Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

     Бір сыныптағы дүниетану сабағының басқа сыныптағы дүниетану сабағымен бірлесе, сондай-ақ басқа сыныптағы орыс тілі немесе математикамен бір мезгілде өткізілуі мүмкін.

     Шағын комплектілі бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың ерекшелігі:

     Шағын комплектілі мектептің негізгі белгісі - бір сынып бөлмесінде, мұғалімнің басшылығымен, бірнеше сыныптардың қатар оқуы. Мұндай жағдайда сабақтардың құрылымы өзгереді, сондықтан жұмыстың жүйелі-лігін алдынала ойластырып алу керек.

     Қазіргі таңда шағын комплектілі мектептер үшін арнайы дайындалған оқулықтар, оқу құралдары т.б. дидактикалық материалдар жоқ. Дегенмен, бүгін қолданып жүрген «Дүниетану» оқулықтарымызды тиімді пайдалануымыз керек.

     Шағын комплектілі мектептің сабақтарында мұғалімнің жұмысында көптеген өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтар бар. Мұғалім сабақтың көп бөлігін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне бөледі.

     Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлік дағдысын бақылай білуге ойлауын байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуге мүмкіндіктер беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.

     Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей, оның орындалуын тексеріп оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Және мұғалім бір сыныппен шұғылданатын мектептегідей көлемде білім беруі тиіс.

     Шағын комплектілі мектепте барлық сыныпта бір дүниетанудан сабақ өткізуге болады. Немесе орыс тілі мен математикамен, қазақ тілімен бір мезгілде өткізілуі мүмкін.

     Мұғалім сабақтың әрбір минутын бағалай білуге міндетті, әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай жұмысты ұйымдастыруы тиіс. Сабақты жоспарлағанда басқа сыныптың оқушылары мұғалім басқа бір сыныппен жұмыс істеп жатқанда өз бетімен жұмыс істейтіндей болып жоспарлануы тиіс.

     Шағын комплектілі мектепте дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.

     Сөздік әдістер - баяндау, түсіндіру, әңгімелесу. Оқушыларды тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлету, таратып беретін түрлі карточкалар, тапсырмалар бойынша сөйлету.

     Көрнекілік әдістер - көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп, қабылдауға баулитын дидактикалық үрдісі. Көрнекілікті XII ғасырда чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді. Неміс педагогы Ф.В.Дистерверг пен орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Көрнекілікті барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.

     Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескергені жөн:

-    көрнекті құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.;

- әр  көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс;

-    көрнекті құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты, тартымды, орындалғаны жөн.

     Дүниетану сабақтарында пайдаланатын көрнекіліктер: картинкалар, суреттер, карталар, глобус, сұлба, құралдар (термометр жауын-шашын өлшеуіш, жел бағар, гноман), колекциялар, кепкен шөптер т.б. Қолданудағы негізгі қиындығы, басқа сыныптағы балалар алаңдайды. Кинофильм көрсетер кезінде басқа сынып оқушыларын ертерек сабақтан жіберу керек.

     Практикалық әдістер - үстелдің сұлбасын сызу, бөлменің сұлбасын сызу, судың температурасын өлшеу, топырақ қабатының қалыңдығын және ылғалдылығын өлшеу.

     Бақылау әдістері. Көрнекті педагог К.Д. Ушинский шағын комплектілі мектеп оқушыларының логикалық ойы мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептейді. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға, одан соң өз бақылауларын жинақтап, ой қорытуға үйретуге міндетті. Бақылай білу өздігінен пайда болатын нәрсе емес, оны дамытып, жаттығулармен тәрбиелеп отыру керек. Оқушы бақылаудың міндетін, мақсатын, бақылайтын обьектінің немесе құбылыстың түрін, түсін айыра біліп, мұғалімнің басшылығымен алдын-ала тиісті тапсырмалар беріп, назар аудару керектігін ескеріп, жүйелі жүргізуі қажет.

     Оқулықпен жұмыс. Шағын комплектілі мектептерде оқушының оқулықпен жұмыс істеуін ерте бастап, яғни бала мектепке келгеннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап, оқушының оқу-лықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады.

     Мұғалім балаларды оқулықпен жұмысқа дайындау керек, мұнсыз олар мақаланы түсіне алмайды. Дайындық мұғалімнің кіріспе әңгімесі кезінде жүргізіледі. Ол сонда тиісті картина немесе басқа көрнекі құралды көрсетіп отырып, жаңа атаулар мен ұғымдарды түсіндіреді, оқулықпен өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырманың маңызын таңдап ұғындырады.

     Шағын комплектілі мектепте 4 сынып оқушыларының білім сапасын жақсарту, ой-өрісін кеңейту, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін тест пайдалану өте тиімді.

     Бақылаулар

     Бақылау өткізуді ұйымдастыру  мен жазып алуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Бақылаудың дүниетану бойынша жұмыс істеудегі негізгі әдіс екенін естен шығаруға болмайды. Балалар экскурсия кезінде де бақылайды, бірақ бұл белгілі кезеңде ғана болатын құбылыс, сондықтан мектеп оқушыларын бірінші сыныптан бастап жүйелі бақылай білуге үйреткен дұрыс. Кейбір әдіскерлер бақылауды бүкіл сынып болып бір мезгілде өткізуді және жалпы бір ғана табиғат күнтізбесін жүргізуді ұсынады.

     Оқушылардың әрқайсысында күнтізбеден басқа өзінде «Бақылау күнделігі» болады, оның жүргізілуіне мұғалім баға қояды.

     Мұғалім ай немесе маусым соңында бүкіл сыныпқа жинақтап қорытындылау сабағын өткізеді, онда бақылау қорытындысын жинақтап, қарапайым қорытындылар жасайды, салыстырып, сәйкестендіреді.

     ІІ-ІІІ сынып оушылары белгілі маусымда табиғаттағы бақылауды жинақтап қорытындылайтын сабақта мынадай тапсырмалар алады: күзгі екі айда (қыркүйек, қазан) ауа температурасы 0°-тан жоғары күндердің қанша болғанын, ауа температурасы 0°-тан төмен күндердің қанша болғанын есептеп шығару. Қай айда ең бірінші рет қай күннің температурасы 0°-тан төмен болады? Әрбір күз айларында қанша ашық, бұлтты, бұлың-ғыр күндер болды? Жауынды күн қанша болды? Қарлы күндер ше? Алғашқы қар қашан келді? Жаңбыр жаумай, қар жауы неліктен? Және тағы сол сияқты. Балалар жеке өз күнделіктері бойынша есептеулер жасап, нәтижесін табиғат пен еңбек күнтізбесіне жазады. Тапсырманы арнайы карточкамен беруге болады.

     І-ІІ сынып оқушыларымен жаппай бақылауды төменгі жағдайларда бастаған дұрыс:

1. Табиғаттағы бір құбылысты ұзақ бақылағанда. Оқушылар құбылысты бақылайды, бірақ әрқайсысы өзінше қабылдайды. Мысалы, I сынып оқушылары жапырақтың түсуін бақылай отырып, болған фактіні белгілейді - жапырақтар ағаштан жерге түседі; II сынып оқушылары осы құбылысты күннің салқындауына және желдің соғуына байланыстырады, ал III сыныптағылар ағаштардың ауа райының жағдайларына байланысты өзгеруі ол өсімдіктердің қысқа өзірлігі деген қорытынды шығарады.

     Тірі мүйістегі жануарлар мінез-қылығы мен тіршілігіне, сыныптағы жәшікке отырғызылған өсімдіктердің дамуына және т.б. жасалған ұжымдық бақылаудың қорытындысын жинақтау. Мұнда да оқушылар берілген құбылыстар туралы әр түрлі пінірлер айтады. Әдетте оған бір сыныптағылар бақылаған құбылысты бастап, енінші сыныптағылар оған өз пінірлерін қосады, түзетеді, ал үшінші сыныптағылар оны қорытындылап, түсіндіреді.

     Топсаяхаттар

     Екі немесе үш сыныппен жұмыс  істегенде мұғалімге табиғатқа экскурсия жасау үлкен қиындық келтіреді. Шағын комплектілі мектеп үшін барлық сыныпты біріктіріп экскурсия өткізу тән құбылыс болып табылады. Бағдарламада қарастырылған (мысалы, III сыныпта) экскурсияның бір бөлігін мазмұны жағынан бір комплектіге біріктірілген басқа сыныптардағы экскусиялармен үйлестіріп өткізуге келмейді. Мұндай жағдайда бір сыныппен сабақ соңында экскурсия өткізу үшін оқу кестесін ауыстыру қажет.

     Үш сыныпта бір мезгілде өткізілетін күзгі экскурсия мысалын қарастырайық: I сыныптағы экскурсия тақырыбы - «Тірі және өлі табиғатты күзде бақылау» II сыныптағы экскурсия тақырыбы - «Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі күзгі өзгерістермен таныстыру », III сыныпта - «Өзі тұрған жердегі жануарлар мен өсімдіктер». Мұғалім мұндай жағдайда әрбір сыныпқа нақтылы тапсырмалар береді.

I сынып: 1) бояуы әр түрлі түстегі жапырақтарды жинау; 2) жапырақтардың ағаштан қалай түсетіндігін бақылау; 3) ағаштардың арасынан қайыңды және шыршаны тауып алу; 4) құстардың қайтуға әзірлігін бақылау.

II сынып: 1) ағаштардың, бұталардың, шөптесін өсімдіктердің сыртқы көрінісінің қалай өзгеруін бақылау; 
2) қай ағаштардағы, бұталардағы және шөптесін өсімдіктердегі жемістердің пісіп жетілуін, өсімдіктердің қайсысында жемістердің жойылып кеткенін анықтау; әр түрлі әдіспен таралатын жемістер мен тұқымдарды жинау; 3) орманда және егістікте жәндіктердің барын, не 
жоғын, олар қазір қайда тіршілік етіп жүргенін; құстардың қысқа қалай әзірлегенін анықтау.

III сынып: 1) біздің жерде қандай өсімдіктер (шөптесін 
өсімдіктер, бұталар, ағаштар) өсетіндігін айқындау, 2) 
егістікте және орманда қай жәндіктер, құстар, аңдар өмір 
сүретіндігін анықтау; 3) жергілікті жердің топырағынан 
үлгі және коллекция үшін өсімдіктер жинау.

1. Сонымен  шағын комплектілі мектердегі оқу экскурсиясын комплектіге біріктірілген барлық сыныптарда бір мезгілде өткізген орынды болады. Ол үшін экскурсияны жеке сыныптарда, оқушылар жинаған материялды және олардың бақылау нәтижелерін келесі сабақтарда пайдалана отырып, тиісті тақырыпты оқытуға дейін өткізуге болады.

2. Топсаяхатына бөлінген уақытты тиімді пайдалану үшін: а) оқушыларды өткізілетін бақылауға ұқыптылықпен әзірлеу; б) барлық біріктірілген сыныптарда әрбір сыныпқа арнап жеке жасалған тапсырмалар бойынша бақылау өткізу; в) экскурсия өткізілген жерде оның қорытындысын шығару керек.

3.  Топсаяхатында әдеттегі сабақтар тәрізді сабақты мұғаліммен (кіріспе және жинақтап қорытынды жасай әңгімелесу, өз бетімен жұмыс істеу барысын тексеру, қателерін түзету) және оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуімен (алынған тапсырмалар бойынша бақылау, материял жинау) үйлестіруге мүмкіндік береді.

4.  Топсаяхаты кезінде алынған бақылау нәтижесі біріктірілген сыныптардың әркайсысында оқытылатын бағдарламалық материялға байланысты жеке қарастырылады.

     Топсаяхатын ұйымдастыру қиындық келтіреді. І,ІI сынып оқушыларымен бірге, III сыныпта бөлек өткізуге болады. Ол үшін оқу кестесін ауыстыру керек. Үш сыныпта бір мезгілде өткізілетін топ саяхатының мысалын алайық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Күзгі топсаяхат 

II сынып III СЫНЫП IV сынып
Топ саяхатының тақырыбы: "Тірі және влі табиғатты күзде бақылау" Тапсырма: Бояуы әртүрлі түспен жапырақты жинау; Жапырақтардың ағаштан қалай түсетінін бақылау; Ағаштардың арасынын қайынды, шыршаны тауып алу; қүстардың қайтуға езірлігін бақылау; Топ саяхатынық тақырыбы: "Өсімдіктер меи жануарлар тіршілігіндегі күзгі езгерістермен таныстыру" Ағаштардық, бүталардың, шөптесін өсімдіктердің сыртқы көрінісінің қалай өзгеруін бақылау;

қай а-ғаідтардағы  бүталардағы және шөптесін өсімдіктердегі, жемістердің пісіп жетілгенін, қайсысында жемістердің жойылып кеткенін анықтау, жемістер мен түқымдарды жинау;

Орманда және егістікте  жәндіктердің барын, не жоғын, олар қазір  қалай тіршілік етіп жүргенін, қүстардың  қысқа қалай әзірленгенін айқындау

Топ саяхатының тақырыбы: "Жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарлары"

1) Біздің жерде қандай 
өсімдіктер (шөптектес 
өсімдіктері, бүталар, 
ағаштар) есетінін 
айқындау

2) Егістікте және 
орманда қай өсімдіктер, 
қүстар, андар өмір 
сүретінін анықтау;

3) Жергілікті жердің 
топырағынан үлгі жөне 
гербарий үшін өсімдіктер 
жинағы.

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні