Мәліметті, деректерді іздену тәсілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 18:20, курсовая работа

Описание

Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ.......
1.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың түсініктемелері..................................
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қарау объектілері..............................
1.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі бастауға негізді топтастыру проблемалары..........................................................................................................
2 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТІ ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қайта қараудың негіздері..................
2.2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау бойынша талап қоюдың тәртібі және мерзімдерде істің қаралуы..............................................
2.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша арыз беру және оны қарау ерекшеліктері.........................................................................................................
2.4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау проблемалары.........................................................................................................
3 МӘЛІМЕТ ІЗДЕУ ТӘСІЛІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖИНАЛҒАН АҚПАРЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................................................
3.1. Мәліметті, деректерді іздену тәсілі..................................................................
3.2. Іздену объектісі, ақпарлар түрлері...................................................................
4 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН СОТ ШЕШІМДЕРІН САРАПТАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

айс.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

    Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.

    Тәуелсіздіктің  тар жол,  тайғақ кешуіне өзіміз бен бірге түскен  ТМД елдерінің  мандай алдындамыз.

    Алайда  бүгін еліміздің алдында мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың халқымызға дәстүрлі жолдауынан туындайтын басымдықтарды жүзеге асырудың кезек күттірмей міндеттері тұрса, солардың бірі демоктарияны одан әрі дамыту және  саяси жүйені жаңғырту болып табылады.

    Елбасы  өзінің биылғы Жолдауында атап көрсеткендей еліміздегі саяси жүйемен мемлекеттік құрылым тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жалғастырыла берілуі тиіс.

    Елбасы  Н. Назарбаевтың халыққа арнаған  биылғы Жолдауында бесінші басымдық ретінде демократия одан әрі дамыту және  саяси жүйені жаңарту (ДОЭД және СЖЖ) мәселесімен қатар құқық қорғау орындарына да арналған тапсырмалар бойынша нақты айтылды.

    Демократия  мен заңдылық – ажырағысыз нәрселер, біреуі екіншісіз болу мүмкін емес. Заң  салатанат құрамса, адам мүдделерін мемлекеттік мүдделерін өзегіне қоятын барлық гуманистік идеялар, демократия, құқықтар мен бостандықтар идеялар іске асырылмай қалады.

    Сол себепті – заң үстемдігі, құқық  тәртібімен қамтамасыз ету және Қазақстан  азаматтарының құқықтары мен  бостандықтарын кепілдендіру жүйесін нығайту керектігін, Астанада өткен Демократиялық алғашқы отырысында Мемлекет басшысы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды (2006 жыл 24 наурыз).

    Судьялар  Елбасы жарлығымен тағайындалып, әлеуметтік жағынан жан – жақты қорғалған, лауазымы жөніндегі жалақысы жағынан  да ең жоғарғы мемлекеттік қызметшіге айналды. Бірақ сот билігіне сенім мен жауапкершілік артқан сайын, осы бір құрметті мәртебені билігіне  соңғы уақытта сәл – пәл ешкеу түсе бастағанда секілді. Кезіндегі қара қылды қақ жарған адал билігін жолы, ұрпақтан жалғасқан сабақтастық жібі үзіліп қалған жоқ па деген сауал мазалайтыны рас. Әрине, сот төрелігін атқару үстінде ақиқат пен ар – намысқа, имандылыққа қылау түсірмеген елімізде ұзақ қызмет еткен судьялардың тағылым – тәжірибесін адалдық пен тазалыққа  үлгі етудің маңызы зор дейді. Жоғарғы соттың Төрағасы Қайрат Мәми. Әділ сот адалдық пен адамдыққа жүгінуі тиіс.

    Бүгінгі өмірде, баспасөз беттерінде болсын, сот  туралы әртүрлі ақпарат ағыныжелде есіп жүр. Мысалы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуы, іске немқұрайлы қарау, рулық  бейне көрініс таныту, қосымша деректерге онша көңіл бөлінбеуі және  тағы басқа жәйттер. Міне сот жүйесіндегі көнілді мазалайтын осынау мәселелерге ерекше тоқталу қажет сияқты. «Сотқа құрмет –мемлекеттік билікке құрмет» деп Елбасы бекер айтпағанын естен шығаруға болмайды.

    Өйткені, азаматтық арбитражды процестерге  немқұрайлы қараудың  саладарынан  жаңадан ашылған мән –жайлар (ЖАМЖ) елеусіз ескерілмей қалуы  да, немесе қасақана бұрмалануы сияқты фактілер орын алуы әбден мүмкін.

    Дегенмен, жоғарыда көрсетілген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттан істі қарау кезінде тиянақты сараптауға және оларды орынды қолдануға арналған зерттеулер әлі де болса жеткіліксіз. Сол себепті, қандай да болмасын соттық істер Қазақстан Республикасының Конститутциясына (1995 жыл) сай және 1998 жылғы 7 қазандағы № 284/1 заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, еліміздің «Азаматтық іс жүргізу Кодексіне» (44 тарау 2005 жыл) және тағы басқа құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

    Алайда, жаңадан ашылған  мән – жайлардың  өзекті мәселесі күні  бүгінге дейін жаңадан ашылған мән – жайлар деген ұғымның нақты анықтамасы жоқтығымен тұрмай, бұл мәселеге байланысты, сот жүргізетін талқылау мезгілі де заң жүзінде анықталмағанына тоқталған жөн. Өйткені, мұндай заң шығарушы органдардың кемшілігі, іс жүзінде соттың жаңадан ашылған мән-жайлары бойынша қайта қаралуын бюрократиялық былыққа ұштастыратыны белгілі жайт. Сол себепті жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, бұдан жаңадан ашылған мән-жайлар дегеніміз не деген сұраққа, нақты және дәлірек анықтама беру жөн сияқты.

    Жаңадан ашылған мән–жайлар бойыншаа өндірісті  қайтақараудың басты  мақсаты – ол, заңды күшіне енген сот қаулыларының (шешім, ұйғарым, қаулы) заңдылығын және дәлелді шешілгендігін тексеру болып табылады. Заңды күшіне енген сот шешімі дегеніміз қайта қаралатын екі түрлі (апелляциялық және қадағалау тәртібі) сот актілерінің жеке дара ұқсас белгісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК) заңды күшіне енген сот актілерін қайта  қарау үшін, қадағалау тәртібімен қатар жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша алдын–алу мүмкіндігін қамтиды. (44-тарау).

    Жұмыссыздың басты мақсаты – жаңадан ашылған  мән–жайлар бойынша күшіне енген  сот актілерін қайта қарау  туралы:

  • әдебиетпен танысы;
  • ақпарат көздерінде кездескен фактілерді сараптау;
  • өз материалымызды сараптау;
  • кәсіби ұсыныстар дайындау болып табылады.

    Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот  өкілдерінің қайта қарауға арналған дипломдық жұмысты орындау барысында  Қазақстан Республикасы Констетутциясы, Азаматтық іс жүргізу Кодексі, ҚР Прокуратурасы туралы Заңы, ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Заңымен қатар әдеби – жазбаша деректер Республикамызда танымал процессуаллист ғалымдардың еңбектерімен (З.Х.Баймолдина, А.Тасболатов және т.б.) сонымен қатар Р.Ф. алдындағы қатарлы заңгерлердің жұмыстары және процессуалист ғалымдардың жұмыстары (Е.М.Ломоносова, А.Н.Резуненко, И.Н.Зайцев, Ю.К.Осипов) қолданылды. 
 
    І. Жаңадан ашылған  мән – жайлардың  сипаттамалары.

    1.1. Жаңадан ашылған  мән – жайлардың  түсініктемелері. 

    Сот ісінің жаңадан ашылған мән –  жайлардың осынау түрінің өзіндік  күрделелегі, ерекшелігі және  проблемалары баршылық.

    Айта  кетер бір күрделілік мұнда бұған  дейін апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен қаралғандығы, ендігі кезекте дәл сол сот сатысында жаңадан  немесе қайта ашылған мән – жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастауға ешқандай бөгет бола  алмауы. Оны апелляциялық инстанция арқылы да іске асыруға болатыны да белгілі.

    Бұл тұрғыдан, жаңадан ашылған мән  – жайлардың азаматтық іске қадағалау тәртібімен қараудың стадиясына (сатысына) ұқсастау екендігі болса да, одан әрі бұл ұқсастық жойылады.

    Дегенмен, күні бүгңнге дейін жаңадан ашылған  мән – жайлар деген ұғымның  нақты анықтамасы жоқтығымен тұрмай, бұл мәселеге байланысты, сот жүргізетін талқылау мезгілі де заң жүзінде анықталмағанына арнайы тоқталған жөн. Өйткені, мұндай заң шығарушы органдардың кемшілігі, іс жүзінде соттың жаңадан ашылған мән–жайлары бойынша қайта қаралуын бюрократиялық былықа ұштастыратыны белгілі жайт. Сол себепті жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, бұдан жаңадан ашылған мән-жайлар дегеніміз не деген сұраққа, нақты және дәлірек анықтама беру жөн сйяқты.

    Бұл тұрғыдан, жаңадан шығарылған мән-жайлар азаматтық істі қадағалау тәртібімен қараудың стадиясына (сатысына) ұқсастау екендігі болса да, одан әрі бұл құсастық жойылды.

    Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша өндірісті қайта қараудың басты мақсаты – ол, заңды күшіне енген сот қаулыларының (шешім, ұйғарым, қаулы) заңдылығын және дәлелді шешілгендігін тексеру болып табылады.

    Заңды күшіне енген сот шешімі дегеніміз  қайта қаралатын екі түрлі (апелляциялық және қадағалау тәртібі) сот актілерінің  жеке дара ұқсас белгісі болып  табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК) заңды күшіне енген сот  актілерін қайта қарау үшін, қадағалау тәртібімен қатар жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша алдын–алу мүмкіндігін қамтиды (44-тарау).

    Жаңадан ашылған мән–жайлар бойынша қайта  қарау апелляциялық істермен қатар  соттың елеулі, ерекше бақылауында болуы тиіс. Іс жүргізудің бұл түрі өзіне  тән арнайы процессуалдық ретпен заңдылықты және сот шешімдерінің негізділігін, ұйғарымын және қаулысын айрықша сипаттайды.

    З.Х.Баймолдинаның  ойынша жаңадан ашылған мән–жайлар қайта қарау Институты–соттың заңдық күшіне енген шешімнің, ұйғарымның және қаулысының заң жүзінде арнай көрсетілген біртұтас азаматтық-процессуалдық ережелер жиынтығы болып есептеледі.

    Бұл Институттың алдына қойған мақсаты:

   1. Азаматтық іске байланысты, заңды  күшіне  енген сот актілерінің  

   заңдылығын  және дәлелдігін анықтау;

   2. Заң негізінде шешілген сот  актілерін өзгертумен азаматтардың, ұжымдардың бұзылған құқықтары  мен заңды  мүддесін қорғауға  кепілдік болу.

    Істі  қайта қарау Институтының міндетіне  келетін болсақ, ол жаңадан ашылған  мән–жайлар бойынша заңдасқан сот  шешімдерінің арнайы негізділігін, кепілдігінің барлығын немесе жоқтығын тексеру болып табылады.

    Заңды күшіне енген сот шешімдерінің, анықтамаларының  және қаулыларының қайта қаралуына  негіз, ол жаңадан ашылған деректер болуы мүмкін.

    Әйтседе, бұл мәселеге біздің бірлі жарым еңбектерінде ғана көңіл бөлінген.

    Атап  айтсақ, З.Х.Баймолдина жаңадан ашылған  мән–жайларға төмендегідей анықтама берген:

    Біріншіден – ол дегеніміз, азаматтық істі қарау және шешу кезіндегі заіңжылық фактілер (деректер).

    Екіншіден – ол істің мән–жайын дұрыс шешуге қажет-ақ дейді.

    Және  де, осы жоғарыда көрсетілген екі  белгінің боуы ғана сол фактілерді жаңадан ашылған мән–жайларға жатқызуға  болатындығының айғағы деп санайды.

    Ерекше  тоқталатын тағы бір мәселе-істі қарау  кезінде сот шешімдерінің қорытындысына әр түрлі жағдайлар әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Дегенмен, сот шешімі шыққаннан кейінгі жағдайлар, оның дұрыс шешім шығаруына әсерін тигізбейді және де жаңадан ашылған мән-жайларға жатқызылмайды.

    Азаматтық істерді қарау кезінде ол жағдайлар болмауы да және талапкердің белгісіз болуы да мүмкін. Осыған орай, қолданылатын төмендегідей сөз шумақтарына (терминдерге) арнайы тоқталғанды орынды деп есептейміз.

    Мысалы- жаңа жағдайлар, жаңа дәлелдер қайта  ашылған немесе жаңадан ашылған  мән-жайлар деген сұрақтары туындауы мүмкін.

    1.Жаңа  жағдайлар,жаңа жайлар деп – істі жаңадан ашылған мән -жайларды қарау кезінде белгісіз болған заңды фактілер (деректер) мен жағдайлар жатады және де олар шешім шыққаннан кейін пайда болады.Заң күшіне енгеннен кейін белгілі болған жәйттер бөлек азаматтық іс қозғауға және өзіндік шағымға негіз бола алады, ал бірақ сот шешімін қайта қарауға  негіз бола алмайтыны белгілі.

Информация о работе Мәліметті, деректерді іздену тәсілі