Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

     Шағын комплектілі мектептердегі әдеттегі сабақтарда, көп комплектілі мектептегідей, көрнекі құралдарды көрсету әдісі қолданылады. Алайда мұнда өзіндік қиындықтары да бар, сабақтарға әзірлену кезінде оларды естен шығаруға болмайды.

     Негізгі қиындық - басқа сыныпдағы балалардың тапсырылған жұмысты орындаған кезде алаңдамауы үшін картинаны, диапозитивтерді, кинофильмдерді қалай көрсетуге болатынында. Соңғы кезде көптеген мұғалімдер басқа сыныптағы оқушыларды босатып жіберіп, соңғы сабақта бір сыныпқа кинофильм, диафильм немесе диапозитив көрсетіп жүр. Мысалы, егер мұғалім II сыныпқа кинофильм көрсеткісі келсе, онда ол I немесе III сыныптардағы оқушыларды жарты сабақ ерте босатуына болады, қалған уақытта мұғалім фильмді көрсетіп, оның мазмұнын талдап беруге мүмкіндік алады.

     Мұғалім шахталы экран мен наушниктерді қолдана отырып, басқа сыныптардағы балаларды алаңдатпай-ақ, бір сыныппен экрандық құралды көрсетуіне болады. II және III сыныптардың оқулықтарындағы суреттермен жұмысты өздігінен істейтін жұмыс ретінде өткізіп, соңғы әңгімелесу кезінде қабырғаға ілінетін тиісті картина пайдаланылады. Бұл кезде оқушыларға арналған тапсырманы өте мұқият өзірлеу керек, олар иллюстрацияны ақпараттың қайнар көзі, жаңа білім алудың негізі деп қарайтын болсын.

     Мұғалімнің әңгімесі мазмұны  мен ұзақтығы тұрғысынан түрліше өткізіледі. Оның негізгі мазмұнды ашатын жаңа материал кіріспесі ретінде де, балалар бақылаған немесе оқулық мәтінінен оқыған табиғат құбылыс-тарының бақылауларын түсіндіретін қорытынды сабақ ретінде де қолданылуы мүмкін.

     Шағын комплектілі мектепте, әдеттегі мектепке қарағанда, оқулықпен жиі жұмыс істейді, өйткені мұғалім әдеттегі мектепте мәліметтердің бір бөлігін әңгіме кезінде айтып берсе, балалар оны оқулықтан оқып біледі. Алайда балаларды оқулықпен жұмыс істеуге дайындау керек, мұнсыз олар мақаладан оқыған мәтінді ұғына алмайды. Дайындық мұғалімнің кіріспе әңгімесі кезіде жүргізіледі, ол сонда тиісті картинаны немесе басқа көрнекі құралды көрсете отырып, жаңа атаулар мен ұғымдарды түсіндіреді, оқулықпен өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырманың маңызын талдап ұғындырады.

     Басқа сыныптағы балаларды алаңдатпау үшін II және III сыныптардағы дүниетану бағдарламасы талап ететін тәжірибелерді бір ғана сыныппен өткізіп көрсеткен жөн. Алайда мектеп оқушылары оқулық мәтінін нұсқау ре-тінде пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істеу формасында өткізетін жаппай тәжірибені мұғалім басқа сыныптармен шұғылданған кезде өткізуге болады. Мұғалім тәжірибелерді өткізудің қай жағдайларында болса да балаларға соңғы әңгімелесуде тәжірибе кезінде құбылыстан бақылағандарын түсініп алуды үсынады. Егер мұғалім екі сыныпта сабақ өткізетін болса, онда ол балалар жұмыстарының барлық кезеңін дәптерлеріне жазып алу үшін тапсырмаларды алдын ала карточкаларға жазып, немесе оқулық бойынша дайындап алады.

     Мынадай да жұмыс түрінің болуы мүмкін. Балаларға мынадай карточкалар береді, оларда берілген сұрақтардың жауабының астын дұрыс сызса болды. Мысалы, II сыныпқа мынадай сұрақтар беріледі: Қыста өлі табиғат күздегіге қарағанда қандай өзгерістерге ұшырайды? Оның жауабы: салқын түсе бастады, жылырақ болып түр, жаңбыр жауып тұр; күн ашық және аязды, күн ашық және жылы, қар жауып түр, аспан көгілдір болып түр, көк, сүр; күшті жел соғып тұр, бұрқасын, нөсер. Мұғалім мынадай жұмыс істеуді ұсынады: «қыс келді» мақаласын оқып, оған берілген суреттерді анықтап қарау керек, қыс айларында ауа райының қандай болғанын еске түсіру, карточкада жазылған сұрақтарға жауап қайтарып, дұрыс жауаптардың астын сызу керек.

Оқулықтан мынадай да өздігінен істейтін жұмысты беруге болады: мұғалім тапсырма беріп, оны түсіндірген соң балалар оқулықтағы картиналарды анықтап қарап, тақтаға жазылған жоспар бойынша суреттерден ауызша әңгіме дайындайды.

     Шағын комплектілі мектептердегі сабақтардың қалыпты және әсерлі болуы үшін оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс істеуі аса маңызды болып табылады, ол мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыруы нәтижесінде жүзеге асырылады. Балаларды өздігінен жұмыс істеуге біртіндеп үйрету керек, ол үшін балалардың назарын берілген тапсырманы дұрыс түсінуге аудара білген дұрыс. Тек сонда ғана балалардың тапсырманы дұрыс ұғынып, не істеу керектігін білетініне, жұмысты бастауға болатынына мұғалімнің көзі жетеді.

     Шағын комплектілі мектепте жаңа материалды түсіндірудегі мұғалімнің рөлі өте зор. Мұғалім оқу сағатының әрбір минутын бағалай білуге міндетті. Сабақ басқа сыныптың оқушылары мұғалім басқа бір сыныппен жұмыс істеп жатқанда өз бетімен жұмыс істейтіндей болып жоспарлануы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымың  ұйымдастыру  жолдары. 
 
 
 

Жоспар:                                                                                                      беттер.

          

           Кіріспе бөлім.                                                                                 3-4 бет

  1. Негізгі бөлім.

    1.1 Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні.                 5-8 бет

           1.2 Тұлғаның ғылыми дүниетанымың қалыптастыру

                 жолдары және құрамды бөліктері.                                         9-16 бет

    1.3 Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену

          міндеттері.                                                                                17-23 бет

    1.4 Оқыту әдістері мен тәсілдері.                                                24-31 бет

    1.5 Ұғымдар.                                                                                  32- 42 бет 

     2.   Іс-тәжірибелік бөлім.                                                                    43-58 бет 
 

     Қорытынды.                                                                                         59 -бет

     Пайдаланған  әдебиеттер                                                                     60-бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе бөлім 

       « ХХI  ғасырда өмірлік ізгіліктері жан-жақты  жарасымды, рухани және  адамгершілік-әлеуметтік, білімдік-мәдени  мүмкіндігі мол ұрпақтың  үлесінде  болмақ. Қазақстан  Республикасының  президенті Н.Назарбаев  жас  ұрпаққа  арнайы  назар  аударып  ұрпақтың  алдында жаңа  қоғамды, жаңа  мемлекет  пен  жаңа  экономиканы  құру жолында  қыруар  да  қиын  жұмыстар  күтіп  тұр  мұның  бірі  терең білімді  талап  етеді» деп, атап  көрсеткен  болатын.

        Баланың  білімге, оқуға   қызығуы  артып, ол  оған  қуаныш әкелетіндей  әсерде  болуы  қажет. Білім  мен  тәрбие  бере  отырып жеке  тұлғаны  қалыптастыру  қажеттілігі  туындайды. Білім  берудің мақсаты  өз  бетімен  білімін  көтеретін, өз  танымын  толықтыратын, құнды  әлеуметтік  батыл  қадам  жасай  алатын, қоғамға  пайдалы және  ғылымға  көзделген  жеке  тұлға  етіп  дайындау.

        Бұл мәселелерді  шешу  үшін  оқушылардың  танымдық  процестерін  дамыту керек.

        Ал  танымдық  процесстері   дамытуда  әсіресе, дүние танымның  алатын  орны ерекше. Себебі, көптеген  мәліметтерді  жан-жақты ізденіп  ой  өрісін  кеңейтеді. Адам неғұрлым білімді, тәжірбиелі  болса, сонша  өмірге  деген  дүние  танымдылығы  артады. 

           Зерттеу  жұмысының   мақсаты: 

        Оқушылардың  білім алуында, жан-жақта  қалыптасуына  ғылыми дүние   танымның  маңызын  ашып  көрсету, оқушылардың  ғылыми дүние  танымың  ұйымдастыру  жолдарын  көрсету. 

          Зерттеу  жұмысының   міндеті: 

      1) Тақырып  бойынша ғылыми  теорияның негізін зерттеу.

      2) Дүние танымның  физиологиялық негізін, түрлерін  қарастыру.

      3) Қоршаған ортаны тандауға, білімді  меңгерудегі, жеке 

          тұлғалардың  дүние  танымдық  рөлінен  ашу. 

                Ғылыми  болжам: 

        Мектеп  оқушыларының  ғылыми  дүние  танымдығын  дамыту  арқылы  ұйымдастыру  жолдарының  тиімділігін  арттыруға  болады. Оқушылар  білімді  жоғары  деңгейде  меңгере  алады. 

         Зерттеу  жұмысының  базасы: 

    Ш.Қ.О.  Семей  қаласының  № 37  мектеп – гимназиясы. 

          Зерттеу  жұмысының  негізіне  салынған  еңбектер: 

    С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова  « Педагогика »,    Ж.Б. Қоянбаев,

    Р.М. Қоянбаев  « Педагогика », Шолпан  Дүйсембекова  « Педагогика», Ж. Әбиев, С. Бабаев  « Педагогика »,   Ә. Алдамұратов  « Жалпы психология », Қ. Жарықбаев  «Жалпы психология »,  М.К. Естұрсынова,   Ш.С. Набидоллина  « Жаратылыстану  негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі »,  Н. Харламов  «Педагогика»,

    Т.Сабыров  « Оқыту  теориясының  негіздері  »,  А. Макаренко « Ата-аналар  кітабы »,  Т. Ильина  « Педагогика »,   Қ. Бержанов  « Тәрбие  мен  оқытудың  бірлігі ». 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Іс-тәжірбиелік  бөлім 

          Мен  Семей  қаласындағы   № 37  мектепте  гимназиясында « қазақ тілі  және  әдебиет » пәнінен іс-тәжірбиемді  өткіздім.

         Менің  курстық  жұмысымның  тақырыбы  « Оқушылардың  ғылыми  дүние  танымың  ұйымдастыру  жолдары », болғандықтан  оқушылардың  дүние  танымың  оның  ішіндегі  ғылыми  дүние  танымның  әр  түрлі  жолдарын  пайдаландым.

         Қазақ  әдебиет  сабағы  барысында   оқушылардың  ғылыми  дүние   танымың  қалыптастыру  жолдарын  қарастырдым.

        « Мың  бір  мақал - жүз  бір  жұмбақ »  ойының  жүргіздім, онда  оқушылардың  жан-жақты  ізденіп  ой  өрістерінің  кеңейгенін  байқадым, себебі  барлық  тақырыпта  қамтығандықтары  көрініп  тұр.

        « Көкпар »  ойыны, 7 – сыныптың  оқушыларына  арналған. Яғни  7 кезеңдік  көкпар  ойыныда оқушылардың жан-жақты  іздемпаздықтарын  дамытады. Мысалы: I  кезең, бәйгеде 18  сұрақ қойылады  әр  сұраққа 10  ұпайдан беріледі. II кезеңде  жалғастыру. 10 өлең  беріледі, сол өлеңнің бірінші  жолдары  оқылады. Сол  өлеңді  жалғастырып, авторын  айту  керек. Жауапқа  10  ұпайдан беріледі. III кезең Тіл өнері, 10  жұмбақ  беріледі  бұл жұмбақты  шешіп, оның  орысша  аудармасын  айту  керек.Толық жауап берсе, 20  ұпай  беріледі. Осы кезеңнен  кейін  екі  ойыншы  шығады, төртеуі  қалады. IV кезең, жеті жұмбақ. Онда 9  ұяшық  беріледі, бірінші  қатарға  20 сандары, екінші  қатарға 30  сандары, ал  үшінші  қатарға 40  сандары жазылады. V кезең. Егер  де  мен болсам...  Тақырыбы: Егер  де  мен  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  мұғалім  болсам... ( Жоғары  ұпай – 30 ). VI кезең. Ділмар. Бұл  кезеңде  екі  оқушы  қалады. Бір  оқушы  берілген  тақырыпқа  қарсы  шығады, екіншісі  сол  тақырыпты  жақтайды. Жоғары  ұпай – 30. VII  кезең. Жорға. 12  сұрақ  қойылады  екі  оқушы  1  минуттың  ішінде  әр  қайсысына  бірдей  сұрақ  беріледі. Әр  жауапқа  10  ұпайдан беріледі. Соңынды женімпаз  анықталады.

       « Пайдалы  қазбалар  және  оның  адам  өміріндегі  пайдасы.»   Пайдалы  қазбалармен  таныса  отырып, олардың адам  өміріндегі  маңызын түсінуге  және  олардың адам  өміріне күнделікті  керек жағдайын  жасау. 
 
 
 

Пайдаланылған  әдебиеттер. 

  1. Алдамұратов  Ә  « Жалпы  психология ».
  2. Әбиев Ж.,  Бабаев С.  « Педагогика ».
  3. Әбенбаев С.Ш.,  Құдиярова А.М.  « Педагогика ».
  4. Әбенбаева С.   « Мектептегі  тәрбие  жұмысының  әдістемесі ».
  5. Бабаев С.В.  « Жалпы  педагогика ».     Алматы   2004.
  6. Балдырев Н.  « Мектептегі  тәрбие  жұмысының  әдістемесі ».    Алматы  1987.
  7. Бержанов Қ.  «Тәрбие  мен  оқытудың  бірлігі ».    Алматы  1973.
  8. Ильина Т.   « Педагогика ».   Москва  1984.
  9. Қоянбаев Ж. Б.,    Қоянбаев Р. М.   « Педагогика ».  Астана  1998.
  10.   Жарықбаев Қ.   « Жалпы психология ».
  11.   Дүйсембекова  Шолпан  « Педагогика ».
  12.   Естұрсынова М. С.,  Набидоллина  Ш. С.   « Жаратылыстану  негіздері  және  дүние  тануды  оқыту  әдістемесі »    Астана  2007.
  13.   Макаренко А.   « Ата – аналар  кітабы »    Алматы  1985.
  14.   Сабыров Т.   « Оқыту теориясының негіздері »    Алматы   1992.
  15.   Харламов  Н.   « Педагогика »   Москва  1990.

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні