Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

3. Қорымдар  да сәулет өнерінің бірегей туындылары.

4. Тастан үйілген обалар зерттеушілердің айтуынша қарапайым обсерватория болған. Аспан шырақтарының қозғалысы анықталып, ауа райы өзгеруі жобаланған.

5. Зәулім ғимараттар — даламызда бой кетерген сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихы.

күиіз үй — қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің, шеберлік пен даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы. Ол - сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі. Күрделі геометриялық беттердің біртұтастығы құрамы, олар аспан санына негізделген. Белдеуі - зодиактік шеңбер. Шаңырақ – көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Түндік әлемінің төрт бағытын нұсқайды. Уықтар саны дұрыс анықталғанда шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан "бие сауым", "сүт пісірім", "ет асым", "жүн тұсау бойы", "Шілдір бойы", "арқан бойы көтерілді" деген уақыт өлшемдері анықталған. Қорыта келгенде киіз үй өнер туындысы ғана емес халықтың астрономиялық, метеорологиялық, математикалық, физикалық, экономикалық т.б. өмірлік білімнің айқын керсеткіші.

7. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептін білімдер негізін білу: қажеттілігіне сай бес саусақты пайдаланудың әдістерін меңгерген. Саусақ буындарының жылдың төрт мезгілін, жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын, бала тәрбиесінде тіл ашу, дүниені құраушы тектерді анықтау т.с.с. ұғымдар

түсіндірілген.

Бес саусақ негізінде құрылған білімдерді игеру негізінде әлемдегі бірлікті тану жүзеге асады.

8. Халық  ауыз әдебиетінің түрлі жанрлары  терең білім мен 
ғылымның айғағы. Сөз кездейсоқ айтыла салмай, халықтың дүние- 
танымын көрсететіндей белгілі бір философиялық ойға құры- 
латындығы керінеді.

     Табиғаттағы зандылықтың басы ұлы үйлесім (гармония), оның негізгі шарттарының бірі танас (симметрия). Осылардың бәрі қазақ халқының әрбір нақыл сөзіңде, ой тұжырымыңда, іс-әрекетінде зерделеп түсінуге болатындай көрініс тапқаны. Олай болса халқымыздың дүниетанымы табиғат біртұтастығынан шыққан ғылыми білімдерден нәр алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бастауыш  мектепте дүниетануды  оқып үйрену  міндеттері. 

     Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интерактивті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі маңсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни шынайы дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүииедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.

     Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

  • оқушыларды индивидтік қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және даму туралы ғылыми түсініктер қалыптастыруы; өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;
  • табиғат обьектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғи обьектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктік өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
  • оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

     Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны бақылауға ықыласын тудыра отырып, мұғалім оқушыларын Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді. Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерімен, әр түрлі аудандарындағы табиғат айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себептерін анықтайды. Мұғалім осылай балалардың кеңістік жайлы түсініктерін қалыптастырады да, оларды сұлба, карта және глобуспен жұмыс істеу арқылы тиянақтайды.

     Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарын, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, ауыл халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу оқушыларды еңбекті және еңбек адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке және болашақ іс-әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады.

     Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу мұғалімге, балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады. Ол кез келген экскурсия кезінде орманның, даланың, шалғынның, күн батуының әсемдігіне, құстардың әніне, орманның шуылына т. с. с. оқушылардың назарын аударып отыруы керек.

     Бастауыш сыныптарда осымен бірге термометрді, компасты пайдалану, қарапайым тәжірибелер жасау жөнінен практикалық дағдылар қалыптастырылады.

     Дүниетануды оқып үйренуде табиғатты қорғау мәселелері және осы маңызды іске балалардың тікелей қатынасуы жөніндегі шаралар көрнекті орын алады. Басты міндет - оқушыларды табиғатты қорғау қажеттігін түсі-нуге жеткізу.

     Сонымен, бастауышта табиғат құбылыстарын түсінудің материалистік негіздерін қалап, балаларға айнала қоршаған әлемнің ең қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақтылы деректер беруі, жекелеген табиғат құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстарды және табиғат құбылыстарының өзгерушілік себептерін қарапайым түрде түсіндіруі, адам табиғаттың күші мен байлығын қоғам мүддесіне қалай пай-даланатынын, табиғатты қорғау жөнінде қалай жұмыс жүргізетінін айқын мысалдармен көрсетуі тиіс. 

                          Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері. 

     Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр тарау бойынша талдау кіреді. Әдістеменің міндеті - балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. Дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.

     Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.

     Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пай-даланатынын білу қажет.

     Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін, дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс. 

Бастауыш  мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны. 

     Адам. Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары.

     Адамның әрекеті. Оқу біліктері.  Өзін-өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері.

     Қоғам. Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер.

     Табиғат. Табиғи және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Әр түрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер - Ғаламшар. Күн-Жұлдыз. Глобус. Карта.

     Өсімдік және жануар - тірі ағза. Қылқан жапырақты, жапырақты өсімдіктер. Шөл, дала, орман, тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы.

     Бунақденелілер. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Құстар. Сүтқоректілер. Олардың тіршілік ортасы, өсу және даму жағдайлары. Адам және табиғат. Табиғатты қорғау. 

Дүниетанудан  пәнаральқ байланыс. 

     Дүниетану пәнінің мазмұны әр блок бойынша басқа пәндердің мынадай материалдарымен байланысады.

     «Адам» блогы бойынша.

Қазақ тілі: дыбыстардың рөлі. Кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, сипаттау, талдау, баяндау. Шығарманы мәнерлеп оңу. Монолог, диалог.

Ана тілі: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер (адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасының алуан түрлі сырлары бейнеленген.).

Математика. Арифметикалық төрт амал. Еңбек. Адам өміріндегі еңбектің маңызы.

     «Табиғат» блогы бойынша.

Ана тілі: табиғат обьектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер.

     Математика. Арифметикалық төрт амал, баға, сан, масса, көлем, жылдамдық, уақыт туралы түсініктер. Геометриялық бейнелер, геометриялық шамаларды өлшеу. Бейнелеу өнері. Табиғат бояулары («күз», «қыс», «көктем», «жаз»), табиғат өрнектері және халықтың сәндік қолөнері («қазтабан», «өркеш», «қосмүйіз» т.б. ою-өрнектер.) Суретшілердің табиғат жайындағы туындылары (А.Қастеев, А.Ғалымбаева т.б.).

     «Қоғам» блогы бойынша.

Ана тілі, мектеп, оқушы, мұғалім, туған ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата, әже, дос, туған, ел, отан тақырыптарына жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер.

     Математика. Арифметикалық сан, көлем, уақыт, туралы түсініктер. Геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер.

Еңбек. Ауылшаруашылығы еңбегі, техникалық еңбек, тігін.

     Музыка. Еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасын, адамның әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін т.б. бейнелейтін күйлері, міндеттері. 

Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар. 

Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар:

Адам  туралы оқушы:

-- сыртқы ортаның әр түрлі әсерін: температураны, жарықты, дыбысты, уақытты, кеңістікті түсініп («аз»-«көп» деңгейінде) ажырата алуы мүмкін.

Адамның әр түрлі көңіл-күй, сезімдік ахуалына (қуану, шаттану, таңдану, қорқу т.б.) мысалдар келтіре білуі мүмкін.

- Адамның тірі ағза ретіндегі ерекшеліктерін, сыртқы түрін, өзінің және басқа адамдардың жекелік белгілерін («мен мынандаймын, ол сондай» деген тұрғыда), шынығу жағдайлары мен аурудың алдын алу жағдайларын: денсаулыққа пайдалы және зиянды әдеттерді: жеке бас гигиенасы ережелерін, халықтардың ертедегі тұрмыс-тіршілігін, өмірін (мысалы, қазақ халқының көшпенділік өмірі) қысқаша сипаттай білуі мүмкін.

- Басқа адамдардың көңіл-күйін, жағдайын аңғарып, соған орай олармен қарым-қатынасын реттеуді: жеңіл жарақаттанғанда, күйгенде, үсігінде алғашқы көмек көрсетуді: ауторенингтің қарапайым тәсілдерін қолдануды: жеке бас гигиенасын орындауды: өзінің және басқаның жұмысындағы қателерді тауып, оның себептерін түсіндіруді, оқу тапсырмаларын шешудің неғүрлым тиімді тәсілдерін анықтауды, кітаппен жұмыс істеуді (сілтемелерді, шартты белгілерді пайдалану, сыртқы мұқабасы, тақырыбы, қысқаша мазмұндамасы бойынша таныс емес кітаптың мазмұнын анықтау): өз жұмысын тексеруге анықтама әдебиеттерді пайдалануды, сөйлеуді: берілген тақырыпқа бақылау нәтижелері, суреттер бойынша жазбаша пікір айтуды, әңгіме құрастыруды: хабарлама, суреттеме (табиғатты, заттарды, адамның сыртқы түрін т.б.), талқылау түріндегі шығармалар жазуды: қысқаша мазмұндама (аннотация) жасауды: мәдениет ережелеріне сәйкес сәлемдесуді, өтінуді, алғыс айтуды, кешірім сұрауды, шақыруды, құттықтау-ды, сыпайы бас тартуды білуі мүмкін.

     Табиғат туралы оқушы:

- денелер  мен заттарды, табиғи және жасанды заттарды олардың мәнді және аз қасиеттерін айыруды: денелер мен заттардың табиғаттағы күйін; құрлық беті түрлерін, тау жыныстарын, олардың күйін және мәнді қасиеттерін: пайдалы қазбалардың 5-6 негізгі түрлерін және олардың маңызды қасиеттерін, сұлба мен картаны: қауырсын жапырақтыларды, қылқан жапырақтыларды, гүлді өсімдіктерді, шалғын, орман, шөл, дала, батпақ, егістік, бақша, бақ өсімдіктерін және жануарларын ажырата білуі мүмкін.

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні