны үйреніп оқуда.
Маманды дайындаудағы негізгі міндеттер:
- баланың мамандарды әлеуметтік жұмыстарына, кәсіптілігіне қарап таңдап алу;
- құрылымның біртұтас жүйесін таңдап алу, маманның кәсіптілікке деген базалық дайындығын, біліктілігін жоғарылату;
- білім қорытындысы, мазмұны функционалды толық болуы әлеуметтік белсенділікті қамтамасыз ету, кәсіптік жете білушілік, дүниетанымы кең, жауапкершілігі жеткілікті, тәжірибелік іскерлігі басым болуы тиіс;
- мамандарды білім аралық, әдіснамалық, мамандық психо – педагогикалық жағынан дайын болуы;
- ең қажетті кәсіптік өзін - өзі жетілдіру үшін ойлау стилін қалыптастыру қажет;
- маманның басқару сапасын дайындау;
Осы жағдайда « Әлеуметтік жұмыс » мамандықтың қалыптасуы және даму саласында жете білушілік беделін түсіріп, қауіп қатерге әкеп соғады. Жоғарғы оқу орындарының алғашқы жаппай тәжірибе нәтижелері әлеуметтік жұмыскерлер мен оқытушыларды тәжірибелік қажеттілікпен қамтамсыз ете алмады. Мұндай жағдайда талапты күшейтіп, жоғарғы оқу орнының тәжірибелік тараптарын қайта қарап, мамандықтардың оқу тәртібін жоспарлап, үлгілерін оқытушыларға ұқсас етіп қойды. Теориялық және тәжірибелік арақатынас мұғалімдер даярлығынан қатты ерекшеліне қоймайды. Мұғалімнің мамандығы география, математика болсын ол бәріне айқын түсінікті болады, ал әлеуметтік жұмыскер немесе әлеуметтік педагогика дегенді біздің әрбір азаматымыз бұл мамандықтың немен айналысатынын, неден тұратынын бірден біле қоймайды. Әлеуметтік жұмысты практикалық тәжірибе түрінде оқып үйрену, ерекше маңызды. Шетелдерде өздерінің оқу жылы бойындағы үштен бір 65% уақытын тәжірибе жүргізумен өткізеді. Олар, Бельгия, Англия, США, Франция. Ал Ресейде әлеуметтік жұмыскердің тәжірибесі жоғарғы оқу орнында 20% ғана құрайды, ал саясатта мұғалім 11% құрайды. Ресейде педагогикалық кәсіпті жинақтау кезінде жоғарғы оқу орындары дәстүрлі академиялық жолмен әлеуметтік ерекшеліктерді есепке алмай, оған дұрыс мән бермей, даму жолында берілген көрсеткіш нәтижесі бойынша ең соңы болды.