Коғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:56, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.

Содержание

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ 4
Терроризм (233-бап) 4
2.1. Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар 6
Адамды кепілге алу (234-бап) 11
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап) 13
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап) 15
Бандитизм (237-бап) 16
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап) 19
3. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 20
Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) 20
Бұзақылық (257-бап) 22
Тағылық (258-бап) 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Работа состоит из  1 файл

фарида апай.doc

— 131.00 Кб (Скачать документ)

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ  ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ  ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ  3  
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ 4  
Терроризм (233-бап) 4  
2.1. Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар 6  
Адамды кепілге алу (234-бап) 11  
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап) 13  
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап) 15  
Бандитизм (237-бап) 16  
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап) 19  
3. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 20  
Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) 20  
Бұзақылық (257-бап) 22  
Тағылық (258-бап) 26  
Қорытынды 28  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

КІРІСПЕ  
 
Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.  
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.  
Сөйтіп терроризм – ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.  
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.  
Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.  
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы курстық жұмыста біз аса назар аударғанымыз осы террорлық әрекет болып отыр.  
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қылмыстық кодекстің  бұл тарауында екі түрлі топқа  жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік  деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.  
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.  
Объективтік жағынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал қайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251-баптары).  
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244-баптары) жатады.

2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ  ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ  
Терроризм (233-бап)  
Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі—терроризм — мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі — терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша: "Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іc-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту", — болып табылады.  
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.  
Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.  
Терроризмнің объективтік жағының ерекшелік белгісі — осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жары¬лыс жасау немесе өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып та¬былады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.  
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң — қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.  
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.  
Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасаған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Алдыңғы екі ауырлататын түрлердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында және 11-бабында берілген.  
Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңында берілген. Қылмыстық кодекстің 233-бабының 3-тармағында терроризмнің аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: ұйымдасқан топ жасаған; жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтік материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасқан; абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер. Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген, жаппай қырып-жоятын қарудың, радиоактивті материалдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 243, 247-баптарында берілген.  
Басқа ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті — қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап — адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының тиісті тармағы және 233-бап) бойынша сараланады.  
Қылмыстық кодекстің 233-бабының ескертуінде: "Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертумен немесе басқа жолмен тер¬роризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген.  
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.  
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде. өзге қылмыс құрамы (мысалы, қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2.1. Қазақстандағы  терроризмге қатысты көзқарастар 

Соңғы 2001-жылғы 11-қыркүйектегі жағдай мен 2002 жылдың 23-қазанында болған Мәскеудегі жағдайдан кейін террористер үшін ешқандай державаның күші болмайтын болды. Себебі, осы аталған екі, яғни Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары дүние жүзіндегі ең мықты державалар саналады. Ал, террористер үшін Ресей мен Америка Құрама Штаттары сияқты держава ма жоқ әлде Шри-Ланка мен Филиппин сияқты дамушы елдер ме бәрі бірдей сияқты. Өйткені, олар қандай мемлекет болмасын бәрібір өз мақсаттарына жететінін дәлелдеп отыр. Сондақтан, дүние жүзінің қай елі болмасын, мейлі ол дамушы ел ме, жоқ әлде дамыған капиталистік ел ме, жоқ әлде дүние жүзіндегі ең ірі держава ма бәрібір терроризм қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Ол дегеніміз барлық дүние жүзінің 230-дан астам елі үшін кез-келген уақытта терроризм қаупі төніп тұр деп айтуға болады.  
Өзіміз Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан Қазақстандағы терроризм қаупі төніп тұр ма деген көкейтесті сұрақ барлық Қазақстан Республикасының азаматын толғандырса керек. Сондықтан, осы қазіргі таңда басты сұрақты өз ойымызша жауап беріп көрейік. Осы жұмыста бірнеше Қазақстанның көрнекті саясаткерлері мен ғалымдарының осы көкейтесті сұраққа берген ой-пікірлерін қысқаша беріп өтейік.  
Тарих ғылымының докторы, подполковник, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің АЮИ кафедрасының бастығы Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша-терроризм қаупі дүние жүзінің кез-келген елінде бар екенін және оның негізгі себептері ретінде-діни, этикалық, әлеуметтік және психологиялық радикализм қалыптасуында деп тұжырымдайды. Ал, Қазақстанға келетін болса Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша 1991-1995 жылдары Қазақстанда әлеуметтік және этикалық радикализмді терроризм қаупі болған деседі. Бірақ оның болмауына басты себеп сол жылдары 1,5 млн орыс тілді халықтың эмиграциялануы. Яғни Қазақстанда этикалық қайшылықтардың пайда болуына жол берілмеді. Бірақ, соңғы кездері Орта Азияда қалыптасып келе жатқан талибо-ваххобизмнің яғни мұсылман фундаментализімінің өріс алуы Қазақстандықтарды қатты толғандырып отыр. Тіпті кейбір Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орналасқан мұсылман ұйымдарының басшыларының өзін Бұқаралық Ақпарат Құралдары тарапынан да, құқық қорғау органдарының тарапынан да, әкімшілік қысымға алды. Бірақ, соның өзінде Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша талибо-ваххобистік қозғалыстың Қазақстанның саяси құрылымы мен қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ дейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан территориясында терроризмнің пайда болуына негіз болатын радикальді әлеуметтік, саяси яғни оппозициялық, конфессиалды этникалық қозғалыстың жоқтығын тиек етеді.  
Саяси зерттеу орталығының директоры, Қазақстан даму институтының вице-президенті Абен Ерлан Мүбәрәкұлының айтуы бойынша-Қазақстанда терроризм проблемасы актуальді мәселе емес және оны мынадай негіздермен дәлелдеп отыр:  
- саяси режимнің либеральділігі;  
- көрші мемлекеттермен салыстарғанда, мысалы Өзбекстан мен күнделікті өмір салтының, саяси мәдениеттің демократиялық дәрежесінің жоғарылығы;  
- саяси шешімнің қабылдануының өте жоғары деңгейде болуы ;  
- саяси элитаның бірлігі, ынтымақтастығы:  
- позиция-оппозициясының тең дәрежелігі;  
- Қазақстан қоғамының діни толеранттығы;  
Абен Ерлан мырзаның айтуы бойынша-қазіргі кездегі терроризмнің сепаратистік, діни көзқараста болғанымен, жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін терроризмнің жоғарыда аталған түрлерінен көбіне орын алатындығы.  
Қорытындылай келгенде, Абен Ерлан мырзаның пікірінше-жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін құқықтық мемлекеттің саясатын одан әрі жалғастыра беру керек дейді. Сонда ғана терроризмнің пайда болу қаупін жоюға болады және сол кезде барып біз терроризмнің болған салдарымен күресіп жатпаймыз.  
Философия ғылымының докторы, профессор, Аль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ политология кафедрасының меңгерушісі Байдильдинов Лаик Амирович мырзының айтуынша-терроризм қоғамдық өмірдегі ең қауіпті элемент болып отыр. Экономиканың дамуы, күнделікті өмірдегі демократияның өркендеуі, адамдардың адамгершілік тұрғыдағы көзқарасының өзгеруі көптеген пайда болған қайшылықтарды келісімді жолмен шешуге мүмкіндік болғанымен, әлі уақытқа дейін терроризм адамдардың күнделікті өмірінен кетпей отыр. Терроризм-кінәсіз жадардың қырылуына әкеліп соғатын өте қауіпті масштабта болып отыр.  
Лаик Амировичтің тұжырымдауынша-терроризмге көбінесе белгілі бір мәселені тыныш, келісімді жолмен шеше алмайтындар барады деп ойлайды. Оларды адамгершілік қасиеттен шыққандар және олардың іс-әрекеттері адамгершілік қағидасынан шығып, жан ақиқатын, яғни адам өмірін аяққа таптау дейді. Бірақ, солай десе де көбіне ондай адамдар белгілі бір мақсатқа жете алмағандықтан көпшіліктің көңілін өзіне аудару үшін жасайтын әрекеттер көрінеді. Бірақ мұндай әрекеттің салдары қарсы акциясының болуымен ұштасып жатады. Әсіресе, қарсы акцияның болуы соңғы кезде өте жиі кездесіп жүр. Америка Құрама Штаттарының Иракқа қарсы әрекеті немесе НАТОның Югославияға қарсы әрекетін еске алсақ жеткілікті. Тарихта болған екі Дүние жүзілік соғыстың өзі де фашизм мемлекетінің мемлекеттік терроризіміне қарсы бағытталған акцияның салдарынан басталғанын естен шығармаған жөн.  
Саяси зерттеу орталығының Қазақстан даму институтының ғылыми қызметкері Карин Ерлан Тынымбайұлының ойы бойынша терроризм қаупі ешқандай мемлекетті айналып өтпейді, ал соның ішінде Қазақстанды да. Егер терроризмді саяси тәртіптің ең соңғы формасы деп тапсақ, онда оның пайда болуы негізінен жабық түрде болып келеді. Бұл дегеніміз байланыс линияларының жоқтығы, яғни құқық қорғау органдарының бұл жөнінде хабарсыз болуында деп түсіндіреді.  
Карин Ерлан мырзаның түсінігі бойынша-Қазақстанда саяси экстремизм мен терроризмнің қаупі негізінен көбірек болып отыр. Өйткені, республикалық саяси құрылымы әлі күнге дейін толығымен жұмыс атқара алмай отыр. Әртүрлі экстремистік топтарға біздің еліміздегі көппартиялықтың жоқтығы, Бұқаралық Ақапарат Құралдары және басқа да каналдардың тәуелсіздігінің жоқтығы жақсы жағдай туғызып отыр деп ойлайды.  
Қазақстан Республикасы ҰҚК институтының әлеуметтік-саяси тәртіптік кафедрасының доценті Байсалбаева Жанна Аубакировнаның тұжырымдауынша-ешқандай мемлекет, тіпті ол ел күшті мемлекет болсын терроризм қаупінен сақтандырылмаған. Бұл қылмыспен тек полицияның қанаушылық, тәртәптік әрекетімен ғана күресуге болмайды, сонымен қатар ескерту, алдын алу жұмыстары және тиісті құқықтық база қажет деп ойлайды.  
Қазақстанда террористік және экстремистік қозғалыстың пайда болуына толық жағдай болып отыр. Олар: әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, идеологоиялық және психологиялық көзқарастар деп ойлайды. Елімізде болған экономикалық кризистің салдарынан адамның күнделікті өмір сүру жайларының күрт түсіп кетуі, жұмыссыздықтың көбеюі, көпшіліктің бір-біріне деген қарым-қатынасының өзгеруі экстремистік қозғалыстың пайда болуына өзінің әсерін тигізіп отыр.  
Сонымен қатар Ж.А. Байсалбаева ханым мұндай тығырықтан шығудың мынадай жолдарын ұсынып отыр:  
1. Қазақстан Республикасы Президентіне “терроризммен күресу туралы заңның” талқылауын талап етуге. Бұл сұрақнама 1999 жылдың наурыз айында жүргізілгендіктен “терроризммен күресу туралы заң” әлі шықпағаны еді. Бәрімізге белгілі бұл заң 13.03.1999 жылы жарық көрді.  
2. Құқық қорғау органдарында және тиісті ведомстваларда терроризммен күресуді шешу мақсатында Антитеррористік орталық координациясының қызметін құруды;  
3. Террористердің идеясын жарнамалауға Бұқаралық Ақпарат Құралдарында соның ішінде телеканалдарда тыйым салуға;  
 
“Саясат” журналының жауапты редакторы Қазақстан даму Институты саяси зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сатпаев Досым Асылбековтың айтуынша-ол барлық жоғарыда өз пікірлерін айтып өткен саясаткерлер мен ғалымдарға қосылып терроризмге қарсы ешқандай мемлекетте имунитет жоқ деп бағалайды.  
Оның айтуынша терроризм тек ғана бір мемлекеттің аумағында емес, бірнеше мемлекеттің аумағында болуы мүмкін дейді. Өзі мысал келтіргендей Жапонның “Қызыл Армиясы” немесе жұмыскерлер партиясы үшін ешқандай шекара деген түісінік жоқ дейді. Яғни, олар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің террористік акциясын, мысалы тыныш мемлекеттер Швейцария немесе Финляндия елдерінде тек сен менің жауым сияқтысың деп тисе салуы мүмкін деп ойлайды.  
Ал, Қазақстанға келсе бізде терроризм қаупінің сыртқы және ішкі факторларының арқасында болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Сыртқы факторлар-ол біздің геополитикалық жағдайымыз болып отыр. Ол дегеніміз, мысалы Ресейдегі неофашистік немесе ұлттық топтардың өріс алуы біздің солтүстік облыстарымызғада қарулы топтардың пайда болуымен ұштастырады.  
Террористік қауіптің қалыптасуына ықпал ететін ішкі факторлардың негізгілері:

1. Саяси жүйеміздің  әлі уақытқа дейінгі толық  көлемде қызмет атқармауы;  
2. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың жағдайының төмендеуі;  
3. Идеология кризис, яғни ол дегеніміз халықта әлі бір қалыпты идеология қалыптаспаған. Осы факторге аса көңіл бөлу қажет. Өйткені, осы қарбалас сәтті пайдаланып көптеген ұйымдар өзінің идеологиялық көзқарасын тарату арқылы халықтың сана-сезімін улайды. Соның салдарынан көптеген сеператистік топтар пайда болуы мүмкін және бұл топтар мемлекетіміздің саяси құрылымына көп кері әсерін тигізуі мүмкін. Біздің мақсатымыз-осылардың алдын алу болып табылады деп Досым мырза өз пікіріне нүкте қойды.

Адамды кепілге  алу (234-бап)  
Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.  
Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.  
Кепілге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.  
Кепілдік ретінде ұстау — адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.  
Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заң¬сыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.  
Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекет жасауға неме¬се қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету бо¬лып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.  
Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты icтi тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.  
Қылмыстың субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген: а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);  
б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);  
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің денсаулығына қасакана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық не¬месе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;  
г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;  
д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;  
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;  
ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;.  
з) екі немесе одан да көп адамға қатысты. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;  
и) пайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда "табудың немесе жалданудың түсінігі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында берілген.  
Қылмыстық кодекстің 234-бабынын 3-тармағында адамды кепілге алуды ұйымдасқан топ (қараңыз: ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы неме¬се оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.  
Қылмыстық кодекстің 234-бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойын¬ша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босатуда осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан босату өз еркімен босатуға жатпайды.  
Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.  
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)  
Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтірумен бірге, олардың дұрыс қызметіне санқилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.  
Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:  
а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару (235-баптың 1-тармағы);  
б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;  
в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару;  
г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру (235-баптың 2-тармағы);  
д) қылмыстық қоғамдастық не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің басшысы болу;  
е) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы (235-баптың 4-тармағы).  
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқаруға — бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.  
Қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құруға осы қоғамдастыққа қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымдық бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін немесе осындай қылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында құрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру — қылмыстық қоғамдастықты немесе оған кіретін бөлімшелерді басқарушыға да тән болып табылады. Осыған орай онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыстарды істеу үшін қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құру және оның немесе оған кіретін бөлімшелерді басқару көрсетілген қылмыс құрамына (235-баптың 2-тармағы) жатпайды, мұндай әрекеттер ҚК-тің 235-бабының 1-тармақшасымен қамтылады.  
Қылмыстық қоғамдастық банда құрамына ұқсас, бірақ одан оқшау, өзіндік өзгешеліктері де бар.  
Қылмыстық қоғамдастық көп жағдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалық нәрселерді өндіру, тасымалдау, тарату, жалған ақша жасау, жасырын түрде алко¬голь ішімдіктерін, дәрі-дәрмек, улар, қару-жарақтар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық сияқты іс-әрекетгерді істеумен байланысты болады. Ал банда болса азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылады. Қылмыстық қоғамдастықтың міндеті әруақытта шабуыл жасаумен байланысты емес. Банда мүшелері сияқты қылмыстық қоғамдастыққа кіретіндер де қаруланған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық қауымдастықтағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардың өзін, оған кіретін бөлімшелерді басқа қылмыстық топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қорғау үшін ғана қажет болады. Егер қылмыстық қауымдастық бандитизм құрамындағы қылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (235, 237-баптар) көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бар.  
Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.  
Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуға, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.  
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі ұйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (ұйымды) құрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.  
Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген қылмыстың субъктісі болып — арнаулы субъект (қылмыс¬ты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.  
Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)  
Қылмыстық кодекстің 236-бабында: "Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны" үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.  
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: а) әскерилендірілген құрама кұру және басқару; б) құраманың қарулануы; в) мұндай құраманы құрудың заңға негізделмеуі.  
Әскерилендірілген құрама деп атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.  
Құраманы кұру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды қолдануға үйрету, қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құрамға - оның Қазақстан Республикасынын, заңына қайшы, оған негізделмей кұрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған катысушылардың қызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жа¬сау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.  
Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген құраманы — бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.  
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.  
Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында заңсыз әскерилендірілген құрамаға — бірлестікке, отрядка, жасаққа немесе өзге де топка қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген. Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы құрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.  
Осы баптың ескертуіне сәйкес: заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер онын іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.  
Бандитизм (237-бап)  
Бандитизм аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.  
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.  
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.  
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.  
Банданы құру деп бандыны жарактау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.  
Банданың тұрактылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі арқылы анықталады.  
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.  
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ен болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.  
Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) - құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топка кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қару¬лануы жеткілікті. Банда кұрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бан¬дитизм құрамы аяқталған деп табылады.  
Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-өрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жа-сайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.  
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз.  
Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немеее адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.  
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет—әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі — пайдакүнемдік ниет.  
Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі — арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жа¬сау болып табылады.  
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дүрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) не¬месе ол жасаған шабуылдарға қатысканы үшін жауаптылық көрсетілген.  
Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.  
Шабуылға қатысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.  
Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгілеген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны, пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкің. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (ҚК-тің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тің 228-бабының ескертуі) болады.  
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап)  
Қылмыстық кодекстің 238-бабында бұрынғы Қылмыстық кодексте жоқ жаңа норма түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға не¬месе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады (ҚК-тің 238-бабының 1-тармағы).  
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмыс: а) үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру; б) оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту арқылы сипатталады.  
Кінәлі адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады.  
Кінәлі адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоя¬мын немесе бүлдіремін деп қорқыту әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға — басып алынған немесе ұстап тұрған объектілерді шын мәнінде жоюды немесе бүлдіруді нақ¬ты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады.  
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу не¬месе ұстап тұруды, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытудың қоғамға қауіпті екенін сезеді және соның болуын тікелей тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — мақсаты заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету деп көрсетілген. Яғни көрсетілген объектілерді ба¬сып алудың, ұстап тұрудың, оларды жоямын немесе құртамын деп қорқытудың негізі — белгілі бір шарт қою. Ол шарт мемлекетке, ұйымға, жеке адамға қойылады. Шарттың мәні әртүрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немесе адамдар тобын босату, жұмысқа қайта қабылдауды талап ету, жеке адамның белгілі бір іс-әрекетті істеуін (қарызды кешіру, алған затын қайтарып беру, қаражат беру тілегін қанағаттандыру т.б.) та¬лап етулері болуы мүмкін.  
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.  
Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:  
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;  
б) бірнеше рет;  
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колдана отырып;  
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;  
д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалған, ал осы баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлата¬тын түрлері: ұйымдасқан топ немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.  
Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген осы белгілердің анықтамасы ҚК-тің 234-бабының 2, 3-тармақтарындағы қылмыстардың аныктамасымен ұқсас.  
3. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР  
Мемлекет қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мән береді. Осыған орай Қылмыстық кодекстін, жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тәртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап), бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап) болып табылады. Осы қылмыстардың топтық объектісі — қоғамдық тәртіп. Өйткені көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеу арқылы объект ең алдымен қоғамда қалыптасқан тәртіпке қол сұғады. Қоғамдық тәртіпке көрсетілген осы қылмыс құрамдарының тікелей объектісі де болады. Осы құрамдарын қосымша тікелей объектісі — адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі болуы да мүмкін.  
Енді осы құрамдардың әрқайсысына жеке-жеке талдау жасайық.  
Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)  
Қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыстардын бірі жап¬пай тәртіпсіздіктер болып табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың, от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінін, бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің Қылмыстық кодексін бұл тұрғыдағы қылмыс үшін қатаң жаза белгіленген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жаппай тәртіпсіздіктің тікелей объектісі қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болады. Объективтік жағынан бұл қылмыс жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру арқылы сипатталады. Жаппай тәртіпсіздік деп қогамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазым адамдарына, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдірулері жатады:  
Қирату деп — мүлікті, объектілерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз.  
Өртеуге мүліктерді, құрылыстарды, автокөліктерді, өсімдіктерді, қондырғыларды, басқа да заттарды отқа жандырып, құрту әрекеттері жатады.  
Мүлікті жоюға — әртүрлі тәсілдермен оларды мүлдем жарамсыз күйге келтірулер жатады.  
Соғыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс қондырғыларын қолдану деп — осыларды адам өлтіруге, жарақаттау үшін, мүлікті бүлдіру немесе қорқыныш сезімін тудыру үшін мақсатты пайдалануды айтамыз.  
Өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуге қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз еткен өкіметтің заңды өкілдеріне тікелей қиянат жасап, олардың өздеріне жүктелген функцияларын атқаруға кедергі келтіру, оларды қуғынға ұшырату сияқты әрекеттер жатады.  
Жаппай тәртіпсіздіктер — формальдық қылмыс құрамына жатады. Қылмыс Кодекстің 241-бабының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақытган бастап аяқталған деп танылады. Егер жаппай тәртіпсіздік кезінде кісі өлсе, денеге ауыр жарақат келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96, 103-баптары) бойынша сараланады.  
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыратының оның занды көрсетілген әрекеттермен жалғасатынын сезеді және соны істеуді тілейді.  
Қылмыс субъектісі 16-ға толған, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған немесе басқарған адам. Қылмыстық кодекстің 241-бабының 2-тармағында жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауаптылық көзделген, яғни бұл жерде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қатардағы адамның белсенді түрде қирату, өртеу, бүлдіру, жою, сондай-ақ 241-баптың 1-тармағында көрсетілген басқа да әрекеттерді істеуге қатысуы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 241-бабының 3-тармағында өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шакыру үшін жауаптылық белгіленген.  
Бұзақылық (257-бап)  
Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бүзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық — тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден бір жауы.  
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық тәртіп, ал қосымша объектісі — адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады.  
Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жа¬тады.  
Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп — өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз.  
Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.  
Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады.  
Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтелуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.  
Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген әрекеттерді істеу барысында азаматтардың мазасы кетіп, қорқыныш, үрей, өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік пайда болады, олардың бірқалыпты еңбек ету, тынығу салттары бұзылады, мемлекеттік немесе басқадай мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың жұмысына кедергілер келтіріледі, бөтеннің мүлкі жойылады немесе бүлінеді. Бұзақылық үшін заңда көрсетілгендей қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық орын алуы керек. Осы белгі арқылы қылмыстық жолмен жасаланатын бұзақылық ұсақ бұзақылықтан ерекшеленеді.  
Кінәлінің күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады.  
Күш қолдануға денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе еңбек ету қабілетінің болмашы ғана жоғалуына ұласқан денеге жеңіл жарақат салу жатады. Денеге орта және ауыр жарақат келтірілген жағдайда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша (257-баптың 1-тармағы, 103 немесе 104-баптар) сараланады.  
Қорқытуға жәбірленушінің сана-сезімі мен еркіне әсер ететін түрде күш қолданамын деген әрекеттер жатады.  
Қорқытудың мазмұны сан алуан, ол сабаймын, өлтіремін. өртеймін деген айбат жасаулар арқылы көрініс табуы мүмкін.  
Бұзақылықта бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін. Залалдың мөлшерін анықтау нақты фактілерге байланысты болады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру едәуір мөлшердегі зиян келтірумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша (ҚК-тің 187 және 257-баптары) сараланады.  
Ерекше арсыздықпен жасалған бұзақылық деп — адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару; мысалы, ұятсыздық, ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағы адамдарды, т.б. қорлау арқылы көрінетін бұзақылық әрекет (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі №5 "Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысының 3-тармағы).  
Бұл қылмыс құрамының объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі істелген іс-әрекеттерде қоғамды анық көрінеу құрметтемеуін білдіретін белгілер болуы керек.  
Қоғамды көрінеу, анық құрметтемеу деп кінәлінің көпе-көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне ашық қарсы қоятын мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтемеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағының кажетті белгілері болып табылады.  
Бұзақылық формальдық-материалдық қылмыс құрамына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер бұзақылық әрекеттерімен бөтеннің мүлкі жойылса, бүлдірілсе онда қылмыс материалдық құрамға жатады. Мұндай ретте іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау кажет.  
Бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, әдетте, қоғамдық орындардан (көшеде, мекемелерде, көліктерде, қоғамдық тамақтандыру немесе көпшілік орындарында) басқа, бейтаныс адамдарға, жас балаларға, келіп-кетушілерге қарсы жария түрде жасалады.  
Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өз әрекеттері арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды көрінеу құрметтемегендігін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.  
Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке — қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдіретің әртүрлі дөрекіліктер, өктемдіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады.  
Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті өрескел бұза оты-рып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.  
Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат түсіру және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген ҚК-тің баптарымен саралануы тиіс. Егер мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен ұласса және қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдірсе, онда кінәлінің әрекеті бұзақылық ретінде сараланады.  
Қылмыстың субъектісі жалпы, 16-ға (257-баптың 1-тармағы) және 14-ке (257-баптың 2,3-тармактары) толған есі дұрыс адам.  
ҚК-тің 257-бабының 2-тармағында бұзақылықтың ауырлататын (кәнігі) түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған (ҚК-тің 31-бабын қараңыз); б) өкімет өкіліне не қоғамдык тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса; в) бұзақылық үшін бұрын сотталған адам жасаса (ҚК-тің 13-бабын қараңыз).  
ҚК -тің 257-бабының 3-тармағында бұзақылықтың аса қауіпті түрі — атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекеті үшін жасалған бұзақылық үшін жауаптылықты белгілейді. Атыс қаруы, газ қаруы, суық қарудың түсініктеріне ҚК-тің 251—255-баптарына талдау жасағанда тоқталғанбыз.  
Денсаулыққа арнайы бейімделген басқа да заттарға кінәлінің осы мақсат үшін алдын ала немесе бұзақылық жасау кезінде жабдықтаған нәрселерін, яғни алдын ала немесе белгілі бір өңдеуден өткізілген: арнайы және сол мақсатпен өзімен бірге алып жүрген нәрселерін (балта, балға, таяқ, темір және т.б.) айтамыз.  
Қылмыс болған жерден алынған дене жарақатын салуға ар-найы жабдықталмаған нәрселерді, оның ішінде шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы заттарды қолдану немесе қолдануға тырысушылық әрекеті ҚК-тің 207-бабының 3-тармағымен саралау үшін негіз бола алмайды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі №5 қаулысының 8-тармағы).  
Тағылық (258-бап)  
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабында тағылық үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Осы бапта: "тағылық, яғни үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен корлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру" деп оған анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекеттер бұзақылық деп бағаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының әрекеттері қоғамдық адамгершілік және эстетикалық нормаларды бұзу арқылы жүзеге асырылады, тағылық қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштасады.  
Бұзақылыктың заты — бөтеннің мүлкі болса, тағылықтың заты — үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады.  
Тағылықтың объектісі — қоғамдық тәртіп, қосымша тікелей объектісі адамгершілік нормалары болады.  
Объективтік жағынан-бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен, қоғамды көрінеу қадірлемейтін әрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік жағы үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс-әрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады.  
Үйлерді, өзге де ғимаратттарды (кітапхана, музей, кино¬театр, театр және т.б.) қорлау олардың қабырғаларына қоғамдық адамгершілікке жат жазуларды жазумен, суреттерді салумен жүзеге асьтрылады. Әдетте бұлар порнографиялық суреттер салу, әдепсіз, ұятсыз сөздер жазу арқылы жасалады. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді, құлпытас қүрылыстарын немесе жерлеуге немесе оларды еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу әрекеттері үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 275-бабында арнайы көзделген.  
Көлікте немесе өзге де қоғамдық орындардағы заттарды — жарық беру құралдарын, орындықтарды, төсеніш құралдарын, олардың жамылғыларын, сондай-ақ таксофон аппараттарын, әртүрлі қоршаулар мен есік-терезе құрылғыларына едәуір емес мөлшерде залал келтіруді мүлікті қасақана бүлдіру деп айтамыз. Егер келтірілген зиян мөлшері едәуір болса, онда кінәлі ҚК-тің 187-бабы бойынша жауапқа тартылады.  
Тағылық қылмысы формальдық-материалдық құрамға жатады. Қылмыс кейбір реттерде заңда көсетілген әрекеттерді жүзеге асырған уақыттан бастап, ал басқа жағдайларда істеген іс-әрекеттерден материалдық залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.  
Субъективтік жағынан тағылық қылмысы тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын, мүлікті бүлдіргенін сезеді және солай әрекет жасауды тілейді. Қылмыстың субъектісі жалпы — 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қорытынды

Шындықты айту қажет, қылмыстардың бұл түрі өте қатерлі, әкелетін зардаптары үлкен. Бұл жұмыстың бастамасында осы қылмыстардың түсінігін және олардың түрлерін мейлінше ашып көрсеттік.  
Қылмыстың осы түрлеріне қарсы күрес тиімділігін арттырудың бірден бір кепілі қоғамымызда осындай келеңсіз әрекеттерді болдырмауға тырысу қажет. Ол үшін Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және басқа да органдардың қырағылығы және оларға белсенді қарсы күрес жүргізуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 жыл.  
2. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы ЖШС “Баспа” 2001 жыл.  
3. ҚР Қылмыстық кодексі. 22.12.02. жылға дейінгі өзгертулер мен толықтырулармен бірге.  
4. К.Н. Салимов “Современные проблемы терроризма” Москва, Издательство “Щит-М” 1999г.  
5. Қылмыстық құқық (ерекше бөлім) Ағыбаев А.Н. Алматы, Жеті жарғы 2001 жыл.  
6. Уголовное право Казахстана (особенная часть) Учебник для вузов под редакций д.ю.н. профессора И.И. Рогова Алматы Баспа 2001г  
7. Журнал ІNTERNATІONALE POLІTІK “терроризм” –12 декабрь 2001г.  
8. “Терроризм-это должен знать каждый” Революция гражданам. Советы психология Издательство “Изограф” М-2001.  
9. Журнал “Саясат” март-3, 1999г.  
Нормативтік – құқықтық актілер  
1. ҚР “Терроризмге қарсы күрес туралы” заңы 13-шілде 1999 жыл.416-1 19.02.02. жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.  
2. ҚР «Кейбір заң актілеріне терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы. 19.02.2002  
3. ҚР “Ұлттық қауіпсіздігі туралы” заңы (28.04.00 жыл-45-2 ҚР заңына сәйкес өзгертулер енгізілді) 26-маусым 1998 жыл 233-1  
4. “Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы” ҚР Президентінің жарлығы 10-ақпан 2000 жыл-332  
5. “Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) 21-желтоқсан 1995 жыл-2710  
6. “Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өлтіру, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөнінлегі сот тәжірибесі туралы” ҚР жоғарғы соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі 4-қаулысы.

Информация о работе Коғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар