Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)


2

 

М А З М Ұ Н Ы

 

 

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

 

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу

1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5

1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13

1.3. Оқиға болған  жерде криминалистикалық  зерттеудің түсінігі………….….17

 

2-тарау   Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі

және жауап    алу

2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19

2.2. Бастапқы    тергеудегі    сезікті    түсінігі    және    оның құқықтары………22

2.3.           Қылмыстық істегі бастапқы  тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

 

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы

3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32

3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың                    мақсаттары  ……………………………….......……………………………………33

 

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы

4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35

4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы

алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

 

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау

                сатысындағы іс жүргізу.

5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45

5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49

5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................………………..66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Қазақстан Республикасы өз егемдігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғанан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында          Қазақстан          Республикасы          өзін демократиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет қүру жолына түскенін мәлімдеді.

Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бүл біздің мемлекет бағыт алған қүқықтық саясатқа да сай келмейтін еді. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңында қажетті реформалар, яғни өзгертулер қабылдауы қажеттігі туындады. Осы себептерге байланысты 1997 жылы 13 желтоксанда Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу кодексі қабылдап, ол 1998 жылғы 01 ңаңтардан бастап  өз күшіне енгізілді.

Қылмыстық іс-жүргізу құқығын жаңа кезенге сай дамыту және қалыптастыру біраз уақытты талап етеді және Қазаңстан Республикасы Конституциясында көрсетілген Конституциялық қүқықтарды сақтау белгілі бір талаптар жүйесін қалыптастыруды ңажет етеді: Мұндай талаптарға мына төмендегілер жатқызуға болады:

1/ Қылмыстық іс жүргізу заңдарын Конституцияға сәйкес пайымдау және творчествовалық  сипатта дамыту.

2/ Қазақстан Республикасында адам ңүқығын барынша сақтауды жүзеге асыру, қылмыстық іс - жүргізу заңдарына сәикес заңдылықты сақтай отырып, ол қүқыңтарды қорғалуын қамтамассыз ету.

3/        Қылмыстық         іс-жүргізудегі      жеке,      жеке

жариялы, жариялы айыптау институттарын дамыта отырып, олардың қаралу мерзімдерін бұзуға жол бермеу және прокуратура органдарының қадағалау функциясын жүзеген асыруына ықпал  ету.

4/ Қылмыстық іс жүргізу қүқығы саласында, басқа қүқық салаларымен қатар демократизм, ңінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі және тағы да басқа принциптерді  өз  деңгейінде дамыту.

5/ Жіберілген қателіктерді болашақта қайталамау және болдырмау мақсатында оларға зерттеу жүргізіп, оларды қолдану        тәжірибелерін     кең     көлемінде     іс     насихаттап, жинақталған тәжірибелер арқылы қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұзуға жол бермеуді іске асыру.

Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған «Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде» тақырыбы қылмыстық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелердін бірі болып табылады.

Құқықты реформалау қажеттігі кенеттен және ҚСРО-ның ыдырауына байланысты пайда бола қалған жоқ. 80-ші жылдардың алдында теоретиктер де, практиктер де 1959-1961 жылдарда қабылданған заңдар құқықтығы осы заманғы тенденцияларды объективті түрде бейнелей алмады, ең жоғарғы байлық ретінде адамның, қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесіндегі оның орнын, мемлекеттің рөлін және адам мен мемлекеттің өзара қатынасының сипатын белгілейтін, құқықтық мемлекеттегі басым бағыттарын белгілейтін әлемдік үлгілерге жауап бермейді деген ойға келді.

Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан толықтырулар мен өзгертулер қарама-қайшылық өткірлігін белгілі бір деңгейде жамап-жасырғанымен социалистік түсініктегі құқықтың бағыты мен мазмұнының негіздеріне оған ықпал еткен жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының сол күйі туралы айта келіп, профессор В.М.Савицкий: «Қылмыстық іс жүргізу кодексін жамап-жасқан одан әрі жетілдіру енді тиімді бола алмады. Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңын жасайтын уақыт келді, онда ҚСРОдағы мен одақтас республикалардың құқықтық шығырмашылық пен құқық қолдану тәжірибесіндегі барлық бағалы құндылықтар ескерілуі, заңдардың аралас салаларындағы жетістіктер пайдаланылуы, шетел мемлекеттердің іс жүргізу институттары біздің болмысымызға орай түзертіліп пайымдалуы және жүзеге асырылуы тиіс» деп жазған.

ҚСРО-ның  ыдырауы теоретиктердің қорытындыларын расқа шығарады, өйткені ол біпқатар жанама түрдегі факторлармен қатар негізінен заңдылықтың сақталуына нақты кепілдіктер жоқ ережелерге құрылған құқық саясатының жарамсыздығын әйгілеп берді.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының  жалғасып отырған қалыптасу процессі объективті түрде себепші болатын мынадай құбылыстармен қатар жүріп отырады:

      социалистік ұғымдағы құқықтан бас тарту;

      жалпы адамзаттың жетістік болып табылатын құқық институттарын сақтау;

      құқықтық мемлекет құрылысының міндеттеріне жауап беретін жаңа құқықтық институттарды құру мен қабылдау.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесінің жалпы  жүйесінде өтпелі кезең ретінде түсіндірілетін қазіргі уақыт құқық қызметінің кез келген саласында көрініс тауып отырған серпінмен сипатталады. Осы серпінді процестердің бәрі де өзара байланыста бола отырып, нормаларды қалыптастыру процесіне ықпал етеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша экономиканы қайта құрылымдау, басты институттарын қайта құру (бұрын қолданылып жүрген құрылымдардағы бағыныштылық сипатты өзгертудің өзі заңдарды жақсартуды таоап ететін қосымша жағдайлар туғызады); заңдардың тұрақтылығына ықпал ететін жаңа құрылымдарды құру (мәселең, қаржы полициясын құру, анықтау органдарына жататын субъектілер тізбегәндегі өзгерістерге объективтік түрде әкеліп соқты).

Кылмыстық іс жүргізу бірнеше бір-бірімен байланысты сатыландан құралған. Бұл сатылардың өз мақсаттары мен міндеттері бар. Біз жұмысымызда, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысына түсініктеме және мінездеме беруге, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында өткізілетін шаралардың түрін, тәртібін анықтауға арнаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу

 

1.1. Оқиға жерін қарастыру

 

Оқиға жерін қарастыру дегеніміз – оқиға жеріндегі жағдайды анықтау,

кабылдау, зерттеу және бекітуден, материалды объект қасиетінен және белгілерінен тұратын тергеудің жедел әрекеттері. Оның мақсаты – болған жағдайдың сипатын, қылмыскер тұлғасын, қылмыс себебін және қылмысты шешу барысында қарастыруды қажет ететін басқа жағдайларды анықтау.

              Оқиға жерін қарастыру, әдетте тергеудің басқа әрекеттерімен, сонымен қатар жедел және ұйымдастырушылық шараларымен үйлеседі, онымен параллельді немесе ол аяқталғаннан  кейін тез арада жүзеге асырылады.

              Ол әрекеттер мен шаралардың қатарына жатқызуға болады:

      полиция қызметкерлеріне тапсырма және нұсқау беруді;

      алкогольді улану жағдайын, денсаулық жағдайын анықтау үшін

азаматтарды медициналық мекемелерге жолдауды;

      қылмысты ашу және қылмыскерді тұтқындау үшін көпшілікті

араластыруды;

      «ізін суытпай»  қылмыскерлерді іздеуді;

      криминалдық тіркеуді қолдану және  жүргізу шегінде зерттеу

жүргізуді;

      мәйітті медициналық  зерттеуге жіберуді;

      тергеу эксперименттерін жүргізуді;

      куәләндіруді;

      тінту және  алу  жүргізуді;

      куәларды, жәбірленушіні, күдіктілерді және айыптыларды

сұрастыруды;

      Әділет  Министрлігінің   Сот сараптау орталығында әртүрлі

сараптауларды тағайындау мен  жүргізуді;

 

Оқиға жерін қарастырудың негізгі принциптеріне жатады: заңдылығы, дер кездегі, толықтығы, жоспарлығы, объективтілігі.

Заңдылығы, қарастырылатын әрекет қылмыстық процестік кодекстің негізінде және соған сәйкес жүргізілуді талап етеді.

Дер кездігін, тергеуші және қараудың басқа қатысушылары оқиға болған жерге кейінге қалдырмай шыққанда қарастырғанды жүзеге асырады. Тек осы жағдайда  ғана заттай дәлелдердің жойылуына жол бермей, іздердің және заттардың максимальді санын айқындап, зерттеп және бекітуге болады.

Оқиға жерін толық қарастыру дегеніміз тергеу қылмысына қатысты, оқиға болған жердегі барлық іздер мен заттардың айқындалуы, зерттелуі және қарау протоколында және хаттамасында бекітілуі.

Қараудың жоспарлығы дегеніміз оқиға жеріндегі тергеушінің танымдық әрекеттерінің ретін дұрыс анықтау.

Оқиға жерін қараудың объективтілігі дегеніміз тергеуші анықтаған болжамға сай  немесе сай болмауына байланыссыз іздер мен заттарды зерттеу.

Оқиға болған жерді қарастыруды ұйымдастыру.

Оқиға болған жерді қарастыру үшін шығуға дайындықты қамтамасыз ету.

Оқиға болған жерді қарастырудың  іс шалалыған және оны жүргізудің нәтижелігінін қамтамасыз ету үшін, кезекшілікке түсетін тергеушіге қажет:

1.                           аудандығы (қала, облыстаға) тергеушелердің, полицияның шұғыл

қызметкерлерінің экспрерт-криминалистердің, сот-медицина эксперттерінің кезекшілігін ұйымдастыру жүйесімен танысу;

2.                           Ішкі істер органдардың аудандық бөлімінде немесе қаланың

(облыс) сәйкес кезекші бөліміндегі шұғыл қызметкерлердің қайсысымен оқиға болған жерді қарастыру үшін шығу керектігін, осы әрекетті жүргізу үшін олардың дайындығын айқындау қажет;

3.                           Қарау кезінде қажет болатын әртүрлі мамандар тізімін

(кезекшілік жүргізіп жатқан жерде), олардың мекен-жайын және телефон нөмірін, сонымен қатар аймақтың картысын (қала жоспарын)тексеру қажет.

4.                           Алыс жерлерге шыққанда және түңгі уақытта қарау

кезінде айғақтаушы ретінде кімді шақыруға болатындығын алдын-ала анықтау шұғыл қызметкерлерге тапсырылады;

5.                           Оқиға болған жерді қарастыру кезінде қолданылатын негізгі

ғылыми-техникалық заттардың жағдайын тексеру керек;

а) тергеу портфелінің (чемоданының) жинақталуын;

б) тергеу портфеліндегі химиялық реактивтердің және оған қосымша арнайы жиынтықтын жағдайын (қол іздерін анықтау үшін арналған ұнтақтар мен гипстің құрғақтығы, оқталған йод түтігі);

в) фото – видео – кинотехниканың бүтіндігін және кешенділігін;

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу