Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:45, курсовая работа

Описание

Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын бұзу
2.2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
2.3Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі -Пайдалы модель
24. Селекциялық жетістіктерді қорғау
2.5 Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс 1 Семестр.docx

— 27.85 Кб (Скачать документ)

 

      2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      Осы Заңмен топологияларды жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.

 

      3-бап. Топологияларды қорғау туралы заңдар

      1. Топологияларды қорғау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

      4-бап. Уәкiлеттi орган

      Уәкiлеттi орган осы Заңға сәйкес мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:

      1) топологияларды тiркеуге өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, оларды қарайды және топологияларды тiркеудi жүзеге асырады;

      2) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi;

      3) тiркеу туралы куәлiктер бередi;

      4) тiркелген топологиялар туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды;

      5) тiркеуге өтiнiмдердi жасауға және ресiмдеуге қойылатын талаптарды белгiлейдi;

      6) тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiктiң нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтердiң құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлейдi; V022043

      7) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 586 Заңымен, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      5-бап. Топологияларды құқықтық қорғау талаптары

      1. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады. 

      2. Автордың шығармашылық қызметiнiң нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.

      3. Топология элементтерiнiң жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға ол жасалған күнi жалпы мәлiм болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.

      Интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға топология жасалған күнi жалпы мәлiм болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердiң жиынтығы тұтас алғанда осы баптың 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.

      4. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау топологияларда iске асырылуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.

   

  6-бап. Топологияға авторлық

      1. Топологияны шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

      2. Егер топология жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

      3. Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бiрақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрiнде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресiмдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.

      4. Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi.

 

      7-бап. Топологияға айрықша құқық

      1. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi.

      2. Осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық иеленушi топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен, атап айтқанда, басқа тұлғалардың осы топологияны құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осындай топологиясы бар интегралдық микросхемалар дайындау арқылы пайдалануға құқығы бар.

      3. Топологияның бiрнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартта белгiленедi.

      Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.

      4. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мынадай iс-әрекеттер жасау:

      1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiру;

      2) топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгiзу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады.

 

      8-бап. Айрықша құқықты беру

      1. Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi.

      2. Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.

      3. Лицензиялық шартта лицензиатқа:

      1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);

      2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия);

      3) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.

      Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп саналады.

      4. Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.

      Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты болады.

      5. Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.

      Тiркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, тiркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. V074648

      Тiркеуден өтпеген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.

      Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

 

      9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және

             тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған

             топологияға айрықша құқық

      1. Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған топология үшiн авторға сыйақы төлеу мөлшерi, ережесi және тәртiбi автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiмде белгiленедi. Келiсiмге келе алмаған жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасауға үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиiс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.

      3. Автор шарт бойынша топология жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырыс берушiге топологияға айрықша құқықтар беруге мiндеттеме қабылдай алады.

 

      10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп

              танылмайтын iс-әрекеттер

      Мыналар:

      1) осы Заңның 7-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында аталған iс-әрекеттердi заңсыз көшiрме жасап алынған топологиясы бар интегралдық микросхемаларға немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдарға қатысты жасау, егер осындай пайдалануды жүзеге асырушы тұлға осы интегралдық микросхемалардың немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдардың топологияға айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлмеуге тиiс болса. Осы тұлға құқық иеленушiден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн, осындай топологияға лицензияны еркiн иемдену кезiнде төленуге тиiс болатын мөлшерлес сыйақыны құқық иеленушiге төлеген жағдайда, кез келген iс-әрекеттi қолда бар немесе сол кезге дейiн тапсырыс берiлген өнiмге қатысты жасауға құқылы;

      2) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;

      3) қорғалатын топологияны оның өзiн бағалау немесе талдау негiзiнде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгiзу мен осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi осындай топологияға қатысты жасау;

      4) азаматтық айналымға заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхеманы тарату;

      5) осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi басқа автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайды.

 

      11-бап. Топологияны тiркеу

      1. Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленушi топологияны уәкiлеттi органға тiркеуге өтiнiм беру арқылы тiркеуге құқылы.

      Топологияны тiркеу туралы өтiнiм мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлдерде ұсынылады. Егер өтiнiмнiң өзге құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариат куәландырған аудармасы қоса берiледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын өтiнiм уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.

      2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.

      3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:

      1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;

      2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;

      3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.

      4) <*>

      Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

      4. Тiркеуге өтiнiм түскеннен кейiн уәкiлеттi орган қажеттi құжаттардың болуын және осы баптың 3-тармағында жазылған талаптарға олардың сәйкестiгiн тексередi. Тексеру оң нәтиже берген жағдайда уәкiлеттi орган топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiш берушiге топологияны тiркеу туралы куәлiк бередi және тiркелген топология туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.

      Өтiнiш берушi мәлiметтер бюллетеньде жарияланғанға дейiн өтiнiм материалдарын уәкiлеттi органның сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.

      Тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiк нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтер тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.

      5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.

      Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.

      6. Уәкiлеттi органның куәлiктер беру және шарттарды тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 586, 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

     12-бап. Ескерту таңбасы

      Құқық иеленушiнiң өз құқықтары туралы хабарлау үшiн топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпi, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзiмнiң басталған күнi және құқық иеленушiнi айқындауға мүмкiндiк беретiн ақпарат түрiндегi ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар.

Информация о работе Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге