Табиғат көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 14:54, дипломная работа

Описание

Кескіндеме, кескіндеу өнері – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндеме де идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Осы тұрғыдан кескіндеменің өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына, әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар да береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім........................................................3-13 бет
I. Табиғат көрінісін салудың тарихы.
1.1. Табиғат көрінісін салу жанры ........................13-16 бет
1.2. Кескіндеме тарихы............................................16-26 бет
1.3. Табиғат көрінісін салудың ерекшелігі ............26-27 бет
ІІ. Кескіндеме картинасы – шығармашылық процесс.
2.1. Жұмысты орындау тәсілі мен кескіндеме
материалының маңызы ......................................27-28 бет
2.2. Кескіндемешілердің әйгілі шығармалары ......28-32 бет
2.3. Кескіндеме суретшісі - Әбілхан Қастеев.........32-33 бет
ІІІ. Табиғат көрінісін майлы бояумен жазу.
3.1. Майлы бояумен орындау тәсілдері..................33-35 бет
3.2. Нақты жұмысқа қажетті материалдар мен құралдар.....
..................................................................................35 бет
3.3. Кескіндемедегі айқындаушы құралдар............36-37 бет
ІV. Қорытынды........................................................37 бет
4.1.Қолданылған әдебиеттер...................................38-39 бет
4.2. Қосымша материалдар.
4.3. Көрнекіліктер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.doc

— 190.50 Кб (Скачать документ)

  Бояу жұмыстары – жай бояу, жақсарта бояу, жоғары сапалы бояу ісіне бөлінеді. Қойма сияқты құрылыстар жай, ал тұрғын үй, өндіріс және мекеме үйлері жақсарта боялады. Театр, кина, вокзал тәрізді көпшілік жиі болатын үйлер жоғары сапалы бояудан өтеді. Оларға түрлі әшекейлер жүргізіліп, суреттер салуына да мүмкін, құрылыстарда сумен немесе олифпен араластырылған бояулар пайдаланылады. Жоғары сапалы бояуға қола бояуы да қолданылады. Сумен араластырған бояумен кірпіш, бетон, сылақты конструкциялар, ал желім қосылған бояу мен үйдің ішкі қабырғасы, казеин желімі қосылған бояумен үйдің сыртқы қабырғасы және ылғи күн сәулесі түсіп тұратын конструкциялар боялады. Ылғалға төзімді болу үшін силикатты сыр-бояулар пайдаланылады. Сыр-бояулар арнайы заводтарда, шеберханаларда даярланып, құрылыс басына тасылып әкелінеді. Доңғалақты арбаның үстіне орнатылған жылжымалы бояу станциясы да бар. Онда ерітінді насосы, компрессор, бояу үккіш, елеуіш, желім еріткіш аспаптар болады. Бояу және оның шала өнімдерін әзірлеу жұмыстары механикаландырылған әрі автоматтандырылған. Боямастан бұрын заттың беті тегістеліп тазаланады, құрғатылады. Металл конструкциялардың беті тоттан арылтылады. Ол үшін сымнан жасалған щетка пайдаланылады немесе құм жаудырып тазартылады. Бояу жұмыстарының көлемі аз болса, ол қолмен орындалады, ал көлемді жұмыстарда бояу тозаңдатқыш қолданылады.

Бояулы гамма – белгілі бір көркем шығарманы салу кезінде бірнеше бояудың қатар келуін білдіретін бейнелеу және сән өнеріндегі атау. Суретшінің табиғат бояуларын дәл сезініп, оларды бір-бірімен шебер үндестіре білуі кескіндеу өнеріндегі шыншылдық пен көркемдік ерекшеліктің құндылығын арттыра түседі. Әдетте бұл атау бояу түсіне тән анықтаулармен де аталады (жылы, жарқын, солғын ашық, суық т.б.).

 

Палитра – суретші бояуларды араластыратын тегіс тақтай. Осы термин жеке живопистік шығармадағы түстердің үйлесімді топтастырылуы дегенді де білдіреді.

         Гуашь – акварель сияқты желім және судан тұрады, ерекшелігі – акварельге белилалар қосылады. Гуашь италиянша guazzo – шайқау дегенді білдіреді. Бояу алдында суретшіге арналған ұсыныс бар: қолданар алдында гуашты шайқау керек.

Пастель техникасында арнайы түрлі-түсті мелоктар қолданылады. Пастель  отаны Франция саналды. Францияның атақты суретшілері: Ф.Буше, Ж.Э.Лиотара, Э.Дега т.б. Ресейдің атақты пастелисті В.А.Серов болды.

Соус – пастельдің бір түрі. Соустың екі тәсілі бар: дымқыл және құрғақ. Орыс суретшісі И.Н.Крамскойдың көртеген портреттері осы техникада орындалған.

Сангина – табиғи саздан жасалатын жұмсақ қоңыр түсті қарындаш. Сангинамен қоса кейбір жағдайда қара италияндық қарындашты қолданады. Леонардо да Винчидің Луврда сақаталған 1516 жылда орындалған автопортрет сангина техникасында жазылған.

 

         Акварель (французша – aquarelle, латынша – aqua – су) – сумен езуге жеңіл және тез шайылатын бояу (әдетте өсімдік желімін қосып жасайды) және сол бояумен салынған сурет. Акварельмен көбіне қағаз бетіне, сирек ұшырасқанымен, пергаментке, жібек мата, піл сүйегіне т.б. заттарға суреттер салынады. Акварельдің айрықша ерекшелігі – мөлдірлігінде, қағаз бетін ашып, сәулелендіріп жіберетін қасиетімен аса бір нәзік нұрлы әрлілік беретіндігінде. Су бояулы живопись үлгісі (мөлдір болмаса да) Көне Мысыр мен Қытайда ертеде-ақ белгілі болған. Европа акварельмен сурет салу өнерін қайта өркендеу дәуірінде қолданда. 18-19 ғасырларда, әсірісе Англия, Франция мен Россия т.б. елдерде өріс алды. Қазіргі бейнелеу өнерінде акварельге зор мән беріледі.

Графика – бейнелеу өнерінің түрі. Станоктың (дербес суреттер), кітаптың (басылымдарға иллюстрациялар мен әшекейлер), іс-жүзіндегі (марка, этикетка) және плакаттар болып бөлінеді.

Гризайль – сұр тондағы монохромдық живопись. Станоктың живописте эскизді жасау кезінде қолданылады. Кез келген түсті реңкті бір түсті живопистің гризайль деп аталуы осыдан шыққан.

Композиция – суретте заттар мен пішіндердің үйлесімді орналасуы.

Лессировка – құрғақ қылқаламмен жағу тәсілі. Астыңғы бояу көрінетіндей етіп үстінен жағу. Түстер жұмсақ болып шығады.

Пейзаж – табиғатты бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры. Осындай тақырыптағы жеке көркем шығармаларды да пейзаж деп атайды.

         Перспектива – алысқа қарағанда заттарды жақыннан үлкен етіп (алдыңғы және артқы көрініс) және алыстағы заттарды бейнелеу.

Фломастер – құтысы арнайы сия толтырылған автомат қалам.

Шостов өрнегі – темір подносты майлы бояулармен сәндеу. ХІХ ғасырда Шостова селосында (Москва облысы) пайда болды. Шостов өрнегінде жемістер, гүл шоқтары ашық бояулармен айқын көрсетіледі

Эскиз – бейнелеу өнеріндегі алдын ала салынған көркем шығарманың нобайы.

 

Қорытынды. Дипломдық жұмыс проектісін ескере отырып, интерьерге арналған картина салынды. Картинаны салу үшін көп күш жұмсайды, бірақ қолға олар алдында классика тарихын жетік оқыдым.

Интерьер қазіргі заман  стиліне сай болғандықтан, классикалық  стильдің негізгі элементтері ғана алынған. Бұл стильге көпқабатты кескіндеме техникасында орындалған картина  келеді.

Бір кездері пейзаж төмен  жанрға жатқан болса, қазір пейзаж бейнелеу өнерінде ең эмоциоеалды жанр болып келеді. Пейзаж кескіндеме шығармасы өзінің эстетикалық қасиетімен адалды рухани байытады. Өйткені табиғат өміріміздің бір бөлшегі болып келеді. Біздің заманда интерьердегі қабырғаны безендіру үшін монументальді және станокті пейзаж кескіндемесін қолдана бастады.

Негізінен қонақ бөлмені  безендіруде станокті кескіндемені қолданады, мысалы бүгінгі уақытта  сатылымдарда тері қосып жасалған пейзаж бейнеленген картинаны көре аламыз.Қазір  пейзаждың картина әлемінде улкен беделі бар. Менің ойымша пейзаж кескіндеме тарихына үлкен өзгеріс енгізді, және интерьерде үлкен рөлді атқарады, болашақта да оның рөлі өзгермей, интерьерді безендіруде кең қолданылады, мұның өзі менің дипломдық жұмысымның қажеттілік қасиетінің бірі болып саналады. Сонымен бұл жұмысты зерттей отырып мынандай қорытынды жасауға болады: пейзаж кескіндемесі көркем жазу мен басқа кескіндеме жанрының эволюция тенденциясына сай дамыды. Табиғат жеке сезімдерді білдіретін сфера болып жоғары көтерілді. Сөйтіп пейзаж кескіндемесіне жол салынды. Бұл кескіндеме жанрының қол жеткізген жанры дамыған қоғамның көңілінен шетте қалмағанын ескеру қажет. Пейзаж кескіндемесінің дамуын, оның жетістіктерін қоғамда профессионалды зерттеуші-сыншылар, және де қарапайым осы жанрды сүйетін әрі бағалайтындар үнемі айтып отырды.

                         Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы; Алматы, І-том, 186-бет, 1972 жыл; ІІ-том, 433-бет, 1973 жыл.
  2. Р.Ж.Аубакирова, И.Б.Абремская «Бейнелеу өнері әдістемелік құрал» Алматы кітап баспасы, 128-129 беттер.
  3. Л.Н.Рахлина «Өнер туралы не білесіз?» Ленинград, 1968 жыл.
  4. Л.Д.Левин «Беседы с юным художником» Москва, «Советский художник», 1988 жыл.
  5. Б.В.Иогансон «Молодым художникам о живописи», Москва, «Издательство Академий художеств», 1959 жыл.
  6. А.К.Кальнинг «Акварельная живопись» Москва, 1968 жыл.
  7. М.К.Козыбаев «Казахская советская социалистическая энциклопедия», Алматы, 1981 жыл.
  8. Популярная художественная энциклопедия, Москва, «Советская энциклопедия», 1986 жыл.
  9. М.Зиновьев «Панорама искусств», Москва, 1938; выпуск 11, Москва, «Советский художник», 1988 жыл.

10. Ж.Баскенов «Сурет салуға үйрету»,Алматы, «Мектеп» баспасы, 1987 жыл.

11. Н.П.Саяулина, Т.С.Комарова  «Бейнелеу өнерінде    конструкциялауды үйретудің методикасы, Алматы «Мектеп» баспасы, 1685 жыл.

12. Т.Мәсәлімов, М.Самылтыров  «Бейнелеу өнерінің негіздері», Алматы, «Рауан» баспасы, 1987 жыл.

13.  Қ.Қ.Болатбаев «Қазақтың  педагогикалық үлгіні бейнелеу  пәнінде қолдану», Алматы, 1995 жыл.

14. Қ.Қ.Болатбаев «Бейнелеу  өнері пәні бойынша өз бетімен жұмыс істеуге үйрету», Алматы, 1992 жыл.

15. Қ.Ералин, Қ.Қ.Болатбаев  «Сәндік-қолданбалы өнері сабақтары», Алматы, 1999 жыл. 

16. Х.Арғынбаев «Қазақ  халқының қолөнері», Алматы, «Өнер»  баспасы, 1987 жыл. 

17. Қ.Ж.Әмірғазин «Қазақ  қолөнері», Алматы, 1996 жыл.

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

                        


Информация о работе Табиғат көрінісі