Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

Туристік кластердің идентификациясы (қорлар, құрылым, шекара, түр) оның қалыптасуы, дамуы және жетілдіру процесінде қажет.

Қарағанды аймағында кластерді дамыту географиялық орналасуы және білім тарихымен байланысты. Қарағанды облысы 1932 жылы құрылған. ХХ ғасырдың 30-40 ж.ж. Сталиндік репрессияға ұшыраған халықтың орыны болды. Мұнда алыс шығыстан корейлерді, немістерді, украйндарды, белорустарды, поляктарды, шешендерді ингуштарды жер аударды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Спасскіде германиялық, жапонды, италиянды, румындық әскери тұтқындар үшін концлагерь қалыптасты. Қазіргі уақытта Спасскіде сталиндік тоталитаризмнің құрбандарына мемориал ескерткіші ашылған. Орталық Азияда Ұлытау арқылы өткен Ұлы Жібек жолының жерін «сарысу» немесе «бал» жолы деп атады. Бұған қарауыл мұнаралары мен ақсүйектер қамалдарының сақталып қалуы дәлел. Керуен жолдарының арқасында сауда-саттық дамыды. Бұны ғалымдардың археологиялық қазбаларынан көруге болады.

Туристік кластердің барлық элементтерінің тиімді жұмысы облыс бюджетіне қомақты үлес қосумен қатар, халықты еңбекпен қамтамасыз етуге, айналымға қосымша  капитал тартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кластердің қызмет жасауы мәдени тарихи ескерткіштерді, табиғи парктерді және қорықтарды, экологиялық жағдайды сауықтыруға, қызмет саласын дамытуға, аймақтың инфрақұрылымын жетілдіруге жағдай жасайды.

Индустрия және сауда министрлігі Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Евгений Никитинскийдің пікірінше, “Қазақстанда туристік кластерді дамытудың маңыздылығы ерекше”.

Шын мәнісінде  де тарихы терең, ұлан-байтақ жері көркем біздің елде туризмнің сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметі бойынша туризм – әлемдік экономикадағы түсімі мол ырғақты ірі сала. Негізгі мәселе – іс тетігін тауып, іскерлікті арттыруда екендігі сөзсіз. 2006-2010 жылдарда туризмді дамыту жөніндегі дайындалып жатқан республикалық бағдарламада туризм – біртұтас кластер ретінде қаралуда. Мамандар пікірінше, туристік индустрия кешендерін кластер негізінде біртұтас жүйеге біріктірудің пайдасы орасан.

Туризм саласындағы  кластерлік келістің артықшылығы, ол туризмнің  дамуына тікелей және жанама әсер ететін экономиканың 32 саласын қарастырады.

Қазақстан Республикасының  экономикасында кластерді өңдеу  шеңберінде біздің елде туристік кластерді  құру мен негізгі сипаттамалары  зерттелді (кесте 8)

 

Кесте 8

Туристік саладағы кластерлер

Облыс

Стратегиялар

Жұмыс тобының келесі қадамдары / жоспарлары

Кадрлар

Туризм үшін мамандарды дайындаудың жаңа стандарттарын  өңдеу

  • Басқа елдердің дайындау тәжірибесін зерттеу;
  • Түрік және халықаралық тәжірибе.

Инфрақұрылым

1. 2-3 жұлдызшалы қонақ  үйлер  желісін құру.

2. Алматы қаласында  жаңа конгресс-холлдың ашылуы.

  1. Жаңа қонақ үй ашудың өзіндік құнын есептеу.
  2. Конгресс-холл жөніндегі рынокты зерттеу, олардың сыйымдылығы мен тұтынушылары.

Қаржы

Үкіметтің приоритеттік бағдарламасы-ның тізіміне туризмді қосу. 5 жылға 7% үстемемен несие алу.

- «Казагрофинанстың» құрылымын және құрылымының қалыптасу тәртібін білу.

Әкімшілік тосқауылдар

  1. Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның өзара келісім рұхсатнамасын алу.
  2. Оңтүстік Шығыс Азия елдері сияқты Қазақстанның да рұхсатнама алуын жасау.

Тізімге жаңа елдерді қосу және жеңілдетілген режиммен 28 елдің тізімін кеңейту:

- Рәсімдеу тәртібін  ұсыну;

-  Рәсімдеу құнын  ұсыну.

Маркетинг

      1. Халықаралық туроператорлардың көңілін аудару;
      2. Қазақстан жайлы жарнама материалдарын өндіру және тарату;
      3. Қазақстан туралы фильмдер түсіру.

1. Келісім-шартқа отыру  үшін турагенттіктердің тізімін  жасау;

2. Материалдарды таратуға  болатын өкілдіктер тізімін құру;

3. Қазақстандағы туриндустрияны  талдау үшін маркетингтік зерттеулер  бойынша сараптама.

Е с к е р т у: Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату Жобасы. 2004 жыл 26 қаңтар.  I. E. AUSTIN ASSOCIATES. INC. 1.


 

Елімізде  туристік саланы кластерлік келіспен дамытудың нақты  бағдарламаларын жүзеге асыру біршама  жағдайларға байланысты. Оларды кластердің пайда болуын ынталандырушы мен кедергі келтіруші алғышарттар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады (кесте 9).

 

Кесте 9

Туризм саласында  кластерді қалыптастыруды ынталандырушы  және кедергі келтіретін алғы шарттары

Кластердің  пайда болуын ынталандырушы алғы шарттар

Кедергі келтіруші алғы шарттар

- республикада  туристік әлуеттің жоғары болуы;

- туристік өнімдерге  жоғары сұранымның қалыптасуы;

- туристік саланы  дамыту келешегінің анықталуы;

- мемлекет тарапынан  саланы қолдау шаралары;

- саланың бәсекеге  қабілеттілікке тұрақтылық таныта алуы;

- табиғи ресурстар  байлығы

- өзара байланысты  кәсіпорындардың жеткілікті саны

- әкімшілік  (виза алу процедурасының ұзақтығы, шетел туристерін тіркеу мерзімінің  ұзақтығы);

- маркетинг  (Қазақстан беделін әлемдік рынокқа  алға жылжыту шараларының алға жылжыту шараларының аз көлемде жүргізілуі, туристік әлует жайлы жарнамалық ақпараттардың жетіспеушілігі)

- қаржыландыру 

- туризм инфрақұрылымын  дамыту мәселелері бойынша салааралық  қызметтер үйлесімінің болмауы;

- кадрлық ресурстардың  аздығы немесе біліктіліктің төмендігі;

- рынокты сегменттеу  әдістерін жете қолданбау (әлуетті  тұтынушы сұранымын түсінбеу);

- туристік ресурстарға  кіру мүмкіндігінің болмауы;

- туристердің  қауіпсіздігі;

Е с к е р т у - Автормен құрылған


 

2007-2011 жылдарға жоспарланған туристік саланы дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттердің басым көпшілігі 2007 жылы орындалды. Атап айтқанда, халықаралық деңгейде «Бурабай» туристік орталығын салуға әлуетті инвестордың  табылып, бас жоспардың бекітілуі, республиканың батысында «Кендерлі»,  Алматы облысында «Жаңа Іле» жобаларының қалыптасуы, Ақтау сити «болашақтың қаласы» жобасы бойынша құрылыстың іске қосылуы көп функционалды туристік кластердің құрылуына, шикізаттық емес сектордың дамуына, қазіргі заманғы туристік технологиялардың пайда болуына, өндірістің жоғары технологияларын қолдануға ынта туғызады.

«Бәсекеге қабілетті  Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті  экономика үшін, бәсекеге қабілетті  ұлт үшін» Қазақстан Республикасының  Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылы шілде айынан бастап «Қазақстандық экономика салаларының қолданыстағы және әлуетті келешектегі бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оның дамуы жайлы ұсыныс шығару» туралы жобасын іске асыруда. Берілген жобаның тиімді жүзеге асырылуы аймақтың шынайы туристік әлуетін анықтау бойынша кең масштабты зерттеу жұмыстарының жүргізілуін туристік кластердің енгізілуімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында  туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуда туындайтын проблемаларды төмендегідей топтарға жинақтауға болады:

Бірінші топ  рыноктың маңызды ресурстарымен  байланысты:

1. Туризмнің  барлық инфрақұрылымына, сонымен  бірге туристік объектілерге, қолда  бар объектілерді жаңартуға капитал  рыногының қаражатының жетіспеушілігі. Бұған мысал, Солтүстік Қазақстан облысы туризмді дамытуға жыл сайын 400 000 тенге, Павлодар 500 000 тенге, Қостанай 1 500 000 тенге бөліп отырады.

2. Ішкі рынокта  туристік өнімдердің сапасы төмен  бола тұра, бағасының өсуі шетелдік  туристік өнімдерге сұранымды ынталандырады;

3. Инфрақұрылымның  жеткіліксіз дамуы, оның ішінде  транспорттық, туристік аймақтардан  туристік ағымдардың алыста орналасуы.  Туристік пакетте транспорт үлесі  мен туристік өнімдердің бағасының  жоғары болуы қазақстандық туристік ұсыныстың халықаралық және ішкі рынокта бәсекегеқабілеттілігін төмендетеді;

4. Ішкі транспортқа  жеңілдіктер жүйесінің болмауы  және отандық турорператорлардың  шетел рыноктарына назарын аударуы;

5.  Негізгі  туристік орталықтарда туризм  үшін материалдық базаның даму деңгейінің төмендігі;

 6. Халықтың жалпы қозғалысының белсенді болмауы;

 7. Сувенирлік бұйымдардың жеткіліксіздігі және бағасының қымбаттылығы.

Екінші топ  туризм аясындағы кәсіпкерлердің маңызды  рыноктық институттармен өзарақатынасымен сипатталады.

1. Отандық туризмнің  шетел бәсекелестерінен қорғалмауы;

2. Мемлекеттік  құрылымдар санының көптігінен шектен тыс бақылау әсерінен түрлі деңгейде әкімшілік кедергілердің пайда болуы;

3.   Мемлекет  тарапынан тапсырыстардың болмауы;

Үшінші топ  саяси, әлеуметтік -мәдени және құқық  қатынастарымен байланысты. 

1. Елдегі саяси  жағдайдың тұрақсыздығы туристік саладағы кәсіпорындардың инвестициялық ортасына кері әсер етеді.

2. Экономикалық  және қаржы дағдарыстарының пайда  болу қаупі Қазақстан халқының  нақты кіріс деңгейінің төмендеуінен  туристік саяхаттарға шығу мүмкіндігін  азайтады.

3. Ұлттық нормативті-құқық актілердің халықаралық туристік құқықтарға сай келмеуі (мысалы, транспорт саласы );

4. Салық салу  заңдарының жетілмеуі. Салық ставкаларының  мөлшерінің жоғары болуынан кәсіпкерлер  салық төлемеу жолдарын қарастырып, нәтижесінде бюджет табыс түспейді).  Мысалы Францияда ҚҚСС мөлшері барлық салалар үшін – 22 %, туризмде 13 %. 1994 жылдан бастап Еуропа елдерінде бұл салық мөлшері 10 % - ға дейін төмендетілген. Сәйкесінше бұл жағдай дамуға күшті серпіліс бере алады.

Төртінші топ  фирманың ішкі проблемаларымен байланысты:

1. Ірі жобаларды  жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарының  жетіспеушілігі;

2. Маркетинг  деңгейінің, әсіресе жарнамалық- ақпараттық  қызметтің дамымауы;

3. Қазіргі заманғы  экономикалық шарттармен жұмыс  істеуге қабілетті білікті менеджерлердің жетіспеушілігі;

4. Стратегиялық жоспарлауды қолдану перспективасының болмауы;

5. Бюджеттік  жоспарлау, есеп және баға белгілеу  саясатының жеткілікті дамымауы.

Осы көрсетілген  негативті факторлардың әсерінен кейбір аймақтарда туристік сала дамымайды.

Туристік салада өзара байланыс жасаушы кәсіпорындар мен рыноктық институттар негізінде, біздің ойымызша  туристік кластердің моделін төмендегідей көрсетуге болады (сурет 9):

 

 

 

 

 

Сурет 9- Туристік кластер моделі

 

Қазіргі уақытта туристік салада бәсекеге қабілетті кластерді дамыту мемлекет тарапынан қабылданған шараларға тікелей байланысты. Мұның себебі рыноктық институттар, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында өзара келісімдер, әрқайсысының тарапынан қойылатын ұсыныстар негізінде бір мәмілеге келіп, ортақ жұмыстар жүргізу нәтижесінде туристік салада бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағдар ұстау мақсатынан шығады.

Әлемдік рынокта бәсекелік  артықшылықтарға жеке кәсіпорындар емес, кластердің қол жеткізетіні  дәлелденген. Елдің бәсекеге қабілеттілігі кластермен байланысты болғандықтан, мемлекеттік құрылымдардың кластерде болуы маңызды, яғни салық салу саясаты, қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешіледі;

Ұсынылған туристік кластер моделінде капиталды қамтамасыз етуші құрылымдарды екіге бөлуге болады:

1. қаржыландыру мемлекет қорынан жүзеге асырылады (мысалы: тұрақты даму қоры «Самурык - Қазына»)

2. қаржыландыру шетел инвестицияларын тарту арқылы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ақпараттық құрылымдар бизнесті жүргізу келістері мен формаларын өзгертуге өз тарапынан әсері күшті, яғни бәсекеге қабілеттілік физикалық ресурстардан материалды емес компоненттерге ауысуда: білімді алу және тарату жүйесі, озық технологияларды қолдану жүйесі, ғылыми өңдеулер мен инновацияларды енгізу, алға жылжыту және брэнд қалыптастыру, маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсету жүйелері. 

Сыртқы орта факторларын  талқылай келе, қатысушы кәсіпорындардың  кластердегі өзара байланысты қызметі  бизнес үшін келесі қолайлы жағдайларды  жасайды: кадрлық инфрақұрылым жақсарады, шығындар азаяды, тауардың жеке сапасынан ғана емес, тауарды алға жылжытудың дамыған жүйесінен қосымша бәсекелік артықшылықтар алу мүмкіндігінің қалыптасуы, халықаралық рынокқа шығу мүмкіндіктері,  зерттеу және өңдеу инфрақұрылымдарының пайда болуы, сыртқы орта өзгерістерін зерттеу негізінде басқару шешімдерін қабылдау.

Модельде экономикалық құрылымды құру логикасы бойынша  кластерлер ірі кәсіпорынды діңгек ретінде пайдалану арқылы немесе дербес шағын кәсіпорындардың интеграциясы жолымен құрылады. Біздің ойымызша, туристік кластерге қатысу шағын және орта бизнес кәсіпорындары ішінен нақты экономикалық көрсеткіштер бойынша басымдықтарға ие болған кәсіпорындар негізінде кластерлік өнімнің өндірілуі тиімді және бәсекелік қатынастар сақталады.

Республикада туристік саланы кластерлік дамытудың анықталған проблемаларын шешу мақсатында төмендегідей шаралар шешу көзделеді:

- жолдар құрылысы  және қайта жасақталуын, сондай-ақ  ақпараттық-хабар беру белгілерінің  туристік объектілерге орнатылуын қаржыландыруды қамтамасыз ету жолымен жол жүйесінің сапасын жақсарту;

- туристік объектілерді  салушылар мен жасақтаушыларды  ынталандыру және қаржылай көмек  көрсету механизмін әзірлеу жолымен  объектілер жинақталған жерлерде  тұрақты объектілер салу, сондай-ақ жылжымалы қабылдау объектілерін ұйымдастыру;

- ары қарай шара  қабылдау және тиісінше қаржыландыру  көздерін анықтау үшін ведомстволық  немесе басқа қатыстылығын белгілеу  арқылы экскурсиялық объектілерді  абаттандыруға жағдай жасау;

- бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау жолымен, мүдделі үкіметтік ұйымдарды қатыстыра отырып тұрақты негізде оқытудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

- менеджментті жетілдіру,  сапаны бағалау жүйесін және  біліктілік деңгейлерін енгізу  жолымен орналастыру объектілеріндегі  қызмет көрсету сапасын арттыру;

- облыс аумағының,  атап айтқанда шалғайдағы және  жетуі қиын аудандардың, сенімді  ұялы байланыспен жабдықталуын  кеңейту;

- қолда бар күзет  ведомстволары мен медицина ресурстарын  қатыстыра отырып, құтқару және  шұғыл дабыл қағу қызметтерін құру жолымен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- орналастыру, тамақтандыру  және кәдесый өнімдерін ұсыну  қызметтерін көрсету жолымен  туристерге қызмет көрсетудің  экономикалық тиімділігін белсенді  түрде насихаттау және туристерге  қызмет көрсету процесіне қатысу қажеттігін түсіндіру арқылы жергілікті тұрғындардың бұл іске деген қызығушылығын арттыру;

- туризмді дамытудың,  соның ішінде интервьюлендіру  және басқа маркетингтік құралдарды  енгізу жолымен дамытудың шын  мәніндегі жай-күйін көрсету мақсатында және талдау мүмкіндігі арқылы туристік-сауықтыру қызметтерін есепке алуды  және статистикалық есеп беруді жетілдіру.

Кластерлік дамыту арқылы бәсекеге қабілетті туристік сала құру мақсатына жету үшін төмендегілерді жүзеге асыру қажет:

Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы