Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 16:01, курсовая работа

Описание

Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша кадрларды дайындау Қазақстанда егемендіктің алғашқы жылдарында қолға алына бастады. Қазірде мемлекетіміздің алдыңғы мақсаттарының бірі – әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандар тапшылығын жою, халықтың көмекке мұқтаж әлеуметтік топтарын мемлекеттік көмек түрлерімен қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау және сақтандыру шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың әлемдік үлгілері және
олардың студенттік кезеңдегі өзін-өзі қалыптастыру барысының сипаты
Еуропа елдеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың алғашқы бастамалары және сипаттамасы...........................................................4
Америка елдеріндегі әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерді дайындау жүйесі..........................................................................................8
Ресейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының құрылымдары мен ерекшеліктері...............................................................9
Әлеуметтік жұмыскерлердің студенттік кезеңнің педагогикалық процесінде кәсіби – жеке дамуы және оқытылатын пәндердің өтілу мақсаты.......................................................................................................14
Студенттік кезеңде әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық сапаларды тану арқылы өзіндік сана-сезімін қалыптастыруы.....................18

Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Кредитік оқыту технологиясының әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудағы тиімділігі...........................................................................20
Жаңадан енгізіліп отырған модульдік және инновациялық технологиялардың студенттердің дамуы мен қалыптасуындағы ролі..............................................................................................................22
Оқыту технологияларының қайсысының студенттерге қолайлылығын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтау..............................23

Қорытынды.......................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиетттер............................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Отарова Шолпан.docx

— 74.00 Кб (Скачать документ)
  • Оқыту әдістемесіндегі өзгерістер;
  • Мұғалім мен оқушының әрекетіндегі өзгерістер;
  • Мұғалімнің көзқарсының өзгеруі;
  • Оқушылар талаптарының өзгеруі;
  • Оқу әрекетінде ұйымдастырушылық формалардың өзгеруі;
  • Құзыреттіліктерді бағалау жүйесі.

Құзыретілікке бағытталған  білім беруді мына технологиялар  арқылы жүзеге асырады:

  • Модульдік оқыту технологиясы;
  • «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы;
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;
  • Оқыту үрдісін жобалар технологиясы;
  • Проблемалық оқыту технологиясы;
  • Дамыта оқыту технологиясы;
  • Қашықтықтан оқыту технологиясы;
  • Кредиттік оқыту технологиясы.

Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын  халықаралық мойындау, студенттер мен  оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.                                                                                                           Кредиттік технологияның негізгі ерекше белгілері

  • білім алушылар үшін оқу жоспары пәндерін таңдау кеңдігі;
  • әр студенттің  өз жеке оқу жоспарын қалыптастыру ісіне қатысуы;
  • сынақ бірліктері - кредиттер жүйесін жүргізу;
  • оқу үрдісінің баспа және электронды түрдегі қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі;
  • студенттердің оқу пәндерін меңгеруін бағалауда балдық-рейтингтік жүйенің міндетті түрде қолданылуы;                                              

Кредиттік оқыту жүйесінің  артықшылықтары

  • Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік университеттік қоғамдастықтың мойындауы.
  • Білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу үрдісін қамтамасыз ету.
  • Академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі.
  • Оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі.
  • Студенттерге академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету;
  • Оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;
  • Оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға

белсенділендіруге көшу. Мұнда  студенттің өздік жұмысына баса назар  аударылады, ол бітірушілерді «өмір  бойы» оқуға дағдыландыруы керек.

  • Студенттердің аудиторлық және өздік жұмыстарының тиімді арақатынастарын белгілеу.

2.2 Жаңадан  енгізіліп отырған  модульдік  және инновациялық технологиялардың студенттердің дамуы мен қалыптасуындағы ролі

   Жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде, оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда тиімдісі –интегративтік модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жуйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында студенттерге нақты білім беру болып табылады. Әрине, мұны қойылған мақсатқа толық жетуді қамтамасыз ететін инновациялық технологиясыз, жоғары мектептерде орнығып алған түсіндіру және қайта айтқызудан тұратын продуктивті оқумен шешу мүмкін емес. Сондықтан оқытушылардың оқудың инновациялық технологияларының мән-мағынасын түсініп, оны өз тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор.      Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептері жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты. Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін  математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылыды.    Компьтер -  білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық шараларды шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Компьютерді пайдалану студенттің әр сабақты терең танып білуіне ғана емес, сондай-ақ есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру екенін сезінуіне жағдай жасайды. Мультимедиялық оқулық оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде таратады. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса материалдарды қорыту үрдісі ұтымды болады.        Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғарғы оқу орнының оқу процесінде қолдануға неғұрлым тиімді.  Білім берудің мемлекеттік  стандартында анықталған оқытудың  мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің типтік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды  қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

2.3 Оқыту  технологияларының қайсысының студенттерге  қолайлылығын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтау

   Зерттеу – әлеуметтік жұмыстағы ең маңызды қызметтердің бірі. Зерттеу нәтижелері тек жұмыстың тиімділігін анықтау үшін ғана емес, халықтың түрлі көмекке мұқтаж қабаттары мен топтарының түрлі әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттіліктерін анықтау үшін де маңызды болып табылады. Ғылыми зерттеудің тек нақтылығы мен ауқымдылығы ғана емес, этикалық принциптерге сай екендігі де ерекше мәнге ие. «Зерттеу жұмыстарының этикалық принциптері» 1975 жылы жасалған Американдық психологтар ассоциациясының  этикалық кодексінде көрсетілген. Ондағы негізгі принциптері:

  • Зерттеу объектісі болып табылатын индивидке және топқа кұрметтеушілік;
  • Зерттеу барысындағы шыншылдық пен ашықтылық;
  • Зерттеуге қатысуға зерттеу объектісі болып табылатын клиенттердің толықтай еріктілігі;
  • Клиенттің зерттеу нәтижелері мен мақсаты туралы қажетті және жеткілікті ақпараттандырылуы. Клиенттің зерттеу туралы ақпараттандыру келесі схемалардан тұрады:
    • Зерттеу мақсатын ашу
    • Клиенттен алған мәліметке конфиденциалдық
    • Зерттеу мәнімен таныстыру
    • Кез-келген этапта клиент құқығының қорғалуы
    • Құқықтарының қорғалуына толықтай кепілдік беру
    • Зерттеу нәтижелері туралы хабарландыру.
  • Зерттеуге қатысты құпиялардың сақталуына кепілдік беру
  • Зерттеу барысын бақылау
  • Зерттеу нәтижелерін тек клиенттің игілігі үшін пайдалану.

Әрбір әдістеме сыналушы не келісуге, не келіспеуге болатын тұжырымдамалар жиынтығынан тұратын стандартталған анкета болып табылады. Анкетадағы сұрақтар, сыналушы оған жауап бере отырып экспериментаторға өзінің күйі, түрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың типтік формалары туралы, қоршаған ортамен өзара қатынас ерекшеліктері  туралы хабарлауға негізделген. Тұлғалық сауалнамалар физикалық және психикалық ерекшеліктерден, адамгершіліктік-этикалық және қоғамдық көз-қарастарынадейінгі сыналушының тұлғасын сипаттайтын  ақпараттарды алуға  мүмкіндік  береді.                                                                                              Бұл практикалық зерттеу жұмысының әдісі – сауалнама.  Сауалнамалық зерттеу – әлеуметтік жұмыс мамандығының 2-курс студенттерінің арасында жүргізілді. Сауалнамаға 12 студент қатысты. Сауалнама жабық формада өткізілді, яғни қойылған сұрақтарға тек қана «ия» немесе «жоқ» түрінде ғана жауап алынды. Зерттеудің сандық көрсеткіштері жағымды сипатта болуынан студенттердің көпшілік бөлігінің оқыту бағдарламасының барысымен толықтай қанағаттанушылығын байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Тақырып бойынша қарастырылған деректер мен студенттер арасында жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, болашақ әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби дамуы мен өзін-өзі тануына студенттік кезеңде ықпал етуші факторлар ретінде оқыту технологиясын, бағдарламалардың педагогикалық аспектілерін, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру  формаларын атауға болады деген қорытындыға келеміз. Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың шетелдік үлгілерін қарастыра келе тиімді үлгіге таңдау жасай аламыз. Практикалық тұрғыдағы зерттеудің нәтижелеріне негізделе отырып, студенттік кезеңдегі өзін-өзі тану процесіндегі оқыту бағдарламаларының маңыздылығын жоғары екенін көреміз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шмелева Н.В. Формирование и развитие личности социального работника как профессинала: Учебное пособие.-М., Изд «Дашков и К» 2004 -196с.
  2. Новак Е.С. Социальная работа за рубежом:Учебное пособие, Изд ВолГУ, 2001. -171
  3. Медведева Г.П.  Этика социальной работы. — М.: Гум. изд. центр ВЛАДОС, 1999г. .
  4. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Гум. изд. центр ВЛА ДОС, 2001г.
  5. П.Д. Павленок. ОСНОВЫ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ: Учебник / - М.: ИНФРА-М, 1999.
  6. Зимняя И.Г. Социальная работа как профессиональная деятельность // Социальная работа. — 1992. — Вып. 2.
  7. Фирсов М.В. Введение в специальность и основы профессиональной этики социального работника. — М., 1993.
  8. Профессиональная деятельность социального работника: содержание и организация. М.: Институт молодежи, 1993 г.
  9. www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік жұмыскердің студенттік кезеңдегі өзіндік сана-сазімінің қалыптасуы