Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

29 желтоқсан  2002 жылы  Қазақстан Республикасының  Үкіметінің № 1445 қаулысымен бекіткен 2003-2005 жылдарға туристік саланы дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шаралары жоспарында   Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық, нормативті заңдылық актілерді өңдеу, туризм инфрақұрылымын жасау, статистиканы, кадрлық, білім беру және аймақтық саясаттарды  жетілдіру, туризм аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірінші реттік міндеттер белгіленген. 

2003 – 2005 жылдарға туристік саланы дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері төмендегідей:

- туристік сала үшін кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігінің бұйрығымен № 06-2-2/89 12 наурыз 2004 жылы туристік ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, оларды аттестациядан өткізу және қоғамдық туристік кадрлардың түрлі категорияларын дайындау Ережесі бекітілді.

- Қазақстан Республикасының статистика агенттігімен туризм аясындағы қызмет түрлерінің статистикалық номенклатурасы (ТҚТСН), Ұлттық шот жүйесіне туризмнің Көмекші жүйесін (ТКЖ) енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру үшін қосымша талдаулық зерттеулер жүргізілетін сауалнама мен кестелер өңделді. Бұл туристік сала көрсеткіштерін дәл есепке алуға және туризмнің экономиканың басқа секторларына әсер етуінің экономикалық параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

 - туризмнің тұрақты және үдемелі дамуын кіру және ішкі туризм көлемінің өсу қарқынынан және туристік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесінің жасалуы көрсетеді.

-  жыл сайын көрме алаңдары өсуде, республиканың туристік ұйымдарының өкілеттіктері кеңеюде, жарнамалық – ақпараттық өнім сапасы жоғарлауда. Ұлыбритания Корольдығы мен Солтүстік Ирландия бірлестігінде 2004 жылы қараша айында Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды (Лондон қаласы).

-  Бүкіләлемдік туристік ұйымның шаралар күнтізбегіне енгізілген жыл сайын  Алматы қаласында Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке – KITF,  Шығыс Қазақстан облысында халықаралық туристік фестиваль «Белуха» өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200 компания қатысса, 2006 жылы 30 елден 450 компания қатысты. Сонымен қатар, негізгі міндеттері  елдің солтүстік және орталық аймақтарына туристік ағымдарды тарту, Астананы үшінші мыңжылдықтың қаласы ретінде  беделін қалыптастыру болып табылатын  жыл сайын «Астана - Демалыс» халықаралық қазақстандық туристік көрме ұйымдастырылады.

- техникалық көмек және инвестиция, гранттарды тартумен инвестициялық жобалар жасау және бизнес- жоспарды құрастыру бойынша туристік бизнес кәсіпкерлері үшін жыл сайын үйретуші семинарлар өткізледі. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерінің презентациясын жасау мақсатында инвестициялық жоба каталогы, жол сілтемелері, буклеттер және басқа да қағаз бен электрондық тасымалдардағы жарнамалық – ақпараттық өнімдер шетелдерде басылып шығарылған.

- Қазақстанның позитивті туристік беделін қалыптастыруда және туристік индустрияға инвестицияны тартуда Шетел инвесторларының Кеңесінің (ШИК) жұмысшы тобы үлкен ықпалын тигізіп отыр. 2006 жылдан бастап Ғаламтор бетінде ШИК «Қазақстандағы туризм» веб-сайты ашылды.

-  Саяси және экономикалық тұрақты елдердің азаматтары үшін визалық процедуралары жеңілдетілді. Қазіргі таңда Астана және Алматы қалаларының әуежайларының консулдық орындарында әлемнің 24 елінің өкілдері визаларын дайындай алады.

- туризм аясында түрлі елдермен ынтымақтастық жасау үшін халықаралық келісімдер жасалды. Шетел мемлекеттерімен келісімдерге қол қоюдың негізі олардың Қазақстанды бай туристік әлуетке ие әріптес ретінде  тануынан шығады. 1993 жылдан бастап Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік Ұйымға (БТҰ) мүше болып саналады. Саланың дамуының приоритеттілігі 2000 жылдың қазан айында  Қазақстан Республикасының Президентінің Испания Корольдығына іс сапарында Мадрид қаласындағы БТҰ штаб-пәтерінде Бас хатшымен келіссөз барысында Қазақстанда туризмді дамыту, оның ішінде БТҰ «Жібек жолы» және ЮНЕСКО жобалары бойынша жұмыс жасау үшін ынтымақтастық құруға қызығушылық танытуынан көруге болады.

Туристік индустрия  үшін  кадрлық әлуетті дамытуға мемлекеттің ықпал жасауы маңызды. Осыған байланысты кадрларды дайындау жүйесі орта арнайы білімнен басталып ары қарай біліктілікті жоғарлату  жүйесімен аяқталуы тиіс. Бұл үшін облыстық деңгейдегі қалаларда қонақжай - мейрамхана ісі, туризм, демалыс және көңіл көтеру бойынша мамандану колледждерін ашу көзделеді. Қазіргі заманғы байланыстардың желісін дамыту туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік өнімді алға жылжыту мақсаттары үшін ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік береді.  

Сенімді және сапалы байланыстарды  орнату туристік қызметтердің әлемдік  рыногына туристік маршруттарды Ғаламторлық  ғаламдық және аймақтық ақпараттық желілері арқылы алға жылжытуды және қонақүй мен авиабилеттерге алдын - ала  тапсырыс беруді қарастырады.

Туристік бизнес қызметіне  тікелей түзетулер енгізіп Туризм және спорт Министрлігінен басқа, туристік сала қызметіне жанама әсер етуші  мемлекеттік органдар бар. Мысалы:

- Ауыл шаруашылығы министрлігі экотуризмнің негіз болатын ұлттық парктер жататын аң аулау және орман шарушылығы департаментінің  қызметін қадағалайды.

- Индустрия және сауда министрлігі туристерге қызмет көрсетуде қолданылатын өнеркәсіптік өндірістегі өнімдерді өндіру мен өткізуді  реттейді.

- Қаржы министрлігі салық салу мәселелерін қарастырады, себебі Салық комитеті  осы министрліктің қарамағында, сонымен қатар, инвестициялық қызмет проблемаларымен айналысады.

- Шетел ісі министрлігі Қазақстан территориясына келушілердің, шетел туристерінің визаларын тіркеу және берумен шұғылданады.

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан нәтижелерге қарай туристік саланы дамыту мемлекет тарапынан қолдауға негізделетініне көз жеткізуге  болады. Осыдан біздің ойымызша, саланы мемлекеттік реттеу механизмдері келесідей болуы тиіс:

1. Несие қаржылық 

- Ерекше экономикалық  аймақтарды, көлік және басқа  инфрақұрылымды, туризмді дамытудың  мақсатты бағдарламаларына қатысу;

- Туристік қызмет саласында  меншік-мемлекет әріптестігі формасын дамыту (мемлекеттік кепілдеме жүйесі, жеңілдік несиелер, маңызды жобаларды тікелей қаржылық қолдау)

- Жарнамалық қызметтерге  қаржылық көмек беру 

2. Инвестициялық

- Аймақтық туристік мүмкіндіктерін дамыту бағытында сырттан шетел қаржы көздерін тарту;

- Болашағы бар жобалар  бойынша «Қазына» тұрақты даму  қорымен ынтымақтастық қатынастар  орнату;

3. Салық-бюджеттік

- Саланы дамыту үшін салық жеңілдіктерін беру шараларын талқылау;

- Әкімшілік кедергілерді азайту есебінен салықтық жеңілдіктер беру

4. Бағаны реттеу

- Баға белгілеуге жанама әсер ету арқылы туристік өнімдерге сұранысты ұлғайту;

5. Ақпараттық

- Аймақтың туристік  өнімін және мүмкіндіктерін алға  жылжыту мен позициясы бойынша  бұқаралық ақпарат құралдарында  жарнамалық қызметтің мақсатты бағытталуы;

- Қазақстандық ұлттық  туристік брэндті қалыптастыру.

Саланы мемлекеттік  реттеу: мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру, мемлекеттік органдардың  өзара қызметінің тиімділігін жоғалтпауы (туристерді орналастыру объектілерін салуға жер учаскелерін беру әдісін өңдеу, жергілікті бюджеттен маңызды жобаларды қаржыландыру механизмін жасау), туристік кластерді дамытуда бизнес идеялардың қазіргі заманғы әдістемесін өңдеу, инвестициялы-тендер механизмін жасау  жұмыстарынан тұрады.

- Туристік салада нормативті құқық  құжаттарын өңдеу;

- Дамудың басым бағыттарын  анықтау үшін қолда бар туристік  ресурстармен жүйелі түрде мониторинг  жүргізу;

- Мемлекеттік билік  органдарына арнайы туристік  менеджмент және маркетинг салаларында  кадрларды дайындау және қайта  дайындау.

Жоғарыда айтылған мемлекеттік органдардың қызметтерінің өзара байланысы туристік саланың тұрақты дамуына әсер етеді (сурет 2):


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Туристік саланы мемлекеттік реттеу механизмдері

Туристік қызметтердің өздігімен реттеуіне қарамастан, мемлекет тарапынан реттеуші әдістер механизмі нақты айқындалады. Бұл жерде мемлекеттік реттеу рыноктың өмір сүруіне жалпы жағдайларды  қамтамасыз етуші, рыноктық негативті тұрақсыз жағдайларды жоюды қарастыратын құрал ретінде қарастырылады.

Осыған байланысты туризм саласында мемлекеттік реттеудің процесін жүзеге асыратын  туристік өнімдерді лицензиялау және сертификациялау мәселелері шешілуі тиіс.

 Мемлекет тарапынан  реттеуі  туризмнің ерекшеліктеріне  байланысты болады, оларға :

- мемлекеттік инфрақұрылымының даму деңгейіне;

- қауіп-қатерлі туризмге  қолайлы жағдай жасау;

- әлеуметтік және экономикалық  тұрақтылық;

- орналастыру, тамақтандыру, көлікпен қамтамасыз ету жөніндегі  қызметтердің әр алуандығы;

- мемлекет аралық және  ұлттық деңгейде спорттық ойындарды өткізу шаралары;

- туристердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және т. б.  жатады.

   Мемлекеттік реттеудің  аймақтық масштабта кластерді  құру көкейтесті шаралардың бірі болып отыр. Ол туристік бизнестің келесі ерекшеліктеріне негізделеді:

- аймақтың территориялық бірлігі;

- туризмді дамытудың  аймақтың инфрақұрылымына тәуелділігі;

-жергілікті халық  пен туристердің өзара қарым  –қатынасы (орналасу, қауіпсіздік,  экзотика, тамақтандыру);

- туризм  тұрғысынан  аймақты зерттеу жөніндегі мүдденің  болуы;

- аймақтың табиғи- климаттық және экологиялық жағдайы.

 Осыған орай, мемлекеттік  саясаттың реттеу шаралары  мемлекеттің  өз мүддесіне негізделген:

-   қалалар мен  аймақтардағы, сонымен қатар, дамуы  жағынан артта қалып келе жатқан  аймақтардағы халықты еңбекпен қамтамасыз ету;

-  әлемдік шаруашылықта  мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін  және беделін көтеру;

-   жоғары технологиялық  кәсіпорындарды құру;

-  рыноктың қалыпты  жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар  туғызу  (инфра-құрылым, соның  ішінде білім беру саласы, бәсекелестік саясат, реттеу, ақпаратпен қамтамасыз ету);

- инновацияны қалыптастыру, сол арқылы  аймақ пен мемлекеттің  мемлекетаралық еңбек рыногында   алдыңғы орынға шығу;

-  аймақтық экономикалық  агенттердің  ақпаратпен қамтамасыз  етілуі, бір-бірімен ойларды алмастыру және  желі жүйесін қалыптастыру , тығыз байланыс жасауда желілік брокерлер мен делдалдардың қызметін қалыптастыру;

-   бұқаралық ақпараттар  құралдарымен тығыз байланысты  орнату;

-   білім алмастыру  және бірігіп қызмет етуде  қолдаушы және модератор желісін құру;

-    талғамды тұтынушы  ретінде іс-әрекеттер жасау;

-    ҒЗТКӨ- мен бірлесіп ресми түрде білім алмастыру;

  • лицензиялау мен бақылау ережелерін қабылдау, сонымен бірге, туристік объектілер мен туристерге қызмет көрсету  сапасын анықтау;
  • қоршаған ортаны қорғау мен жерді пайдалану ережелерін бекіту, олардың орындалуын бақылау;

- стратегиялық ақпаратпен  қамтамасыз ету (техникалық  болжамдар,  маркетингтік ақпарат, кластерлерді  зерттеу  нәтижелері);

- реттеудегі дұрыс  бағытты кепілдендіру, рынок өзгерісіне тән инновацияны дамыту ;

-  кластерлік  тәсілдеме билік пен бизнес арасында табысты қарым - қатынас  қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызады, солардың негізінде тек мәселелер шешіліп қоймай, сонымен қатар, ішкі және сыртқы инвестиция үшін  қолайлы жағдай жасалынады;

-  кластерлер концепциясы   инновация жүйесінің бәсекелес  және рынок өзгешелігіне сәйкес  келеді және бәсекелестік қабілеттілікті  арттыруда басым жақтарды танытады.

Туризм аясындағы әлемдік  тәжірбиеге сүйенсек, кәсіпорындар арасында таза бәсекені қолдау үшін мемлекет тарапынан кәсіпорындардың бірігуі, монополиялық немесе олигополиялық рынокқа жол бермейтін заңдылықтарды жасау орын алған.

Туристік саланың  дамуында орын алған проблемалардың мемлекет тарапынан шешілуі, тек   туризмнен түсетін кірісті ұлғайтып қана қоймай, осы саладағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатып, мемлекеттің беделін көтереді.

Мемлекеттік реттеу экономикалық рентабельділікті, туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, халықаралық айырбаста туризм мүмкіндіктерін, ұлттық экономиканың жағдайын тұрақтандыру, жергілікті халықты еңбекпен қамтамасыз ету және өмір сапасын көтеру жайларын ескерумен құрылуы тиіс.

 

3 ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ  ПЕРСПЕКТИВАСЫ

 

3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы

 

 

Республикада туризмді дамыту 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шегінде қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына (екінші кезең) сәйкес әзірленген. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын іске асыру үшін туризмді дамытуға сай жасалған [23, 24].

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы