Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:45, курсовая работа

Описание

Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын бұзу
2.2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
2.3Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі -Пайдалы модель
24. Селекциялық жетістіктерді қорғау
2.5 Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс 1 Семестр.docx

— 27.85 Кб (Скачать документ)

1980 жылы АҚШ-ның Жоғарғы соты генетикалық өзгерген бактерияларға байланысты бірінші істі қарап, тірі әлемнің объектілеріне патент алуға болатынын дәлелдеді. Әрі қарай өсімдік сорттарына уақытылы патенттер берілетін болды. Бүкіл тірі жанның, бүкіл өмір түрлерінің, құлдықпен конституциялық күрес арқасында адамды қоспағанда, патенттік қабылеттілігі АҚШ-ның патенттік мекемесінің негізгі орны болды.

 

АҚШ-ның Жоғарғы сотының «Бәрі қорғалу керек, күн астындағы да және адамның қолымен жасалған да» деген қанатты сөзі болып тұр.

Осы принциптен шыққанда АҚШ-ның патенттік мекемесі адамнан басқасының бәрі, табиғатта жоқ жануарларды қосқанда көп клеткалы организмдер патентке қабылетті деп санайды. 1988 жылы онкомышь трансгенндік сүтқоректісіне бірінші патент берілді. Тышқаннның организміне ракқа шалдырып канцерогенндік заттар пайда болғызатын активтендірілген ген қондырылады. Тышқанның осы қасиеті келесі ұрпағына тарайды.

Қәзіргі уақытта трансгенндік жануарларды өндіру кәдімгі индустрияға айналды. Мысалы, трансгенддік сыйырдың немесе ешкінің сүтімен бірге фармацевтикаға пайдалы заттар алынады.

Селекция творчестволық әрекеттің бүр түрі болып саналады және осы ерекшеліктерді өндіріс меншігінің объектілеріне қарағанда бөлуге болады.

Селекция тірі табиғат болғандықтан ол объектілердің өзгешелігімен санасуы керек.

Олар әлемнің тірі объектілерінен жасалған соң ауырады, қайта дамиды және өледі,сондықтан олардың тіршілік етуі уақытпен шектелген.

Оның өндіріс әрекетінен бас айырмашылығы ауылшаруашылық ғылымдардың міндеті техникалық емес, биологиялық құралдармен шешіледі. Өндіріс әрекетінен тағы бір айырмашылығы ұзақ уақыттта жарыққа шығарылуы.

Тағы бір айырмашылығы, өндірісті тіркеуге біріншіден өндірістік ұғымы, авторлық түпкі ойы керек. Өтінім берген кезде ешкім үлгіні және макетті талап етпейді. Селекциялық жетістікті қорғауға өтінім жарыққа шығарылған сортқа немесе тұқымға беріледі. Сараптамалық зерттеу тақырыбы жорамалды емес бар болған өсімдіктер және жануарлар болып табылады. Сондықтан, қорғау құжатын алу барысында патенттік және ауылшарушылықтық сараптамаға бөлінеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында басқа «жаңа мемлекеттермен» бірге өсімдік сорттарын қорғау әлемдегі үш жүйесінен біреуін таңдау мақсаты туды:

арнайы, УПОВ конвенциясына негізделіп мемлекеттік ұлттық заң түрінде көрсетілген, онда қатысатын (Жапония, Канада, көптеген Европа мемлекеттері);

мамандану, мемлекеттік патенттік заңымен байланысқан құқық дайындау әкімшілік рәсімі (Венгрия, Италия);

аралас, селекция нәтижелері патенттік және арнайы заңдарымен қорғалады, соған сәйкес маманданған ауылшаруашылық органдармен және патенттік мекемелерімен.

Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттермен қатар ең сәйкес екіншісі мамандану жүйесі болып шықты. Ел атынан берілген патенттер құжат ретінде ауыл шаруашылық басқармасының берген ведомствалық актілеріне қарағанда абыройлы болады.

Патент жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi және тұрақтылығы бар селекциялық жетiстiкке берiледi.

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңын бұзып селекциялық жетістікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар патентиеленушінің құқығын бұзған болып саналады.

Заңның 15 бабына сәйкес, патент иеленушiнiң құқықтарын бұзған тұлға патент иесiне селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн өтем төлеуге, сондай-ақ заңдарға сәйкес осы Заңды бұзу салдарынан туындаған басқа да шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.

Жеке немесе заңды тұлға патент иесiнiң құқықтарын бұзушы болып саналады, егер:

патент иеленушiнiң рұқсатысыз өтiнiм берiлген сорт, тұқым туралы коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтi ашса;

өндiрiлген және сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің тiркелгендегiсiнен өзгеше атау берсе;

өндiрiлген және сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің селекциялық жетiстiкпен шатастыратындай дәрежеде ұқсас атау берсе;

өндiрiлген және (немесе) сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің iс жүзiнде ондай емес атауын берсе;

селекциялық жетiстiк туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар құжаттар табыс етсе.

Заңның 14 бабы патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiн орнатады, оның үстіне айрықша құқығының түрі қорғалатын объектіге заңды болып көрінеді, патент иеленушiнiң рұқсатын талап етеді.

Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:

өндiру немесе молайту (көбейту);

көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткiзу;

сатуға ұсыну;

сату немесе өткiзудiң өзге де түрлерi;

Қазақстан Республикасының аумағынан әкету; Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.

Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатысыз енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен тауарлы малға да қолданылады.

Патент иеленушiнiң монополиясы оның қарама-қарсы міндеттемелерімен шек қойылады. Патент иеленушi міндетті:

азаматтық айналымға өндірісте пайдалануға жіберілген сортты, тұқымды енгiзуге;

сортты, тұқымды қорғау мақсатында мемлекеттiк комиссия белгiлеген ресми сипаттамада көрсетiлген белгiлердiң сақталуы үшiн патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде сортты, тұқымды бiрқалыпты ұстап тұруға;

патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.

Мәжбүрлеу лицензиясын алдын ала қарастыратын Заңның 20 бабы селекциялық жетістікті қолданудың негізгі міндетін бұзуға шара болып табылады.

Кез келген адам селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.

 

Лицензиялық шартта лицензиатқа:

селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап пайдалану құқығымен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын (жай, ерекше емес лицензия);

селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығысыз пайдалану құқығын (ерекше лицензия);

селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығысыз пайдалану құқығын (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.

Лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа) селекциялық жетiстiктi пайдалану құқығына ерекше лицензия беруi туралы шарт (сублицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.

     Селекциялық жетістікке патент беру туралы өтінімді қарастырудың негізгі кезеңдері

Селекциялық жетістікке патент беру туралы өтінім сараптау мекемесіне – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беріледі (7172)-50-29-08.

І кезең: Өтінім берген күннен бастап екі ай өткеннен соң және екі ай ішінде сараптама мекемесі селекциялық жетістікке алдын-ала сараптама жүргізеді. Өтінімге тиісті құжаттар және олардың мазмұнының талаптарына сәйкестігі тексеріледі, басымдылығы, сонымен қатар конвенциялық басымдылығы мерзімдері анықталады. Біржолы өтінімдердің көшірмелері селекциялық жетістіктердің ұсынған атауларын анықтау үшін ҚР АШМ-нің сорттарды сынау жөніндегі және тұқымдарды сынау және апробациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясына жіберіледі (мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 approbation@minagri.kz; тел. 555911, 555886).

Алдын-ала сараптаманың оң немесе теріс нәтижесінде қорытынды беріледі, содан кейін қорытындылар Комитетке қарастыру үшін жіберіледі. Комитет өтінімді ары қарай қарастыру үшін және селекциялық жетістіктің патенткеқабілеттілік критерийлеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін шешім қабылдайды. Сараптама мекемесі өтінім берген күннен бастап 18 ай өткеннен соң өтінім туралы мәлімет жариялайды, ол селекциялық жетістіктің уақытша құқығын қорғауға дәлелдеме болып табылады. СД-2 түрінде (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитеттің төрағасы 14 қазан 2004 жылы № 72-п «Селекциялық жетістіктерге патент беру жөніндегі өтінімдерді тапсыру мен оларды қарастыру туралы Ережелерді бекіту туралы» бұйрығымен бекіткен селекциялық жетістіктерге патент беру жөніндегі өтінімдерді тапсыру мен оларды қарастыру туралы Ереженің 2 қосымшасы) берілген өтінім берушінің қолдаухатына сәйкес өтінім туралы мәліметтер аталған мерзімнен ерте жариялануы мүмкін. Алдын-ала сараптаманың теріс нәтижесінде өкілетті орган өтінімді ары қарай қаруға бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтінім беруші жазбаша хабарландырылады .

ІІ кезең: Патенткеқабылеттілікке сараптама – ол өсімдік сортының, жануар тұқымының жаңалығының, ерекшелігінің, біртектілігінің және тұрақтылығының критерийлеріне сәйкестігі. Ол ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік органымен – ҚР АШМ-нің ауылшаруашылық дақылдарының сорттарды сынау жөніндегі және жануарлар тұқымдарын сынау және апробациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссияларымен жүргізіледі .

Селекциялық жетістіктерге сараптама жүргізу мерзімдері Мемлекеттік комиссияларымен өсімдік сортының және жануар тұқымының толық дамуы циклына байланысты белгіленеді, сонымен қатар құқық қорғау мөлшерін анықтауға тиісті белгілер жиынтығының сипаттамасы жасалады .

Селекциялық жетістік патенткеқабылеттілік критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, ҚР АШМ-нің Мемлекеттік комиссияларымен патенткеқабылеттілігі туралы қорытынды жасалып өкілетті органға (Комитетке) жіберіледі.

Егер сараптама жасаған кезде сорт, тұқым патенткеқабылеттілігі болмаған жағдайда өкілетті орган, ҚР АШМ-нің Мемлекеттік комиссияларының қорытындысына қарай отырып, патент беруден бас тартуға шешім қабылдайды, өтінім беруші бір ай мерзімінде хабарланады .

ІІІ кезең: Селекциялық жетістік патенткеқабылеттілік критерийлеріне сәйкес келгеніне ҚР АШМ-нің Мемлекеттік комиссияларының оң қорытындысы негізінде өкілетті органмен (Комитет) патент беру туралы шешім қабылданады. Шешім қабылданғаннан кейін өтінім берушіге екі ай ішінде патент беруге құжаттарды дайындағаны үшін бір АЕК көлемінде мемлекеттік пошлина және 3170,8 тенге төлеуі қажет екендігі туралы хабарлама жіберіледі. Сараптама мекемесі тұқымды, сортты қорғалатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізімінде тіркейді және патент беріледі. Патент ресми бюллетенде патент беру туралы мәліметтер жариялануымен бірге берілед

 

Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» № 217 Заңы интегралдық микросхемалар топологияларына құқықты иеленушілердің құқықтарын қорғайды. Осы Заңмен топологияларды жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау - құзыретті органның, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің берген куәлігі негізінде жүзеге асырылады. Топологияны құқықтық қорғау құқық иеленушіге айрықша құқық береді, яғни құқық иеленуші топологияны өзінің қалауы бойынша қолдануға, лицензиялық шарт негізінде оны өзге тұлғаға уақытша қолдануға беруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, айрықша құқық топологияны заңсыз көшіруден, қолданудан, әкелуден, сатуға ұсынудан, сатудан немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзуден қорғайды.

Топология құқықтық қорғауға ие болуы үшін оны өтінім беру арқылы құзыретті органда тіркеу қажет.

Интегралдық микросхемалар топологиялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» № 217 Заңымен және оның заңға тәуелді актісі болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2002 жылғы 9 қарашадағы «Интегралдық микросхема топологияласын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі Ережені бекіту жөніндегі» № 192 Бұйрығымен реттеледі.

 

 

1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi мерзiмдi ресми басылым;

      2) интегралдық микросхема - электрондық схема қызметiн атқаруға арналған, түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;

      3) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауына қарай кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;

      4) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;

      5) лицензиялық шарт - мұндай шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық бередi;

      6) сенiм бiлдiрiлген патенттi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгiн жүргiзуге құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      8) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық көзде тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

      9) уәкiлеттi орган - топологияларды құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк монополияны қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

Информация о работе Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге