Мәліметті, деректерді іздену тәсілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 18:20, курсовая работа

Описание

Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ.......
1.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың түсініктемелері..................................
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қарау объектілері..............................
1.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі бастауға негізді топтастыру проблемалары..........................................................................................................
2 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТІ ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қайта қараудың негіздері..................
2.2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау бойынша талап қоюдың тәртібі және мерзімдерде істің қаралуы..............................................
2.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша арыз беру және оны қарау ерекшеліктері.........................................................................................................
2.4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау проблемалары.........................................................................................................
3 МӘЛІМЕТ ІЗДЕУ ТӘСІЛІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖИНАЛҒАН АҚПАРЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................................................
3.1. Мәліметті, деректерді іздену тәсілі..................................................................
3.2. Іздену объектісі, ақпарлар түрлері...................................................................
4 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН СОТ ШЕШІМДЕРІН САРАПТАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

айс.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

    2.Жаңа  дәлелді, айғақтарға жататындар  ол шағымданушының талабының  және қарсылығының сай келетін  дәлелді деректер мен басқа да жағдайлар.Олар қаралған іске тікелей қатысты,бірақ оны қарау және шешу кезінді әр қилы себептермен зерттелмей қалған.Жаңа дәлелді айғақтар қосымша материялдар ретінде сот актісін бұзуға негіз бола алады делінген Ол қадағалау тәртібі бойынша іске асырылуы тиіс.

    Ресей Федерациясының (РФ) азаматтық іс жургізу  кодекісінің  413 -бабына сәйкес қайта ашылған мән - жайларға мыналар жатқызылған;

    Біріншіден  – заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленетін заңсыз, негізсіз немесе әділетсіз шешім шығаруға, заңсыз немесе негізсіз ұйғарым немесе қаулы қабылдауға әкеліп соғатын жәбірленішінің немесе  куәнің біле тұра жалған түсінік беруі, сарапшының әдейі жалған қорытынды жасауы, дәл осы сияқты айғақты заттардың, тергеу және сот әрекеттері хаттамалардың басқа дай қжаттардың жалғандығы;

    Екіншіден – заңдық күшіне енген сот шешімімен белгіленетін, заңсыз, негізсіз немесе әділетсіз шешім шығаруға, заңсыз негізсіз ұйғарым не қаулы қабылдауға әкеліп соғатын анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз әрекеттері;

    Үшіншіден – Заңды күшіне енген сот шешімімен  белгіленетін, азаматтық істі қарау барысында жасалатын судьялардың заңсыз әрекеттері.

    Жаңадан ашылған мән–жайларға мыналар жатқызылған:

    1. Азаматтық істе сот қолданған  заңды Ресей Федерациясы Конститутциялық сотының Ресей Федерациясының Конститутцияна сәйкес емес деп тануы.

    2. Адам  құқықтары жөнінде Еуропалық  соттың  Ресей Федерациясы сотының  мынадай жәйттерге байланысты  азаматтық істерді қарау барысында  Адам құқықтары мен бостандығын  қорғау туралы Конвенция ережелерінің бұзылғандығын анықтауы:

    а) Адам құқықтарымен бостандығын қорғау туралы Конвенция ережелеріне сәйкес емес федералдық заңның қолданылуы.

    б) Адам құқықтарымен бостандығын қорғау туралы Крнвеция ережелерінің басқа  дай жолмен бұзылуы.

    3. Басқа да мән – жайлар.

    Жаңадан ашылған мән–жайлар сот шешімімен  ұйғарымынан немесе қаулысынан басқа  уақыт мерзімінің ескеруіне, рақымшылық немесе кешірім жөніндегі актіге, жауапкердің өліміне немесе жауапты  жасқа толмауына байланысты істі тоқтату туралы прокурордың қаулысымен де белгіленеді.

    Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қорғау үшін азаматтардың, лауазымды  тұлғалардың ұжымдардың хабарламалары, сондай – ақ басқа азаматтық істерді  алдын ала тексеру барысында  және сот қарауындағы алынған  мәліметтер себеп бола алады.

    Қорыта  келгенде, жаңадан ашылған мән  – жайларға  істі қарау кезінде  көзделетін және де мәселенің салауатты  шешілуіне тікелей байланысты заңдық дәлелдер жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2. Жаңадан ашылған  мән – жайлардың  қарау объектілері. 

    Салауатты түрде шешіліп, заңды күшіне енгізілген азаматтық істердің дәлелді деркетері ретінде пайдаланылатын құжаттарға жататындар:

    1    бірінші сатыдағы (инвестиция) соттың  шешімі;

    2    апелляциялық және қадағалау  инстанциялық соттардың шешімдері, 

          ұйғарымдарымен қаулыларымен негізінде өзгерілетін бірінші

         (төменгі) сатыдағы сот шешімі  немесе жаңадан қабылданған шешім;

  1. прокурордың қаулылары;

    Дегенмен, Қазақстан Республикасының азаматтық  ісжүргізу кодексінің 44 – таруына  көз жүргізетін болсақ, оның ережелеріне  сәйкес жаңадан ашылған мән–жайлардың қарау объектілеріне шешіммен қаулыдан басқа анықтама енгізілген. Ал, осы азаматтық іс жүргізу кодексінің 405 – бабында істі қайта қарау объектілеріне тек қана сот актілерінің дәлелді  шешілгендері немесе бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, жаңадан қабылданған шешімді ғана жатқызған. Олардың қатырынан төмендегідей сот шешімдеріне жатқызылады: бірінші инстенциядағы сот шешімдері, апелляциялық соттар мен қадағалау инстанция соттарының қаулылары (п.п.2 және 358-бабы, тағыда п.п. 5б 398-бабы).

    Осыған  орай айтарымыз, жаңадан ашылған  мән–жайлар байланысты  істі қайтадан қозғау үшін тек қана екі түрлі  материалдар, олар – сот актілері және қаулылары көрсетілген.

    Сонымен еліміздің Азаматтық іс жүргізу   кодексінің (44- тарау, 406-409 баптарында) жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қайта қарауға арналағн бөлімінде жаңадан ашылған мән–жайларға дәлелді анықтама, оларға жатқызылған зерттеу объектілерінің нақтысыздығы, істі бастау мерзімінің жоқтығы сияқты туындылар, бұл көтеріліп отырған сұрақтардың шешілуі компелексі проблемаға жататындығының айғағы болып табылады.

    Оған  мынадай бір  мысал келтіре  кетейік. Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша істі қозғауға прокурор ғана ққылы. Судьяға немесе сотқа мұндай құқық берілмеген делінген. Егер прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қозғауға негіз жоқ деп тапса, онда бұл жөнінде өзінің дәлелдерімен келтіре отырып, істі тоқтату қаулысын шығарады.

    Жоғарыда  көрсетілген сотта (судьяда) ондай  құқық болмаса, олар жаңадан ашылған мән–жайлар сәйкес бірінші инстанцияда қаралатын істерді (мысалы, әйелі күйеуінен ажырасуы туралы сот шешімінен кейінгі келісімі) қалай аяқталуы мүмкін деген сауал туындайды. Бұл дегеніміз, жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша іс жүогізу процесінің заңды үйлестіруінде кемшілік барлығын және оны жетілдіру керектігінің белгісі деп есептейміз. 
 
 
 
 
 

    1.3. Жаңадан ашылған  мән–жайлар бойынша  істі бастау негізді  топтастыру проблемалары. 

    Жаңадан ашылған мән–жайларға қарасты заңдық әдебиеттерде көрсетілгендей, заңмен күшіне енгеен щещімдерді ғана топтастыру - өте көп таралған түрі екені анық (ҚР АІЖК, 1-4 бап). Басқа баптар болғанмен, олардың барлығы осы жоғарыда көрсетілген баптардың туындайды. Процесуалдық – цивилистердің айтуынша жаңадан ашылған мән–жайлар істі қайта қарағанда «таза түрлі» және бір ерекше белгілерімен анықталмайды. Бұл топтар субъективтік белгілермен де ерекшеленбейді.  Олар сот ісін жүргізу кезінде байқалмайды да және де тек өндірісті қарау кезінде байқалмай пайда болады. Ал жаңадан ашылған мән–жайлардан туындамаған топтар басқа құзіретті органдардың актілрімен анықталып, сот тек істі қарау кезінде олардың бар-жоғын тексереді. Алайда жаңадан ашылған мән–жайлардың кейбір пайда болу ерекшеліктерін ойдан шығаруға болмайды.

    Осыған  орай айтар болсақ, жаңадан ашылған мән-жайлар арнайы ерекшелігімен көзге түсетіндіктен оған көзқарас та дұрыс болуы тиіс дейді Ю. В. Франциров деген осы мәселені зерттеуші кісі.

    Ал  енді, заңды күшіне енген сот актілерін  шығару барысында туындауы мүмкін және де олар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарауға соқтыратын жәйттерге – яғни негізді топтастыру проблемаларына келер болсақ, оларға мыналар жатады:

    1. Шын мәліметтердің бұзылмауының табылуы;

    2. Куәлардың, эксперттердің (сарапшылардың), мамандардың адал

ниетпен жасалуы салдарынан туындайтын шындыққа жатпайтын дәлелдердің туындауы;

    3. Құжатта абайсыз жіберілетін қателіктер

    4. Заттық дәлелдерді айырбастау және тағы басқалары.

    Жоғарыда  санаулы көрсеткіштердің біразында  азаматтық істердің негізі жоқ. Сол  себепті адал ниетпен жіберіліп қойған қателіктер (куәнің, эксперттің) болмаса өтіріктер, соттың қадағалау тәртібімен қайтадан іс қозғауына негіз бола алмайды, өйткені олардың қайтадан тексеріп, зерттеу кезінде ғана анықталады. Егер олар әдейі жіберілмесе олар жаңадан ашылған деректерге жатпайды.

    Ал  негізінен топтастыру проблемаларының  басты себептеріне жататындар:

    – фальсификация (бұрмалау, деректі дәлелдеуді арнайы бұрмалау,

шындықты  жасыру);

    – алдау мақсатымен істелген жасанды  іс (подлог);

    – алдау мақсатымен деректерді бұрмалап аудару (факты фальсификации перевода);

    – заң күшіне енгеннен кейін байқалатын, соттың және де басқа іске қатысы бар  азаматтардың азаматтық істермен әрекеттері және тағы тағылар. 

    Сонымен бірге, топтастыру проблемаларын қарағанда  және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қайтадан іске қосу үшін екі жәйтты ескеру қажет, ол:

    1. Іске қатысы бар адамдардың (субъектілердің) қылмыстығын анықтау;

    2. Олардың осы нақты іске қатынасын ажырата білу болып табылады.

    Қорыта  келгенде, соттың әдейі жорта немесе қасақана теріс шешім шығаруы, Қазақстан Республикасында өте күрделі қылмыстық іске жататын, өйткені ол дегеніміз соттардың беделін түсіріп, әділдігіне күмән туғызып, мемлекетке, адамдардың құқығы мен бостандығына зиянын келтіреді.

    Сол себепті, Президентіміз халыққа арнайы жолдауында – азаматтардың құқығын қорғауда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін қамтамасыз етілуін және онымен күресті нығайта түсуді заң органдарына (сот, прокуратура, сарапшы) ерекше тапсырды. Ол дегеніміз, демократияны одан әрі нығайту жолдарының жаңа бір сатыға көтерудің және алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына енудің айнамас жолы деп есептейміз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. Жаңадан ашылған  мән-жайлар бойынша  істі қайта қараудың негіздері.

    2.1. Жаңадан ашылған  мән-жайлар бойынша  қайта қараудың негіздері

    Күшіне  енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша  қайта қарау Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 404-бабына сәйкес орындалады. Алайда, бұл баптар төрт жағдайлардан тұрса, З. Х. Баймолдинаның зерттеулерінде тағы бір дәлел көрсетілген. Сонымен, көрсетілген бес топтық негіздерге тоқталған жөн болар.

    Бірінші топқа жататындар – арыз берушіге белгісіз және белгілі бола алмаған, іс үшін елеулі мән-жайлар (404-бап, 1-тармақ). Бұл мән – жайлар немесе деректер шағымданушы түгіл, азаматтық істі қараушы және ол туралы заң актісін шығарушы сотқа да белгісіз жәйттер.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Пленумында жетік көрсетілгендей, қаралушы іске маңызды, арыз берушіге белгісіз және белгілі бола алмаған жәйттерге, сот шешімін шығару кезінде, қорыта шешімге әсер етуші жағдайлар жатады (2-абзац, 41-тарау, қаулылар№9, 30 маусым 2000 жыл «Азаматтық процессуалдық заңдылықтардың кейбір нормасын соттардың қолдануы» (өзгерістер мен қосымшалар, Пленумның 30 қазан, 2000 жылғы қаулысына сәйкес). Бұған көп жағдайларда төмендегідей мысал келтіріледі. Мұрагерлер арасындағы мұралық мүлік жөнінде сот шешім қабылдайды. Бірақ шешім шыққаннан кейін, заңды түрде реттелген өсиет қалдырғандығы белгілі болуы мүмкін. Осындай дәлел, яғни өсиет, жаңадан анықталған мән-жайларға жатады. Сол себепті, ол мұралық мүліктерді дау туғызбай шағымданушыларға заңды түрде бөліп беру керектігінің негізі болып табылады.

    Екінші  топқа – заңды күшіне енген  сот шешімімен белгіленген заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс алдармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы кіреді (404-бап, 2-тармақша), сапасыз және ақау дәлелдердің азаматтық не басқа жағдайда іс жүргізу кезінде соттың қолдауына байланысты туындайды. Осыған орай, шағымданған шешім заңсыз немесе негізсіз деп есептеледі. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық фактілер заңды күшіне енген соттың шешімімен анықталуы тиіс.

    Үшінші топқа – заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьлардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері жатады. Басқаша айтар болсақ, жоғарыда көрсетілген азаматтық процессуалдық қатынастар субъектілерінің істері жаңадан ашылған мән-жайларды қараған кезде толықтай қамтылуы тиіс. Бірақ та, ол осы субъектілерджің басқа істерге араласқан кезінде, азаматтық істері байқалмаған болса, онда шығарылған сот актілері қайтадан қарауға негіз бола алмайды.

Информация о работе Мәліметті, деректерді іздену тәсілі