Табиғат көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 14:54, дипломная работа

Описание

Кескіндеме, кескіндеу өнері – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндеме де идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Осы тұрғыдан кескіндеменің өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына, әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар да береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................2-3 бет
Негізгі бөлім........................................................3-13 бет
I. Табиғат көрінісін салудың тарихы.
1.1. Табиғат көрінісін салу жанры ........................13-16 бет
1.2. Кескіндеме тарихы............................................16-26 бет
1.3. Табиғат көрінісін салудың ерекшелігі ............26-27 бет
ІІ. Кескіндеме картинасы – шығармашылық процесс.
2.1. Жұмысты орындау тәсілі мен кескіндеме
материалының маңызы ......................................27-28 бет
2.2. Кескіндемешілердің әйгілі шығармалары ......28-32 бет
2.3. Кескіндеме суретшісі - Әбілхан Қастеев.........32-33 бет
ІІІ. Табиғат көрінісін майлы бояумен жазу.
3.1. Майлы бояумен орындау тәсілдері..................33-35 бет
3.2. Нақты жұмысқа қажетті материалдар мен құралдар.....
..................................................................................35 бет
3.3. Кескіндемедегі айқындаушы құралдар............36-37 бет
ІV. Қорытынды........................................................37 бет
4.1.Қолданылған әдебиеттер...................................38-39 бет
4.2. Қосымша материалдар.
4.3. Көрнекіліктер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.doc

— 190.50 Кб (Скачать документ)

М. Қисамединовтың графикалық суреттерінде («Бір өмірдің образдары», «Жер және адамдар») және Л. Леонтьевтың кескіндеме полотноларында («Қырдағы асхана») адамның қоршаған дүниемен байланысының маңыздылығы пәрменді естіледі. Портреттік бейнелер де драматизмге толы. Д. Әлиевтың «Сейілдеу» (1984) атты картинасында адамның өміріндегі міндет туралы мәселені едәуір дәрежеде мысқылдап келекелеу бар. Картинаның композициясы мен персоналдарының сипаттамасы ештеңені сезбеген аңқау, бейқам жолаушылардың жаман қайықпен өмір өзенімен жүзіп келе жатқандығы бейнеленген «Зердесіздер кемесін» еске түсіреді. Мүсіншілер М. Рапопортты, А. Андрущенконы, А.Есенбаевты да адамның тұлға бойы жұмбақ, нәзік жандылығы толғантады. Адамдағы адамдық қасиеттері анықтап бейнелеу үшін олар модельдегі уақыт шеңберінің шектеуін сыпырып жалпы адамзаттың рухани және сезім байлықтарын бейнелеу арқылы оны мәңгілік уақыт ағымына белуге тырысады. Осыған орай, балалық шақ, жас ұрпақтың өсіп жетілу тақырыбы да суретшілерді толғантпай қойған жоқ. М.Хитахуновтың, К.Дүйсенбаевтың, Д. Алиевтың, К. Каметовтың жасаған образдарының үні әрқилы болғанмен, оларды біріктіретін басты нәрсе бар, ол – сәбиге деген ыстық сүйіспеншілік, баланың жан дүниесінің өте нәзіктігін түсіну. Соңғы жылдарда өнерде тарихи дәстүрді ұғуға деген ықылас, сонау алыста қалған көне заманнан бүгінгіміздің бастауын көруге ұмтылушылық бәрінен де гөрі айқынырақ сезіледі. Мүсінші М. Рапопорттың «Кездесу» (1983) атты еңбегінен алғашқы қаз қалпы күйіндегі нәрсені, адамның енді ғана ояна бастаған сезімдерін көргендей боласын.

 

Табиғат, шіркін, адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала  көлеңкедегі тамылжытатын бозторғайдың үні, шалқар соққан самалының қоңыр лебі, жұпары аңқыған, жуасы мен жусаны ойға ой қосады, сананы сәулелендіреді. Сол табиғат ананның ертегідей елітетін жаратылысының таң ғажайып құбылысын көріп, дыбысн тыңдап, одан көл-көсір әсер алмаған адамның көкірегі шемен, құлағы керең, жан дүниесі жарымжан боп қалмай ма? Қазақтың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеев қаршадайынан тамаша таусылмайтын осы бір тылсым табиғаттың сан түрлі бояуын санап, түрлі ағаш атаулы, жан-жануардың, өсімдік, тіпті топырақтың түр-түсін саралап өсті. Кішкентайынан шоқайын сүйретіп, күн шықпастан өріске сиыр айдайтын. Оны күн сайын аңғарлы өзені арқырай ағып, қыраны қалықтаған, құз-қиясы күн сәулесіне шағылысып, түрлі реңкі түске бояған, тік шаңшылған шыңдығы шынарлар мен сыңсыған самырсындары аспанға тірелген асқар таулары тәнті етуші еді.

«Шөп шабу» картинасы кең жазираның көз жетпес қиыры сағымданып, заңғар аспанмен тіресіп, көгілдір таулармен астасып жатыр, көк-жасыл шабындықта шөп орған, тырма тартқан, шөмеле жыйған, бір кісідей жұрттың жігер қимылымен көңілін көк бояу ашық көркем көрініс тапқан.

 

 

Композиция – бейнелерді, барлық элементтерді үйлесімді біріктіру. Қатысушы бейнелерді шығарма ойын ашу  үшін біріктіру керек, заттардың  кеңістікте орналасуын, жарықтандыруын, әр түрлі түстердің және реңктердің бір біріне үйлесімділігін ескеру керек. Пейзажда – көру нүктесін, портретте – поза, бас құрылымы. Сондықтан шеберлер композицияны суретші шығармашылығында ең қиын процесс дейтін.

Әр бір композиция эскизден басталады. (фр. escise – алғашқы долбар). Суретші болашақ бейнелердің адамдардың заттардың нобайын салады, томдық шешімін іздейді. Жұмыс барысында суретші көбінесе бірнеше эскиз жасайды – мысалға, А.А. Иванов «Христостың елге келуі» атты жұмысына бес эскиз салған (олардың көлемдері, аяқталған шығарманың көлемімен бірдей).

Кейінгі уақытта, майлы  бояулы кескіндеме дамып, темпера өз маңызын жоғалта бастады. ХVII ғ ол жалпы ұмытылды деуге болады. Тек ХIХ ғ темпераға қызық қайта өрледі. Қазірде бұл техникада Палех, Метера, Хоруя т.б. елдерде суретшілер жазады. Бірақ бояуларды көбінесе жұмыртқада ерітпейді, қазір жасанды эмульсия қолданылады.

Жаңа техниканың құрылуына  әлем өнері атақты нидерландық шебер  Ян Ван Эйкке (-1441) міндетті. Ван Эйкті көп уақыт майлы кескіндеменің ойлап тапқан суретші деп санаған. Ян Ван Эйк бұл техниканы ойлап тапқан жоқ, ол дәлеленді. Кескіндеме түрі Х ғасырда белгілі болды, ол атақты шебер оны тек дамытты. Бірақ, Ван Эйктің майлы бояулы кескіндемедегі рөлі маңызды, тек жаңартылған кескіндеме өзінің таза түстерімен, реңктер байлығымен көп, ұзақ сақталуымен ерешеленіп, кейін кескіндеме негізі болып кең тарады.

Кескіндеме техникалары: энкаустика, фреска, мозаика, темпера, майлы кескіндеме, акварель, гуашь, пастель, соус, сангина.

Қайта өрлеу дәуірінің  италия шеберлері монументальді  кескіндеменің ең құрметті техникасы деп фресканы санаған. Фреска италия сөзінен келген, al-fresco – дымқылдың үстіне дегенді білдіреді. Әктаспен суда ерітілген бояулар тек дымқыл штукатуркаға жағылып, көп жыл сақталады.

Этюд (французша etude – зерттеу, жаттығу) натурадан толық орындалған шығарманы айтады. Этюдпен жұмыс істеу – қоршаған ортаны зерттеудің негізгі құралы. Суретші керек позаны, жарықты, түстік қатынасты іздейді. Этюдтердің көбінің жеке көркем шығарма ретінде құндылығы бар, олар қойылымдарда қатысып, мұражайларды қойылуы мүмкін.

 

Кескіндеме өнерін, жалпы  өнер тарихын түсіну үшін бірнеше  шығармалардың атаулары мен авторларын білумен шектелмейді. Негізінен, бұл  шығармалар пайда болған кездегі  тарихы, жағдайларды білу маңызды, оларды құрайтын ойлар мен сезімдерді түсіну артық. Қандай да өнер-класстық әрбір суретші өз шығармасында нақты класстық мақсаттары мен идеяларын жеткізеді. Ол өнер адамзатқа, жеке адамға үлкен әсер тигізеді. Ол көрерменге түсіндіріп қана қоймай, оның өзін күйзеліске түсіреді. Бұл өнер қасиетін әрбір класс өз мақсатында қолдануға тырысады. Сондықтан өнерде, адамның қоғамдық өмірінің қандай да жағдайында сияқты жаңа мен ескі арасында, зиялылық пен жауыздық арасында, гуманистік пен антихалықтық соғыс мәңгі жүреді. Көне суретшілер барлық өнер түрлерінің негізін салды: графика, скульптура, кескіндеме. Көне шығармалар жүйелік болды. Мысалға, Ла-Ферраси (Франция) үңгірлердегі аңдар бастарының бейнелері. Мыңжылдықтар ауыса бейнелеу техникасы дами бастады. Егер ориньяк кезінде ( б.э.д. 33-19 мыңжылдықта) өте қарапайым болғанымен, мадлен (б.э.д. 15-8 мыңжылдықта) дәуірінде ол күрделене түседі: мамонттардың, бизондардың көлемде, қозғалыстағы суреттері.

3-2 мыңжылдықтарда орнамент  кең тарады. Көне заман өнері  әлем өнерінің дамуына негіз  болды. Оның зерттелімі әлі аяқталмаған, және ешқашан аяқталмайды... Себебі әр жыл археологтар және суретшілер, тарихшылар жердің бүкіл жерінде жаңа суреттер және ескерткіштер тауып жатыр. Және – кім біледі, мүмкін, ең әсем шығармалар әлі табылмаған. 

Қазақстанда кескіндеме, басқа қондырғылы түрлер сияқты Советтік билеу кезінен дами бастады. Н.Г. Хлудов Одессалық бейнелеу мектебінен соң, Қазақстанда бүкіл өмірін өткізген жалғыз кекіндемеші. Ол қазақ елін көрсететін, табиғатын, тұрмыс салтын, дәстүрлерін бейнелеген.

20-30 жылдары Қазақстанда,  мемлекетпен тығыз байланысқан  өмірімен ерекшеленетін тағы  басқа орыс суретшілері жұмыс  істеді: Н. Крутильников, Ф. Болкоев,  А. Риттих. 30 жылдары басында алғашқы  А. Исмаилов, Х.Ходжиков, Б. Сарсенбаев.

Суретшілер шығармашылығында терең социальдік ауысуларды, экономикалық және мәдениеттің дамуы мен шаруашылық жетістіктерін көрсеткен. Х. Ходжиновтың «Шымкент қола зауыты», А. Костеевтің «Станок алдындағы қыздар», Ф. Болкоевтың «Қарағанды шахтерлері».

Ұлы Отан соғысы кезінде  Қазақстан суретшілері фашизмге қарсы соғысына қатысты. Елде Украина, Белорусия, Ленинград, Мәскеу суретшілері жұмыс істеді. Бұл кездегі тақырыптық шығармаларында Отанның қорғаушыларын бейнелеуге тырысты: А. Риттихтың «Көптің ішіндегі біреуі», «Өлімнен күшті».

Соғыс жылдары кескіндемеде портрет дамыды. А. Черкасскийдің «И.Панфилов» портреті (1942), А. Кастеевтің «Момыш-ұлы» (1943), суретшілер тарихы каһармандарды бейнеледі, А. Қастеев «Амангелді портретін» жазуы (1944), Амангелдінің әскери өмірін бірнеше картинасында бейнелеген.

60 жылдары А. Қастеев  шығармашылығы гүлденді. Қастеевтің  қазіргі заманшылық сезімі көптеген  маңызды тақырыптарды ашуға мүмкіндік  берді.

А.Г. Ғалымбаева өз шығармашылығын қазіргі заман әйеліне арнаған. «Халық дарындылары» атты жұмысында әйелдерді біріктіретін түсінік пен достықты көрсеткен.

Уақыт және кеңістік - өнердің  соңғы жылдарының маңыздысы. Тулепбаевқа  кекіндеме – адам сезімі мен ойына  толы «орта».

Пейзаж, портреттер, тематикалық  жұмыстар, натюрморттар бірге Отан туралы үлкен картинаны құрайды.

Кескіндеме, шығармалары  қандай да бір қатты бетке жағылатын  бояулар арқылы пайда болатын  бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндеме жасалатын көркем шығармаларда түс  және сурет қолданылада, сонымен  бірге жарық және көлеңке, жағыстардың  айқындығы, фактурасы, композиция. Олар жазықта әлемнің түстік байлығын, заттардың көлемін, олардың сапалық, материалдық ерекшелігін, кеңістіктің тереңдігін және жарық-әуе ортаны қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Кескнідеме өлшем белгілері мен заман ағымын сезіну, тыныштық және рухани сезімдік байлықты, қозғалыс сапасын береді. Кескіндеме айқын оқиға мен күрделі сюжет болуы мүмкін. Бұл кескіндемеге тек адамдар өмірінің кең картинасын көрсетіп, шынайы өмірдің оқиғаларын көрумен шектелмейді, сонымен бірге шындықты ашуға, қосалқы ойларды, алаңдатқан парызды білдіруге мүмкіндік береді. Кескіндеме өзінің кең идеялық көркемдік мүмкіндіктеріне сәйкес шындықтың көркем айнасы және түсіндірмесі болып саналады, мұнда шындықтың маңызды социальдік мазмұны мен көптүрлі идеялық функциялары бар. Шындықты кеңейтіп толықтыратын кескіндемеге сай жанрлардың көптүрлілігі (тарихи жанр, соғыс жанры, тұрмыстық жанр, жануарлық жанр, портрет, пейзаж, натюрмотр).

Кескіндемені ажыратады: монументтік-сәндік (қабырғалық өрнектер, плафондар, панно), архитектураны безендіруге арналған және архитектуралық құрылыстардың идеялық-бейне түсінігінде маңызды рөл ойнайды;қондырғылы (картиналар), көбінесе белгілі бір орынды алмайды, көркем ансамбльде нақты орынмен байланысты емес; сәндемелік (театр эскиздері, киносәндемелер, костюмдер); пұтжазба; миниатюра. Сонымен бірге кескіндемеге диорама және панорама жатады.

Пигментті (бояғыш зат) байланыстырушы затқа байланысты, пигменттің беткі  қабатқа байланысу тәсілдеріне  сәйкес майлы кескіндеме ажыратылады. Су бояулары көмегімен штукатуркаға салу кескіндемесі – дымқыл (фреска) және құрғақ, темпера, желім кескіндемесі, балауыз кескіндемесі, эмаль, керамикалық және силикатты бояулармен орындалған кескіндеме т.с.с. Монументтігі сияқты шешетін мозайка мен витражда кескіндемемен қиылысады. Кескіндемеде сонымен бірге акварель, гуашь, пастель, тушь қолданылады. Кескіндемелік бейненің екі түрі ажыратылады: желелік-жазықтық және көлемдік-кеңістіктік, бірақ олардың арасында анық шек жоқ. Желілік-жазықтық кескіндемеге оның контурмен шектелген жалпақ, локальді түсті дақтар сай; ежелгі және кейбір қазіргі заман кескіндемеге заттарды қалпына келтіру және олардың кеңістіктегі құрылымының ауызша тәсілдері кездеседі, олар көрерменге бейненің мазмұнын, мәнін ашады, заттардың кеңістікте орналасуын түсіндіреді, бірақ ол екімерлік кескіндеме жазығын бұзбайды деуге болады. Антикалық өнерде суретшілер адам көретін шынайы әлемді дәл қалпына келтіруге тырысты. Бұл көлемдік-кеңістік бейнелердің пайда болуына соқтырды. Мұндай кескіндеме типінде түс арқылы кеңістік қатынастар қалпына келтіріледі, терең үш мералық кеңістің иллюзиясы келтіріледі, жазық реңктік градациялар ауа және сызықтық преспектива арқылы жылы және суық түстерін ораналастырумен құриды. Көлемді пішіндер түс пен жарық және көлеңке арқылы келтіріледі. Көлемдік, типтік мүсіндікке – нақты шектелген түстік дақта дұрыс орналасқан ашық және қараңғы ренктердің градациясына байланысты жетеміз, бұл кезде калорит көбінесе ала-шұбыр болады, пішіндер және зат қоршаған кеңістікпен.

Тондық кескіндеме түстің күрделі және динамикалық құрылысымен түстің, және сондағы реңктік жарыққа байланысты (валер), сонымен бірге жақын жатқан түстерге байланысты (рефлекс) ауысуын көрсетеді, жалпы рең заттарды қоршаған жарық мұңартқан ортамен және кеңістікпен байланыстырады. Қытай, Жапон, Корея елдерінде кескіндеменің жан-жақты бейнелеудің ерекше түрі пайда болды, жоғарыдан көрген кеңістік шексіздік сезімін береді, алысқа кетіп тереңдікте қиылыспайтын сызықтар, пішіндер және заттар көлемін жоғалтқан және олардың кеңістіктегі орналасуын негізінен реңктердің қарым-қатынасынан көре аламыз.

Кескіндеме шығармасы  көбінесе грунтпен бояу қабатымен жағылған (кейбір жағдайда лакпен қапталған) негізде (холст, ағаш, қғаз, картон, тас, шыны т.б.) тұрады.

 

Қазақ халқының қадірлі  ұлдарының бірі, сырбаз суреткер, кескіндеме өнеріндегі акварель техникасының «атасы» аталған - Әбілхан Қастеев.

Әбілхан Қастеев –  қазақ мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет Қазақ  СССР-інің халық суретшісі деген  құрметті атаққа ие болды. Профессионал суретші атанған кезде ол 40 жаста еді. Ал, сурет өнерінің сырын орда бұзар отыз жасқа келгенде ұққан.

Әбілхан Қастеев 1904 жылы қарлы қаңтарда қазіргі Талдықорған  облысы Панфилов ауданындағы Шежін  ауылында туған.

Қазақ халқының өміріндегі түбірлі өзгерістер Әбілхан Қастеевтың көз алдында өткен. Оның жеке басының тағдыры сол өзгерістермен терең тамырлас, суретшілігі де туған республикамыздың өмірімен бірге өсіп-өркендеді. Халық өмірі көріністерінің сан түрлі қырларын қырағылықпен салыстыра бақылай отырып біраз шығармалар тудырды. Олар: «Тасаттық кезіндегі молда», «Радио тыңдаушылар», «Кедейге ескі мектепте орын болмады», «Мектепке», «Бай мен кедей құдық басында», «Сүт машинасы», т.б.

Әбілхан Қастеев өзінің алғашқы суреттерін туысқандары  мен жақындарының шағын портреттерін салудан бастады. Сол кездің кезінде, суреттерінде жеке бейнелердің мінездік ерекшеліктерін айнытпай бере білді. Ағасының, қарындасының С.Қисықбаевтың портреттерін қырынан, біркелкі күңгірт фонда салған. «Тігін үстінде», «Көк камзолды қыз» сияқты жанрлық портреттері шуақты ашық кеңістікте алынған. Олар өмір шындығына сәйкес дәл бейнеленген көркем туындылар болып табылады.

 

Бояу – жұқа қабықша түзетін байланыстырғыш зат пен ұсақ пигменттер қоспасынан тұратын сыр-бояу материалдары. Бояу құрамына минералдық толтырғыштар, пластификаторлар, еріткіштер т.б. қосымша заттар кіреді. Бояу негізінен бояйтын бетті сәнді түрге келтіру, минералды сыртқы орта әсерінен (күн радиациясы, ылғал, жоғары температура т.б.) сақтау мақсатында қолданылады. Бояу – майлы бояу (жұқа қабықша түзгіш заты – олифтер) және эмаль бояу (жұқа қабықша түзгіш заты органикалық еріткіштерге еріген, синтетикалық шойырлар мен эфирлер) болып бөлінеді. Бояудың қасиеттері оның құрамындағы пигменттер, байланыстырғыш заттар, толтырғыштарға т.б. тікелей тәуелді. Оларды араластырып бояуын денеге жаққанда жұқа, қатты әрі серпімді, газ бен ылғал өткізбейтін, берік жабысқан қабат пайда болып сыртқы әсерден қорғайды. Пигменттер боялатын бетке қажетті түс беріп, жарық пен атмосфера әсеріне төзімді етіп, тіпті материалдық термиялық тұрақтылығына, жарық сіңіргіштігіне, тат баспауына, тобарсымауына тікелей әсер етеді. Оларды байланыстырғыш заттармен құрғақ күйде қосып, арнайы бояу ұсатқыштарда майдалайды. Көбіне пигмент ретіндер байланыстырғыш затта ерімейтін металдар, металл тотықтары мен тұздар қолданылады. Металл пигменттерге алюминий, қола, мырыш, қорғасын, тат баспайтын болат ұнтақтары жатады. Толтырғыштар (барит, каолин, тальк) бояу құнын арзандатып, оның жылуға, атмосфералық әсерге төзімділігін арттырады. Еріткіштер ретінде оңай ұшатын органикалық сұйықтар (ацетон, толуол, ксилол, спирттер т.б.) не су қолданылады. Майлы бояу ұнтақталған қою паста түрінде шығарылады, қолданар алдында оны олифте ерітеді, 10-15 күнде түгелдей кеуіп қатты қабат түзеді, ол құрылыста, темір жол транспортында қолданылады. Эмаль бояу қолданылатын сырдың түріне байланысты әр түрге бөлінеді. Бұлардан басқа құралдарды, аппараттарды, тетіктерді бояуға қолданылатын декоративті бояу, тұманда транспортқа жол сілтеуге т.б. қолданылатын жарық шығаратын бояу, боялған зат бетіндегі температураны қадағалайтын термосезгіш бояу, теңіз кемелерінің су асты бөлігінде тат пайда болмас үшін пайдаланатын қаптағыш бояу, полиграфия өндірісінде қолданылатын бояу бар. Бояу жұмыстары – үйлер мен конструкцияларға жаңа әр беру. Боялған зат әрлі бояумен бірге ұзақ уақытқа шыдайды.

Информация о работе Табиғат көрінісі