Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

Бос уақыттың әсерін бір жағынан  экономикалық өсу факторы ретінде қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз ара-катынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің көрінуі. Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының азаюы, бос уақыттың үлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың ұлғаюы жүмыскер біліктілігін жоғарылатуға жағымды жағдайлар орнатса, олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуының бірде-бір себебі болады, ал оның негізінде қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.

Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық талдау және әлеуметтік зерттеулер көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың пассивтілігі көптеген субъективті жөне объективті себептермен түсіндіріледі.

Бос уақыт бүгінде әлі де болса толыктай адамның жан-жақгы дамуын қам-тамасыз ете алмай отырғандығы, оның ұзақтылығының артуына әкеледі. Бос уакыт ұзақтылығының артуын, қазіргі уақытта байқалатын адам тапсырыстарының түрлілігі мен кеңеюі, индустриалды әлемнің даму қарқыны талап етіп отыр.

Бос уақыт адамның қабілеттерінің, шығармашылығының, өзін көрсете білуінің дамуындағы мықты құралына айналу үшін, оның қүрамында әрекет-тердің күрделі және белсенді формаларының (өзінің білімін өз бетінше жетілдіру, шығармашылыкпен, спортпен айналысу жөне т.с.с.) үлес салмағы күрт артуы қажет.

Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қызметтер аясы салаларының жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен канығып, баска қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ үзақ мерзімді және белсенді демалыс жанұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанүя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігінің тиімділігі, экономикалық өсудің карқыны, өндірістің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.

Қызмет көрсету аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әркеттеседі.

Сонымен қорыта келе қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан копшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.

 

1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері

 

 

Туризмді дұрыс басқару  кезінде, ол жоғары халықшаруашылық  және әлеуметтік тиімділікті иеленеді. Оның дамуына қаражат салу арқылы өнімділік еңбегінің өсуіне, ұлттық табыстың өсуіне, республиканың егемендігін  нығайтуға тікелей қатынаста  болатын әлеуметтік және экономикалық тиімділік алуға болады.

Туризм аясының болашақта  дамуына ықпалын тигізетін –  бұл маркетингтік қызмет. Өкінішке орай, маркетинг туризмге онша назар  аудармайды. Міндеттерді шешу үшін қолданылатын негізгі әдістері мен  тәсілдері ретінде туристтік маркетинг  адамдардың  психологиялық және әлеуметтік көзқарасының қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан  ол туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызмет етуі үшін неғұрлым тиімді әдістерінің анықталуына мүмкіндік береді. 

Туризм аясында маркетингті қолдану өндірісті ұйымдастырумен және севистің маңызды ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген. Бір жағынан, туристтік ұсыныстар мобильді болып табылмайды, ал туристтік қызметтер тек қана тікелей орнында тұтынылады. Туризм аясындағы кәсіпорындар (қонақ үй, мейрамханалар, демалу орындары) туристік фирмалардың жалпы шығындарындағы негізгі капиталдың маңызды үлесімен қамтамасыз етілген кеңстікте де, өз уақытында да сұраныстың өзгеруіне бейімделе алмайды. Екінші жағынан, туристік қызметтерге сұраныс баға мен табыс деңгейінің ара қатынасы бойынша икемді болып келеді, көбінесе, саяси және әлеуметтік жағдайларға тәуелді, ал сонымен қоса айтарлықтай маусымдық тербелістермен ерекшеленеді.

Туристік нарықта субъектілердің қызметіне маркетинг  нарықта тұтынушылармен және айналадағы бизнес-ортаның (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси, ғылыми-техникалық) өзара әрекет етуінің тиімділігі есебінен  ұйымның тұрақты қызмет етуінің әдістері мен жолдарын іздеуге негізделеді. 

Туристік фирманың  маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты тиімді тұтынушылар қуысында (нарық сегменті) жүруі қажет, коммерциялық қызмет үшін замануи нарық жағдайларын, перспективалық және инновациялық туристік өнімдерге сұраныс пен ұсынысты анықтау және  алдын ала болжау, ал кейін осы білімдер негізінде фирманың тұрақты қызметіне стратегияны қолдануды жүзеге асыру қажет.

Туристік фирмалар жұмысының  тиімділігі үшін маркетингтің алдында мынадай маңызды міндеттер қойылады:  жаңа бизнес-идеялардың генерациясы, маркетингтік ақпараттарды қолдан отырып және синтездеу негізінде инновациялық бизнес-жобаларды өңдеу; фирма ішінде немесе фирмадан тыс бизнес-орта динамикасының есебімен клиенттермен (шынайы және потенциалды), серіктестермен жұмыс жасау; фирманың мүмкіндіктері.

Бұл міндеттердің шешімі фирманың стратегиялық қызметі негізінде  оны анықтауға және перспективалық-іскерлік ұсыныстарды шартты орындамас бұрын  кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Бұл байланыспен нарық сегментінің  перспективалық шеңберінде туристік өнмідердің әр түрлі түрлерін қолданатын потенциалды тұтынушыларды іздеу жұмысын жасау қажет.

Нарық конъюктурасын  талдаудың маңыздылығы болып (нарық  сыйымдылығы; туристік өнімдердің номенклатурасы; клиенттермен төлем қабілеттілік; құқықтық, саудалық-экономикалық және экологиялық жағдайлар; географиялық орны; табиғи орта) туристік өнімдерді өткізу жүйесіне дайындық, фирманың ұйымдастырушылық құрылымын өңдеу және нарық қуысының (бір немесе бірнеше) мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын қызметшілерді таңдау табылады.

Туристік қызметтерде бәсекелестіктің  болуы және клиенттердің талаптарының өсуі мыналарға әкеледі: көптеген туристік ұйымдар маркетингке сүйенеді, себебі маркетинг ұйымның сыртқы ортасын  өзгертуі үшін және бәсекелестік күресте  жеңіске жетуі үшін стратегиялық-маркетингтік жоспарды  ұйымның қызметіне байланысты өңдеп шығарады.

Қазіргі уақытта туристтік қызметтің барлық аяларында туристтік фирмалардың жұмысының мамандануы мен бірлесуін көрсететін жаңа жұмысты ұйымдастырудың формалары іздестіріліп жатыр.

Туристік нарықтың микродеңгейде дамуы көп жағдайда маркетингтің әдістерін қолдану арқылы анықталады, кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру нарықты және сұранысты жан-жақты зерттеуге негізделеді. Маркетингті туристік фирмада пайдаланудың маңыздылығы -  бәсекелестікті дамытатын, экономикалық дербестілікпен, нарықтың қалыптасуына мүмкіндік туғызатын  жағдайларды құруды жоғарылатады.

Маркетингтің мақсаты  – кәсіпорын ұсынатын немесе ұсына  алатын қызметтерге қолда бар  немесе құпия сұраныстарды бөліп  көрсету, біріздендіру, бағалау және фирманың сол қызметтерді әзірлеу, өндіру, бөлу, сату және жылжытуға күш-жігерін салу.  Яғни, туристік маркетинг туристік компанияның туристік өнімі мен қызметтері өтімділігінің нарығын кеңейту мақсатында оның әкімшілігі жүзеге асыратын белгілі бір функциялардың кешені ретінде анықталады. Туризмдегі маркетинг коммерциялық мақсатта қоғамның туристік қызметтерге қажеттілігін айқындау және пайдалану жөніндегі стратегияларды белгілейді. Сонымен қатар, туристік маркетинг туристік кәсіпорындар мен фирмалардың қызметін, сондай-ақ туризм саласындағы өңірлік, ұлттық немесе халықаралық өлшемдер бойынша жүзеге асырылатын жеке және мемлекеттік саясатты үйлестіреді. Маркетинг процесі – бұл нарықты зерттеу және қажетті қызметтерді одан әрі жоспарлау, әзірлеу және өндіру арқылы сұраныстар мен әлеуетті тұтынушыларды анықтаудан бастап, оларды тұтынушыларға бөлу мен сатуға дейінгі өзара байланысты іс-қимыл жүйесі. Маркетинг процесін жүзеге асыру үшін ұйымның сұранысты анықтау үшін қолданатын әдістері, қызметті орындауды жоспарлау, тауаралар мен қызметтерді бөлу, жылжыту және сату үшін баға белгілеу секілді маркетингтік технологиялар пайдаланылады.

Туристік қызметтерге сұраныс, жоғарыда айтылғандай, өте иілгіш, үлкен  маусымдық құбылулармен ерекшеленетін, және «қанығу феномені» болғандықтан  туризмдегі маркетинг өте қажет. 

Туристік қызметтер нарығындағы  маркетингті дамытуға әртүрлі елдердің туристік фирмалары, туристік компаниялары жасайтын және қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер жәрдемдесуі тиіс.  АҚШ-та сексенінші жылдардан бастап тұрақты клиентке сыйақы беру идеясына негізделген тәсіл пайдаланыла бастады. Бұндай бағдарламалардың мақсаты – тұтынушының нақты бір фирмадан тауарлар/қызметтер сатып алуды жүзеге асыруын ынталандыру.  Тұрақты клиентке сыйақы беру бағдарламасы таңдау бойынша кейіннен ақысыз қызмет көрсету үшін ұпай жинау жүйесіне негізделген.

Тұрақты клиенттерге сыйақы беру бағдарламасы деректер қорын құруға және қонаққа  не қажет екендігі мен оның тауар  немесе қызметтерден не күтетіндігіне  талдау жасауға көмектеседі. Компанияның деректер қоры арқылы тұтынушының қанағаттану дәрежесін барынша арттыру мақсатында онымен қарым-қатынасты тұрақты және тікелей қадағалап отыруға мүмкіндігі болады.  Нәтижесінде қонақ өзінің ерекше сұраныстарына сай келетін жақсы тауар немесе қызметтерге ие болады. Соңғы жылдары тұтынушылардың өте талапшыл әрі құбылмалы болуына байланысты қазіргі кезде өте қажет. Олар өздерінің ерекшеліктеріне бейімделген тауралар мен қызметтерді іздейді, ақпараттық толықтығына қол жеткізеді, экологиялық таза өнімдерді тұтынуға талпынады. 

Кәсіпорын тұрақты клиенттерді  кез келген жаңа бастамалар туралы, сондай-ақ бағаның өзгеруі туралы хабардар ете алады. Клиентпен диалогтық  қатынас орнату компанияға клиент үшін қажет шешімді ертерек (алдын  алА) білуге  мүмкіндік береді. Тиісінше, қызметке көрсетудің де сапасы арта түседі.

Туристік қызметтер көрсету  саласы бойынша жоғарыда көрсетілген  практиканың өзіндік ерекшелігі бар. 

Кез келген сала немесе қызмет саласы сауатты, білікті және ұтымды басқаруды  қажет етеді. Менеджмент осыған қызмет етуге бағытталған. Менеджмент сөзі "management" деген ағылшын сөзінен аударғанда «басқару» дегенді білдіреді. Қазіргі заманғы менеджмент – бұл өзіндік даму логикасы, «өзгешелігі» бар экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Жиырмасыншы ғасырдың көрнекті экономисі А. Маршаллдың басқаруды капитал, еңбек және жер атты үш дәстүрлі фактормен қатар өндірістің жеке факторы ретінде қарастыруы тегін емес[10].  

Осы тұрғыдан қарағанда туризмді басқару айрықша маңызға ие болады. Фирма туризм индустриясын қозғалту және дамытудың негізгі локомотиві секілді менеджмент жүйесіндегі басты буын болып табылады. 

Туризм саласындағы мамандар әр фирма өзінше бірегейлігімен ерекшеленетіндіктен, басқарудың бірыңғай, идеал үлгісі жоқ деп әділ ойлайды. Ол өзінің жеке үлгісін іздестіруі тиіс.

Басқарудың қазіргі заманғы  жүйесі қарапайым әрі икемді болуы  тиіс. Оның басты өлшемі, бір жағынан  өзара іс-қимыл тиімділігін, екіншіден, көп жағдайда біріншіге байланысты болатын бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жүйенің мынадай негізгі сипаттамалары болуы тиіс: кішігірім бөлімше, адамдардың саны аз, бірақ білікті мамандар жинақталған; басқару деңгейінің шағын саны; мамандардың тобына негізделген құрылым; тұтынушыға бағдарланған өнімнің, жұмыс кестесі мен процедурасының сипаты мен сапасы.

Туризмді басқарудағы басты  міндет объектіні,  осы ажырамас элементтің нысаны мен функциясын айқындау болып табылады. Туризм саласындағы  басқару объектісі ұжым, персонал, туристік өнім өндірісі және айналысы процесінде адамдар арасында туындайтын әлеуметтік-адамгершілік, құқықтық, адамгершілік және басқа да қарым-қатынастар болып табылады. Осы тұрғыда, туризм саласындағы басқару процесі өз табиғатында адамдардың өндіру және айналдыру саласындағы қарым-қатынасының өте кең өрісін қозғайтындығын есте сақтау қажет.  Мысалы, туристік өнімді жасау және іске асыру кезінде қонақүйлік және мейрамхана шаруашылығы, көлік, мәдени, ойын-сауықтық және отандық, сондай-ақ шетелдік әріптестердің туристік кешені саласындағы қызметкерлер мақсатты түрде өзара бірлесіп жұмыс жасайды.

Туризм саласындағы басқару  нысаны әр алуандығымен ерекше. Бұл, біріншіден, экономикалық механизм және ұйымдық  құрылым. Екіншіден, маркетинг пен  ақпараттық-жарнамалық технологиялар, тіпті, персонал – менеджерлер, мамандар және басқарудың басқа да құрамдас жүйелері. Басқару жүйесінің элементтері өзара тығыз байланысты болады. Бұл жағдай элементтердің біреуі басқалардың қайта құрылуына сәйкес келмей өзгерген кезде, оның келешегін жоққа шығарады. 

Туризм саласындағы қазіргі заманғы менеджмент ұйымның ерекшеліктерін және әртүрлі мақсатта саяхатқа шыққан туристерге қызмет көрсету технологиясымен және мазмұнымен ерекшеленуі тиіс туристік кәсіпорындардың қызметін ескереді. Осыған байланысты қонақүй, тамақ кәсіпорны, саяхат және экскурсия бюросы, туристік агенттік, авто- және авиакөлік кәсіпорны, мұражай бизнесі, сондай-ақ киносервис, тұрмыстық қызмет, ойын-сауық және спорттық орталықтар, денсаулық сақтау орталығының және т.б. қатысы бар туристерге қызмет көрсету жобалары мен бағдарламаларының көп түрлілігі түзіледі. Олардың барлығы туризмнің инфрақұрылымын жасайды, туризм мен демалысты қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қатысады және саяхат кезінде қажет болатын әртүрлі қызметтердің көптүрлілігін көрсетеді.

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы