Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

Бақылау — табиғатты өздігінен  оқып үйренудегі бірден-бір  негізгі әдіс.

     Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдармаларында балалардың қоршаған ортаны бақылауына зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылап оқып үйрену негізінде мектеп оқушыларында көптеген түсініктер қалыптасады. Бастауыш сыныпта дүниетанудан білім алуда бақылау бірден-бір негізгі әдіс болып табылады.

     Бақылау дегеніміз - оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында өлі және тірі табиғат объектілері мен құбылыстарын тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Қабылдаудың негізінде

1.   Оқушылардың логикалық ойлау әрекетін, ауызша жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді.

2. Бақылау табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың бір тұтастығына балалардың 
көзін жеткізеді.

3.   Бақылау жеке адамдағы ең маңызды сапаның бірі-бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу, ес, талпынғыштық, білуге әуестенудің дамуына әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтай білуге тікелей байланысты.

4.   Бақылаулар тәрбиелеуге (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, жауапкершілік) және оқушылардың жүйелі жұмыстар істей білуіне себепкер болады. Сондықтан бақылауды ұйымдастырғанда мына жүйеде өткізуге болады.

1.      Мұғалімнің бақылау өткізілетін объектіні таңдап ала білуі;

2.     Оқушылардың бақылауға дайындалуы;

3.     Қарапайым түсініктер мен ұғымдарды (сабақ барысында) қалыптастыру.

4.     Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу;

5.     Тапсырмалар жасап, оларды балаларға бөліп беру;

6.     Бақылауға қажетті жабдықтарды дайындау;

7.     Бақылау нәтижелерін жазу;

8.     Қорытындылар шығару;

9.     Себеп пен байланыстарды анықтау;

10. Бақылауды оқу жұмысында және машықтық іс- 
әрекетіне пайдалану.

     Бақылауды ұйымдастыру талаптары бағдарламада көрсетілген.

     Бақылаудың кезеңдері, мұғалімнің басшылығымен бақылау жасау (алғашқы бақылаулар I сыныптағы); жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау (топсаяхаты кезінде); өздігінен ұзақ бақылау (тұқымның өсуі); зерттеу жүмысына байланысты бақылау.

     Жалпы сынып «Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс» бір айға немесе маусымға жасауға болады.

1.   Өлі табиғатты бақылау.

2.   Өсімдіктерді бақылау.

3.   Жануарларды бақылау.

4.   Адамдардың қалай еңбек ететінін бақылау.

Табиғи  көрнекі құралдармен  жұмыс. 

     Мұғалімдер бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірме материалдармен бірге пайдалы қазбалар жинағы, мәдени және жабайы өсімдіктер кеппешөптері, экскурсиядан әкелінген өсіп тұрған өсімдіктер, пайдалы және зиянды бунақденелілер жинағы, жануарлар тұлыбы және т.б.) кеңінен қолданады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде көрсететін осы құралдар дүниетану са-бақтарына қажетті де маңызды болып саналады, мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім алуға жәрдемдеседі.

     Мұғалім II сыныпта орманға топсаяхат (күзде, қыста, көктемде) жасау соңынан әдетте заттық сабақтар өткізеді. Жинақталған табиғи материалдар басқа көрнекі құралдармен бірге мұғалімнің табиғатты оқып үйренуге арналған сабақтарды дұрыс құрып, оқушыларға одан нақтылы білім беруге көмектеседі.

     Балалар күзгі топсаяхаттан кейін өсімдіктер бөліктерін оқып үйрене отырып, оларды өсіп тұрған шөптесін және бөлме өсімдіктерінен көрсетіп береді: емен, қайың, шырша және қарағайлардың жемістері мен тұқымдарын анықтап қарайды, жемістер мен тұқымдардың маңызын анықтап, олардың гүлден түзілгенін баса көрсетеді. Мектеп оқушылары қысқы топсаяхат соңынан заттық сабақта жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты өсімдіктердің бұтақшаларын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін біледі, шыршамен қарағайдың бірімен-бірінің ұқсастығын және айырмашылығын талдап түсінеді. Балалар көктемгі экскурсиядан соң өсіп тұрған шөптесін өсімдіктердің бөліктермен танысып, олардың ерте гүлдеу себебін дәлелдейді; тал, қайың, жаңғақ және басқа ағаштардың гүлдерін анықтап қарайды.

     Мектеп оқушылары III сыныпта етістікке топсаяхат жасау соңынан заттық сабақта астық дақылды өсімдіктердің жеке кеппешөптерін (гербарий) анықтап қарай отырып, масақ, шашақ собықтарымен танысады, сөйтіп бұдан соң оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің II сыныпта өсімдік бөліктерін оқып үйрену кезінде сабаққа жеміс өсімдіктерін әкелуіне болады. Оқушылар жемістердің әрқайсысысын жеке анықтап қарай отырып, адам өсімдіктің қай бөлігін тағамға пайдаланатынына көрнекі түрде көз жеткізеді.

     Екінші сыныптардың күзгі топсаяхатта құстарды қосымша жемдеу үшін мәдени және жабайы өсімдіктердің әр түрлі жемістері мен тұқымдарын жинап алуына болады.

     Үшінші сыныптардағы пайдалы қазбаларға арналған сабақтарда саз, құм, граниттермен тәжірибиелер жасап оқулықта берілген немесе мұғалім берген тапсырмалар бойынша олардың қасиеттерін нақтылы мысалдармен айқындайды.

     Төртінші сыныпта сабақтың бір бөлімі Қазақстанда әр түрлі аймақтардағы табиғат көріністерін оқып үйренуге беріледі. Мұғалім бұл сабақта белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің гербарийлерін көрсетеді, балалар оларды жергілікті жердегі өсімдіктермен салыстырып, олардың айырмашылықтарының себептері туралы қорытынды жасайды.

     Мұғалім жануарлар әлемімен таныстыру кезінде бауырымен жорғалаушыларды, құстардың және аңдардың тұлыптарын көрсетеді.

     Сонымен балаларды табиғи құралдармен таныстыру мұғалімге сол жердегі табиғат ерекшеліктерін түсіндіруге, ал оқушыларға жекелеген объектілерінің қасиеттерін біліп, елімізде қандай да бір табиғи байлықтардың пайдалануын анықтауға жәрдемдеседі. 

Дүниетану сабақтарында әңгімелесу. 

     Оқытушының сабаққа дайындығы. Мұғалім сабаққа дайындалғанда баяндаудың сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді, баяндаудың жоспарын жазады, сөздердің дұрыс айтылуын, екпіннің дұрыс түсуін, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын жоспар бойынша дауыстап айтып шығады.

     Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып дұрыс құрылса оқушылдарды өзіне тартып, оқылатын тақырыптың мазмұнымен оларды қызықтырады, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді. Бұл баяндаудың жағымды жағы.

     Жағымсыз жағы да болады: баяндау кезінде балалар тек тыңдап отырады, аз ойланады, олардың ойлау қабілеті нашар дамиды.

     Әңгімелесу - бастауыш сыныптардағы өте кең таралған және тиімді әдіс. Мұғалім әңгімелесу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен бастауыш сынып оқушыларының бақылау және өмірдегі тәжірибесі негізінде оқушыларды жаңа материалды қабылдай білуге әзірлейді, олардың өздігінен қорытынды жасауына көмектесіп, жаңа білімді игеруге ықпал етеді. Әңгімелесу өтілген материалды жүйелі түрде пысықтап бекітуді жүзеге асырады.

     Мұғалім әңгімелесуді іскерлікпен пайдалана отырып, танымдық әрекетінің жандануына жәрдемдеседі, әңгімелесу процесінде олар ойлауға, талқылауға, талдау жасауға өз бетімен қорытындылар жасауға үйренеді. Әңгімелесу мұғалімнің әрбір оқушымен олардың ой-өрісінің дамуы мен дайындығына қарай жеке-жеке жұмыс жүргізуіне көмектеседі. Әңгімелесуге оқушылардың барлығы қатыса алады. Оқу процесіндегі әңгімелесуді қол-дану кезеңі сабақтың мақсатына, оқу материалының сипатына, оқушылардың білім қорына байланысты белгіленеді. Әңгімелесу мұғалімнің сабақта пайдалануға жоспарлайтын жұмыс әдістері мен тәсілдеріне — картамен, картинамен, суретпен, оқулықтағы мақалалармен, сарамандық жұмыстармен және тағы басқалармен жұмыс жүргізуге тығыз байланысты.

     Егер мұғалім әңгімелесу өткізе отырып, оқушыларға жүйеліктегі сұрақтарды қоя білсе, ол қажетті педагогикалық тиімділік береді. Мұғалімнің алғашқы сабақ беру жылдарында сұрақтарды дұрыс қоя білуде қиналатыны сөзсіз. Сондықтан сұрақты тұрлаусыз формада, мысалы,

-   Егістікте не өседі ?

-   Ауа райы туралы не айтасың? - деген тұрғыда қоюға болмайды. Сұрақтар жауап қайтаруға өзі жәрдемдесіп, «иә» немесе «жоқ» деген жауап беруге негізделмеуі керек.

     Тоғайда қоян кездесеме, жоқ па? (Тоғайда қандай жануарлар мекендейді? - деу керек).

     Біздің өлкеде қылқан жапырақты ағаштар кездесеме, жоқ па? (Біздің өлкеде қандай қылқан жапырақты ағаштар өседі?).

     Оқушылар екі, үш түрлі жауап қайтаруға тиісті сұрақтарды беруге болмайды, мысалы:

- Далалалы жерлерде қандай жануарлар мен өсімдіктер кездеседі? (Далалы жерлерде қандай жануарлар мекендейді? Қандай өсімдіктер өседі?).

Мұғалім сұрақтарды оқушылардың даярлығын, оларды жалпы білім деңгейін есептей отырып, даярлайды. Сұрақтардың әрқайсысы баланың шамасына лайық, сонымен қатар әңгімелесудегі негізгі мақсатқа бағытталып, бұрынғы сұрақтармен логикалық байланысып жатуы тиіс.

а) Кіріспе  әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немесе өздігінен игерген білімін еске түсіру, соның негізінде балаларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.

-  Қазір жылдың қай мезгілі?

-  Күз айларын атаңдар.

-  Күзде қандай өзгешеліктер болады?

Құстар - біздің қанатты достарымыз. Олар табиғат сақшылары. Егістіктің, бау бақшаның ағаштардың сенімді серігі. Олар: тоқылдақ, үкі, қарлығаш, қара торғай, бұлбұл, шымшық, сондықтан оларды «табиғат тазалықшысы» деп атайды. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Осы құстардың көбі күз түскенде қайда кетеді?

- Жылы жақ қайда екенін білесіңдер ме?

- Ерте кезде құстар суық түссе, жерді тастап, айға кетеді деген ұғым болған. Қазір сақина тағу арқылы құстардың (Қазақстан құстарының) Африкаға, теңіздіңжағалауына ұшып барып қыстайтыны анықталды.

(Кіріспе  әңгімеден кейін тақырыпты түсіндіру). Кіріспе әңгімелесу тақырыпты немесе тарауды оқып үйренудің алғашқы кезінде өткізіледі.

ә) Жаңа білімді хабарлау. Мұғалім оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, белгілі мақсатта ойластырылған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен оларды қажетті қортынды жасауға және жинақтауға жетелейді. Табиғаттағы жеке объектілер мен құбылыстар арасындағы байланыс пен заңдылықты анықтауға көмектеседі. Мұндай әңгімелесу барысында ең алдымен мұғалім оқытылатын табиғи объектілер мен құбылыстардағы елеулі белгілерді, заңдылықтарды қарастыруы керек. Бастауыш сынып оқушылары көбірек салыстырып, ұқсастығымен айырмашылығын анықтауда оқылатын мате-риалды жақсы қабылдап, олардың ойлау қызметі белсендірек жұмыс істейтін болады.

     Мысалы, «Құстардың қысқы тіршілігі», Жаңа тақырыпты түсіндіргенде қоятын сұрақтар:

-  Балалар,  қазір сендер жәндіктерді (шыбын, көбелек, қоңыз) көріп жүрсіңдер ме? (Жоқ)

-      Неге, олар қайда кетті?

-      Ағаш қуыстарына тығылып қалды.

-      Ал құстар (қарлығаш, аққу, үйрек) біздің жақта қазір бар ма? (Жоқ)

-      Олар қайда? (Жылы жаққа ұшып кетті оңтүстікке).

-   Ендеше, балалар, табиғаттың өзгерістері құстар тіршілігіне де әсерін тигізеді.

-      Біздің жақта қандай құстар қыстап қалды? (сауысқан, торғай, тоқылдақ, т.б.). (Мұғалім құстар маңызы туралы әңгімелейді).

Сұрақтар:

-    Құстарға тән ортақ қасиет қандай? (Барлығыда ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды)

-    Ал айырмашылығы неде? (Тұмсықтары әр түрлі, дене пішіні әр түрлі, түсі, дыбысы әр түрлі)

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні