Табиғат көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 14:54, дипломная работа

Описание

Кескіндеме, кескіндеу өнері – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндеме де идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Осы тұрғыдан кескіндеменің өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына, әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар да береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім........................................................3-13 бет
I. Табиғат көрінісін салудың тарихы.
1.1. Табиғат көрінісін салу жанры ........................13-16 бет
1.2. Кескіндеме тарихы............................................16-26 бет
1.3. Табиғат көрінісін салудың ерекшелігі ............26-27 бет
ІІ. Кескіндеме картинасы – шығармашылық процесс.
2.1. Жұмысты орындау тәсілі мен кескіндеме
материалының маңызы ......................................27-28 бет
2.2. Кескіндемешілердің әйгілі шығармалары ......28-32 бет
2.3. Кескіндеме суретшісі - Әбілхан Қастеев.........32-33 бет
ІІІ. Табиғат көрінісін майлы бояумен жазу.
3.1. Майлы бояумен орындау тәсілдері..................33-35 бет
3.2. Нақты жұмысқа қажетті материалдар мен құралдар.....
..................................................................................35 бет
3.3. Кескіндемедегі айқындаушы құралдар............36-37 бет
ІV. Қорытынды........................................................37 бет
4.1.Қолданылған әдебиеттер...................................38-39 бет
4.2. Қосымша материалдар.
4.3. Көрнекіліктер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.doc

— 190.50 Кб (Скачать документ)


                                               Жоспар:

Кіріспе..................................................................2-3 бет

Негізгі бөлім........................................................3-13 бет

I. Табиғат көрінісін салудың тарихы.

  1.1. Табиғат көрінісін салу жанры ........................13-16 бет

   1.2. Кескіндеме тарихы............................................16-26 бет

   1.3. Табиғат көрінісін салудың  ерекшелігі ............26-27 бет

ІІ. Кескіндеме картинасы – шығармашылық процесс.

   2.1. Жұмысты орындау тәсілі  мен кескіндеме               

         материалының  маңызы ......................................27-28 бет

   2.2. Кескіндемешілердің әйгілі  шығармалары ......28-32 бет

   2.3. Кескіндеме суретшісі  - Әбілхан Қастеев.........32-33 бет

ІІІ. Табиғат көрінісін майлы  бояумен жазу.

  3.1. Майлы бояумен орындау тәсілдері..................33-35 бет

   3.2. Нақты жұмысқа қажетті материалдар мен құралдар.....

          ..................................................................................35 бет

   3.3. Кескіндемедегі  айқындаушы құралдар............36-37 бет

ІV. Қорытынды........................................................37 бет

   4.1.Қолданылған әдебиеттер...................................38-39 бет

   4.2. Қосымша материалдар.

   4.3. Көрнекіліктер тізімі.

 

Кескіндеме, кескіндеу өнері – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндеме де идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Осы тұрғыдан кескіндеменің өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына, әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар да береді.

Суреткер өмірге өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын өзінше бағалайды. Кескіндемеде бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де, оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өмір мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі масаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреткердің қыл қаламына ілінген сол мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі, кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі зор. Бұл оның көп жанрлығынан да байқалады (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы т.б.). Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1) монументті-сәндік кескіндеме. Бұған қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), тұсқа (панно) салынатын суреттер жатады. Мұнымен кескіндеме архитектуралық кеңістікті сәулеттеуге, адамды әсемдік ләззатымен сусындатуға ат салысады. 2) Қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылмайды. 3) Сәндік суреттер. Театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икон салу, миниатюра т.б. Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады. Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кесіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), а секко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын т.б. түрлері бар. Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады. Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар ұзыншалай бейнелеу, көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді. Бірақ бұл екеуінің арасын айқын айыратындай да ештеңе жоқ. Алғашқысында суреткер рең түрленістерін жатық келтіріп, сызықшаларды ұзынынан тік тартса, екіншісінде заттың көлемі мен кеңістікті көз алдына әкелетіндей иректерді, сынық бұрышты дақтар мен сызықшаларды қолданады.

 

Кескіндеме шығармалары негізге (кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері алдын ала жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеменің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қылқалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе типылдығына, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар көбіне төрт бұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі. Барлығы да кескіндеме туындысының жалпы идеясына, стиліне, көркіне сай және жарасымды болуға тиісті.

Кесіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8 мың жыл) саяды. Мысалы, Оңтүстік Франциядағы Фон-де-Гом, Солтүстік Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер. Олар жерден шығатын түрлі бояулармен – қызыл, сары, қошқыл сары жосамен, умбрамен, көмірмен, ламмен, қауырсынмен, кейде саусақпен де жағылған. Негізінен түрлі хайуанаттар, аң аулау көріністері нобайланған. Ал кейінгі неолит дәуіріне жататын суреттерде адам бейнелері де кездеседі.

Құл иеленушілік қоғамның тұсындағы кескіндемеде бейнелеу жүйесі бұрынғыдан дамып, техникалық жағынан да едәуір өсті. Жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылды. Олар тегістелген ақ жақпа қабаттың бетіне біркелкі жағылып, дәнекерлік заттар (альбумин, казеин, глютин, шайыр) мен қылқалам пайдаланылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі кескіндеме өнері (құлпы тастарды, үйлерді өркендеу) өркендеді. Бұл туындылар көбіне өлі аруаққа табыну, о дүниені бейнелеу тұрғысынан жасалған. Ал адам бейнесі көбіне схемалық үлгімен кескінделді. Ежелгі кескіндеменің сәндік үшін жасалатын түрлері де болған. Үй қабырғаларының беттеріне әшекейлеп салынған ою-өрнектер осы уақытқа дейін көркемдік мәнін жойған жоқ. Әсіресе Ежелгі Мысырдағы құрылыстардың қабырғалары мен күмбездерінің ішкі бетіне салынған суреттер мен ою-өрнектер (о дүниені тұспалдап салу, тұрмыс-салт, майдан көріністері, хайуанаттар тіршілігі т.б.) биязылығымен, композициясының нақтылығымен көз тартады. Көне дүние кескіндемесі де бұрынғы сияқты архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Мұнда кескіндеме өнері құдіретке табынушылықпен қатар, дүниелік мақсаттарға да қызмет етті. Тіпті, кескіндеменің қоғамдық мәнін (адамгершілік пен тәрбиелік) ұғу жағы күшейді. Кескіндеменің жаңа мүмкіншіліктері ашылды, оның болмысты бейнелеудегі тақырыбы ұлғайып, өрісі кеңи түсті. Көне дүние кескіндемесіне тән ерекшеліктер - өмірді қаз қалпында айқын да нәзік бейнелеу, нәрсенің дүние кеңістігіндегі қатынасын, табиғи үйлесімін табу. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиямен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпеи, Геркуланум, Пестум, Қазанлық, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Көне дүние фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) келеді. Ежелгі Грецияда қондырғылы кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) туды. Бірақ олар толық сақталмаған.

Орта ғасырлардағы Батыс  Европа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндемесінде рухани асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі қаншалық белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда халықтық ұғым мен нақты тұрмыс көріністері де шаң беріп қалып отырады (мысалы, Русьта Феофан Гректің, Андрей Рублевтің икондары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеменің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын) болды. Икондар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу т.б. әдістер қатаң тәртіппен сақталған. Қолөнеріне тән мұқияттылықпен жасалған икондар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозаикалар мен витраждар шіркеу сәулетінің бір тұтас ансамблін құрады. Бояу реңдерінің қанықтығымен, ырғақты да әуенді құлпырымдар түзетін сәуле мен көлеңке теңбілдері асқақ сезімталдық, сәндік әсер береді. Б.з. 1 – мыңжылдығында Алдыңғы және Орталық Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументті кескіндеме өріс алды. Феодалдық дәуірде Месопотамия, Иран, Үндістан, Орталық Азия мен Азербайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс кескіндемесі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.

Қайта өркендеу дәуірінде Батыс Европада феодализмге қарсы көзқарастарға негізделген жаңа, өмірге жанасымды гуманистік өнер принциптері қалыптасты. Ол материялық дүниенің сырын ұғуға тырысқа буржуазиялық антропоцентризм рухында дамыды. Осыған байланысты болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған кескіндеменің маңызы артты. 14 ғасырда итальян суретшісі Джоттоның кескіндемелері Қайта өркендеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Перспектива, оптика, анатомияны ғылыми тұрғыдан зерттеу, майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланды) кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Кескіндеме туындыларында нәрсенің көлемдік формасы айқындала түсіп, терең перспективада, сәулелік ортада, дүниенің түс-түрімен лайықты жарасымды бейнеленді. Әсіресе фреска гүлденді, қондырғылы картиналар да ұлғайды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеп қалу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да мадақтау кескіндеменің қасиетті мақсатына айналды. Қайта өркендеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Ботичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я. ван Эйк, П. Брейгель (Нидерландыда), А. Дюрер, Х. Хольбейн (кішісі; Германияда).

17-18 ғасырларда Европада  кескіндеменің дамуы ұлғая түсті.  Франция (Н. Пуссен, А. Ватто,  Ж. Б. Шарден, Ж. Л. Давид), Италия (М. Караваджо, Дж. Б. Тьеополло), Испания (Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Ф. Гойя), Фландрия (П. П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я. Вермер), Англия (Т. Гейпсборо, У. Хогарт) мен Россияда (Ф. С. Рокотов, Д. Г. Левийкий, В. Л. Боровиковский) кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Түрлі ағымдар, прогресшіл және реакциялық идеялар арасындағы озық бағыт пен академизм арасындағы күшті тартыстарға қарамастан, әр алуан стильдік жүйелер қатар өрбіді. Кескіндемеде жаңа әлеуметтік-азаматтық идеалдар көтерілді, нақтылы өмірді қозғалысында, алуан түрлі қырымен адамды тиісті айнала-төңірегімен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді. Психологиялық проблематикалар тереңдеді, жеке адамдармен дүние қатысындағы күрестерді көрсету қарастырылды. 17 ғасырда жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17-18 ғасырларда монументті-сәндік кескіндеме (әсіресе барокко стилінде) өркендеді. Мүсін және сәулет өнерімен сыбайласа отырып, ол әсерлі де әсем туындылар жасады. Бұл тұста қондырғылы кескіндеменің ролі артты. Кескіндеме проблемаларының ұлғайюы, оның алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеуметтік жіктілу – осының бәрі кескіндемеде әр қилы жүйелер туғызды (барокко, классицизм, рококо т.б.).

19 ғасырда Европа (Балқан елдерінде) мен Америкада кескіндеменің жаңа ұлттық мектептері туды. Европа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония т.б.) кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда. 19 ғасырда кескіндеме дүние танудың күрделі де шұғыл проблемаларын неғұрлым кең мағынада шешіп отырды. Қоғамдық өмірге белсене қатысып, әлеуметтік және ұлт-азаттық қозғалыстарға қызу ат салысты. Әлеуметтік болмысты өткір сынау – 19 ғасыр кескіндемесінің зор мазмұны. Сонымен бірге, 19 ғасырда өмірге жанасымы жоқ академизм, яғни тұлғаны беталды дәріптеушілік ресми түрде қолдау тапты. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік тенденциялар да бой көтерді. Солармен күрес үстінде романтизм туды. Ол асқақ сезімталдықпен, өткендегі және замани шытырман оқиғаларға құлшына зер салумен, адам құштарлықтарының күш-құдіретін шырқата парасаттады. Оның көрнекті өкілдері: Т. Жерико, Э. Делакруа, Г. Кубре, Ж. Ф. Милле, О. Домье, К. Коро (Францияда); Дж. Констебл (Англияда); А. Г. Венецианов, П. А. Федотов (Россияда) т.б. Орыстың революция қозғалысындағы буржуазия-демократиялы кезеңмен тығыз байланысты болған передвижниктер мен оларға жақын жүрген суреткерлер – В. Г. Перов, И. П. Крамской, И. Е. Репин, В. И. Суриков, В. В. Верещагин, И. И. Левитанның туындылары әлеуметтік-сыншылдық жағынан ерекше өткір.

Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К. Моне, О. Ренуар, К. Писсаро, А. Сислей, Э. Мане, Э. Дега т.б.) ерекше табысқа жетті. Ол кескіндеме туындыларындағы шарттылықты, рең қоңырқайлығын жойып, сурет бетін өңдеудің техникасы мен әдістерін жаңарту арқылы таза түстің тамаша көркін тапты. 19 ғасырда Европада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың дара қасиетіне байланысты болды. Бірақ, бұрынғы қолдан жасалатын бояудың орнына фабрикадан шыққан бояулардың қолданылуы да себеп болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Монументті өнердің басқа түрлері (архитектура, мүсін) сияқты монументті-сәндік кескіндеме де 19 ғасырда тек желімді және майлы бояулармен ғана жұмыс істесе, кейіннен ол мүлдем құлдырады. Тек 19  ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ғана оны қайта көтеруге әрекет жасалды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен сыбайластыру (негізінен «модерн» өнерінде) көзделді. Монументті-сәндік кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық кескіндеме техникасы жасала бастады.

19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Октябрьлік-социалды                                                         революциясының мұрат-мақсатымен қанаттанған, социалдық реализм әдісімен қаруланған жаңа өнер СССР–де және басқа социалдық елдерде кең өріс алды. Азия, Африка, Австралия, Латын Америкасы елдерінде кескіндеменің жаңа мектептері туды.

Информация о работе Табиғат көрінісі