Өндірістік процестердің мәні және түрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:19, реферат

Описание

Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.
Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары мен еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек процесінің нәтижесі еңбек өнімі болып табылады, яғни адамның мақсатты бағытта еңбек құралы көмегімен еңбек затын өзгеріске ұшыратуы.

Содержание

1.1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері
1.2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 26.13 Кб (Скачать документ)

     Өндірісті ұйымдастырудың бірлік әдісі өнімді жекелеген бірліктермен және уақ сериялармен шығарумен сипатталады. Бірлік өндіріс техника мен технологияның жетілуімен байланысты жаңа өнім дайындайтын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты. Мұнда универсал жабдықтар қолданылады және біліктілігі жоғары универсал жұмысшылар қызмет атқарады.

     Неғұрлым  жетілген әдіс ретінде жаппай өндірісті  ұйымдастырудың толассыз әдісі өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен  таралып отыр: машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда, тоқыма, аяқ киім, тамақ және ағаш өңдеу  өнеркәсіптерінде. 
 

    1. Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы
 

     Мұнай-газ  өндірісіндегі еңбек заты - мұнай мен газдан тұратын қабат, еңбек құралы – эксплуатациялық және айдамалау жабдықтары, еңбек өнімі – шикі мұнай мен газ болып табылады.

     Мұнай-газ  өндірісінің ерекшелігі мұндағы  еңбек заты, яғни мұнай мен газдан тұратын қабат табиғат сыйы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            болып табыладыы. Ол еңбек нәтижесі емес және құнға ие емес. Сондықтан  да мұнай өндіру өнеркәсібінде шикізат  шығындары болмайды және бұл оның құрылымына, деңгейіне және кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауға әсер етеді.

     Келесі  маңызды сәт, мұнай өндіруші кәсіпорындарда еңбек затының аумақтық белгіленіп қойылуы болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорынды жобалау және өндіріс  пен еңбекті ұйымдастыру орындарын  таңдау жергілікті жағдайларға (өнеркәсіптік ғимараттар, тұрғын үйдің болуы, климаттық  жағдайлар, жер бедері) тәуелді болады.

     Сонымен қатар, мұндағы тағы бір ерекшелік  еңбек заты мен экспл-лық жабдықтың  жер асты бөлігінің тікелей бақылау  мен әсер етуден қашық болуы. Бұл  мұнай өндірісіндегі күрделі  құрылыстың қажеттілігін білдіреді. Еңбек  заты мен эксплуатациялық жабдықтың  жер асты бөлігінің қашықтығы  арнайы зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ұңғыларды ағымдық және күрделі  жер асты жөндеуді ұйымдастыру мен  жоспарлау қажеттілігін тудырады.

     Еңбек затын өңдеу процесінде табиғи фактордың  әсер етуі, атап айтсақ өнімділіктің негізгі  факторы – қабат қысымының  табиғат сыйы болуы да мұнай өндірісі ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі. Ұңғылардың аумақтық оқшаулануы, олардың  жекелігі және өндірісті ұйымдастырудың кен орнын өңдеу жүйесіне тәуелділігі  ұңғыларға қызмет көрсетуден, олардың  технологиялық режимін реттеуден  және ұңғылар қорын жұмысқа қабілетті  жағдайда ұстаудан тұратын негізгі  процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Бұл ерекшелік көмекші және қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың аумақтық орналасуын білдіреді.

     Мұнай-газ  өндірісінде оның тек дайын өнім беретіндігі де, яғни аяқталмаған  өндіріс пен жартылай фабрикаттардың болмауы да маңызды болып табылады.

     Мұнай мен газ өндірісінің өндірістік процесі әртектес жеке өндірістік процестердің кешенін білдіреді:

     • мұнай мен газ өндірісі;

     • механикалық және энергетикалық  жабдықты монтаждау және демонтаждау;

     • ұңғыларды жер асты жөндеу;

     • ұңғылар мен жабдықтарды жер  үсті жөндеу;

     • ұңғыларды күрделі жөндеу;

     • мұнайды тасымалдау және сақтау;

     • газды жинау және қолдану;

     • мұнай мен газды кешенді дайындау;

     • ұңғылар мен қабаттарды зерттеу;

     • жұмыс агентін қабатқа айдау  және т.б.

     Мұнай мен газ өндіру процесі – бұл барлық қабат пен кен орнын жобаға сәйкес ұтымды өңдеуді, сондай-ақ негізгі процесті әртүрлі энергия түрлерімен, көлікпен, жөндеумен, материалдармен, құрал-жабдықтармен және т.б. қамтамасыз етуді талап ететін негізгі мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процесс.

     Мұнай өндіру процесі бірнеше өзара  байланысты жекелеген процестерден тұрады: сұйықтың забойға келуі, сұйықтың забойдан ұңғы аузына көтерілуі, мұнайды  өңдеуге дейін тасымалдау және сақтау, мұнай мен газды өңдеу немесе кешенді дайындау және тауарлық мұнайды  тұтынушыға тапсыру. Осы аталған  процестер біріге отырып мұнай мен  газ өндірісінің өндірістік циклын құрайды және ол қысқа мерзімділігімен  және үздіксіздігімен сипатталады. 

     Өндірістік  процестің үздіксіздігін  қамтамасыз ету шарттары: 

  1. кен орнын  өңдеу жүйесіне сәйкес қабат жұмысының  технологиялық режимін қатаң  сақтау;
  2. мұнай өндіру процесіне қатысатын жекелеген өндірістік бөлімшелердің өндірістік қуаттарының ұңғылардың өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
  3. көмекші процестердің негізгі процестерге кесте бойынша қызмет көрсетуі.

     Мұнай-газ  өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымының  негізінде мамандану, көмекші өндірістің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша шоғырлануы жатыр.

     Өндірістік  құрылым дегенде кәсіпорынның өндіріс ішілік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығын, олардың арасындағы арақатынас пен өзара байланысты түсінеді.

     Мұнай-газ  өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде  цех - өндірістік әкімшілік оқшауланған  бөлімше орын алады. Оның міндеті  өнім дайындау немесе белгілі бір  жұмыс түрін орындау болып  табылады.

     Негізгі өндіріс өнімді дайындаумен тікелей байланысты процестерді қамтиды.

     Көмекші өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді кедергісіз шығаруына қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді (сурет 1). 
 
 
 
 

     Сурет №1 «Негізгі және көмекші өндіріс цехтары»

     Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріккен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөліп көрсетілген.

     ОИТҚ-тің  негізгі міндеті  – белгіленген технологиялық тәртіпті сақтай отырып МГӨБ-ғы мұнай мен газ өндірісі бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. ОИТҚ төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:

     • АИТҚ жұмысына басшылық ету;

     • негізгі өндіріс объектілерінде (АИТҚ) жұмыстарды орындау барысында  МГӨБ-ның барлық өндірістік бөлімшелерінің қызметін тәулік бойы жедел бақылау  және үйлестіру;

     • барлық өндірістік объектілер бойынша  ақпараттар жинау және өңдеу;

     • апаттарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

     • бақытсыз жағдайларда көмек көрсету  және басқалар.

     Жұмыстарды  жоспарлауға маңызды мән беріледі. ОИТҚ ұңғылар бойынша барлық қажетті  жұмыстардан тұратын айлық кешенді  жоспар-кестелерді өңдейді.

     АИТҚ – ИТҚ-тің мұнай өндірісіне тікелей қатысатын негізгі технологиялық органы. АИТҚ-ның басты міндеті – мұнай мен газ өндірісі бойынша жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы ұңғыларды техникалық сауатты меңгеру мен пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану тәртібін сақтау, АИТҰ аумағында орналасқан ұңғылар мен басқа да объектілерді жер асты және күрделі жөндеу бойынша өндірістік процестердің барысын технологиялық бақылау. АИТҚ жұмысына қызмет бастығы басшылық етеді. Мұнай өндірісі операторлары технологиялық топтарға бөлінген және аға инженерлердің басшылығымен ұңғыларды пайдалануға қызмет көрсету, оларды тексеріп, қадағалау, жабдық ақауларын жөндеу, жұмыс тәртібін сақтау, ұңғыларды іске қосу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл топтар диспетчерлік пунктпен және оның басшылығымен тұрақты байланыста болады.АИТҚ мұнай, газ, ауа жинау және сумен қамту жүйесінің, ұңғылар коммуникациясының, ауа мен газды бөлістіру қондырғыларының, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық схемаларымен жабдықталған.

     Ұңғыларға өндірістік қызмет көрсетумен байланысты көмекші өндірістер өндірістік қызмет көрсету базаларына (ӨҚКБ) біріккен. ӨҚКБ құрамына мыналар жатады:

     • эксплуатациялық жабдықтың прокаттық-жөндеу цехы (ЭЖПЖЦ);

     • электрлік жабдықтар мен электрмен  жабдықтаудың прокаттық-жөндеу цехы (ЭЖмЭЖПЖЦ);

     • ұңғыларды жер асты және күрделі  жөндеу цехы (ҰЖАжКЖЦ);

     • өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).

     ӨҚКБ  басшылығы цехтар қызметін үйлестіреді  және өңғылар мен негізгі өндірістің барлық объектілерінің жоспар-кестелерге сәйкес үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұнай-газ өндіру басқармасына тікелей бағынатын  құрылымдық бөлімшелер де бар, атап айтсақ:

     • мұнайды дайындау және айдау цехы (МДжАЦ);

     • қабат қысымын қалыпты ұстау  цехы (ҚҚҚҰЦ);

     • бумен және сумен жабдықтау цехы (БжСЖЦ);

     • компрессорлық газ цехы (КГЦ);

     • егер МГӨБ-да дербес құрылыс ұйымы  болмаса, құрылыс-монтаж учаскесі (ҚМУ).

     Қабат қысымын қалыпты ұстау цехының  негізгі міндеті – жұмыс реагентінің  өнімді горизонттарға бекітілген өңдеу  жобасына сәйкес көлемде закачкасын***қамтамасыз ету.

     Мұнайды дайындау және айдау цехы шикі мұнайды  жинау және оны жинау қондырғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға дайындау бойынша  жұмыстарды жүзеге асырады.

     Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен  газды забойға жасанды түрде  айдау, мұнай мен газды күндізгі қабатқа көтеру, тауарлық мұнайды  дайындау процестерінен тұрады.

     Жекелеген МГӨБ-да өндірістік қажеттілік туындаған  жағдайда бірлестіктің рұқсатымен келесі цехтар құрылуы мүмкін: прокаттық-жөндеу, электрлік қондырғылар, құбырларды футирования***(коррозияға қарсы покрытие, стеклования, покрытия эпоксидными смолами, эмалирования***).

     Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінесе мұнай және газ ұңғыларын дұрыс  пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуге тәуелді болады.

     Эксплуатациялық жабдықтың прокаттық-жөндеу цехы эксплуатациялық жабдықты жөндеу және прокаттауды жүзеге асырады, оны пайдаланудың техникалық тәртіптерін сақтауға бақылау жүргізуді, механикалық жабдыққа дер кезінде және сапалы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

     Мұнай-газ  өндіру кәсіпорынының өндірістік құрылымын  жетілдірудің басты бағыты – алдағы уақытта негізгі өндірісті бірнеше  көмекші функциялардан босату және оларды дербес кәсіпорындарға шоғырландыру жолымен негізгі өндірісті мамандандыру процесін жалғастыру, атап айтсақ, МГӨБ құрамынан жөндеу және көлік қызметін бөліп алу және бірлестікте орталық  прокаттық-жөндеу базаларын, технологиялық  көлік және арнайы техника басқармаларын  құру.

     Мұнай-газ  өндіру кәсіпорынының типтік өндірістік құрылымы 1-ші схемада көрсетілген. 

Информация о работе Өндірістік процестердің мәні және түрлер